Титулдық парағы



бет8/59
Дата16.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#101812
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Тәжірибе № 2. Тартылған ет пен тартылған балықтан суда еритін белоктар алу.

Тартылған еттің барлық үлгілерінен суда еритін белок алу мақсатында екі әдісті пайдалануға болады: тартылған етті сілку аппаратында сумен араластыру немесе ұлпаны микроұсақтағышта қосымша ұсақтау және араластыру.

РТ-2 (1сурет) ұлпаны микроұсақтағышын қолдану кезінде әр сынамаға 40 мл тазартылған суды 5 сауытқа құяды. Микроұсақтағыштың 7 корпусқа құрастырылған электрқозғалтқышы бар. Электрқозғалтқыштың білігінде кесетін және араластыратын пышақтары бар 6 қондырма бекітілген. Аппараттың тіреуінде 3 контейнер бекітілген, оған сауыт орналастырылады. Контейнер тіреуге 8 штифтің көмегімен бекітіледі. Ауыстырып – қосқыш 1 пышақтардың айналым санын өзгертуге қызмет етеді. Аспаптың тіреуінде тамшыұстағыш 2 бекітілген. Жұмыс басталар алдында аспапты жүйеге қосады, содан соң штифті 8 тартып контейнерді шешеді, оны бағыттап тұрған 9 бойынша төмен қозғай отырып шешеді. Сауыттың түбі дөңгелек, қолдануға ыңғайлы болу үшін оны қысқыш сақинамен 4 бекітілген контейнерден алу жөнсіз.

Тартылған еттің сынамасын сауытқа салғаннан кейін, бағыттап тұрған 9 бойынша контейнер жоғары көтеріледі және штифттің 8 көмегімен тіреуге бекітіледі. Контейнердің мықты бекітілгенін оны ақырын төмен тартып көріп тексереді.

Ауыстырып - қосқышты 1 жайға қояды және етті 1 минут бойы ұсақтайды, содан соң ауыстырып - қосқышты 1 минут 2 жайға қояды.

Сурет 1 - Микроұсақтағыш РТ-2
Тартылған еттің барлық үлгілерінен суда еритін белок алу кезінде, тартылған етті сілку аппаратында сумен араластырғанда әрбір тартылған ет үлгісіне 40 мл тазартылған су қосылады. Қыздырылған тартылған еттің түйіршіктері шыны таяқшамен бөлшектеледі. Сауыттарды резеңке тығындармен жабады және 10 минутқа сілку аппаратына қойылады.

Ұсақтап және араластырып болғаннан кейін барлық сынамаларды өлшенген бөлшектерін тұндыру үшін 10 минутқа қалдырады, содан соң ақуыз ерітінділерін шыны сауытқа қағаз фильтр арқылы сүзіп құяды.

Тартылған ет үлгісінен алынған суда ерігіш белоктардың санын мына реакцияларды қолдана отырып салыстыруға болады: белокты сульфосалицил қышқылымен тұндыру, рефрактометриялық немесе колориметриялық әдіспен (амидочерный 10 Б реакциясы бойынша).

Тұндыру реакциясы үшін градусталған шыны түтіктерге 5 мл ақуыз ерітіндісін құйып, оған 20 % - дық сульфосалицил қышқылынан 2 мл қосып түтіктің аузын тығынмен жауып ішіндегісін шайқайды және 20 минутқа қалдырады. Түскен тұнбаның көлемін белгілеу.



Ақуыз мөлшерінің рефрактометриялық аспаппен анықтау.

Сығынды коэффициентінің өзгеруіне тек ауыздар себепші болғандықтан, тартылған еттің сығындысындағы ақуыздың көлемін анықтау керек болады. Бірақ тартылған еттен суға белоктан басқа экстративті және минералды заттек алынады, соңғы екеуінің саны жылумен өңдеу кезінде өзгермейді, ал ақуыздар жарамсызданады және ерігіштік қасиетін жоғалтады.

Рефрактометр призмасына 2 - 3 тамшы сығынды жағып көрсеткішін жазады. Өлшеу жүргізуді үш рет қайталайды және орта арифметкиалық есептеу жүргізеді. Жұмыста ерігіш белоктардың салыстырмалы құрамы анықталатындықтан, температурадағы түзетуді есепке алмауға да болады.

Ақуыздың мөлшеріне колориметриялық анықтау жүргізу келесі әдісті қолдану арқылы жүзеге асырылады: биурет реакциясы бойынша немесе амидті – қара хромоген 10 Б арқылы.

Ақуызға биурет реакциясы бойынша колориметриялық анықтау жүргізуде әрбір 5 мл фильтрға 30 % - дық күйдіретін натр ерітіндісінен 5 мл және шетінен абайлап 2 % - дық күкіртқышқылды мыс ерітіндісінің екі – үш тамшысын қосып отыра жүргізіледі. Бирует реакциясының бояу қарқындылығы көзбен шолып байқау нәтижесі бойынша жазылады.

Ақуыз мөлшеріне амидті – қара хромоген 10 Б арқылы колориметриялық анықтау жүргізу ақуыздың бояғыш затпен адсорбция жасауына негізделеді. Амидті – қара хромоген 10 Б – ның ақуызбен өзара әрекеттесуінен кейін центрифуга арқылы бөлініп шығатын тұнба пайда болады.

Сауыттағы 10 мл ақуыз ерітіндісіне 2 мл бояғыш зат құйылады. Ақуыз бен бояғыш затты жақсылап араластырады, 10 минутқа қалдырып, тұнбасын центрифугада минутына 1500 айналыммен 15 минут бойы бөліп алады. Өткізу коэффициентінің жоғарылығы ерітіндідегі бояғыш заттың қоюлығына байланысты: бояғыш заттың қоюлығы аз болса, өткізу коэффициенті көп болады, бұлай болса ол зерттелетін ерітіндіде ақуыз көп болғандығын білдіреді.

Жұмыс нәтижесін 1 кесте түрінде толтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет