Қол. Алақанның кырымен қатты затты ұрғылау. Каратэ шеберлері осы эдісті жиі пайдаланылады.
Саусақ. Екі қолымызды алдыға созып, алақанымыздағы лимонды сығып, шырынын шығару керек деп елестету. Алақанды қысуды ба- рынша күшейтіп, бірден тез босаңсыту керек.
Аяқ. Отырған қалыпта аяқтың ұшын барынша алдыға созу. Барын- ша қатты созу. Бірден төмен босаңсыту.
Ескерту: Әр жаттығуды 3 реттен жасау керек.
«Күйзеліс - керемет! » жаттығуы. (15 мин)
Мақсаты: Жағымсызды жағымдыга айналдыру дағдысын игерту. Миға шабуыл.
Қажетті құрал: ақ қағаз бен қаламсап.
Нұсқау: Күйзеліс сөзін тігінен жазып әр әрпіне сәйкес, жағымды сөздерден (кез келген тілде) тұратын сөз жұмбақ құрау. Жанындағы адаммен алмасып, шешу.
Мысалы: К - күлкі Ү - үміт
пл Й - из (Өтінемін) сеЗ - ім Ь I уЕ (өмір)
Л - юбовь (махаббат)
I - нжу С - ұлулық
Талдау:
Білім алушынымен кері байланыс орнату. Тапсырманы орындау кезінде туындаган қиындықты талқылау. Ой қорыту.
«Таңгажайып толқын» медитацнясы. (15 мнн)
Мақсаты: Бойдагы күйзелістен арылып, күш жинауға жәрдемдесу.
Қажетті құрал: Толқын, су үні басылған әуен, магнитофон.
Нұсқау: Өзіңізді теңіздің жағасындағы шомылу алаңқайында жат- қандай сезіну. Жылы кұм мен төбеңізден шыккан күн сіздің бойыңызды
балқытып, босаңсыта түседі. Мөлдіреген көк теңіз толқынын тербеп түр. Ол толқынмен келіп, сізді жылы сумен шайып кетеді. Әр шайган сайын сіздің бойыңыздағы күйзеліс, реніш, қобалжу, жағымсыз қасиеттерден сізді тазалап қана қоймай, өзінің қүрамындағы минерал- ды, бай дәруменмен ағзаңызды толықтыруда. Міне, тағы да келіп ша- иып кетті. Әр толқын сізді күшті, мықты, ақылдырақ ете түседі. Толқын сіздің кез келген уақытта өзіңізді байсалды жасауды меңгертуде...
Кері байланыс. Кездесу несімен есте қалмақ?
ТРЕНИНГ №6. ТАҚЫРЫБЫ: ІШКІ КҮШТІ ОЯТУ
Іштей - сақ, ашық, сабырлы болу - бұл толық тыныштықтың негізі. Оган сәл қаттылық пен жұмсақтық, қуат пен рахаттануды, қозгалыс пен қозгалыссыздықты, кіиіірею мен кеңеюді қосу. Осының барлыгы біруақытта қосылса - ішкі куш пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |