Триз технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі



бет59/79
Дата04.01.2022
өлшемі3,48 Mb.
#10542
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79
Іс-әрекет бөлімдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Ынталандыру,

сезімді ояту.



Шаттық шеңбер:

Топ топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса жаса алтын күн

Жаса жаса жарқын күн

Тәрбиеші балаларға ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақ жасырады.

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды

Бірақ сақалы тағы бар

Балалар жұмбақты шешкен соң,тәрбиеші бүгінгі сабақта түлкі мен ешкі ертегісі бойынша мозайкамен жұмыс істейтінін хабарлайды. Ешкінің суретін көрсетеді. Ертегі кейіпкерлері бойынша мозайканы түстеріне қарай пайдалану қажет екендігін түсіндіреді. Көрнекі құралды пайдаланып, ертегіні оқып береді.


Балалар шеңбер болып тұрады

Өз ойларын айтады.

Ешкі

Балалар мұқият тыңдайды



Ізденістер,

Ұйымдастыру


Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп,әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.

-Ей түлкі батыр,неғып тұрсың? – депті.

-« Ой несін айтасын, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын , әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен» -дейді.

Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін » - деп апанға секіріп түседі. Сонда түлкі екең секіріп ешкінің үстіне мініп, одан мүйізіне шығып,ырғып далаға шығып жөніне кетіпті « Өтірікшіге сенсең басың бәлеге душар болар » - деген осыдан қалыпты.

Тәрбиеші ертегіге байланысты сұрақ қояды:

-Ертегі не туралы екен?

-Түлкі мен ешкі туралы.

-Түлкі қандай?Түсі қандай?

-Түлкі үлкен,түсі қызыл,қу.

- Ешкі қандай? Түсі қандай?

- Аңқау, түсі ақ,жүні жұмсақ.

-Қазір біз осы ертегі мазмұнына қарай тақтада ілулі тұрған, суреттердің астына түстерін ажырата отырып, құдықтың ұяшығына-қара төрт бұрышты, түлкінің ұяшығына- қызыл дөңгелекті, ешкіге- ақ үшбұрышты саламыз. Балалардың қолына түрлі-түсті пішіндер таратылады. Тақтаға көрсетіледі.

Сергіту сәті:

Үнтаспадан «Төлдер» әні ойнатылады.

Өз беттерімен жұмыс:

Баларға түлкі мен ешкінің суреті таратылады. Бос ұяшықтардың орнына қажетті пішінді қойып толтырады.

Тәрбиеші балардың жұмысын аралап көреді. Жеке балаларға көмек береді.

Д/о арқылы сабақты бекіту.

Ойын шарты: Балалардың алдына көптеген түрлі пішіндер қойылады, соның ішінен тәрбиеші атаған пішінді тез табу керек.




Балалар отырып тыңдайды.

Балалар өз ойларын айтып, жауап береді

Балалар қызыға белсене қатысады,пішіндерді ұяшыққа барып салады.

Сергіту сәтін жасайды.

Балалар көтеріңкі көңіл – күймен ойын ойнайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет