Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


« – Зылиха, көп болды пельмен жемегелі, пельмен жасашы



бет210/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   242
« – Зылиха, көп болды пельмен жемегелі, пельмен жасашы, деп ойланып отырды да, енді менде несі бар, ұстамайтын шығар, табылса қара жұмыс болса да істеп күн көреміз, - дегені. Мен болсам Қызылжардан бекер келдік деп өкінемін. Бір бәлені сездім-ау... Бұл Мағжанның өзін-өзі жұбатқаны екен ғой. Соңғы кезде дөңбекшіп ұйықтай алмай шығатын. Енді қайта түрмеге түссе кездесетін күн жоқ екенін Қызылжарда түсінгенмен, Алматыға келгенімізге қатты өкіндім. Тамақ та алдымызға келді, үйге екі жігіт кіріп келді:

Мағжан Жұмабаев, сіз тұтқындалдыңыз, деді де ең құрымаса алдындағы асынан дәм татқызбай дедектетіп ала жөнелді...» (А.Тасымбеков. Азапты сапарлар. Лениншіл жас. 1989, 10 қаңтар).

Тергеудегі азап пен қинаудың тәсілдерінің бірі туралы бізге академик Мұхамеджан Қаратаевтің:

«Мұны таспаңа (магнитофон) жазба. Есiңде жүрсiн. Кiм бiледi, көлеңкемiз қысқарып келедi... Тергеу камерасында жатқанымда қасыма бiреудi әкеп қосты. Өскеменнiң омарташы орысы екен. Ол да ұзақ жатыпты. Жөн сұрастық. Сонда Сәкендi есiне алды... Менен бұрын сол кiсiмен бiр камерада болыпты. Ол: «Мен өзiм орнатқан өкiметтiң жауы емеспiн», деп ұзақ қасарысыпты. Бар қорлыққа шыдапты. Бiр күнi тергеуге кеткен Сәкен кiрiп кеп: «Мен бiттiм, төзбедiм қорлыққа!», деп айғайлап сөйлеп, төсекке етпетiнен жата кетiп, солқылдап жылапты. Талай қыспаққа салғанда қайыспаған Сәкеннiң морт сынуына сенбеген омарташы себебiн сұрайды. Сонда Сәкен: «Бәрiне шыдар ем ғой. Жас ұрпақты бiзге қарсы қойғанына қалай шыдармын. Орындыққа отырғызып қойды да, қазақтың екi жас баласын алып келiп, екеуiне екi құлағымды создырып: «Ой, әкеңнiң аузын... Сейфуллин, ой шешеңдi... Сейфуллин! Сен халық жауысың!», дегiзгенде шыдамадым. Қорлық қой. Олардың көзiне жексұрын боп көрiнгенше өлгенiм жақсы. Қағазына қол қойдым,дептi», деп айтқан, біз көзі тірісінде жариялаған естелігінде ащы да кекесінді шындық бар, мүмкiн көп шындықтың бiреуi осы шығар.

Арлы, намысты азаматтар осындай қорлаудан бас тартып, ешкімге зиянын тигізбей, өзін-өзі әшкерелеген. Мағжан да сол жолды таңдағанына оның 1938 жылы 6 қаңтар күні КССР ішкі істер халық комиссариатына қарата жазған жазған Мәлімдемесіндегі:



«Мен – Жұмабаев, кеңес өкіметі алдындағы өзімнің кінәмды жуу үшін: «Шетелдік бір мемлекеттің мүддесі үшін бірнеше жылдар бойы шпиондық әрекетпен шұғылданды», - деп маған тағылған айыпты мойындаймын. Жапонияның пайдасына шешілетін шпиондық жұмыспен, мен – Жұмабаев 1919 жылдан бастап 1929 жылға дейін, яғни, ұсталып, лагерьге айдауға жөнелтілгенге дейін айналыстым. Ондағы мерзімімді өтеп, 1936 жылы Қазақстанға қайтып келгеннен кейін де жоғарыда аталған мемлекеттің мүддесі үшін өзімнің шпиондық жұмысымды одан әрі жалғастырдым»,– деген «мойындауы» анық дәлел.

Бұл арада тергеушілер Мағжанға неге 1919 жылды нақты көрсеткізіп отырғанының мәнісі алдыңғы бөлімде З.Валидовтің «Қатираларындағы» М.Тұңғашиннің архивіне қатысты тұста толық баяндалған болатын. Өзге істерге қарағанда мұнда Ә.Бөкейхановтың да аты аталып, сол «шпиондық» қылмысты дәлелдеу үшін Колчак үкіметінің архиві сақталған Омбыға сұрау салыпты. Олардың бұл сұрауына Омбы облыстық мемлекеттік архивінің бастығы Маркова мен бөлім бастығы Попова:



«Омбы облыстық мемлекеттік архивінде Бөкейханов Әлихан мен Мағжан Жұмабаевтің жапон барлау мекемесіне қызмет еткені туралы және сұрау хатта көрсетілген өзге де жайларға қатысты мәліметтер жоқ», деп хабарлаған.

Іздеген «шпиондарының» табылмағанына тергеушілер өкінген-ақ шығар. Бірақ ең басты өкініш – алтын басты азаматтар имансыз көмілді. 1938 жылғы тергеу ісімен жете танысқан мағжантанушы Ш.Елеукеновтің мәліметінше оныншы, жиырмасыншы ақпан күндері жауапқа алынып, әр жолы 8 беттен хаттама жазылып: Отанын сатқаны және кеңес өкіметіне қарсы қастандық жасау мақсатында астыртын ұйым құрғаны үшін 58- баптың 6, 11 тармақтары бойынша айып қорытындысы шығарылады. Кіші лейтенант Гайкович жасаған «Өлім туралы актісіндегі» мәлімет бойынша:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет