Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Мағжан Бекенұлы Жұмабаевті ату жазасына кесу жөніндегі 1938 жылы 11 ақпан күнгі №377 шешім 1938 жылы 19 наурызда орындалды»



бет211/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   242
«Мағжан Бекенұлы Жұмабаевті ату жазасына кесу жөніндегі 1938 жылы 11 ақпан күнгі №377 шешім 1938 жылы 19 наурызда орындалды».

Бірақ Мағжан: « … тірі еді». Оған Қаз ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары А.Тілеулиевтің 1962 жылы 27 тамызда Партия институтына берген анықтамасындағы:



«1936 жылы 2 маусым күні түрмеден босатылды, жазасын өтеп келгеніне қарамастан 1937 жылы тағы да қылмыстық жауапқа тартылған, НКВД-ның комиссиясы мен СССР прокурорының шешімі бойынша 1938 жылы 11 ақпанда сотталды (осужден)»,– деген жолдар себепші болған.

Осындағы «сотталған – осужден» деген сөз де жұрт арасында Мағжанның соғыс аяқталғанша жер басып тірі жүрді-мыс деген жорамал жасауына мүмкіндік берген.

1958 жылғы 28 ақпандағы Мағжанды ақтау туралы Қазақ ССР Жоғарғы сотының шешімін қолына алып тұрып Зылиха өзінің жесір қалғанын, күйеуінің өлгенін естіп, оған сенбей немересі Ұлжанға:

«– Ау, Мағжанды неліктен 1938 жылы 19 наурызда атылды дейді? Маған осы жері түсініксіз. Өзің білесің, Алматының күні сәуірде ыси бастайды. Жұрт қысқы киімдерін тастайды. Мағжанды қысты күні желтоқсанның 30 күні ұстады. Қысқы киіммен кетті. Күн жыли бастаған соң, сәуірдің орта белінде НКВД-ға жаздық киімдерін апарып, өз қолыммен тапсырып едім ғой. Олар қабылдап алды: «Жарайды, иесіне тапсырайық», – деді. Ал комиссияның қаулысына сенсек… Сенбеске амал не? Сонда мен шын мәнінде киімін емес, кебін апарған екем ғой. Мен киімін апарғанда Мағжаным бұл дүниеде жоқ екен ғой. Алданған екенмін, әй, сұм тағдырым-ай!», деп жылапты» (сонда, 146-бет).
Аяулы ақынды елі өлімге қимаған. Сәкен екеуінің ажалының өзі аңызға айналған. Оның басты себебін оқымысты мағжантанушы Ш.Елеукенов:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет