«Тұтқындауға келгендердің біреуі: «Ақынға тиіспейміз. Тек Қазақстаннан сырт жерге жібереміз»,– депті-мыс. Содан болуға керек, Мағжан Новосибирскі маңында бір жерде жасырын тұрады,– деген аңыздың тарауы. Осы сияқты аңыздардың әсері Орталық комитеттің комиссиясы кешірім жариялағаннан кейін де кей газеттерде белгі беріп қалып жүрді. Рас болса жарайтын еді, бірақ ақиқат олай болмады ғой»,– деп түсіндіреді.
Иә, «рас болса жарайтын еді». Тіпті мен де Мағжанның соғыс аяқталған соң да тірі екеніне сендім. Сенбеске амалым да жоқ болды. Ол оқиға былай басталды. 1977 қараша айында «Білім және еңбек» журналының Бас редакторы Әбілхамит Мархабаев мені Баукеңе – Бауыржан Момышұлына қызыл әскердің құрылғанына 60 жыл толуына орай мақала жаздырып алуды тапсырды. Алдын-ала келісіп, тура сағат онда қазіргі Төле би көшесінің бойындағы пәтерінің есігін қақтым. Мақаланы айтып отырып жаздырды. Шараппен сыйлады. Сұхқбат аяқталғанда мен демімді ішіме ала отырып: «Профессор Хайыржан Бекхожин студент кезімде: «Алдарында қарыздар едім»,– деп мені алаш ардагерлерінің архивімен танысуыма себепкер болғанын, ол ізденісті жалғастырып жүргенімді, өйткені мен де ұстазыма қарыздар едім. Қаламгер Мамытбек Қалдыбаевтің айтуы бойынша, Сіз Мағжан мен Жүсіпбекті көріпсіз. Соны білгім келеді»,– деген уәж айттым.
Қатты дауыстап: «Жүсіпбектің алдында мен де қарыздармын. Ол менің ұстазым... Ал Мағжанның ажалына себепші болдым ба?– деп ойлаймын,– деп ұзақ ойланып қалды да мына хикаяны айтты.
Бауыржан Момышұлы: «Соғыстан кейін мен әскери академияда болдым. Бірақ та армияның өзіне сұрандым. Новосибирь қаласындағы дивизия командирі етіп тағайындады. Бірде Совет Одағының маршалы, армия қолбасшысы әскери поезд арқылы Новосибирь вокзалы арқылы Қиыр Шығысқа кетіп бара жатқаны, менің оған жағдайды баяндауым туралы бұйрық түсті. Вокзалға келдім.
Сібірдің қысы қатты. Әскери состав келгенше перронда ары-бері жүрдім. Көзім жүк почтасын қабылдайтын қоймаға кіріп-шығып, шанаға жүк тасып жүрген егде адамға түсті. Түрі азият, азияттың ішінде қазақ сияқты көрінді. Қасына барып: «Қазақпысыз?»,– - дедім. Қазақ екенін білген соң жөнін сұрадым. Сөйтсем,: «Среди гор, среди скаль, Александрия централь»,– дейтін атақты концлагерьдің жүгін тасиды екен. Аты-жөнін айтқысы келмеді. Соның арасынша екі-үш рет кіріп-шығып үлгерді. Дауысымды қатайтыңқырап сұрап едім: «Жастар сендер білмейсіңдер ғой. Мен – Мағжан Жұмабаев дегенмін»,– деді. Сол арада өзім оқулықтан жаттаған «Шалдың зары» деген:
Достарыңызбен бөлісу: |