Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Оқты тоспа, оқ қайтпас бір атқан соң



бет213/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   242
Оқты тоспа, оқ қайтпас бір атқан соң,

Дәмді қайта татпайсың бір татқан соң.

Ізі жоқты қуам деп бос қаңғырма,

Күн батыстан күн шықпас бір атқан соң,

деп басталатын өлеңін жатқа айтып бердім (Бұл М.Кольцовтың «Песеня старика» атты үш шумақ өлеңінің аудармасы– Т.Ж.).

Соның арасынша тағы да бір-екі жәшікті шанаға сап үлгерді: «Ә, мені ұмытпаған екенсіздер ғой. Біледі екенсіңдер ғой», деп кемсеңдей сөйлеп, өзімді сұрады: «Ә, Бауыржан Момышұлы деген сіз екенсіз ғой. Естігемін. Білемін», деді. Өтірік емес, шын Мағжан екеніне көзім жетіп, лагерінің командирін сұрадым. Сол арада поезд келіп, вокзал жабылып, сарт та сұрт боп кетті. Мен де асығыс маршалға рапорт беруге асықтым. Жарты сағаттан кейін жаңағы жерге келсем, әлгі шал кетіп қалыпты. Лагерьдің командирін танитын едім, қаладағы әскери кеңесте кездесіп тұратынбыз. Телефон шалып, Мағжан – қазақтың үлкен ақыны екенін, оны жеңіл жұмысқа ауыстыруын өтіндім. Ол келісті.

Содан арада үш-төрт ай уақыт өтті. Әскери қарбаластан қол босамады. Бір жолы әлгі лагерь бастығын Новосибирьскідегі әскери кеңесте көріп қалып, өтінішімнің не болғанын сұрадым. Сонда ол: «Жерлес ақыныңнан айырылып қалдық. Сен тапсырғаннан кейін мен оны жеңіл жұмысқа – хат тасушы етіп ауыстырғамын. Көктемде Енесай өзенінің сеңі бұзылған кезде почта таситын қайық аударылып кетіп, суға кетті. Сүйегін таба алмадық», деді маған. Мұңайып мен қалдым. Міне, менің Мағжанның өліміне себепші болмадым ба – деп ойлайтыным осы, қарағым»,– деп сөзін аяқтады.

Тәуелсіздік жылдарында осы оқиғаны қаламгер Мамытбек Қалдыбаев та газетке жариялады, басылымға енгізді. Оқымысты ағамыздың Новосібірді мекзеп отырғаны сол жарияланым ба, жоқ, басқа басылым ба екен? Анығы бұл оқиғаға өз басым кәміл сендім және жастық аусарлықпен Шәкәрім мен Мағжан екеуін басты кейіпкер ете отырып 1978 – 1979 жылы «Жер – бесік» атты роман жаздым. Ол 1984 жылы жарық көрді. Сондағы Енесайға суға кетіп өлетін Саржан ақын осы Мағжан еді... Енді, міне, ол оқиғаны тағы да бір еске алудың реті келіп отыр.

Иә, шындығында да аңызға бергісіз ақиқат және естелік иесі қандай сенімді адам. Қай шындықты қабылдайсыз, оны патша көңіліңіз білсін. «Мағжан өлмепті!»,– деп жұмбақтап емеуірін танытқанымыз осы оқиға еді. Мағжанды еске алған сайын «Кәмилә» мен «Япурай» әндері жұмсақ мұңымен жүректі шымшылай сыздатып жүрді. Шындығында да Мағжанның рухы өлген жоқ. Бірақ тұншықтырып ұстағысы келгендер болды. Мағжан ақталған тұста Зылиха ханыммен соттасып, ол туралы лақап тарата жүріп шығармаларына алғысөз жазған бір кәрі ақын, Ш.Елеукенов ескертіп өткен жазушылар одағындағы комиссияда және алпысыншы жылы екінші хатшы боп тұрған кезінде: «Мағжанның шығармашылығы мәңгілік жарияланбауы тиіс»,– деп Орталық комитетке және Қауіпсіздік комитетіне қарсы пікір жазды. Осы кітаптағы деректермен танысуға себепкер болған 1987 жылғы ақпан айында Жазушылар одағының төрағасы Олжас Сүлейменовтің кабинетінде өткен Қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары, С.Қ.Әбдірахманов бастатқан жеті полковникпен кездесуде генерал: «Мағжанның шығармаларын жариялауға біз емес, рұқсат бермеген сіздерсіздер. Сол кездегі екінші хатшы … қарсы болып, Мағжанды ешқашанда ақтауға болмайды деп қол қойған»,– деп әлгі қорытындыны оқып бергенде Сафуан Шаймерденов марқұм: «Не дейді?!. Әкау, ол да сондай ма еді?!»,– деп еш қымсынбастан жылап жіберіп еді.

Ұлт үшін ең қауіпті жау – іштегі жау. Оны не сүйкімдінің, не сүйкімсіздің қатарына қоса алмайсың.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет