3-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, жұмыссыздық, инфляция Дәрістің мақсаты



бет3/12
Дата10.05.2020
өлшемі51,93 Kb.
#67003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
макро 3

Депрессия сатысында ұлттық табыстың төмендеуі мен жұмыссыздықтың артуы баяулайды, инвестиция көлемінің мәні нольге жақын болады. Сондықтан бұл сатыдағы экономика өндірістің дағдарысымен, сауданың бәсеңдігімен, бос ақша массасының көптігімен сипатталады. Белгілі бір уақыттан кейін экономикалық жүйе циклдің ең төменгі нүктесіне келеді.

Сөйтіп өрлеу сатысы басталады. Өрлеу сатысында экономикалық көрсеткіштердің бәрі бағыттарын өзгертеді, табыс пен жұмысбастылық өсе бастайды. Сөйтіп, қайтадан өсу сатысы басталады. Осылайша, цикл белгілі бір уақыт сайын қайталанып тұрады.



Ү

Шың шың

құлдыраудың төменгі

нүктесі

экономикалық цикл Жылдар

1-сурет. Экономикалық цикл
Ел экономикасының циклдің қандай да бір сатысында ұзақ әрекет етуі мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына, сыртқы әсерлерге байланысты.

Экономикалық циклдің себептерін анықтауға көптеген экономистер қызығушылық танытқан. Экономиканың циклді түрде дамуын анықтайтын теорияларды, әдетте, ″сыртқы″ және ″ішкі″ теориялар деп бөледі.



«Сыртқы» теорияның өкілдері экономикалық ауытқудың себептеріне шаруашылық жүйеге әсер ететін сыртқы факторларды, атап айтқанда, ғылыми және техникалық жаңалықтарды, саяси жағдайларды (революция, сайлау) мұнай бағасының өзгерісін, әлемдік дағдарысты, табиғат құбылыстарын жатқызады.

«Ішкі» теорияның жақтаушылары циклдің себебі ретінде экономикалық жүйенің өзінің «бойындағы» факторларды түсіндіреді. Мысалы, ағылшын экономисі Г.Мальтус пен щвейцар экономисі және тарихшысы С.Сисмонди экономикалық дағдарысты тұтынылған табыстың өндірілген табысқа қарағанда жеткіліксіздігі деп қарастырады. К.Маркс циклділікті капиталистік жүйенің салдары деп есептеген. Ол өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншікті жойып, оларға қоғамдық меншікті қалыптастыру арқылы ғана дағдарысы жоқ жаңа экономикалық жүйеге өтуге болады деп есептеді.

П.Самуэльсон «сыртқы» және «ішкі» теорияларды біріктіріп қарастырды. Бұл синтездің мәні мынада: сыртқы факторлар бастапқыда экономикалық жүйеде серпіліс (импульс) жасап, кейіннен ішкі факторлар бұл серпілістерді циклдік ауытқуға айналдырады.

П.Самуэльсонның теориясы кейнстік тұжырымдамаға негізделеді. Бұрыннан белгілі болғанындай, циклді дамудың маңызды себебі ретінде Дж.Кейнс инвестициялық серпілісті атап көрсетті. Оның айтуынша, инвестицияның өзгерісі - бұл циклдің негізгі қозғаушы күші, ал экономикалық ауытқулардың себепкері – мультипликаторлық- акселераторлық әсер.



Ақша (монетаристік) теориясында іскерлік цикл ақша айналысының, несиенің кеңеюімен немесе азаюымен түсіндіріледі.

Циклдің саяси теориясының авторлары (У.Нордхаус, М.Калецкий, Э.Туфте) экономикалық белсенділіктің ауытқуының себебі ретінде мемлекеттік шенеуніктердің әрекеттерін көрсетеді.

Қазіргі нарық жағдайындағы циклге әсер ететін негізгі факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:

а) нарықтың монополиялық құрылымы;

ә) экономиканы мемлекеттік реттеу;

б) ғылыми-техникалық прогресс;

в) өндірістің жаһандануы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет