Қазақ сср ғылым академиясы



бет1/9
Дата26.01.2018
өлшемі1,94 Mb.
#34036
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ



ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТ ИНСТИТУТЫ

СӘЙДІЛ ТАЛЖАНОВ
КӨРКЕМ АУДАРМАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА

(Н.В. Гогольдің «Ревизоры» мен «Өлі жандары» атты шығармаларының аудармасы негізінде).

Филология ғылымдарының кандидат дәрежесін алуға ұсынылған

диссертация

Ғылыми жетекші Қазақ ССР Ғылым Академиясының Академигі профессор

СМЕТ КЕНЕСБАЕВ

А л м а т ы – 1 9 6 1.

АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР. ИНСТИТУТ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ.


САЙДИЛЬ ТАЛЖАНОВ

ОБ УЗЛОВЫХ ПРОБЛЕМАХ ХУДОЖЕСТВЕННОГО . ПЕРЕВОДА

(На материале перевода «Ревизора» и

«Мертвых душ» Н.В. Гоголя на казахский язык).

Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук.
Научный руководитель Академик Академии Наук КССР профессор

СМЕТ КЕНЕСБАЕВ

Алма-Ата 1 9 6 1 .

Көркем аударманың өзекті мәселелері жайында.
К І Р І С П Е
- 1

«Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Абай.

Қазіргі біздің Совет елінде аударма мемлекет ісі болып отыр. Аударма әдебиеті халық достығының дәнекері. Сондықтан да бұған ерекше мән беріледі.

Партиямыздың 21-съезі коммунизмді құруға белсене беттеді. Сол съездің жасаған жетіжылдық жоспары келешектегі келелі табысқа аяқ басуды нұсқады. Осы нұсқау шаруашылығымызда, халқымыздың салт- санасында болып отырған шындықтан туды. Ұлы Октябрь революциясынан бұрын бірін-бірі тани алмаған ірілі-уақты ұлттар қазір осы ұлы сапарға - коммунизмді құруға бірлесіп аттанды, өйткені өткен қырық жыл ішінде Совет елдерінің арасында мызғымас татулық арқылы ауысу-үлгі алу өте күшейді. Ұлт алакөздігі жойылды. Қалың бұқара халық мүддесін түсінді, бірінің бірі ойларын ұқты. Ескі кездегі ұлттық тар шеңбер кеңіді. Міне, бұл жөнде аударманың қолқабысы тимей қойған жоқ.

Қазір жағдай тіпті өзгерді, жер жүзіндегі көптеген ұсақ ұлттың соры болып келген – шынжыр бұғау – отарлау саясаты (колониализм) күйреді. Азия, Африка халықтары күн санап бұғаудан босануда, өз қолы аузына жетіп, Совет елімен туыстасуға белін бекем буды. Ендеше аударма әдебиетінің маңызы бұрынғыдан да күшейе түсуге бет алды.

1954 жылы көркем аударма мәселесі Бүкіл Одақтық жазушылар съезінде ерекше сөз болды. 1958 жылы Алматыда түрік тілдес елдердің өкілдері бас қосып, аударушылар мәжілісі өтті. Осы биыл 1960 жылы октябрь айында Москвада аударушылар маслихаты тағы болып өткен еді.

Коммунист партиясының, Совет өкіметінің басшысы, жер шарындағы ұлттар достығының, бейбітшіліктің қажымас қайраткері, шындықтың жаршысы Никита Сергеевич Хрущевтің да жазушыларға- аударушыларға зор міндеттер жүктегені мәлім. 1959 жылы 9- октябрьде Краснояр қаласында болған митингте Н.С.Хрущев сөз сөйледі, сонда: «Шетелдегі кейбір дұшпандар Совет елінде білімді адамдар көбейген сайын капитализмге қайта оралуды тілейтіндер де көбейе береді деп дәмеленеді...

«Ал, осы білімді адамдар социализмді жақтырмайтын жандардың әкесін танытатын болады1 - деді . Н.С. Хрущев жолдастың осы айтып отырған білімді адамдарының бір тобы жазушылар-аударушылар екені даусыз.

Көркем-әдебиет идеология майдандарындағы зор құралдың бірі, соның ішінде елеулісі десек те қателеспес едік. Ал, аударма әдебиеті төл әдебиетінің егіз туған сыңары, бұлар жедел өседі.

Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы да бұған айғақ бола алады.

Аударма қазақ әдебиетінде 19 – ғасырдың екінші жарымынан басталады, бұл орыс әдебитетінің прогресшіл бағыттағы ұлы бейнелерді алғаш аудару мезгілі еді. Осы бағытты бастаған Шоқан Уәлиханов, Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар болды.

Заманына сай, аударманың өсу жолын дәлелдеу үшін жалғыз-ақ мысал келтірейік: Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің «Капитан қызын» - 1903 жылы Молда-Нияз Бекимов аударды, сол шығарманы 1936 ж. Қадыр Тайшықов, ал 1949-жылы Әбділдә Тәжібаев аударғаны мәлім. Кейінгі аударманың, сонау төл әдебиетіміздің мешеу кезінде Молда- Нияз Бекимов аударған үлгіден, көш ірілгені даусыз ғой.

1936-37 жылдардан бастап 1956-57 жыдарға дейін аударма әдебиеті қаулап өсті. Бұған М.Әуезовтың Шекспирден («Асауға тұсау»,

«Отелло»), Гогольден («Ревизор»); Ғ.Мүсіреповтың Горькийден («Ана» атты әңгімелері), Островскийден («Таланттылар мен табынушылар»), Мольерден («Сараң»); Ғ.Ормановтың – Толстойдан («Анна Каренина»

- там-тұмдаған кемшілігі бола тұрса да (аударғандарын атап көрсетпеуге болмайды. Бұлардан кейінірек келіп заманымыздың




1 «Социалистік Қазақстан» 13-октябрь, 1959 ж. 1 – бетінде.

классигі М.Шолоховтың «Тынық Дон» атты эпопеясы (аударғандар: Мұхамеджан Қаратаев (Ш-т.), Хамза Есенжанов (IV-т.) жарық көрді.

Осы табыстарымыз бен қатар біздің аударма әдебиетінде айтулы олқылықтар да болды, өйткені көлденең адамдар аударманы

«кәсіпшілікке» айналдырды. Соның зардабынан барып талай-талай сүреңсіз сұрқай аудармалар шықты.

Осындай аудармалардың көрінуі қарсаңында 1957-жылы Қазақстан Орталық партия Комитетінде арнаулы қаулы алынды. Көркем әдебиет баспасындағы бұрынғы басшылық өзгерді, аударма қызметіндегі адамдар (редакторлар) сұрыпталды.

Көркем әдебиет аудармасына талап өте күшейді де жақсы-жақсы еңбектер де көрініп қалды. Мысалы: А.П.Чеховтың 2-томы (аударғандар: М.Әуезов, Ғ.Ахметов, Ә.Нұрпеисов, Ы.Дүйсенбаев, А.Елшібеков т.б.) жарық көрді; И.С.Тургеневтің «Ночь» - «Соңы сүрлеу» (аударған Ғ.Ахметов), И.А. Гончаровтың «Обрыв» («Жар» - аударған Ә.Сатыбалдыев) т.б. басылып шықты.

Осылармен бірге шығып жатқан көріксіз де түсініксіз, аудармалар әлі қалмай келе жатыр. Мысалы «Малахов Курган» (аударған Наханов); «Красное зарево над Кладно» (аударған Кенжалин), Олесь Кравецтің «Заря над Ханцу» (аударған Б.Исабеков), А.П.Чеховтың пьесалары (аударған А.Хангельдин) т.б.

Біз бұл еңбегімізде осы күнгі аудармада орын алып жүрген кемшіліктерді көзінен тізіп, жұртты күлдіріп, көңілдерін көтермек емеспіз. Әліміз келгенше солардың себебін ашып, қалай етсек жойылатын жолдарын көрсетуге тырыспақпыз.

Енді біраз даусыз шындықтарды еске сала кетейік.

Аударма әдибиетіне, аударушыларға туып отырған жеңілдіктер бар ма? Соны шолып өтелік. Біздің ойымызша заманымыз тудырып отырған күрделі үш жеңілдік бар тәрізді. Соның бірі: коммунист партиясының сара жол басшылығы, түзу саясаты арқылы өткен қырық жыл ішінде бұрын біріне-бірі етене жақындаса алмаған, ірілі-уақты ұлттар қазір бас қосып отыр, ұлы сапарға бірге аттанды.

Осылайша коммунизмге бет алып ілгері басу да, ұлы мақсатқа ұмтылып алға қарай аяндағанда – еңбек процесіне керек материалдық

және рухани құрал бірлескен заманда үлгі-өнеге алу күшейді. Біріміздің біріміз сөзімізге, ойымызға түсіндік, ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді.

Мысалы: колхоз, совхоз, МТС, СССР, комсомол, КПСС, самолет тәрізді біріккен сөздерді, ботабай (путевой), грузабай, легкабай, аптабоз (автобус), перме, шопыр тәрізді жеке сөздерді де ауылдағы қазіргі қазақтар ертегідей «шеттен келген бұралқы қонақ» деп ұқпайды, өзінің ежелден еншісіне тиген төл сөзіндей көреді. Орыс тілімен біздің түрік тектес тілдердің арасындағы қарым-қатыс бүгін басталған жоқ, бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр, өйткені: волость, закон, самовар, вожжи деген сөздерді – революциядан бұрын да болыс, зәкүн, самаурын, божы деппіз орыстан алсақ, арқалық, аралас, теңге деген сөздер түрік-татар тілінен орыс тілінен «архалук», ералаш, деньги...» болып ауысты, қазір олар орыстың өз тілі, өз қоры болып кетті. Осы тәрізді сөздер революциядан кейін де бідің тілден орыс тіліне (ауыл, ақсақал, арық т.б.), орыстың тілінен біздің тілге тіпті көп сіңіп отыр. Ендеше, міне бүгін қоян қолтық ұстасып, мидай араласқан дәуірде ортақ сөз, ортақ ұғым көбейгеніне даусыз. Олай болса, бұл аударманың (әсіресе орыс тілінен аударудың) жеңілдеуіне бірінші айғақ.

Екіншіден, көркем аударманың сапасы сол елдегі төл әдебиеттің сапасына сәйкес болады. Бұл екеуі қатар өседі. Көш бастайтын төл әдебиеттің соңына еріп аударма әдебиеті жедел жүреді. Революцияға дейін біздің қазақ тіліне Крылов, Хемницер, Буниндердің ұсақ-ұсақ мысалдары, Пушкин, Лермонтовтардың қысқа-қысқа, үзінді өлендері аударылды. Осы аударушылардың бәрі де шетпұшпақтап болмаса, түгел бір авторды сарқа аударған жоқ, тіпті бір автордың кесек бір шығармасын да бүтіндей аударған жоқ. Өйткені ол кезде қазаққа мұсылман дінін уағыздау үшін келген шала-шарпы түсінілетін арап- парсы, шағатай тілі араласқан шұбар өлең – қысалар: Саясал, Зарқұм, Көрұғлы, Қараман-Қатырандар болмаса қарапайым халықтың өзіне етене түсінікті, өзіне тән күрделі ешнәрсе жоқ еді. Әлгі айтылған қыссалар әсерін тигізіп, өзіміздің тілге бір тасан да болса, бейімделіп жазылған Дариға қыз, Мұңлық-Зарлық, Шәкір-Шәкіреттер шықты. Бері келе Қыз Жібек, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектер басылды. Алғашқы ояну кезеңінде қазақ әдебиетінде шығыс әдебиетінің әсері көп тиді, бұл әсер Абайда да болды. Бері келе прогресшіл орыс әдебиетінің әсері күшейді. Орыс әдебитетінің үлгісін қолданған белгілі демократ

жазушыларымыз: Шоқан Уәлиханов, Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбеевтер еді. Жоғарыда көрсетілген орыс жазушыларын осылар аударып таратты. Бері келе Мұхаметжан Сералиннің «Топ жарған» хикаясы (1900-ж), Тайыр Жомартаевтың

«Қыз көрелік» (романы 44-ақ бет – 1912ж.) Спандияр Көбеевтің

«Қалын мал» романы (90 – бет – 1913 – жыл) Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері қазақ тілінде шықты.

Төл әдебиетіміздің осы шағын көлеміне сай қысқа мысалдар, ұсақ өлеңдер аударылды. Төл әдебиеттің шеңберінен аударма әдебиеті озып шыға алмады. Ал, төл әдебиеттің өрістеуі де сол халықтың мәдени, шаруашылық жағдайына байланысты. Қазақ елі ол заманда мал өсіруді күйттеп, бір жұртқа он күн аялдамай көшіп, қонып жүрді, жазушының да, оқушының да уақытын алатын салалы романдардың тууына болған көп себептердің бірі осы болуы да мүмкін.

Орыс әдебиет тарихының атасы Қантемир «ғылымды қорлаушыларға» («На хулящих ученых») деген өлеңін 1729 - жылы жазды. Ломоносовтың «Хотинді алған күні» («На взятие Хотина») атты өлеңі 1739 – жылы шықты 1 . Осылардың бәрі шағын тақырыпқа жазылған қысқа өлеңдер. Өнеге үлгісі жоқ, өз елінде үлкен романдар жазылмаған орыс тіліне Гомер, Шекспир, Сервантес, Ф.Вольтер, Гете, Шиллер, Гейнелер әлгі айтылмаган Қантемир жүз жыл кейін келіп аударылды,. Бұлардың аударылуына жағдай-әдеби ұғым, әдеби талғам, әдеби тіл туды.

Алайда, сол кезде В.Г.Белинский мақтаған, сахнада Молчановтай артист ойнаған, Полевой аударған «Гамлетті» де қазір орыс жұртшылығы ұмытып кетті. Өйткені бері қарай 19 ғасырдың бірінші ширегінен бастап орыс әдебиеті қаулап өсті. Аудармаға көзқарас та, аударманың әдеби-тілдік нормалары да, қалыптасып, өз заманына сай өзгеріп, өз әдебиет сатысына сай өрбіп отырды. Сонау Пушкин заманынан осы күнге дейін «Гамлеттің» отыз қайтара аударылуы, «Фаустың» да сан рет аударылуы осы пікірімізді дәлелдей алады.

«Аудару» мен «ауыстыру» (перевод и переделка) арасында XVIII ғасырда айырма болған жоқ. Сол кезде Гомерді Костров, Шекспирдің «Гамлетін» Сумароков, «Юлий Цезарын», Карамзин,




1 В.Г. Белинский. Т.П. стр.738. М.1948 г.

Шахрезада ертегілерін Филатов аударды. Сол аудармалар арқылы дүниежүзілік ұлы бейнелермен қазір танысам деудің өзі қиын. Заман ауысты, аудармаға қойылатын шарт та өзгерді, оның үстіне Ломоносов пен Державиннен бастап Горький мен Маяковскийге дейін қандай ұзақ уақыт өтті»1 - дейді П.Топер.

XVIII ғасырда аударғандар Қантемир, Сумароков, Богданович, Херасков, Капнист, Карамзин, Радищев т.б. еді. Аударма XVIII ғасырдың екінші жартысында өте көп шыға бастады, дәлін айтқанда 1768 – жылдан бастап «Собрание, старающееся о переводе иностранных книг на российский язык» атты жинақ ерекше шығып тұрды, Ол аудармалар ЧХЧ ғасырдың өзінде-ақ үмітсіз ұмытылды. Өйткені сахнаға енді Пушкин, Грибоедов, Лермонтов, Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Достоевский, Писарев, Гончаров, Островский, Некрасов, Тургенев, Чехов, Короленко, Толстойлар шықты. Көркем аударма бұрынғы «долбардан» ауысып, жаңа арнаға түсті...

Міне, осы із, өзшама-шарқынша, біздің әдебиетте де болды. Қалайда өз еліндегі төл әдебиеттің сатысынан аударма аса алмады. Жоғарыда да көрсеттік, тағы айтайық, көлемі шағын кезінде өз бойына шақтап шағын мысал, ұсақ өлеңдер аударылды. Енді бері келе совет дәуірінде Сәкен Сейфулиннің: «Тар жол тайғақ кешуі», «Көкшетауы»; Мұхтар Әуезовтың: «Қорғансыздың күні», «Қараш-Қарашы»,

«Көксерегі»; Сәбит Мұқановтың: «Сұлушашы», «Адасқандары»; Бейімбет Майлиннің: «Шұғасы», «Раушан коммунисті», «Азамат Азаматычы»; Ілияс Жансүгіровтың: «Күйі», «Жолдастары»; Ғабит Мүсреповтың: «Тулаған толқындасы», «Көк үйдегі көршілері»; Сабыр Шәріповтың «Алты басары» т.б. шықты, Осыларға сәйкес аудармалар да көрініді. Қазақ тіліне 1928 жылы Гогольдің «Үйленуі», 1931 жылы Шекспирдің «Гамлеті», 1932 жылы Гогольдің «Өлі жандары», 1935 жылы Горькийдің «Менің университеттерімі»; Достоевскийдің

«Бишаралары» 2 т.б. аударылды. Осы аудармалардың бұрынғы

аудармалармен салыстырғанда ілкім тәуірлігі бола тұрса да ескі әдеттен, «түсінікті» етуден, өзінше жорамалдаудан әлі арылмаған жоқ еді. Бері келе, 40-жылдар қарсаңында өзіміздің төл әдебиетіміз де



1 «Вопросы художественного перевода» М.1955 г. «Традиция реализма» атты П.Топер жазған мақаланың 46-47 – беттерін қараңыз.

2 «Үйлену» мен «Гамлетті» -М.Дәулетбаев, «Өлі жандарды» -К.Тайшықов, «Менің

университеттерімді» М.Қаратаев, «Бишараларды» С.Талжанов аударды.

қарыштап алға басты. Мұхтар Әуезовтай, Сәбит Мұқановтай, Ғабит Мүсреповтай, Ғабиден Мұстафиндай заманымыздың ірі жазушылары қазір кең тынысты, өткір ойлы, үлкен-үлкен шығармалар берді. «Абай эпопеясы, «Ботагөз», «Сырдария», «Оянған өлке» «Шығанақ» тәрізді төл әдебиетіміздің сүбелі туындылары кесек-кесегімен жарық көрді. Бұрын болмаған көрнекті үлгілер жасалды. Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Исмаилов, Мұхаметжан Қаратаев, Тақауи Ақтанов, Тәкен Әлемқұлов, Әбжәміл Нұрпеисов, тәрізді әдебиет тану ғылымының зерттеушілері, әрі көркем әдебиеттің талғампаз сыншылары шықты. Ендеше төл әдебиетіміз өсті де аудармаға үлгі жасалды.

Әдеби ұғым, әдеби талғам туды, міне бұл екінші жеңілдік еді. Бері келе, бірте-бірте қазақ тілінің грамматикалық нормалары қалыптасты. Тіл ғылымының білімпаздары: Құдайберген Жұбанов, Смет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Ғайнитден Мұсабаевтар ат салысты. Аударушыларға туған үшінші жеңілдік осы еді.

Бірінші жеңілдік ауысу-араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді дедік. Екінші төл әдебиетіміз өсті – аудармаға үлгі жасалды дедік. Үшінші жеңілдік тіл ғылымының қалыптасқаны дедік. Ал енді біздің негізгі тексеретініміз Гоголь аудармалары болғандықтан айта кетелік: осы үш жеңілдікке қосылатын төртінші жеңілдік бар тәрізді. Ол жеңілдік – сол классик Гоголь шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне қазақ ұғымына жат еместігі. Орыс классиктерінде, әсіресе Гогольде кездесетін геройлардың мінез-құлқы, мәдениеттелігі де, өмірге көзқарасы да қазақ елінде болған шындыққа жақын тұрады. Мысалы, бекіре балықты жалғыз жейтін жалмауыз, көрінгеннің аяғын басып кететін сәлекет-оспадар, ешкімді жақтырмайтын, барлық елді сыртынан айбаттап, ылғи өсек айтып отыратын Собакевич

«Тайсоғанның» Итбаевынан аса алыс емес сияқты. Екі иығынан демін алып, еліріп, танаурап жүретін, төбелесті сатып алатын суайт Ноздрев біздің қазақ елінде жоқ деуге болмас. Абай мысқылдаған алааяқтардың бәрі де осылардың жақын туыстарындай. Гогольдің өзі айтпақшы: «Мүмкін, ол басқа шапан (кафтан) киіп жүрген болар»... Сондай-ақ, кешегі күні біздің елде Плюшкин, Манилов, Коробочкалар болса, бері келе Хлестаковтар туды, өйткені Бейімбет Майлиннің

«Талтаңбайы» Хлестаковтан кем соға қоймас. Әрине, Анна Каренина образын бере қою қиын, одан біздің қазақ халқына Татьяна түсінікті. Онегин мен Чацкий, Рудин мен Печориндер де оңай емес. Одан бізге Фамусов, Софиялар, жақын тұр. Өйткені Каренинадай әйелді, біздің ол

кездегі оқушыларымыз түсіне алмас еді, сегіз жасар баласын, он жыл отасқан күйеуін тастап, жас біреудің соңына ерген Аннаны түсіну оңай емес-ті, өйткені ол образ өзімізде қалыптасқан жоқ еді. Біздің Еңлік , Баян, Қамар, Шұға, Сұлушаштар Анна мен Татьянның арасында тұрған кейіпкерлер. Бұлар Татьянадай ұзап кетпеген, Анна шеніне жетпеген образдар.

Онегин, Чацкий, Печорин, Рудиндер тәрізді үлкен оқыған, заманынан ойы да, бойы да озған «басы артық адамдар» да әдебиетімізде болған жоқ. Олардан көбі кешегі қазақ елінің шындығында көп ұшырайтын кейіпкерлер Фамусов, Собакевичтер ғой. Міне осы жағынан алғанда Гоголь адамдарының кейпі, олардың ой- өрісі бізге өте жақын келе береді. Түсінікті ойды, таныс кескінді суреттеп жеткізу – біреуге ұғындыру, тұрмыста қалыптаспаған бейнені беруден жеңіл болады.

Сонымен қатар қазақ әдебиетіне орыс халқындағы тіл орамдары, сөз тіркестері кіріп жүр. Көрші елдің ой-өрісі аударма арқылы да, тікелей де ауысып отыр. Айта берсең орыс тілі біздің екінші ана тіліміз екені даусыз ғой.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет