Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті


Тақырыбы: Механикаландырып өндіруге икемділікті бағалау



бет7/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Тақырыбы: Механикаландырып өндіруге икемділікті бағалау


Сабақ мақсаты: Механикаландырып өндіруге икемділікті бағалау жолдарымен танысу. Жатып қалуға және шашылып қалуға төзімділікті анықтау әдістемесімен танысу.

Сабақ жоспары:

  1. Жатып қалуға төзімділігі.

  2. Шашылып қалуға төзімділігі.

Бұл бағалау тобы өте маңызды, өйткені дақылдарды өсіріп - өндіргенде, жинағанда машиналарды қолданудың мүмкіншілігі мен тиімділігін анықтайды. Көптеген дақылдардың үлгілерінің жатып қалуға (жапырылуға), төгілуге, тамырында және дестеде өнуіне төзімділігін бағалайды арпаның үлгілерін – иілуге, масағының сынуға, сабанының буынаралығының сынғыштығын, картоптың – түйнектерінің ықшам орналасуы, түптерінің шашыраңқы болмауы т. т. б.

Бағаны балмен көрсетеді. Сортсынауда бес баллдық жүйе қолданылады.



Жатып қалуға төзімділік. Жатып қалған күні әлде келесі күні белгілейді. Мына көрсеткіштермен: 5 – жатып қалғаны жоқ; 4-сәл иілген; 3-45 0 иілген; 2-45 0 артық иілген; 1- өсімдіктер жаппай жатып қалған.

Конкурстық сортсынауда бағалауды әр қайталауда жүргізеді. Міндетті түрде жатып қалған күнімен даму кезеңін белгілеу керек. Жатып қалу түрін атайды (сабақтық, тамырлық, жалпы, іредік). 5-10 күндерден кейін байқауды қайталайды Селекциялық үрдістің басқа звеноларында да жатып қалуды байқайды.

Егер көшеттік үлкен болса, онда бағалауды егін жинардың алдында жүргізеді.

Шашылып қалуға төзімділік. Бұл бақылауды да балдық жүйемен өткізеді. Бір айырмашылығы, оны вегетациялық кезеңде бірақ рет жүргізеді. Тиімді бағалау үшін, егін оруды кешірек бастау керек. Селекциялық үрдістің бас кезінде ол жұмыстарды жүргізбейді. Төзімді әлде төзімсіздікті былай анықтауға болады, гүл қабыршығының дәнді шырмаумен және дәннің ұзынша (қабыршақ жақсы шырмайды) әлде дөңгелек болуымен.

Егін орылғаннан кейін 50х50 см рамка салып, оның ішіндегі дәндерді санайды. Конкурстық сортсынауда рамканы мөлдектің 4 жеріне салады. Есептеуді екі қайталауда жүргізеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қай мерзімде жатып қалумен және шашылып қалуға төзімділігін анықтайды?

  2. Солтүстік Қазақстанда ауданстырылған бидай сорттарын жатып қалумен және шашылып қалуға төзімділігі бойынша бағала.



Зертханалық - тәжірибелік сабақ № 15

Тақырыбы: Селекциялық материалды өнім сапасы бойынша зертханада бағалау.

Сабақ мақсаты: Селекциялық материалды өнім сапасы бойынша зертханада бағалауды үйрену.

Сабақ жоспары:

  1. Бағалау түрі.

  2. Дәннін шынылығы және оны анықтау тәсілі

  3. Дәннің ірілігі мен біркелкілігін анықтау

  4. 1000 тұқымның массасын анықтау




  1. Бағалау түрі

Зертханалық зерттеу тәсілдерін физикалық, химиялық, физикалық-химиялық, биологиялық және технологиялық деп бөлуге болады.

Физикалық тәсілдерге өнім массасының құрамы мен оған кіретін құрауыштардың ірілігі мен біртектігін, крахмал, қант, мөлшерін поляриметриялық анықтау, құрғақ заттар мөлшерін рефрактометрлік анықтау, электрлік тәсілмен ылғалды анықтауларды жатқызуға болады.

Өнімнің азық-түліктік және технологиялық құндылығы оның құрамына кіретін органикалық және минералдық заттардың (ақуыз мөлшері мен сапасы, дәннің химиялық құрамын) мөлшері мен құрамына тікелей байланысты, ал көрсеткәштерді химиялық талдау тәсілімен анықтайды.



Физикалық-химиялық тәсілдер де (ұнның суды сіңіру қабілетін анықтау және басқалар) кеңінен қолданылады.

Биологиялық зерттеу тәсілдерінің де қолдану ауқымы кең. Мәселен, микробиологиялық зерттеу тәсілімен азық- түліктегі микрофлораның түр құрамын анықтайды, астық қорының зиянкестермен (жәндіктер жіне кенелер) залалдану дәрежесін белгілейді.

Соңғы жылдары азық-түлікті талдаудың кең тараған технологиялық тәсілдерін атап өтуге болады. Мысалға, арнаулы зертханалық диірменде астық үлгісінің тәжірибелік тартылуы астықтың технологиялық қасиеттерін, оның ішінде ұнның шығымын анықтауға мүмкіндік береді, тәжірибелік нан үлгісін пісіру арқылы ұнның «астықтың» нандық қасиеттері туралы түсінік алуға болады.





  1. Дәннін шынылығы және оны анықтау тәсілі

Жұмыстың мақсаты: Бидай дәнінің шынылығы және оны анықтау тәсілдерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бидай дәнінің үлгілері, диафоноскоп ДЗС-2 есептегіш машина.

Бидай дәнінің шынылығы - оның пайдалану максатына байланысты анықталатын негізгі сапалық белгілерінің бірі. Ұн зауыттарында шынылығы жоғары дәндерден алынған ұнның шығымы да жоғары. Сонымен қатар, бұл сапалық белгі бидай дәніндегі ақуыз бен желімшенің мөлшеріне байланысты әрі көмірсу-амилаза белсенділігін арттыруы себепті оның нандық қасиеті болып табылады.

Дәннің шынылығына оның сорты, топырақ-климаттық жағдайы, пісіп жетілуі, ылғалдылығы, т.б. әсер етеді.

Климаттық жағдайға байланысты шынылығы жоғары дәндер еліміздің солтүстік өңірінде қалыптасса, ал оңтүстікке карай бұл көрсеткіш төмендейді. Жердің топырак құнарлығы байланысты батыс аймақтарда, кейбір жауын-шашын аз жауған жылдары, шынылығы жоғары дәндер жиналады.

Бидай дәнін мөлдірлігі бойынша келесідей үш топка бөледі:


  1. шынылы;

  2. жартылай шынылы;

  3. ұнды.

Жарық сәулесін салыстырмалы түрде толық өткізетін, үлкейткіш әйнекпен қарағанда тек қана шет жақтары аздап қарайып тұратын дәндерді толық шынылы дәнге жатқызады.

Жартылай шынылы дәндерге жарықты өткізу қабілеті төмен, арнайы прибормен қарағанда жалпы көлемінің жартысына жуығы қарайып тұратын дәндер жатады.

Ұнды дән болып жарық өткізу қабілеті 25%-дан төмен дәндер жатады.

Дәннің шынылығын дәнді ортасынан бөлу арқылы ішкі құрлысын қарап немесе ДЗС-2 диафоноскопының көмегімен аныктайды.



ДЗС-2 құралы негізгі корпустан, төменгі жағында жарық беретін лампадан, жоғарғы жағында үлкейткіш әйнектен және 50 немесе 100 дән салуға арналған қалақшадан (кассетадан) тұрады.


Сурет-8. ДЗС-2 диафоноскопы. 1 - корпусы, 2 - дән салатын кассетаны жылжытатын тұтқа, 3 - дән салуға арналган кассета, 4 - үлкейткіш әйнек, 5 - есептегіш машина, 6 - дән санын керсететін табло.


  1. Дәннің ірілігі мен біркелкілігін анықтау

Жұмыстың мақсаты: Дәннің ірілігі мен біркелкілігін анықтау тәсілдерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Астық дақылының дәндері, ажыратқыш тақталар, елеуіштер.

Дәннін ірілігі оның көлеміне тура байланысты. Ол сол астықтын құрамындағы көлемі әр түрлі дәндердің қатынасы арқылы беріледі және негізгіі Фракцияның ірілігіие тура байланысты болады.

Дәннің біркелкілігі дегеніміз-астық массасындағы дәндердің бір-біріне ұқсас, бірдей болуы. Егер астық құрамындағы дәндері негізінен түсі, ірілігі ылғалдылығы, жекелеген дәндердің салмағы, мөлдірлігі және басқа да белгілері бойынша бір шамада болса, онда мұндай астық массасы біркелкі болып келеді. Тәжірибеде дәннің ірілігі (көлемі) бойынша біркелкі болуына көп көңіл бөлінеді.

Астықты өсіру жағдайының қолайсыздығына байланысты дән толық пісіп жетілмейді де, астық құрамында ұсақ, майда дәндердің саны артады. Астықтың ластылығын анықтауда мұндай дәндерді дән қоспасына қосады.

Дәннің ірілігі, ұсақтылығы және біркелкілігі одан алынатын өнімнің мөлшеріне, технологиялық жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді. Толық пісіп жетілген, ірі әрі біртекті дәннен алынатын өнім сапалы, оның көлемі жоғары болып келеді.

Астық массасын тазалап, оны кептіргенде, машина тесіктерін реттеу мен өңдеудің технолгиялық жүйесін таңдағанда дәннің осы белгілері міндетті түрде есепке алынады. Дәннің ірілігі мен біркелкілігін келесі тәсілдің бірімен анықтайды:



  • әрбір жеке дәннің ұзындығы, енін және жуандығын өлшеу арқылы;

  • тесігінің диаметрі әр түрлі елегіштерден өткізу арқылы.

Астық дақылы дәндерінің өзіне тән формасы болады. Көп жағдайда (сорт, өсіп жетілу жағдайы, пісу деңгейі, т.б.), бұл белгі ауытқып тұрады. Дегенмен, барлық дәндерге қарағнада тән ортақ өлшем бар.

Астық дақылдары дәндерінің ірілігі оның ұзындығы, ені және жуандығы секілді үш өлшем арқылы берілсе, ал элипс тәрізді формадағы көптеген бұршақ тұқымдастары дәндерінің ұзындығы мен ені (жуандығы) арқылы өлшенеді.

Ұзынша келген дәндерге қарағанда шар тәріздес формадагы дәннің ұн шығымы жоғары. Өйткені мұндай дәндер қабығының (қауызының мөлшері болады. Сонымен қатар, шар тәріздес формадағы дәндер елшегіш цилиндрда тығыз орналасатындықтан олардың көлемдік салмағы жоғары болып келеді.

Дәннің ұзындығы - дәннің екі ұшының, ені - дәннің екі қапталының (жағы); және жуандығы - арқасы мен іш жағының арақашықтығын өлшеу арқылы анықталады.

Дәннің ірілігі мен біркелкілігін өлшеу арқылы аныктау үшін орташа үлгіден 100г дән бөліп алып ажыратқыш тақтада бардық қоспалардан ажыратады. Содан соң таңдамастан (мүмкіндігіншс есептегіш машинада) астықтың түріне байланысты 100-300 дәнді бөліп алады. Алынған үлгідегі дәндерді 0,01мм дәлдікте жеке - жеке ұзындығы, ені және жуандығы бойынша өлшеп, арнайы кестені толтырады да орташа мәнін табады.

Дәннің белгілерін бұл тәсілмен анықтау көп уақытты қажет етеді. Сол себепті, дән үлгілерін ірілігі бойынша топтарга ажыратуда арнайы дөңгелек және ұзынша келген тесікті елегіштер колданылады. Үлгідсн алынган өлшемді елегіш жиынтыгынан 3 мин бойы елеп өткізу арқылы ажыратады да, әр електегі дән санын есептеп, вариациялық қатар құрады. Әдетте, бидай, қара бидай және кейбір жарма дақылы дәндері үшін тесігінің диаметрі төмендегідей електер қолданылады.
18- кесте. Ауыл шаруашылық дақылдарының түрлеріне байланысты дән ірілігін анықтауда елегіштер, мм


Ауыл шаруашылық дақылдары

Бидай

Қара бидай

Сұлы

Арпа

Қарақұмық

Тары

2,5:20

2,2:20

2,8: 20

2,8: 20

4,5

1,7

2,2:20

2,0: 20

2,5: 20

2,5: 20

4,0

1,6

2,0:20

1,8: 20

2,2: 20

2,2: 20

3,5

1,4

1,7:20

1,4: 20

1,8: 20

-

3,0

1,2




  1. 1000 тұқымның массасын анықтау (МСТ 12042-80.)

Қажетті құрал-жабдықтар:

  1. Әртүрлі екпе дақылдардың тұқымдары.

  2. Электронды және техникалық таразылар.

Әдістемелік нұсқама:

Тәжірибеде тұқымдық жадығаттың сапасын оның граммен алынған 1000 санының құрғақ-ауа массасымен де сипатталады. 1000 тұқымның жоғары массасы әдетте тұқымның ірілігімен байланысты. Тұқымның мөлшері бірдей болғанда бұл көрсеткіш оның ішкі құрылымының тығыздығын сипаттайды және ондағы қорлық қоректік заттарды анықтайды. Өндірісте 1000 тұқымның массасын салмақтық себу мөлшерін есептеуге пайдаланады.

Көптеген танаптық дақылдардың 1000 тұқымның массасын анықтағанда негізгі дақыл тұқымдарын мұқият араластырады да іріктемей 500 данадан екі үлгі санап алынады,0,01- ке дейінгі дәлдікпен жеке-жеке өлшенеді; өлшеу нәтижелерін бір-біріне қосып, 1000 тұқымның орташа арифметикалық массасын табады. Бірінші және екінші үлгілердегі тұқым массаларының арасындағы айырмашылық орташа арифметикалық массаның 3%-нан аспаса талдау аяқталды деп есептеледі. Егер екі үлгінің өлшеу нәтижелеріндегі айырмашылық рұқсат етілген шамадан артық болса, онда үшінші үлгі сұрыпталады. Үшінші үлгінің өлшеу нәтижесін алғашқы екеуімен салыстырады және 1000 тұқымның массасы айырмашылығы барынша төмен үлгілермен анықталады.
19-кесте. 1000 тұқымның массасын анықтау


Үлгі

Үлгідегі тұқым саны, дана

Үлгінің массасы, г

1000 тұқымның массасы, г

1










2










Орташа









Бақылау сұрақтары:

1 Бидай дәнінің эндоспермі қандай консистенциялы болады?

2 Шынылы дәннің ұнды дәннен айырмашылығы неде?

3 Жартылай шынылы дәндер?

4 Жалпы шынылық дегеніміз не ?

5 Шынылықты қалай анықтаймыз?

6.Дәннің «ірілігі» дегеніміз не?

7 Дәннің «біркелкілігі» деп нені айтады?

8 «Ірілік» пен «біркелкілік» көрсеткіштерінің тәжірибедегі маңызы.



9 «Ірілік» пен «біркелкілік» көрсеткіштерін анықтау жолдары.

Практиқалық-тәжірибелік бөлім

Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясымен тұқым шаруашылық пәнің практиқалық тәжрибелері

3 – курс ішкі оқу студентеріне арналған
(мамандық «Агрономия»)


1. ДӘҢДІ ДАҚЫЛДАР

1.1 БИДАЙ

  1. Ботаникалық сипаттамасы.

  2. Дәннің апробациялық белгілері.

  3. Жұмсақ бидай сорттары.

  4. Жаздық қатты бидай сорттары.

Бидай (Triticum L) - астық немеее қоңырбастар тұқымдасына (Gramineae, Poaceae SS) бидай төрізділердің түр тармағына (Triticum) жататын жаздық, күздік және жартылай күздік формалары бар, бір жыддық шөптесін өсімдік.



Тамыр жүйесі - шашақ тамыр, жанама тамырлары жерасты сабақ буындарынан тарайды.

Сабақ - борпыддақ паренхималық тканьмен толтырылған, жас кезінде ете қысқа 4-6 буынды, биіктігі 0,5 -2 метр цилиндрлі сабан жерге теселген буын өсімдіктің тікірейуіне есер етеді.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет