КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ. ДЕСКРИПТОРЛАР КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ Бағалау - оқытудың ағымдағы және қорытынды кезеңдеріндегі оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты жинау мен талдауды білдіретін білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады оқытылған, мазмұн бағаланады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды оқушылардың өзін-өзі бағалауға және оқуға деген ынтасы артады Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде білім алушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат алу және оны оқу процесін одан әрі жетілдіру үшін барлық мүдделі қатысушыларға ұсыну
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ 1. Білім беру процесіндегі бағалаудың мүмкіндігін және қызметін кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс арқылы оқушылардың үнемі өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, бағалаудың сапалы механизмдерін және бағалау құралдарын қалыптастыруға ықпал ету;
4. Ақпаратты түсінікті, нақты және үздіксіз түрде ұсыну:
оқушыларға – оқу сапасы туралы ;
мұғалімдерге – оқушылардың оқу жетістіктері туралы;
басқару органдарына – білім беру қызметінің сапасы туралы.
оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді