Химия сабағында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырманы жоспарлау М. Н. Кыдырова* 1



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата22.09.2023
өлшемі435,88 Kb.
#182033
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
document 2, 2953097420, Документ Microsoft Office Word, Әртүрлі тамақ өнімдеріндегі көмірсулардың биологиялық құндылығы


82
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҒТАМР 14.35.09 
Химия сабағында жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылықты арттыруға негізделген 
тапсырманы жоспарлау
М. Н. Кыдырова*
1
, К. З. Керимбаева
2
1,2
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Аңдатпа.
Бұл мақалада орта мектептердегі білім беруді жүргізу барысында 
оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту негізінде жаратылыста-
ну-ғылыми сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмаларды тиімді әдіспен 
оқыту қарас тырылады. Жаратылыстану ғылымдары ішіндегі химия ғылымының 
қыр-сырын зерттеуге оқушылардың қызығушылығын арттыру, алған білімдерінің 
өмірде, тұрмыста қажет екенін ұғындыру мақсатында қысқа мерзімді сабақ жоспа-
рында функционалды сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды жоспарлау 
көрсетіледі. Қолданылатын контекстік тапсырмалар оқу мақсатына негізделген,
ғылыми сипатта және практикалық маңызды, пәнаралық ұстанымдарды оқыту-
да толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тапсырманы білім алушы ойдағыдай 
орындау үшін, тапсырма олардың біліміне немесе өмірлік тәжірибесіне негізде-
луі қажет. Сондықтан берілген материал қол жетімді, оның мазмұны бағдарлама 
шеңберінде құрастырылып, қысқа мерзімді сабақ жоспарына енгізіледі. Қысқа 
мерзімді сабақ жоспарында функционалды сауаттылыққа негізделген тапсырма
оқушылардың бақылау, іздену қабілеттерін дамытады, білімді өз бетінше алуға, 
оны жетілдіруге, алған білімдерін тұрмыста қолдана білуге үйретеді. Жаратылы-
стану–ғылымдарын тану, жаратылыстану құбылыстарын түсіну және ғылыми 
мәселелерге қатыс ты ғылыми дәлелдемелерге негізделген қорытындыларды 
тұжырымдау арқылы білімді меңгеріп, пайдалану қабілеті артады. Білім алушы-
ның функционалдық сауаттылықтығы артады, рефлексивті азаматтар қабылдау 
керек шешімдер қабылдау ға көмектеседі, инновациялық және тиімді шешімдер-
ге қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет