ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ мен математикалық статистика
Ықтималдықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Математикалық статистика бақылау нәтижесінде алынған деректерді жинақтау және оларды топтау әдістерін көрсету және ықтималдықтар теориясы көмегімен кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтарын құруды қарастырады.
ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ
1. Негізгі ұғымдар
Анықтама 1. Сынақ (тәжірибе) деп қандай да бір шарттардың орындалуын айтамыз.
Мысал 1.
Оқ атылды.
Ойын сүйегі тасталды.
Тексеру жүргізілді.
Анықтама 2. Оқиға деп сынақтың (тәжірибенің) нәтижесін айтамыз.
Оқиғалар латын алфавитінің А, В, С, ... бас әріптерімен белгіленеді.
Мысал 2.
Атқыш нысанаға оқ атты.
Оқтың атылуы – сынақ.
Оқиғалар: А- оқтың нысанаға тиуі; В-оқтың нысанаға тимеуі.
Ойын сүйегі тасталды.
Сүйектің тасталуы – сынақ.
Оқиғалар: А1 -1 ұпайдың түсуі; А2-2 ұпайдың түсуі; А3 - 3 ұпайдың түсуі; А4 - 4 ұпайдың түсуі; А5 - 5 ұпайдың түсуі; А6 - 6 ұпайдың түсуі.
Ойын сүйегі тасталды.
Сүйектің тасталуы – сынақ.
Оқиғалар: С-түскен ұпай саны 2-ге бөлінеді; Д-түскен ұпай саны 3-ке бөлінеді; Е-түскен ұпай саны 2-ге де, 3-ке де бөлінбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |