Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері. Ойын шарты



бет1/17
Дата05.10.2022
өлшемі153 Kb.
#151758
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
12.Дидактикалық ойындар-1
Лазиз2

«Кім жылдам» №1


Мақсаты: отбасы мүшелерін ажыратып,
оларды дұрыс атай білуге машықтандыру.
Балалардың сөздік қорын байыту.
Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері.
Ойын шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен
Кішісіне қарай ататып, ретімен орналастырады.
Балалар ат қоюдан жарысады. Өз топтарындағы балалардың аттарын жылдам атауға үйренеді.
Өздерінің достарын атайды.


«Телефон» №2
Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты
Сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: телефон.
Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіндер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуы-
мыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефонды үзген бала айыбын төлейді.
(Мысалы: мақал, өлең, т.б. білгенін айтуға болады).
Телефон арқылы екі бала:
Алло! Сәлеметсің бе, Адина?
Иә Сәлеметсің бе? Бұл кім екен? Не істеп жатырсың?


«Қайсысы қайда тіршілік етеді?» №3

Мақсаты: суреттен көрген заттарының аттарын
тап, олардың қайда өмір сүретінің айтқызу.
Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: теледидар, әр түрлі жануарлар,
құстар, аңдар суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретінің сұрайды. Олардың немен қоректенетінің
айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге
болады. Олар туралы балалардың білетін өлең, жұмбақтарын айтқызады.

«Бұл қай мезгіл?» №4


Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері мен
өзгерістерін ажыратып айтқызу.
Сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: күзгі жапырақтар, суреттер.
Ойын шарты: күзгі бау- бақшадағы жемістер
Мен көкіністердің аттарын атап, пішіндерін,
түстерін ажыратады.
Күздегі егін жинауды өмірмен байланыстыра айтады. Күзгі жапырақтардың түстерін ажыратады.
Олардың ерекшеліктеріне тоқталады.
Күзгі ауа- райының ерекшелігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет