Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы



бет1/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.


Сулейменова Алия


Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы



  1. Семасиология және оның қарастыратын мәселелері.

1.Сұрақ: Ұғымның анықтамасы
Жауап: Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика. Семасиология - сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Бұл термин гректің “белгілеу” және “ғылым” деген сөздерінен алынған. Мұны кейбір ғалымдарымыз семантика деп те атайды..
2. Сөздің анықтамасы. Сөзге тән белгілер.
Жауап: Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім)— заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.
3.Ұғым мен мағынаның айырмашылығы
Жауап: Лексикалық бірлік ретінде қаралатын сөздің екі жағы болады: оның бірі – сыртқы, дыбыстық жағы, екіншісі – ішкі, мағыналық жағы. Демек, сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен құралады. Сөздің дыбыстық жағы фонеткада қарастырылса, мағыналық жағы семасиологияда қарастырылады. Сөз мағынасы — ұғымның мазмұны, оның адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі, баскаша айтсак, мағына дегеніміз — ұғымның сөзде бейнеленуі, яғни сөз мағынасы мен ұғым тығыз бірлікте.
4.Лексикалық мағыналардың түрлері.
Жауап: Лексикалық мағына- сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық сипатқа ие болады.
Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:

  1. Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;

  2. Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;

  3. Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;

  4. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.

  5. Көп мағыналылық

Жауап: Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни тура мағыналарға ие болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) – 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Омонимия (грек homonymiа – аттас атаулар) – тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.
1. Жүз – жүз (сан есім).
2. Жүз - өң, бет, әлпет (зат есім).
3. Жүз – суда жүз (етістік).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет