1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет54/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
Көрсеткіштер

Өткен

жыл,

мың тг.

Есепті жыл, мың тг.

Ауытқуы

(+;-)

1

Түсім

883 253

951 927

+68 674

2

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны

636 153

791 613

+ 155 460

3

Жалпы пайда

247 100

160314

-86 786

4

Сату шығындары

-

-

-

5

Әкімшілік шығыстар

95 561

122 935

+27 374

6

Басқа да шығыстар

3 785

409

-3 376

7

Басқа да табыстар

789

398

-391

8

Барлығы операциялық пайда

148 543

37 368

-111 175

9

Қаржыландыру табыстары

7

-

-7

10

Қаржыландыру шығыстары

13 226

14411

+ 1 185

11

Үлестік қатысу әдісімен ескерілген ассоциацияланған ұйымдар мен бірлескен қызметтің пайдасыңдағы (залалындағы) ұйым үлесі

-

-

-

12

Басқа да операциялық емес табыстар

-

-

-

13

Басқа да операциялық емес шығыстар

-

-

-

14

Салық салуға дейінгі пайда (залал)

135 324

22 957

-112 367

15

Табыс салығы бойынша шығыстар

-

-

-

16

Жалғасатын қызметтен салық салудан кейінгі пайда (залал)

135 324

22 957

-112 367

17

Тоқтатылған қызметтен салық салудан кейінгі пайда (залал)

-

-

-

18

Жыл пайдасы

135 324

22 957

-112 367

Кесте 65 – Абсолютті табыстылық көрсеткіштерін талдау







Ұйымның пайда мен залал туралы есеп беруіндегі табыс көрсеткіштерінің көп бөлігі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Өнімді өткізуден түскен түсім мөлшері 68 674мың теңгеге өскен. Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны да жыл басымен салыстырғанда 155 460 мың теңгеге үлғайған. Осы фактордың өсуі жалпы пайда шамасының 86 786мың теңгеге төмендеуіне әкеп соқтырды. Қаржыландырудан түскен табыс жыл басында 7мың теңгені құраса, жыл аяғында оның болуы орын алмаған. Басқа да табыстар шамасы да 391 мың теңгеге төмендеген.

Шығындар түрлерінде де көрсеткіштердің өсу өзгерістері байқалған, оның ішінде жыл басымен салыстырғанда әкімшілік шығындар мөлшері 27 374 мың теңгеге, қаржыландыру шығыстары 185 мың теңгеге үлғайған. Ал басқа да шығыстар мөлшері керісінше 3 376мың теңгеге азайған.

Шығындардың өсуі таза пайда сомасының қысқаруына әкелді. Оның шамасы жыл басында 135 324 мың теңгені, жыл аяғында 22 957 мың теңгені құрап, салыстырғанда 112 367 мың теңгеге төмендеген.

42. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

Табыстылықтың қатыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздері ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттерді салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:




  1. жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

  2. өнімдер;

  3. ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Ұйым активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігін бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі — табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, ұйымның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

  • табысты болжау әдісі;

  • шешім қабылдау және бакылау кұралы ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Ұйымның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі ұйымның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзак мерзімді несиелер, займ берушілердің үлкен наразына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол ұйымның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нактылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, ұйымдарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын ұйым, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын сал қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне жататындар:

  1. Ұйым активтерінің табыстылығы (Та).

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:


Таза табыс

Барлық активтер (баланс валютасы)





Та =




  1. Қысқа мерзімді активтердің табыстылығы (Тқысқы мерзімді актив). Ол ұйым қысқа мерзімді активтерге жұмсалған бір теңгеден қанша табыс алатынын көрсетеді және мына формуламен анықталады:


Таза табыс

Қысқа мерзімді активтер орташа мөлшері





Тқысқа мерзімді актив =


  1. Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы қысқа мерзімді активтердің табыстылығын анықтау жолымен ұқсас. Тек бөлшек бөлімінде ұзақ мерзімді активтердің орташа шамасы алынады.




  1. Меншікті капитал табыстылығы (Тм.к). Бұл көрсеткіш акционерлік компания құқығында жұмыс істейтін ұйымдар үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін, яғни акционерлік капиталдың пайдалану тиімділігіне баға беретін негізгі көрсеткіш болып табылады.


Таза табыс

Меншікті капиталдың орташа мөлшері




Тм.к =


  1. Инвестициялардың табыстылығы (Тинв). Қаржылық салымдардың табыстылық деңгейі ұйым қаншалықты инвестициялық қызметін тиімді атқаратынын көрсетеді.


Таза табыс

Меншікті капиталдың – Ұзақ мерзімді міндеттемелердің

орташа мөлшері орташа мөлшері



Тинв =



  1. Сату көлемінің табыстылығы (Тсату көлемі). Бұл көрсеткіш деңгейіне өткізілетін өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және сатылатын бағалардың өзгеруі әсер етеді.


Жалпы табыс

Өнімді өткізуден түскен табыс





Тсату көлемі =


  1. Өткізілген барлық өнімнің табыстылығы барлық өнім). Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін таза табыстың мөлшерін көрсетеді.


Таза табыс

Өнімді өткізуден түскен табыс





Тбарлық өнім =


  1. Негізгі қызметтің табыстылығы (Тн.қ).


Негізгі қызметтен түскен табыс

Өнімнің өзіндік құны + Кезең шығындары





Тнегізгі қызмет =


  1. Перманенттік капиталдың табыстылығы п.к). Ол ұйымның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталы қанша табыс әкелетінін көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың табыстылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы — талдағанда ұйымның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.

Бұл көрсеткіштің есептелінуі инвестициялар табыстылығының есептелінуіне ұқсас есептелінеді.

  1. Тартылған капиталдың табыстылығы (Ттк).



Таза табыс

Қысқа мерзімді міндеттемелер + Ұзақ мерзімді міндеттемелер



орташа мөлшері орташа мөлшері



Ттк =






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет