Анемиялар. Анемия



бет21/23
Дата25.09.2022
өлшемі114,83 Kb.
#150627
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
кан курамы.анемия.
Талипова Э.Е мақала
Лейкоз ауруы

Қан жүйесінің қатерлі ауруы, қанның қауыпты ісігі




Себебі: белгісіз, бірақ бірнеше теориялар бар: вирусты, тұқым қуалаушылық, радиация сәулесінің әсері.
Клиникасы: ауру біртіндеп жалпы жағдайдың бұзылуынан басталады: тәбеті төмендейді, бала себепсіз жылайды, ұйқысы бұзылады, әлсіздік пайда болады.
Сонымен қатар баланың сүйектері қақсап ауырады, қанағыштық, астына қан құйылғыштық пайда болады, осы ауруға тән триада айқындалады: бауырдың, көк бауырдың және лимфатикалық түйіндердің ісіп үлкеюі. Ішкі ағзалардың қызметінің бұзылуы, дене қызуының тұрақты көтерілуі, кахексия (көтерем), шырышты қабықтан қан кету – бұл симптомдар ауру өте асқынған кезде шығады.
Қанның жалпы анализінде және жілік майының төстен алынған пунктатында дамып жетілмеген жас лейкоциттер – бласты жасушалар – көптен айқындалады.
Балаларда көбіне лимфобласты тез басталып, өршіп дамитын лейкоз кездеседі.
Емдеу: арнайы гематологиялық бөлімде өткізіледі. Жағдайы тартса баланы жиі таза ауаға серуенге шығарып тұру керек, тәбетіне сәйкес тамақтандырылады.


Бұл аурудың емдеуі сәтсіз, емдеген кездегі мақсат-ауру баланың өмірін ұзарту.

1. Дәрімен емдеу әр-түрлі схемалармен өткізіледі: преднизолон, винкристин, меркаптоцурин, винбластин және тағы басқа.


2. Имунды терапия.
3. Сәулемен емдеу.
4. Симптомдық емдеу.

Өте жақсы күтім өткізіп, медициналық этика мен деонтологияны мұқият сақтаған жөн.


Лейкоцитоз абсолюттік және салыстырмалы, физиологиялық және патологилық болып бөлінеді.
Абсолюттік лейкоцитоз қан көлемінің бірлігінде лейкоциттердің жалпы санының көбеюімен сипаталады; салыстырмалы лейкоцитоз – лейкоциттердің бір түрінің кемуінен екінші түрінің көбеюі арқылы пайда болады, мұндайда лейкоциттердің жалпы саны елеулі өзгеріске ұшырамайды.
Физиологиялық лейкоцитозға мыналар жатады:
а) жаңа туған төл лейкоцитозы (алғашқы екі тәулік ішінде);
б) ас қорыту лейкоцитозы (азықты жегеннен кейін 2-3 сағатта пайда болады);
в) миогенді лейкоцитоз дене жұмысына байланысты;
г) буаз малдың лейкоцитозы (нейтрофильді топтар көбейеді).
Патологиялық лейкоцитоз инфекциялық аурулардан, уланудан, қабыну процестерінен, ішкі секреция бездерінің, қан құраудың нервтік регуляциясы бұзылудан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет