Қарағанды 2020 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Философияның пайда болуы және дамуы



бет4/24
Дата18.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#204656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Оқу құралы 2020 жыл (2)

1 Философияның пайда болуы және дамуы


1.1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі

Ежелгі дүние тарихынан философияның пайда болуы – мифологиялық көзқарастармен байланысты. Бұл ойлау мәдениетінің алғашқы сатысы. Гректің «аңыз» сөзінен шыққан, қоршаған дүние туралы шынайы түсініктен гөрі қиял-ғажайып түсініктерден тұрған ежелгі қоғамдағы дүниетаным, яғни қоғамдық сананың алғашқы формасы.


Бұл уақытта қоғамда жетекші рөл атқарған мифологиялық дүниетаным қоршаған табиғат дүниесінің дамуын және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бойлай алмады, оны түсіндіруге дәрменсіз болды. Осы бағыттағы алғашқы ойлау мәдениеті, алғыфилософияға негіз болған еді, оның келесі күрделенген сатысы – философияға әкелді. Ұғым (грекше «филео» - құштарлық, махаббат, «софия» - даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. Бұл терминнің алғаш қолданысқа ену тарихын грек ойшылы Пифагор есімімен байланыстырады.
Осылардың ішінде адамның рухани ізденісімен байланыстысы даналық ұғымына келер болсақ, оның тарихы аңыз әңгіме тұрғысында былайша өрбиді. Бұл атауды алғаш қолданған Пифагор деген аңыз бар. Леонт деген патшаның: «Кімсің сен, кәсібің не?» деген сұрағына ол байсалды түрде: «Философпын», – деп жауап береді. Патша бұрын-соңды естімеген бұл сөздің мәнісін сұрағанда Пифагор оны былай түсіндірген: «Өмір деген олимпиадалық ойындарға ұқсайды. Біреулер оған күш сынасып, жарыста жеңу үшін барады; екіншілер дүние-мүлкін, байлығын паш етіп, сауда-саттық жасауға барады. Үшіншілер – ең бақыттылар осылар – жарысты, жарыста жарқ етіп көрінген саңлақтарды көріп, қызықтауға барады. Өмірде де солай: біреулер – құлдар құсап – билік пен байлыққа жетсем деп әлек-шәлек болады, қолы жетсе, солардың құлы болады. Ал философтар байлыққа да, билікке де қызықпайды. Олардың көксегені – ақиқат, даналық» [1, 334 б.].
Кез келген халықтың дүниетанымдық көзқарастары мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтардың орны ерекше әрі маңызды. Ал өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік ұстанымдары, пайым-парасаты да осы құндылықтарға байланысты қалыптасып дамиды.
Жалпы, қандай да бір халықтың ұлттық ойлау жүйесін, ұлттық дәстүр бастауын анықтауда ең алдымен сол халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі негізінде қалыптасқан әдет-дағдыларынан бастап, мифологиялық дүниетанымына ден қойған жөн. Себебі, адамзат баласының дүниеге көзқарасы, танымының даму тарихы үш сатыдан өтеді. Олар – миф, дін және философия.
Философиядағы басты ұғымдардың бірі бұл – дүниетаным. Дүниетаным - ең бастысы адамның дүниеге деген және жалпы адамның өзі туралы тұтас көзқарас.
Философиялық сұхбат ежелгі грек ойшылдарының еңбектерінің бізге жеткен мазмұндық сипаты түріндегі «дәстүрден» қалыптасса керек. Сұхбат екі адамның философиялық пікірлері тұрғысындағы шығарма түрінде болған. Ойдан ой туындату барысында тереңінен бойлау арқылы қарастырылып отырған мәселенің мән-мазмұнын ашуға әрекет жасалынған. Антика дәуірінде философ Сократ «Ұлы диалог шебері» деген атқа ие болған екен. Қазіргі көрінісін рефлексия тұрғысынан сипаттауға болады.
Сонымен бірге, философияда эвристика ұғымы кең пайдаланылады. Бұл ұғым теоретикалық зерттеу мен ақиқатты іздеудің логикалық тәсілдері мен әдіснамалық ережелерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Соған қарағанда, философия бұл – ғылыми-теориялық көзқарасқа негізделген дүнетаным түрі, яғни жалпытеориялық ілім. «Философия - адамның ойлау тәсілдерін сыни бағалауды жүзеге асырудың және «түрліше ойлаудың» жаңа мүмкіндіктерін ашудың тұрақты үдерісі» [2, 334 б.].
Философияның даму тарихында философиялық зерттеулерді жүезе асыруда пайдаланылатын әдістері баршылық. Соның бірі, заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып қарастыратын диалектиалық зерттеу әдісі болып табылады. Ал диалектикаға қарама-қарсы метафизика әдісі байланыста емес, жеке-дара, әрі статистикалық сипатта. Яғни мұнда өзгерістер даму мүлде ескерілмейді, біржақты көзқарас ұстанумен байланысты. Догматизм әдісі қоршаған дүниені абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын, догматтық шеңбердегі ойлау әдісі. Бұл тек ортағасырлық теологиялық философияға тән болып келген. Эклектика, шығармашылықтан ада, өз еркінше алынған факт-ұғымдарды, тұжырымдарды біріктіру нәтижесінде ақиқаттан алыс жатқан қорытынды жасау. Әдетте, эклектика көпшілік санаға ықпал ету мақсатында, шынайы онтологиялық, гносеологиялық негізсіз, әрі құндылығы жоқ көзқарастарды, идеяларды насихаттауға пайдаланылады. Ал енді ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ой қорытынды жасау әдісі – софистика болып табылады. Соңғысы герменевтика, бұл мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Әдетте, бұл әдіс батыстық философияда кең таралған.
Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану бұл объективтік шындықты танып-біліп мүмкіндігін, қалыптасқан көзқарастарды сынға алатын және күмәнді, шүбәлануды тудыратын тұжырымдар. Жалпы, скептицизм ұғымы гректің – «қарастырушы, зерттеуші, сынаушы» деген сөздерінен шыққан. Негізінен қоғам дамуының барысында ескірген қоғамдық идеалдардың орнына әлі де болса тың, жаңаша идеялардың күш ала қоймаған кезеңдерде өз көрінісін береді. Философиялық таным мен сана қалыптастыруда, басқа да гуманитар­лық ғылымдарға деген көзқарасты өзгерту - бү­гінгі қажеттіліктердің бірі, яғни қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістердің қарқынды қол жеткізген нәтижелері осының айғағы. Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге жол сілтеген, бағдар көрсеткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзінің дәйекті мән-мазмұнымен ерекшеленетін маңызды құжат болмақ. 
Философия пәні келесідей негізгі құрылымнан тұрады: онтология, гносеология, антропология, аксиология, этика, логика, эстетика. Онтология дегеніміз - болмыс мәні, болмыстың шығуы, жалпы болмыс туралы ілімді зерделейтін бөлім. Гносеология - таным ерекшеліктерін, танушы субъектің таным үрдісіне ықпалы және оның нәтижелерін, таным шектілігі мен шексіздігі, дүниені танып-білу мүмкін бе, адам танымының қабілеттері, адам дүниені қалай таниды, ақиқат дегеніміз не, таным түрлері, жалпы таным туралы ілім болып табылады. Ақиқат - гносеологиядағы негізгі категория. Антропология - адам туралы ілім, яғни адам, оның тіршілігі, тіршілік мәні, адамның рухани өмірін қарастыратын бөлім: адамның өмірі мен табиғаты, антропогенез, адам санасы, мәні, адамның рухани дамуы, адам өмірінің мәні, жоғарғы моральдық құндылықтар, бір сөзбен, философиядағы адам туралы ілім. Құндылық (аксеология) туралы жалпы түсінік XIX ғ. ортасында пайда болған. Бұл адамның өзін қоршаған материалдық және рухани дүниесін осы құндылықтар арқылы бағалауымен астасып жатқан, өмірді және қоғамдағы қарым-қатынасты бағалай білушілік, адам баласының өмірге деген құштарлығының жағымды жақтары, яғни мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Этика - мораль туралы ілім, яғни қоғамда қабылданған ереже-тәртіп нормаларын ұстану. Қалыптасу, даму тарихы ежелгі грек ойшылы Аристотель шығармашылығымен байланысты: әсемдікке, сұлулыққа, ізгілік, мейірімділік ұғымдарымен байланысты болған. Логика - ойлау заңдары туралы ілім, яғни дүрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы ғылымды айтамыз. Логика адам баласының рухани болмысының ең жоғары формасы деуге де болады. Бұл ұғым да гректің «ойлау, түсіндіру», «ақыл, ой» сөздерінен шыққан. Эстетика гректің «сезіну, сезімдік» сөзінен шыққан. Адамның дүниеге талғампаздықпен ұғыну, қабылдау, яғни сұлулықтың заңдары мен ережелері туралы ілім. Әлеуметтік философия – қоғамды ерекше құбылыс ретінде ала отырып, оның мән-мазмұнын саралайтын бөлім. Яғни қоғамды тереңінен зерттеп, заңдылықтарына сүйеніп, жоғарыда аталып өткен бөлімдермен тығыз байланыста адамның дүниеге деген қарым-қатынасының мәнін ашу – негізгі мазмұны болып табылады. Демек, қоғамтану - әлеуметтік философияны оқытудағы негізгі пәні саналады. Келесі бір бағыты - саяси философия.  Философияның бұл бөлімі саясат мәселесін зерттеуде оның теориялық әдіснамалық, дүниетанымдық және құндылықтық негіздеріне сүйенеді.
Көркемдік рефлексияны былайша қарастыруға болады. Дүниені түйсіне білу қатынасы қашан да уақыт, дәуір тынысы арқылы айқындалады. Табиғаттағы әр қилы әлеуметтік мәселелерде жеке тұлға заман талабынан ешқашан бейтарап қала алмайды, олардың шығармаларынан әрқашан да әлеуметтік, философиялық дәуір сарынын көреміз. Себебі, адам әрқашан да бірегей заңдылық бойынша дамиды. Бұл орайда айтпағымыз, аумалы-төкпелі күрделі де қилы заманда ғұмыр кешкен, рухани таза болмысымен, даналығымен батырлық, шешендік өнердің шыңына көтерілген ақыл-ой алыптары жер тағдыры, ел тағдыры үшін жасаған қызметтері, сіңірген еңбектері. Осындай ата-бабаларымыздың өнегесін жалғастырушы тарихи-мәдени ұрпақтар сабақтастығы, сайып келгенде, біздің ұлттық мәдениетіміздің, баянды болашағын айқындауға барынша себін тигізері анық. Себебі әр халықтың дәстүрлі дүниетанымдық көзқарасына терең үңілу арқылы ғана сол халықтың талғам деңгейінің тереңдігін тануға болады.
Әдетте, қоршаған орта, табиғат құбылыстары арқылы дүние сырын, тіршілік-тұрмыс мәнін, адамның өмірдегі орнын, оның өткені мен бүгінгісін, болашағын тану басталады. Осыдан ата-баба дәстүріндегі ойлау қабілетінің көкжиектілігі дегеніміз көз алдымыздағы кеңістік көрінісін бар болмысымен сезіну арқылы, көсілген кең жазық, ұлан-ғайыр дала, туған жерінің шексіз уақыт пен кеңістік әлемінде дүние болмысын барынша тұшыну. Бұл - талай ұрпақ тағдыры, ұрпақтар арасындағы жалғастық адам өмірінің мәнісі болып табылатын рухани жетістіктер.
Ойлау қабілетінің көкжиектілігінің дүниетанымдық түсінігінің маңызы туған жердің ұлан-ғайыр уақыт пен кеңістік әлемінде жалпы дүниенің тіршілік-тынысын сезіну, жаратылыс әлемінің тылсым сырын жете танып-түйсіну. Осы негізде ата-бабаларымыз сөз өнер шеберлігін шырқау шыңға көтерген, қашан да байқампаздық пен білімдарлық, жан-жақты терең ойшылдықтың ғаламат үлгілерін дарытқан. Бұндай дүниетанымдық үлгілердің философиялық мәні дүние болмысының адам санасында бейнелеуі арқылы рухани байланысын тапқан.
Дүниетанымдық - өмір өрісінің ақиқаттылығын ашу философиялық мәнде нағыз өмірмен өзектесіп жатқан дүние шындығының астарлы ауқымы мейлінше қомақты. Ұлы дала төсінің келбеті арқылы ұлттық болмыс, қадір-қасиет, дарын-қабілеті өрісін ашып, сөз өнерінің мән-мазмұны «нұрланып», дүниетаным тіршілігінің өзіндік ерекшелігін айқындаған. Жалпы рухани жан байлығы, терең ойшылдық, көкірек-көзімен сезіну білу қабілеті ұлттық ой, көркемдік сананың талай ғасырларға ұласар ұлан-ғайыр өрістерін көрсетіп берген. Бұдан мейлінше сезім әсерімен байытылған, шабыттанған рухани ізденістер, өмір тәжірибесін аңғаруға болады. Мұнда ең алдымен қиялмен, көкірек көзімен сезе білетін де, дүние сырын қисынына қарай тереңінен зерделей отырып, ақыл таразысымен саралайтын, ой жүгіртіп, қорытындылайтын сұңғыла көңіл қежеттігі өзінен-өзі көрінісін береді.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығы таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігі ретінде дүние құбылысын бар болмысымен қисынды да дәлелді сөзбен өріліп, рухтанып өзіндік көзқарасты қалыптастырған сияқты.
Таным өрісінің кемелденуі ойдың тереңдеп бойлауымен көкірек сезімін оятып, қазақи ойлау үрдісінде ғаламат баламаларды, теңеулерді, әсірелеу, бейнелеп, жұмбақтап жеткізу үлгілерін өмірге әкелген. Дала ақылмандарының «жалынды жүрегі», өмір шындығын саралап түсінуге талпынған «құдіретті көңілі» замана ағымымен орайлас өз мазмұнын тапқан. Мұның бәрі логикалық ой ауқымы арқылы ғана өрістеп, қорыта отырып топшылау, пайымдау, ұғыну, ой-санамен көре білу арқылы дұрыс бағыт-бағдар табуға мүмкіндік бергендігін айғақтайды.
Табиғаттың шексіздік сипаты ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігіне орайлас таным-түсінікте келер ұрпақпен өзінің рухани жалғастығын тапқан еді. Рухани ізденіс бастау негізінде – қанатты қиял, шабыт құдіреті, түйсіне білу қабілеттері жатыр. Ізденіс өрісімен өзектесіп, өріліп, мазмұн-мағынасы тереңдей түскен адамзат ұрпағының арман-мұраты даналықтың рухани негізімен сабақтас. Даналықтың рухани негізі бұл өз кезегінде көрегендік, жітілік, қанатты қиял, туған жерге, табиғат әлеміне деген сүйіспеншілік қатынасы тұрғысындағы дүниеге танымдық көзқарасы. Бұл тіршілік-тынысының мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы дүние сыры жан-жақты ашылады. Әрі дүние сырын даналардың әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан бейнелеген.
Ғалам көрінісінің ғажайып жұмбақ-сырларын, заңдылықтарын жан-жақты игеру жолында ақыл-ой, парасат, білім ұғымдары жаңа белестерге көтеріліп, рухани құтхананың қайнар бастауының сенімді серігі, рухани демеушісі болған. Адам рухы жалпы дүние болмысының, жаратылыс құбылыстарының төл қасиеттерімен арақатынаста үндестік, үйлесімділік тапқан. Жарасымдылық немесе үйлесімділік, үндестік – бұл табиғат дүниесі мен адам баласының өзара бітеқайнасқан, бірегей бірлестігінен туған рухани байланысы. Адам мен табиғат ұштастығы өрісі танылған, рухани әсерлігі тереңінен сезілген белгілі бір мақсат-мүддеге, нақтылы даму заңдылықтарына сүйенген еркіндік қатынасы өрісінде болды. Бұл қазақ данышпандарының дүниені қабылдау ерекшелігімен өзіндік қадір-қасиеті мен төл құдіретін танытады. Дүниені түйсіну қатынасы қашан да уақыт еншісі, дәуір тынысымен айқындалады. Мұнда аңсаған арман, мұрат-мүддеге, ұлттық рух пен құдірет астасып жатады. Жалпы адам баласы неғұрлым дүние танымдық өрісін кеңейте түскен сайын өзінің ішкі сырын да барынша терең сезіне түседі.
Уақыт өткен сайын ұлттық мәдениетіміздің белгілі бір дәрежеде жеткен биігі, ойға салар тұстарын ақыл таразысына сала отырып, тың айбын, асқақ рух дарытқан рухани үздік мұралардың ізденіс өрісін демеуші рухани құдірет-қуатқа айналдырылды. Халық ұғымындағы ізгілік арманы, жер игілігін көксеген көкейтесті тілегі талай замандар бойы ауыз әдебиетінің асыл қазыналары – ертегі-аңыз, толғау-жырлардың арқауы болған. Бұл адамзаттық мұрат мүддеге қалтықсыз берілген адалдық, адамгершілік асқақ рухымен тереңінен астасып жатыр. Осы асқақ адамгершіліктің ғибадаттық тағылымы кейінгі ұрпақтың рухани игілігіне айналдырылған.
Бұл дүниелердегі ой-толғамдар, негізінен жалпы адамзат баласының тарихи дамуында құтты болашақ идеясынан қуат алған. Ойлау мәдениетімізде ұлағатты дәстүрден бастау алған үлгілі саңлақ ой - салиқалы зерделеу сарындарымен халқының игілігіне айналған батагөй, ақылгөй танымдарымен әдебиет, өнер, философия тарихында алатын рөлі зор демекпіз [3, 22б.].
Фәлсафа мен философияның негізгі бұлақ көзі бір, сенім мен таным проблемелары туралы тұжырымы ортақ болғанымен өзіндік көзқарастар тұрғысынан ерекшеленеді. Орта ғасыр дүниетанымымен байланысты, жаңа заманға дейін философия тарихында өзіндік орны бар ілімді ғылымда фалсафа деп атау дәстүрі қалыптасқан. Өкілдері - негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобы еңбектерін араб тілінде жазған. Сол себепті де орыс тіліндегі әдебиеттерде «араб тіліндегі философия» немесе «араб-философтары» деу дәстүрі баршылық. Сайып келгенде, бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа өкілдері саналады. Белгілі философ Ғ.Есім «фәлсафа» философия дегеннің арабшаланған түрі деген ойын білдіреді. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған дейді. «Фалсафа ілімінің қандай өкілі болмасын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған, қайта керісінше, әлемдік мәдениет үлгілерін, әсіресе, философтарды мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарап, соған орй бейімдеген... Фалсафаның мұндай күйде боуының табиғи-тарихи қажеттілігі болды.
Араб халифтері және елдің зиялы қауымы мұсылман мәдениетінің, өнерінің деңгейін жоғары көтеру қажеттілігін түсінді... Ертеректе ислам дінін қылыштың жүзімен, білектің күшімен жер-жерге зорлап енгізсе, келе-келе бұл тәсілдің өміршең еместігін халифтер, олардың кеңесшілері түсіне бастады. Ендігі жерде әлемді меңгерудің жолы ғылым, өнер, білім, философия екенін түсінген халифтер осы салалардың өрбіп-өсуіне бар мүмкіндіктерді жасай бастады. Осындай саясаттың негізінде араб тіліндегі философия пайда болды, ол тарихта «Фәлсафа» деген атпен қалды... фалсафа антикалық философияны араб тілінде, мұсылмандық дүниетаным негізінде қайта жандандырған» [4, 3б.].
Философия адамзат баласының жан-жақты өмір тәжірибесімен тығыз байланыста. «Философия - айқын және парасатты ғылым. Философия мәселе туралы терең толғанудан, сол мәселені жан-жақты қарастырудан, мұқият бағалай отырып сынаудан тұрады. Бұл жағдайда сынға теріс қарамау керек: сын - ой-пікірді таразылауға көмектеседі және қисынды қорытындыларға жетелейді. Бұл жерде ең бастысы - ақыл-ой, өйткені біз адам көңілінің құбылуы туралы емес, логика жайында айтып отырмыз» [1, 11б.].
Қазіргі таңда қоғамдық сананы модернизациялау, яғни рухани жаңғыруда ұлттық рухани дүниетанымға деген сұраныс белең алуда. Өйткені, көптеген көкейтесті мәселелерге, өмірлік ұстанымдарға жауап ретінде тек философияның жауапкершілікпен ой салуға қауқары бар екендігі хақ.
Сол себепті күн тәртібінде тұрған ең басты мәселеге баса назар салар болсақ, бұл – өскелең ұрпақ, жастардың рухани жаңғырудағы сұраныстарын, рухани ізденістерінің орнын толтыруға деген бағыт-бағдар.
Негізгі мақсат – қазақ философиясын, төл тарихымызды, бабаларымыздың рухани өмір салтын, дүниеге көзқарастық идеяларды зерделей келе, бәсекелікке қабілетті, прагматикалық, ұстамдылық, радикалды идеологияға төтеп беретін рухани дүниесі бай ұрпақтар тәрбиесі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет