АҚША, несие, банктер


§5. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ



бет12/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
§5. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сөндықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметгі және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезендік

214 Ақша,несие, банктер

тексеруге бағытгалған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялык және кұрыл-тайшылык деп бөлуге болады.

Республикада банктер үстінен халықаралык. бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге - банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.

Мемлекеттік бакылау ведомствадан тыс және ішкі ве-

домоствалық болады.

Банктер үстінен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитегі, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.

Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойышпа тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.

Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведмоствалык бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны - Ұлттық банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады. Бақылау қызметі туралы VI тарауда толығырақ берілген.

Аудиторлық бакылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.



Қазақстанның банк... 215

Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардын мәліметінің растығын бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастыруылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.

Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді.

Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жұзеге аеыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дүрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сакталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.

Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жұргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.

Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.

Бакылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.

Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі бар.

Мысалы, Аңглияда соңғы кезге дейін банктің жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндегі сипатта болды.

Бұл елдегі банктер акционерлік компаниялар туралы жалпы Заңмен реттеліп отырды. 1979 ж. заң бойынша банктік қызметгі міндетті түрде лицензиялау және жалпы ұлттық сақтаңдыру қоры құрылды. 1987 ж. банктік заң ірі қарызды беру ережесін,

216 Ақша, несие, банктер

банктердің бірігу тәртібін, аудиторлық тексерілулерді анықтады. Дегенмен де Ұлыбританиядағы банктік қызметке жасалатын бақылау бүгінгі танда да басқа елдерге қарағанда формалды және онша қатаң емес.

АҚШ-та банктік қызметті реттеу басты екі мақсатты көздеді: банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың күйреуіне жол бермеу; азғана несиелік мекемелердің қолында капиталдың шоғырлануын шектеу және ақша нарығында монополиялық бақылауды болдырмау.

АҚШ-та банктердің күйреуін алдын алуда реттеудің келесідей екі түрі қолданылады: жоғары тәуекелге әкелетін және өтімділікті төмендететін банк операцияларын зандық шектеу және банктік депозитгерді сақтандыру жүйесі.

АҚШ-та заң негізінде филиалдарды ашуды аумақтық бойынша шектейді және ақша нарығында бәсекелестік қатынастарды қолдайды.

Осы саясаттың нәтижесінде Батыс Еуропа және Азия елдеріне қарағанда АҚШ-та көптеген ұсақ филиалсыз банктер сақталған. Барлық банктердің жартысының өз филиалдары жоқ.

АҚІІІ-та банкердің жұмысын қадағалау үшін бақылау органының ең жақсы тармақталған жүйелерінің бірі құрылған. Ұлттық банктер жүйесін бақылауды - ақша айналысының бақылаушылары (ААБ), ал штаттардың банкттер жүйесіне бақылауды - штаттардың банктік департаменттері (ШБД) жүзеге асырады.

Одан басқа бақылауды федералды резервтік жүйе (ФРЖ) және депозиттерді сақтандыру бойынша федералды корпорация (ДСФК) жүргізеді. Енді осы органдарға қысқаша тоқтайлық.

ААБ - бұл казынашылық орган. Оның қол астында 4,9 мың ұлттық банктер бар. Ол ұлттық банктерді құруға рұқсат береді, бақылау мен ревизияны мезгілінде жүргізіп отырады, банктердің бөлімшелерінің ашылуы мен бірігуі туралы өтініштерді қарастырады.

ФРЖ-ның тікелей бағынысында 1056 штаттық банк-мүшелері бар. Сонымен қатар, ФРЖ заң бойынша банктік холдинг-компаниялар (олар 88 мың еншілес банктермен қосқанда, 5,6 мың) үстінен қадағалауды жүргізеді.

Қазақстанның банк 217

ДСФК — тәуелсіз федералдық ведомство. Ол ФРЖ-ның мүше болып табылмайтын (олар 8,4 мың) сақтандырылған штаттық банктерді бақылайды. ДСФК негізінен сақтандырумен айналысады, бірақ ол кез келген банкті тексере алады.

Штаттардың банктік департаментіне (ШБД) 9,5 мың штаттық банктер бағынады. ШБД оларға банктік операцияларға рұқсат береді, тексерулер жүргізеді.

Жекелеген несиелік құрылтайшылар тобының жұмысын бақылайтын үкіметтік емес бақылау органдары да бар, мысалы: банктердің Американдық бірлестігі, клиринттік палаталар комиттетері, тәуелсіз банктер бірлестігі.

Германияда банктерді, банктер үстінен бақылауды Федералдық ведомство сияқты арнайы орган жүргізеді.

Бақылаудың негізгі себебі осы ведомствоның арнайы декретімен, Орталық банктің келісімі бойынша анықталады.

Францияда банктерді қадағалау қызметі Франция банкінің басқарушысы жетекшілік ететін бірнеше комитеттердің қолында шоғыраландырылған.

§6. БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІК

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде акша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.

Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

218 Ақша, несие, банктер

Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықти-малдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық опера-цияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.



Шығындар. Банктер өз қызметі барысында бегілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармең байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу ңәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекедігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетгі түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банкте жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.



Қазақстанның банк... 219

Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.

Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарамақайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.

Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.

Несие тәуекелдік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі займдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.



Қиянатшылық жасау - 1991-1993 жж. біздің республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.

Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды толықтыруға бөліңген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы кептеген факгілері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа баңкгерден алған несиелер бойынша қарызды өтеуге машиналар сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру, т.б. жағдайлар жиі болып отырған.

220 Ақша, несие, банктер

Қиянатшылық жасау - банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек тарап, олардың үлесіне АҚШ-ғы барлық банкротқа ұшыраған банктердің жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, "достық" несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.



Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70-жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болған.

Ішкі займдар бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.

Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:



  1. Банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.

  2. Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады.

Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:

  • абсолюттік өтімділік коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;

- аралық өтеу коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз

Казақстаннын банк... 221

алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне

қатынасы.


  • жабудың жалпы коэфициенті - бұл айналым капиталы

қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне

қатынасы.

Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көзі ретінде ақшалай түсімдерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.

Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.



  1. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше; жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді сақтандырумен сақтандыру

компаниялары айналысады.

Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.

Ішкі өтімділік - инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары -1,3,6,9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.

Сыртқы өтімділік, оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға ауыспалы салым сертификаттарын, т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін.

Егер де банктер ертеректе тез іске асырылатын активтер құру арқылы ішкі өтімділікті қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір олар активтер мен пассивтерді біртұтас басқару есебінен баланс өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады.

222 Ақша, несие, банктер

Бұл тұста ұсақ банктер өтімді активтер құруды дұрыс көрсе, ірі банктер пассивті басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды сата отырып, кейіннен қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу жолымен банктік активтерді сату-сатып алу, коммерциялық бағалы қағаздарды қолма-қола шығару және т.б.) жүргізуді қалайды.

Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқгы орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтарылу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.

Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:



  • пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа

депозиттер тарту;

  • айналыста жүретін депозиттік сертификаттар,

облигациялар, т.б. шығару;

  • қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін

сату;

  • пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;

  • несиелерді қайтарып алу;

- Ұлттық банктен, т.б. несиелер алу.

Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пассивтің төмендеуі және несиеге деген сұраныстың ұлғаюы, яғни коньюнктуралық өзгеру мүмкіндігін болжауға тиіс.



Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелідігі - бұл пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Сонғы уақыттарда, Батыста инфляция және реттеу саясатын жүргізу нәтижесінде пайыз мөлшерлемелерінің тұрақсыздығы байқалуда. Пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беріп, нәтижесіне банктің портфелінің құнсыздануына және бағамдық зияндардың болуына әкеледі. Әр түрлі нарық сегменттеріндегі пайыз мөлшерлемелерінің секірмелі өзгерісі банктің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді.

Пайыздық тәуекелдікті нарықтық деп атауға болады, егер ол ашық нарықтағы бағалы қағаздар бойынша операциялар мен байланысты



Қазақстанның банк... 223

болса. Мұндай тәуекелдік бірқатар себептерге байланысты пайда болады. Солардың ішінде қарыздық пайыз нормасының ауытқуы, эмитент-компаниялардың (акция туралы сөз болса) пайдалығы мен қаржылық жағдайының, сондай-ақ инфляцияның өзгерісі де бар. Бірінші фактордың ықпалы бағалы қағаздардың нарықтық құны мен қарыздық пайыз нормасының арасындағы кері байланыстан анықталады (пайыз мөлшерлемесінің өсуі бағалы қағаздың құнсыздануына әкеледі). Екінші фактордың ықпалы акция бағасының оларға төленетін дивиденттерге байланысты анықтамасын ескерсек, онда ол өз кезегінде эмитент-компанияның пайдасына байланысты анықталады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар бойынша нақты табыстың төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде олардын ұсынысын ұлғайтады және бағасын төмендетеді.

Пайыздық тәуекелділік, қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтару мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда болады. Соңғысын мысал ретінде, Ұлттық банк ресурстарды жоғары пайыздық жеңілдікпен несиеге берген жағдайдан көруге болады.

Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады.

- пайыз тәуекелдігін сақтаңдыру - несиелік

тәуекелдіктен сақтану сияқты тәуекелділікті

толығымен сақтандыру ұйымына беруді білдіреді;

- өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен несиені беру —

банкке шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз

мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;



  • мерзімді келісімдер - банк пен қарыз алушының

арасында арнайы форвард келісімін жасау, яғни,

қарызды келісілген мерзімде белгілі бір сомадан және

белгіленген мерзімғе беру туралы келісім жасаумен

байланысты тәуекелден қорғану әдісі;



  • пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер.

Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін

пайдаланылатын мерзімді



224 Ақша, несие, банктер

контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты

(қарыз немесе депозитгі) белгілі бір мерзім өткеннен

кейін, келісілген уақытга болашақтағы тұрақты бағада

сатып алады;


мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақгы бағада

мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін

сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді

білдіреді;



-пайыздық своптар - бұл белгілі бір сомаға, бірақ әр

түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме

бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын (мысалға,

пайыз мөлшерлемесі әр түрлі қарыздық капиталдар

нарығындағы мөлшерлемелерге бағытталған

немесе тұрақты, өзгермелі болуы мүмкін)

түсінідіреді.

Валюталық тәуекелдік - ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық (бағамдық) зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әр түрлі валюта нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе әр түрлі уақыт кезеңінде валюта бағамдарының айырмашылығынан түзілетін алып-сатарлық табыс алуға тырысатын банктерде өте жогары келеді.

Валюталық тәуекелдікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық тәуекелдік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс . контрактілері, валюталық опциондар, валюталық своптар. Сонымен қатар, несиелік келісім-шарттағы ақшалай міндеттемелердің валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем құралы ретінде тұрақты валютаны таңдау әдісі (әрине, ұлттық валютаны таңдауға болады егер американ доллары тұрақты пайдаланыланатын болса) қолданылады. Сондай-ақ, мұнда үшінші бір ел валютасы немесе халықаралық ақша бірліктері (СДР, ЭКЮ) де пайдаланылады.

Банктік тәжірибе валютаның тәуекелдігін төмендету үшін шетел валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бақылау (диверсификация), сақтандыру, форвард контрактілерін жасау және басқа да әдістер қолданылуда.

Казакстанның банк…. 225

Сонымен, біз қай тәуекелдіктің банктік қызметте болатыны және оны төмендетудің негізгі әдістерін қарастырдық. Мұндай шараларды жасау тәуекелдік шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.

Демек, нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты тәуекелдікті және банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша жоғарлатудан тұрады.

Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан құралады;

- қалай да арзанға сатып алу;


  • рентабельдік мөлшерлеме бойынша оны және

көрсетілген қызметтерді сату;

  • келесідей жолдармен тәуекелдік зияндарын төмендету:

сенімді клиенттер таңдау және кепілдемелер алу,

операцияларды диверсификациялау және әр тұрлі

қарыздық капиталдар нарығын игеру.

§7. БАНК ІСІНДЕГІ БӘСЕКЕ

Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы занды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол -қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай-ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

Бірінші белгісі - капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.

Екінші белгісі - әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.

Үшінші белгісі - барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.

Төртінші белгісі - ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды.

Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол



226 Ақша, несие, банктер

шоғырланған ақша нарығындағы қарыздар бойынша пайыздар, аз шоғырланған нарыққа қарағанда, жоғары болуы тиіс; сөйтіп тиісінше, банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды.

Зерттеулердің біреуі банктердің көп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары -керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

Тәжірбиеде ірі банктер майдаларға қарағанада жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.

Ірі банктердің ірі клиенттерге қарыз беруі кішігірім банктердің ұсақ-түйек қарыз берулеріне қарағанда азырақ тәуекелге барып, әрі елеусіз шығындар жұмсауымен байланысты болады. Сонымен қатар, ірі банктерде мерзімді салымдардың салмақты бөлігі ірі депозиттік сертификат нысанында болып табылады, олар бойынша басқарушылық шығындар көлемі шамалы және салыстырмалы түрде жоғары пайыздар төлейді. Ірі банктер ынталылырақ болады және олар банк қызметінің жаңа салаларында жаңашылдар болып шығады өз активтерінің көп бөлігін несиелік операцияларға бағыттайды.

Әлемдік банктік индустрия 60-жылдардың соңынан бастап біршама өзгерістерді басынан өткізді. 70-80 жылдары белсенділік көрсеткен бәсекелестік бірқатар факторлармен шарттастырылады.

Біріншіден, банктік индустрия интернационалдану тенденциясына ие болды. Бұл шетелдік бәсекелестік нарықгарға өзара енуіне әкелді, нәтижесінде жалпы нарықта ерекше көрінген ақшалай банктермен болады. Осында пайда болған шетелдік банктер жаңа банктік қызметтер, жаңа мәдениет, т.б. тәрізді клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға қатысы қызметтердің түрлерін өздерімен бірге ала келді.

Екіншіден, салымдардың салықгық жүйесін өзгертетін дәстүрлі капиталдардың жаңа нарыкгары ашылды. Банктердің пассивтерінің үлкен бөлігі дамып келе жатқан банкаралық нарық, бағалы қағаздардың әр түрлерін шығару мен сатудың және сол



Казақстанның банк.. 227

сияқтылардың арқасында басқа банктердің қаражаттары есебінен құрыла бастады.

Үшіншіден, банктік индустрия оны банктік заңдылықтар тарапынан тежеуге қарамастан көптеген елдерде диверсификациялана бастады. Банктер - бантік емес операциялар сферасына еніп, маңызы бойынша әмбебап несиелік мекемелер болды. Банктердің бөлек типтері арасындағы шекараның шайылуы - банктер арасында ықпал ету сферасы үшін бәсекелестікті нығайтты.

Төртіншіден, өткір бәсекелестіктің көрінісінің бірі болып ақша нарығына жұмыс істеп тұрған қаржылық мекелердің акцияларын құру, не сатып алу жолымен өзіне жаңа несиелік және есеп айырушылық, инвестициялық, т.б. операцияларды игерген банктік емес қаржылық-несиелік мекемелер мен ірі қаржылық корпорациялардың басып кіруін атауға болады.

Бесіншіден, бәсекелестік банктік қызметтегі жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша да өсе түсті. Жинақ және қарыздық банктердің ынтасы бойынша жүргізілетін салымшылардың қаражаттарын тйімді тарту олардың коммерциялық банктермен бәсекестігін шиеленістіре түсті. Олар салымшылардан жауап алу үшін халық қолма-қол бөлшекті қаржылық қызметгері әлде қайда кеңейтгі, олардың сапасын жоғарылатты - бұл дегеніміз тұлғалық зайымдар, несиелік қаржыландыру, сақтандыру алғашқы және қайталанбалы кепілге салулармен операциялар, т.б. Көптеген банктердің депозиттік қоймасының негізін, олар үшін басқа қаржылық институттармен қатал күрес жүріп жатқан клиенттердің аз табысты контингенті құрайды.

Сонымен, қазіргі кезде банктік индустрия көбірек бәсекелестік қабілетті болды.

Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәстүрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестердін көбі өз1 қызметін ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратып глобальды көлемде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулермен ұсталынбайтын көптеген нарық субъектілері пайда болды, бұл бұларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.

Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

228 Ақша, несие, банктер

ТҮЙІН

1. Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды құру мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан қолма-қол түрде ақша алғанда және несиені өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.

2.Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі - банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады.

З.Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды ңесиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқа да қаржылық қызметтер.

4.Банктердің ақша қаражаттарын оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады.

5.Экономика мен тұрғындарды несиелендіру - банктік қызметтің ерекше облысына және банктердің активтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер несиелік институттарға жатады.

Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен несие алушының арасында біріншінің екіншіге ақша қаражаттарын төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен беруі бойынша қарым-қатынасы.

6.Несиенің екі нысаны: ақшалай және тауарлық, тиісінше, несиелендірудің - тікелей және жанама коммерциялық екі түрі бар.

7.Несиенің негізгі принциптері: мерзімділік, төлемділік және қамтамасыз ету болып табылады. Несиені қамтамасыз

Қазақстанның банк... 229

етудің басты түрлеріне: кепіл болу, кепілдеме, бағалы кағаздар, тауар және басқадай мүліктердің кепілі және қозғалмайтын мүлік құжаттары жатады.

8.Қарыздар мерзімі бойынша: қысқа, орта және ұзақ мерзімді болады; төтенше жағдайларға қажет - перманентті, құрылыстық, тұтынушылық несие және кепілхат вексельді кепілге салу, лизинг арқылы берілетін қарыздар бар.

9.Қарызды беру қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражат болмаған жағдайда қарыздың мақсаттық бағытына сәйкес ашылатын жекелеген шоттар арқылы тауарлы-материалдық құндылықгар (ТМҚ) және көрсетілген қызметтер, келісім шартта белгіленген қарыздардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомасы шегінде аккредитивтер мен чектік кітапшалар ашу үшін жүзеге асырылады.

10..Қарызды пайдаланғандығы үшін төленетін төлем көлемі (пайыз) оны пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекелділігіне, несиелік ресурстар үшін төлеміне, объектінің сипатына, банктердің мөлшерлемелеріне, т.б. факторларға тәуекелі белгіленеді.

11.Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысын, яғни шаруашылық органдарының шоттары бойынша оларға төлемдер бойынша міндеттемелерінің орындалу тәртібі жөніндегі ақшалай сомалардың жазбалар түрінде аударылуын сипаттайды. Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең етек алуы қолма-қол ақша қозғалысы ауқымын шектеумен айналыс шығындарын азайтуға, шаруашылық мәмілелерді аяқтауға мүмкіндік береді.

12.Есеп айырысу кезінде келесідей төлем құраладары қолданылады: төлем тапсырма, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).

ІЗ.Есеп айырысу операцияларының арасында негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Чектер мен вексельдің көмегімен жүргізілетін инкассалық операциялар, аккредитивтер көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, аударым операциялары.

14..Инвестиция түсінігінде халық шаруашылығына оны кеңейту мен қайта құру, сондай-ақ табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражаттарды салуды түсіну керек.

15.Бағалы қағаздар сол не басқа қаржылық мәмілесін жасау жайлы қозғалысы бағалы қағаздар нарығын құрайды.

230 Ақша, несие, банктер

Соңғысының негізін бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт - қор биржасы құрайды.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар

  1. Қаржы делдалдары ретінде коммерциялық банктерден қандай пайда бар?

  2. Коммерциялық банктердің басқа қаржылық институттардан қандай айырмашылығы бар?

3. Банкті ұйымдастыру құрылымы қандай?

4. Банк басқармасының негізгі функциялары қандай?

5. Банкті ұйымдастыру құрылымы неге байланысты?


  1. Банктің дивизионалдық құрылымы

функционалдықтан қандай айырмашылығы бар?

  1. Банктер қандай активтік және пассивтік операциялар

орындайды?

8. Банктің депозиттік функциялары?

9. Несиелік операциялар қалай жіктеледі?

10. Несиенің негізгі принциптері қандай?

11. Қарызды қамтамасыз ету не болып табылады?


  1. Қарыздың қандай түрлерін білесіңд

  2. Коммерциялық несиенің банктік несиеге

трансформациялануы қалай өтеді?

14. Қарыз беру шарттары қандай?

15.Қолма-қолсыз есеп айырысулар, олардың

экономикадағы маңызы нені білдіреді?

16. Қолма- қолсыз есеп айырысудағы банктердің

ролі қандай?

17. Жалпы инвестиция және банктік инвестиция

дегенді қалай түсінуге болады?

18. Инвестицияның несиелеуден айырмашылығы.

19. Бағалы қағаздар деген не?

20. Бағалы қағаздар нарығы деген не?


  1. Банктердің лизингтік, сенімгерлік, консультациялық, ақ

параттық операцияларының мәні.

Ұлттық банк - Қазақстан… 231

VII тарау

Ұлттық банк - Қазақстан

Респүбликасының

Орталық банкі

  1. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері,

қызметінің, бағыттары, меншікті

қаражаттары мен пайдасы………….................233



  1. Ұлттық банктің, құрылымы мен басқару

органдары…..…………….....................................237

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің

қызметтері мен операциялары...........................240

  1. Шетелдік тэжірибедегі орталық банктерді

ұйымдастыру және басқару

ерекшеліктері………..……....................................268

232 Ақша, несие, банктер



ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ

Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:

• Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі.

• ҚР Ұлттық банкінің мақсаттары, міңдеттері, қызмет

түрлері, өз қаражаттары.

• ҚР Ұлттық банкінің құрылымы және басқару

органдары.

• Басқарманың және Директорлар кеңесінің міндеттері.

• ҚР ¥лттық банкі басқармасының төратасының

құқықтары мен міндеттері.

• ҚР Ұлтгық банкінің кызметтері мен операциялары.

• Ақша эмиссиясы.

• Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша

эмиссиясын реттеу.

• Ақша массасының көрсеткіштері.

• Ақша-несие саясатының мақсаттары.

• Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.

• Дисконттық немесе есеп саясаты.

• Міндетті резервтер нормасы.

• Ашық нарықтағы операциялар.

• Ұлттық банк - “банктердің банкі”:

а) коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру;

ә) коммерциялық банктерді несиелеу;

б) жалпы ұлттық деңгейдегі қолма-қолсыз есеп

айырысулар;

в) банктердің жұмысын бақылау және қадағалау.

• Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Үкіметтің

банкирі, қаржылық кеңесшісі және агенті.

• ҚР Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі.

• Алтын валюта резервтерін басқару.

• ҚР Ұлттық банкінің қадағалау және бақылау

қызметтері.

• Жекелеген елдердің орталық банктерінің ұйымдастыру

және басқару ерекшеліктері.



Ұлттық банк - Қазақстан ... 233

§1. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері,



ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ

ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы " Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.

234 Ақша, несие, банктер

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.



Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлтгық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің

қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;


  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе

мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе

қатысуынсыз); .


  • Орталык банкінің қызметін бірігіп аткаратың тәуелсіз

банктер жүйесі.

Ұлттық банк - Қазақстан ... 235

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор -ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлтгық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Реепубликасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:



  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние-жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік

есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы

мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;



  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

236 Ақша, несие, банктер

  • банктік және баеқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттык банкі жұмысының негізгі бағыттары:

- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын

басқару;

- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді

инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу

және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша

ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік

актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп

жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;



  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің

әдістерінің формаларын талдау;

- банк ісін бақылау және қадағалау;

- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;

- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;



  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

¥ëттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

- меншікті қаражаттары;



  • басқа банктермен тартылған және келісім-шарт

негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай

қаражаттар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған

қаражаттар;



  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің

уақытша бос қаражаттарынан.

Ұлттық банк - Қазақстан ... 237

§2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН

БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйым-дастырудың басқа да мәселелері "Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі туралы" Заңы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6-сызбада көрсетілген.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық

банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;


  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;

- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар

мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік

пішінін бекітеді;


  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан

Республикасының бюджетімен операциялар бойынша

пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас баға-

мын анықтау тәртібін белгілейді;



  • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер

типтерін бекітеді;

  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;

238 Ақша, несие, банктер

  • ¥ëттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк кұрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайыңдайды;

  • банктер және олардың филиалдары үшін

экономикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдерін басқарма қаулыдары формасында жүзеге асырады.





6-сызба. ҚР ¥лттық банкінің басқару құрылымы.

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.

Ұлттык банк - Қазақстан ... 239

Кезектең тыс мәжіліртер Ұлттық банк төрағасының немесе баскарманың уш мұшесінің талабымен өткізіледі.



Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

Ұлттық баңк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралык және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірак, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар қеңесінің қызметің басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жок кезде, онын қызметін орыңбасарларының бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағасы Президентке еқі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол ІІрезиденттің ұсынысымен орнынан босатылады.

Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Ұлттық банкінің жедел басқару органы - Директорлар қеңесі (директорат),ол Ұлттык банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қараундағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.



Директорат кұрамына - төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей (1997жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-қассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу

240 Ақша, несие, банктер

жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет