АҚША, несие, банктер


§4. НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ



бет10/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
§4. НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ

Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің кызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық

152 Ақша несие банктер

банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толыктырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың маңызды принципі - несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

Бүгінгі танда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы -несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады".

"Валюталық реттеу" түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

Несие жүйесі 153

Бұл принцип - ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.

Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.

Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтін қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.

Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.

Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.

154 Ақша, несие, банктер

АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын - Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.

Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің авто-номдылығының елеулі дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуел-сіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің ¥лттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.

Президенттің "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:

а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді".

Осьшайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.

Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мө- | шерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. I Оларды Ұлтгық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.

АКШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия,-



Несие жүйесі 155

Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.

§5. ӘЛЕМДЕГІ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешелікгердің немесе бөгеулердің жедел жойылуы - сонғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденциясының маңыздысының бірі.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және “банк төңірегінде” қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200 шамасында) жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылық капитал талаптарында мейлінше толық сай келеді.

Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Біріншісі - дәстүрлі емес банктік операциялардын, кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсетудің бұрын тіпті қатыспаған немесе өте сирек қатысқан сферасында -қозғалмайтын мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсетуге, лизингтік

156 Ақша, несие, банктер

істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да топтарымен тікелей конфронтацияға баруда.

Екіншісі - банктік нарықтарда банктік емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) енуі арқылы. Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте, ақпараттық-кенестік қызмет көрсетуде, сонымен қатар, таза банктік сфера - депозиттік-қарыз операцияларымен барынша бәсекеге түсуде.

Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиеленіскен сипатқа ие болды.

Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚІІІ-та қабылданған депозиттік мекемелерді бейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.

Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбебаптану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жайылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.



Несие жүйесі 157

Өзгерген экономика жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінің, дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты - банктерді бәсекелестік құралдарының кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылды.

Банктік қызметті бейреттеу активтік те, пассивтік те опе-рацияларға -ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден (кепілге беру және вексельдерді есепке алу) фирмалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік мекемелер тәуекелдерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тенденция банктердің өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда.

Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақтылы бағалау -банктер сенімділігінің кепілі.

Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге, несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушының несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады.

Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1933 жылы енгізілген салымдардың әр түрлері бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80-жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесінен көруге болады. Бұл банктердің депозттік базасының нығайтылуына мүмкіндік берді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады.

Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70%-дан артық

158 Ақша, несие, банктер

болып, мерзімді және жинақ салымдары тек 24-26%-ын құраса, 80 жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады.

Банктердің пассивтік операцияларының инновациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттарын тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақша нарығында еркін айналыста болатын депозиттік сертификаттар (өзінше бір бағалы қағаз) шығара бастады.

Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпарат пен коммуникацияның қазіргі техникалық құралдары атқарады. Банк ісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі мен мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметі тиісінше модернизациялау мүмкін емес.

Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің "көтерме" операциялардан "бөлшек" операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, "ерекше сенімді" клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсенді түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентураға, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастары дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие - банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия,Канада, АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда

Несие жүйесі 159

олардың активтері 100 млрд АҚШ долларынан көп соманы құрайды.

Біз тек дамыған нарықты экономикалы елдердегі қазіргі несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға ғана тоқталып өттік. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастауында тұр, ал Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда бұл тәжірибеден өтпелі кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет.

ТҮЙІН

1. Несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен уақытша бос капиталды (ақшалай) жинақтау мен қайта бөлу бойынша несиелік мекемелер мен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстарды білдіреді.

2. Несие жүйесі кең мағынада - бұл несиелік қатынастар, несие формалары мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада - елдегі несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын реттеуші және басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.

3. Несиелік жүйенің маңызды элементтері: Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.

4. Банктік қызмет - бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.

5. Банк - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлға.

6.Тарихи даму барысында сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды. Сегменттелген құрылым банктердің қызмет ету сфералары мен функцияларын қатаң заң жүзінде бөлінуін қарастырады. Әмбебап құрылым банктік қызметтің барлық түрлерін атқарады.

160 Ақша, несие, банктер

7. Эмиссиялық банк - бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банк, ал қалғандары - эмиссиялық еместер.

8. Функционалды жағынан маманданған банктерге: инвестициялық, ипотекалық, жинақ және т.б. жатады.

9. Банктік емес несие-қаржылық мекемелерге: олардың көрсететін қызметтері мен операцияларын коммерциялық банктер атқармайтын қарыз - жинақ мекемелері, инвестициялық қорлар мен компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру фирмалары мен компаниялары, өзара көмек кассалары, ломбарттар, т.б. жатады.

10. Несие жүйесін құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Қазақстан Республикасы Ұлтгық банкінің автономиясы болып табылады.

11. Қазіргі әлемдік несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр типті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу, алып банктердің тез өсуі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар

1. Несиелік қатынастардың мәні неде?

2. Несие жүйесшің кең және тар мағынадағы түсінігі.

3. Несие жүйесінің институционалды қурылымы қандай?

4. Банктік қызмет түсінігі.

5. Банк дегеніміз не, оның мәртебесі қандай?



  1. Банктердің сегменттелген құрылымының әмбебап құры

лымынан айырмашылығы неде?

  1. Несиелік мекемелерді депозиттік және депозиттік емес деп бөлудің негізінде не жатыр?

  2. Эмиссиялық банктер эмиссиялық еместерден қалай ерекшеленеді?

  3. Маманданған несие-қаржы мекемелерінің өзгешелігі неде, олардың қызметтері қаңдай?

  4. Қазақстанда қандай парабанктік мекемелер бар?

  5. Несие жүйесін құрудың негізгі принциптері қандай?

Қазақстанның банк... 161

VI тарау

Қазақстанның банк жүйесі

  1. Казақстандағы банктік жүйенің даму

тарихы……………….............................................163

  1. Банктердің нарықтык, экономикадағы

ролі...............................………………………........169

  1. Қазақстандағы 1991 ж. бергі банктік

реформа..………….………................................…175

  1. Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі………………………………………………..203

  2. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау …..213

6. Банк қызметіндегі тәуекелдік………….....…...217

7. Банк ісіндегі бәсеке……..………......................225

162 Ақша, несие, банктер



ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:

• Қазан революциясына дейінгі банктік жүйе.

• КСРО 1930-1932 жылдардағы несиелік

реформаға дейінгі және кейінгі банктік жүйе.

• КСРО 1987-1988 жылдардағы банк тік реформа және

оның кемшіліктері.

• 1990 жылдың басынан бастап банктік жүйені қайта

құру

• Банктер - нарықтық экономикадағы басты қаржылық



делдалдар.

• Банктер - қаржылық капиталдың монополистері және

олардың экономиканы басқару органы ретіндегі ролі.

• Банктердің инфляцияны төмендету, ұлттық

валютаны нығайту және мемлекеттік меншікті

реформалаудағы ролі.

• Қазақстанда банктік реформаны жүргізудің объективтік

қажеттілігі.

• Банктік реформа оның қайта құрылуының

институционалдық желісі бойынша.

• Банктік реформа несиелік қарым-қатынасты жетілдіру

желісі бойынша.

• Банктердің типтері.

• Банктер қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы.

• Банктің ұйымдастырушылық құрылымы.

• Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкімен қарым-катынасы.

• Банктер мен олардың клиенттері арасындағы

қарымқатынас.

• Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.

• Банктік қызметтегі тәуекелдік.

• Банк ісіндегі бәсеке.



Қазақстанның банк... 163

§1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.

Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).

Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекетгік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жйнақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

164 Ақша, несие, банктер

1917 ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялык және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер кұрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер кұрылды. 1922 ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңынды КСРО-да 16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұллардың ішінде 2426 - несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.

1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды.

Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатгы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталык ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жж. құрылған басқа да банктерге көшеді.

КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілгең несиелік реформаның нәтиежесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйым-



Қазакстанның банк... 165

дастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.

Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 ж. оның кызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.

Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.

Коммуналдық және тұрғын үй кұрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.

Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын кысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен үйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.

Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды.

Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу

166 Ақша, несие, банктер

немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРӨ Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.

Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша кұрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды.



Қазақстанның банк... 167

Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.

Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бір-қатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банке тасқындай құйылуымен курделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.

КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.

Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көріңіс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады.

168 Ақша, несие, банктер

Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.

Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі - Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті.

70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда катаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.

Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуекелдікті толығымен жойды.

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, "Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы" Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық баскармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды.

Қазақстанның банк 169

Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және т.б. коммерциялық банктер құрылды.

§2. БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы-ақшалай карым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша каражаттарын тарта отырып, қарыз алу-шылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді (5-сызба).

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады.

170 Акша, несие, банктер



Клиенттердін салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жана міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жана талап қойды.



5сызба. Қаржылық-несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі ролі.

Қазақстанның банк… 171

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі каржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметіңің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылык делдалдык деп аталады.

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды канағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік кызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық кызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе "ертегідей күшке" ие бола отырып "нақты өндіріске ен қауіпті түрде араласуы" мумкін. К.Маркс келесіде "Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне" назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орта-лығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы баскарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалык қатынастарын көрсетеді, ал әр коғамның экономикалық қатынастары ең алдьшен мұдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мұдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді канағаттандыру арқылы

1 К.Маркс, Ф.Энгельс. 75. 2 Т. с.92

Осында 156 б

172 Ақша, несие, банктер

әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу ісүнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз кызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін кли-енттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін каражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жүмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінін көптеген маңызды факторы



Қазақстанның банк... 173

туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бакылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын аныктауға мүмкіндік береді.

Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-колсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтын шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шо-ғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қара-жаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтык экономикаға көшуімен банктердін алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар кұрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардын бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.

Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, коғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау

174 Ақша, несие, банктер

болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл теңгемізді енгізді. Бірак инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте -10,9%-ға тең болды.

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде ¥лттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.

Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі маңызды. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықган, банктік реформаның негізгі мақсатының бірі - экономиканың жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны - банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.

Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға және көп шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда ез үлесін алуы керек. Бұл шығынды және төлем



Казақстанның банк…. 175

қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмауы тиіс.

Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сез.

Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Жекешелеңдіруіші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет