АҚША, несие, банктер


§3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПҮБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ



бет13/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
§3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПҮБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ

ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі туралы" Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:



  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы

жалғыз эмитент болып табылады;

- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан

Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет

көрсетуге қатысады;

- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк

ашуға рұқсат береді;



  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде

банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін

және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

- банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының

оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен

міндетті сараптауын жүргізеді;


  • ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

  • банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

Ұлттық банк — Қазақстан ... 241

- Қазақстан Республикасында ресми өлшерлемелерді

өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің

деңгейін реттеуді жүргізеді;

- Қазақстан Республикасында информациялық

процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете

алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің

операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу

және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге

құқықтар береді;

- Қазақстан Республикасында есеп айырысу

тәртібін, жүйесін және нысандарын аныктайды,

қазақстандық теңгемен банкаралық есеп

айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз

жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін

ұйымдастыруы тиіс;

- Қазақстан Республикасыңда валюталық реттеу мен

валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық

операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;


  • банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар

жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу,

сату және айырбастау операцияларын жүзеге

асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне

орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады,

сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;

- бақылау және қадағалау функцияларын

қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны

сатып алу, сату, айырбастаумен айңалысатын

ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа

есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;

- егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса,

Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп,

банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен

жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы

бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу

кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында

бекіте алады;

- Ұлтгық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге

асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды

басқаруға қатысуға құқылы;

- қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу,

сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін

242 Ақша, несие, банктер

бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,

сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз

етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың

мемлекеттік резервтік қорларын құрады;


  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;

  • ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;

- ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате

кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша

есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда

клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша

қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;


  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;

Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.



АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУ

Ұлттық банк - занды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетгі мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.



Ұлттық банк - Қазакстан ... 243

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында ақща банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз кұштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, соңымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа баңкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипттайды.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептеріңің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бүны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардаң көбеюі ңәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кас-сасында берілуі қысқарды.

Депозиттік банктердін эмиссиясу депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады., Банкідегі депозитгер сомасы несие ақшаны қүру үщің қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы .немесе карыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операңиялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міңдетті резерв 15 ақша бірлігін, құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі аркылы қарызға берілуі мүмкін.

244 Ақша, несие, банк

Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл - сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.

Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлтгық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мең несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл - айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, муль-типликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.

Ұлттық банк - Қазақстан… 245

Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының есуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлтгық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.

Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда - 64,5%, Ұлыбританияда - 89,1%, АҚШ-та -77,5%, Жапонияда - 116,7%' болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.



АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың



1 Матуқ Ж- Финансовые системы Франции и других стран. В 2 т.: Пер. с фр. І. 1. Кн.1. - М.: АО "Финстатинформ", 1994. С 41-44.

246 Ақша, несие, банктер

пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға -шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөл-шерлемесінің өзгеру динамикасы - 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280%-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы - 52,5%, 1996 жылдың қыркүйегінде - 30%, 1997 жылы - 24% құрады.

Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір

Ұлттық банк - Қазақстан ... 247

негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралык несие бойынша табысынан төмен болды. Бүл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарынын пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.



Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы" Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 каңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде - 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігің бағалауына қатаң көзкарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазаныңда ақша мультипликаторының мөлшері

248 Ақша, несие, банктер

1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейін сақталынды.

Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы -15%-ға дейін төмендеңді.

Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды баңктің корреспонденттік шоты брйыңша төлейді (резервтік талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында - 48,4 %.

1995 жылы баңктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрінде) санкциялары қолданылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейіңің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетгі резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.

АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар қөзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады.

Ұлттық банк - Қазақстан ... 249

Банктердің Федералды Резерв жүйесінің (ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономиканың тұрақтылығы) резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді (Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю)1.

ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмеңдетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше, 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында ФРЖ міндетті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.

Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.



Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Рес-публикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлтгық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.

Экономикс. Т.1. - М.: Республика, 1992. С.286.

250 Ақша, несие, банктер

Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.

Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министірлігіне ауысты.

Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1995 жылдың ақпанынан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.

1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 % -ға, ал көкек айында - 56,4% -ға өсті.

Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.

Ұлттық банк - Қазақстан ... 251

Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 млн. теңгеден, 1994 жылы желтоқсан айында - 171,7 млн., ал 1996 жылдың маусымында - 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда - 55,65%-дан 1996 жылдың ортасында 92,92%-ға дейін өсті.

Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға Дейін берілді.

1995 жылғы қаржы нарығының жаңалығы - Банкаралық қаржы палатасы ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды.

1995 жылы Ұлттық банк арқылы ломбардтық негізде несие беру тәжірибесі басталды. Аталған несиелердің көлемі үлкен емес, бұлай болуы олардың экономикалық мәнімен байланысты. Банктер бұл несиелерді өте қажетті жағдайларда ғана қолданады.

1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта кұру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін іигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етгі.



Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді -бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің

252 Ақша, несие, банктер

өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.

Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде ком-мерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтиіжесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.

Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек.

Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.

Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.

Ұлттық банк - Қазақстан….. 253

Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

1995 жылдың ортасынан бастап, Ұлттык банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол - 386,6 млн. теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы үлесі 6,8% құрады.

Ақша саясатының кұралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз "портфелі" жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады.

Ақша массасын шүғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.

Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүм-кіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интер-венцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.

254 Акша, несие, банктер



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ¥ЛТТЫҚ БАНКІ -

"БАНКТЕРДІҢ БАНКІ"

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты -экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне - шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні "банктердің банкі" деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

Ұлттық (Орталық) банк "банктердің банкі" қызметін атқару үшін:

- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;



  • коммерциялық банктерге қысқа мерзімді

қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді

қарыздар береді;



  • жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп

айырысуларды жүзеге асырады;

  • банктердің қызметіне қадағалау және бақылау

жүргізеді.

Ұлттық (Орталық) банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинак және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. "Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.



Ұлттық банк — Қазақстан ... 255

Ұлттық (Орталық) банк - коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді "соңғы сатыдағы несие беруші" деп атайды. Олар - коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.

Аукциондық несиелерді енгізу (1993 жылдың аяғында), кезінде көп қолданатын директивті несиелерден айрықша несие ретінде, нақты (нарықтық) пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді. Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек жүргізілді. Кейіннен ауыл шаруашылығы, энергетика сияқты бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық аукциондар іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілеген экономикалық нормативтері және бұрын берілген орталықтандырылған несиелер бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық несиелер - жұмыс істеп тұрған банкаралық ақшалық нарықтың пайда болуының алдында қолданылатын ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылады.

Банктерге ломбардтық несие беру, тек ақша массасына бақылау міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық несиелер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар барлық банктердің резиденттерін тарта алады.

Ломбардтық несиелер бойынша мөлшерлемелер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары белгіленеді, әдетте, банкаралық нарық мөлшерлемесінен төмен болмайды.

РЕПО операциясы - еқі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде (РЕПО ашу) Ұлттық банк бастапқы дилерге (тек арнайы лицензиясы бар банктер бастапқы

256 Ақша, несие, банктер

дилер бола алады) бағалы қағаздарды сатады, сонымен бір уақытга Ұлттық банкіге келісімнің екінші бөліміндегі (РЕПО жабу) қатысушыларға ол бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы- дилер РЕПО-ны жабу кезінде оларды қайта сатып алады.

Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелеу немесе банктердің артық өтімді қаражатгарын алу (егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет болған жағдайда) үшін қолданылады.

Ұлттық (Орталық) банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.

Ұлтгық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:

- қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының

ауқымын бақылау;



  • бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық

негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;

  • есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін

орнату және үйлестіру;

Елімізде қолма-қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар. Біріншісі - коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі - Ұлттық банкідегі банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жасалатын орталықтандырылған есеп айырысулар.

Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты корреспонденттермен тікелей есеп айырысу үшін LORО-NОSТRО орталықтандырылмаған корреспонденттік шоттары бойынша - коммерциялық баяктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.

Ұлттық банк пен өзінің құрамдас бөлімшелері есеп айырбастау кассалық орталығы (ЕКО) клирингтік (қарамақарсы талаптардың өзара есептелінуі) режимде ашылған бюджеттік кассалық орындалуын бюджеттік банкіге беру және төлем жүйесінің нормасына дейін орталықтандырылған банкаралық есеп мөлшері



Ұлттык банк - Қазақстан ... 257

міндетті қорлар (резервтер) нормативіне сәйкес келу керек. АҚШ-та федералды резервтік жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер сомасын реттеу арқылы жүзеге асырады. Оларда коммерциялық банктер корреспонденттік шоттарды ашпайды '.

1988 жылы банктік жүйені қайта ұйымдастыру алдында банктік мекемелер арасында бір банктің - КСРО Мемлекеттік банктің филиаларалық айналымдар (ФАА) жүйесі арқылы жасалынатын ақша қаражаттары, КСРО Мемлекеттік банкінің бір мекемесінен екінші мекемесіне клиенттердің есеп айырысу құжаттары негізінде аударылды. Жасалған аудару операциялары тармақты есептеу орталықтарымен тексерілетін болған. Олар бір тармақты мемлекеттік банктік мекемелері арасында жүргізілген есеп айырысуларды әр түрлі тармақтардың арасында жүргізілген есеп айырысуларды, әр түрлі тармақтардың мекемелерінің ағысындағы есеп айрысуларды КСРО Мемлекеттік банкінің бас есептеу орталығы (БЕО) реттейді.

КСРО Мемлекеттік банк халық шаруашылығындағы есеп айырысулардың жетекшісі - КСРО Мемлекеттік банкінің барлық мекемелері қатаң ұстанатын бірыңғай әдістемесі әрекет етті.

1988 жылдан кейін арнайы банктер пайда болған кезде ФАА арқылы есеп айырысу тәртібі негізінен сақталды. Банктің бір мекемесінен екінші мекемесіне қаражаттар ведомстволық бағыныштылыққа байланыссыз орындалды. ФАА бақылау банкілік мекеменің белгілі бір арнайы банкіге бағыныштылығына байланыссыз жүргізілді. Сәйкесінше есеп айырысулардың бір орталықтан орталықтандырылған реттеуі жойылды. Филиаларалық есеп айырысуларды КСРО Мемлекеттік банкімен бірдей негізде жинақ банктері басқарды.

Клиенттермен жасалатын операцияларын өзіндік баланстарында бейнелейтін арнайы банктердің ФАА жүйесіне автоматты қосылуы басқа банктің балансында ескерілетін қаражаттарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етті. Осындай



1 Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. М.: Все: для Вас, 1993. С. 37.

258 Ақша, несие, банктер

нақты ақша қаражаттардың қозғалысы бейнеленбейтін формалды бухгалтерлік жазу жасалады. Мысалы, коммерциялық банкіде "Несиелік ресурстарды реттеу қорына арнайы банктердің аударған қаражаттары" 816 щоттың дебетінде, "ФАА" шотының кредитінде, Орталық банкте: "ФАА" шотының дебетінде "Банктік жүйенің несиелік ресурстарын реттеу қоры" 815 шоттың кредитінде көрсетіледі.

ФАА шоттар жүйесінің көмегімен банктер арасындағы есеп айырысулардың формалдығы, оларға депозиттердің экспансиясын кедергісіз өндіруге, инфляцияның тереңдеуіне мүмкіндік туғызады.

Республикамызда банктік реформаның жүзеге асырылуы барысында есеп айырысудың бұл тәртібі өзгертілді.

Төлем құжаттарының барлық түрлерін өңдеуді, төлемдерді өтеуді, республиканың бүкіл аумағында есеп айырысуды іске асыруды қамтамасыз ететін Ұлттық банкінің облыстық басқармаларының әрекетін кешенді "КУБАЖ" автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.

Ірі және ұсақ сомалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс-есеп айырысу жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді. Бұл банкаралық клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және олардың Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарындағы филиалдары, Алматылық клирингтік палатасы болып табылады.

Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.

Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді, Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде - республика деңгейінде өту қарастырылған.

Ұлттық банк - Қазақстан 259

ҰЛТТЫҚ БАНК - ҮКІМЕТТІҢ БАС БАНКИРІ,

ҚАРЖЫ КЕҢЕСШІСІ ЖӘНЕ АГЕНТІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. "Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы" Заңында былай жазылған: Қазақстан Республика-сының Ұлттық банкі Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқада мемлекет органдарымен өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді.

Ұлттық банк барлық үкіметтік қорлардың және басқа да мемлекеттік органдардың депозитари-банкі болып табылады. Ол органдардың шот қаражаттарын сақтайды және операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларға қаржылық қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомствалардың шотын жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және Қаржы министрлігінің тапсырмасы бойынша төлемдерді жасайды.

Ұлттық банк бюджеттің кассалық орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуі жағынан Үкіметтін фискальды агенті және дипозитари қызметін атқарады. Ұлттық банк бюджеттік кассалық қызмет көрсету функциясын, барлық меншік нысанын кәсіпорындар мен азаматтардан түскен республикалық және жергілікті бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу жолымен атқарды. Бюджет кірісіне түскен ақша қаражаттарының көлемі туралы Ұлтгық банк және оның жертшікті мекемелері Қаржы министрлігінің органдарына хабар береді.

Қаржы министрлігі қарамағында қазыналық институттың құрылуымен байланысты мемлекеттік бюджетпен кассалық қызмет көрсету жұмысы аталған құрылымға беріледі.

Қаржы министрлігінің келісуімен Ұлттық банк мемлекеттік заемның бір бөлігін кұрайтын, Үкіметпен шығарылған және кепілденген багалы қағаздар айналымын реттеуге қатысуға құқы бар, яғни ол мемлекеттік заемдардың нарықта орналасқаны және эмиссиясы бойынша операциялар жасайды.

Мемлекеттік ақша-несие саясатының және қаржы жүйесі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкіге Заңға сәйкес, келісім-шарт негізінде Қаржы министрлігіне,

260 Ақша, несие, банктер

6 айдан аспайтын мерзімге бюджеттің ағымдағы кірістері мен шығыстары арасында жылдың ішіндегі үзілістерді жабуға, яғни бюджет тапшылығын жабу үшін қысқа мерзімді несие береді. Бұл несиенің мөлшері шектеулі, оған Қазақстан Республикасының Парламенті лимит белгілейді.

Қаржы министрлігіне берілген әрбір несие бойынша, несие сомасы, оны төлеу мерзімі және пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген келісімдерге қол қойылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген несиелік лимит негізінде Үкіметке берілген несие сомасына ¥лтгық банк Қаржы министрлігінен бағалы қағаздарды, оларды бірінші орналастырған кезде (қазыналық міндеттеме) сатып алады.

Шамамен осы өзара келісім-шарттар бойынша ¥лттық банк Үкіметке мемлекеттік қарызды жабуға, ақы төлеу, қайтару, көздеген мақсатқа жұмсау шартымен несиелер береді. Ол үкіметтік несиелердің өтелу мерзімін бақылайды және келісімде көрсетілген мерзімде олардың пайдалануын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банк Қаржы министрлігімен біріге отырып мемлекеттік заемдарды өтеуге, пайыз бойынша олардың мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуіне қатысады.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жолымен қаражаттарды біршама тез жұмылдыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі, республикадағы бағалы қағаздар нарығының қызмет жағдайына байланысты. Өз кезегінде Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының толығымен қалыптасуының болашағы екі деңгейлі банк жүйесінің толық құрылуына, жекешелендіру бағдарламасының нәтижелеріне, экономиканың түрлі сегменттерінің дамуына және басқаларға тәуелді. Бірақ республикамызда бұл жағдайлар жасалған жоқ және қалыптасқан бағалы қағаздар нарығы да жоқ.

Ұлттық банк қаржылық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың кеңесіпісі болып табылады. Өйткені болашақта ақша қаржы, несие және басқа да макроэкономикалык көрсеткіштер туралы жаппай дәл және жедел көпшілік ақпараттарды иеленетін, ірі экономикалық, ғылыми және ақпараттық орталық бола бастайды.

Ұлттық банк -Қазақстан 261

¥ËТТЫҚ БАНКІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ АЛТЫН ВАЛЮТАЛЫҚ

РЕЗЕРВТЕРДІ БАСҚАРУЫ

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген.

Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.

Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы-несие институттарында Қазақстан Ұлттық банкісінің мүддесі ескеріледі.

Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.

Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды.

Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.

¥ëттық банк алтын валюта резервін құрып, олармен операциялар жасайды.

Ол статистикалық валюталық операцияларды және басқа да құжаттардың біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды әрі валюталық операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады.

Ұлттық банк валюталық құндылықтармен төмендегідей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

262 Ақша, несие, банктер



- шетел валютасын сату жәңе сатып алу;

  • қазыналық вексельдер мен және т.б. шетел

үкіметтерімен кепілдендірілген немесе халықаралық

қаржы ұйымдар мен шығарылған бағалы қағаздармен

операциялар жүргізуге немесе оларды сату, сатып

алуға;


  • алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен

халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл

тастарды қабылдауға, сақтауға, өңдеуді қамтамасыз

етуге;


  • алтынды және басқа да қымбат бағалы металдардың құймасы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өңделген және өңделмеген түрінде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы

аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген валюталық реттеу және валюталық бақылау аясында басқа да қызметті атқаруға Ұлттық банкінің құқығы бар.

Ұлттық банк мынадай алтын валюталық резервтерді құру мен басқаруға тікелей қатысады:

- алтың және басқа да қьшбат бағалы металдар;



  • шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк

қаражаттары түріндегі шетел валютасы;

- Ұлттық банкіде сақталатын валюталық құндылықтар;



  • кез келген халықаралық деңгейдегі белгілі резервтік активтер;

  • аудармалы вексельдер, жай және қазыналық вексельдер, яғни оларды шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендіргені бойынша;

  • басқа да активтер, егер ол активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және ондай резервтердің төлем қабілетгілігі сақтандырылғанда;

Алтын мен қымбат бағалы металдарды сатып алу қуатын қамтамасыз ету барысында және халықаралық төлемдердің кепілі ретінде сақтандыру қоры пайдаланылады. Бұдан да басқа Ұлттық банк валюталық нарықтағы интервенция көмегімен өз валютамыздың сыртқы бағамын қолдау үшін шетел валюталық қорларды сақтайды.

Ұлттық банк - Қазақстан ... 263

Ұлттық банк міндетті түрде активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігін және сыртқы валюта резервтерінің төлем қабі-леттілігінің сақталуын ескереді. Ол сыртқы валюталық резервтерде қажетті деңгейде, Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жане айырбас бағамын қолдау үшін, сондай-ақ республиканың халықаралық келісім-шарттарды жасау тәртібін сақтауы қажет. 12 ай ішінде сыртқы валюталық резервтердің 15%-дан төмендемеуі үшін Ұлттық банк керекті шараларды үкіметпен келісіп жасайды.

Ұлттық банкінің халықаралық, телекоммуникациялық жүйелерге "REUTER" және "SWIFT" жүйесіне қосылуы, сондай-ақ Ұлттық банкінің мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің өсуіне байланысты халықаралық тәжірибеде қолданылған қаржылық құралдарды пайдалану, валюта активтерін диверсификациялауды жоспарлы түрде жүргізуге, алтын валюта резервтерін тиімді реттеуге және оларды орналастырудан түскен табыс деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік жасайды. Бұл шаралар негізінде валютаның, бағалы металдардың әлемдік нарықтағы коньюнктурасының және оған тікелей қатынасуының ағымдағы мониторинг қызметінің үнемі жүргізіліп отыруын талап етеді. Сондай-ақ жасалған келісімдерді жедел қамтамасыз ету барысында оларға қызмет көрсету шаралары да жүзеге асырылады.

Алтын валюталық резервтермен жүргізетін операциялардан түсетін табыстың негізгі көздерінің бірі - банкаралық депозиттер.

Егер 1994 жылы "REUTER" жүйесінде 37 депозиттік операциялар жүргізілген болса, ал 1995 жылы - 399-ға жетті.

"REUTER" жүйесінде жүргізілген депозиттік операциялар бойынша негізінен бірінші кластық шетел банктері болды. Ұлттық банкінің 1995 жылы бағалы қағаздармен жүргізген операциялары тек қана АҚШ-тың қазыналык вексельдеріне инвестиция жасаудан және "РЕПО" келісімдерінен құралды. Бұл операциялар АҚШ үкіметінің бағалы қағаздарын автоматты түрде инвестициялау бағдарламасын жасасқан Федералдық Резерв банкісі (Нью-Йорк) аркылы жүзеге асады.

1995 жылы наурыз айында қымбат металдар жөніндегі Лондондық Ассоциация өткізген аттестация нәтижесінде (LРМА). Өскемен мырыш-цинк комбинатында өндірілетін Қазақстан күмісі

264 Ақша, несие, банктер

Лондонның сапалы жабдықтау "GOOD DELIVERY" мәртебесіне ие болды. Бұл қазақстандық өндірушілердің дүниежүзілік қымбат металдар нарығында танылғандығын білдіреді және де күмістен жасалатын операциялардың тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Алтын бойынша нақ осындай жұмыс 1996 жылы жасалынды.

Халықаралық валюталық қордың стандарттарына сәйқес күмістің орталық банктердің алтын валюталық резервінің құрамына кірмейтінін ескере отырып, Ұлттық банк 1994-1995 жылдары өз металдық шоттарынан шетел банктеріне анағұрлым тиімді бағаммен шығарылған күмісті бірте-бірте сату тактикасын ұстанды.

Жалпы алғаңда, Ұлттық банк алтын қорларын басқару бойынша консервативті көзқарас ұстанады. Негізінен Қазақстанда алтын қорының заттай көлемін ұлғайту процесі жүргізіледі, ал дүниежүзілік нарықта алтынмен жургізілетін операциялар депозиттерге орналастырумен шектеледі.

БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ

Қазақстан Республикасының ¥лттық банк қызметтерінің біріне - екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі -бұл банктік қызметті макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы-несие институттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақталығын ұстап отыру болып табылады.

Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.

Мұндай әдістердің қатарына жататындар:



  • пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы

провизиялардың нормалары;

Ұлттык банк - Қазақстан ... 265

  • банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;

- банк қызметтерін тексеру;

- банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі

ұсыныстар беру;


  • бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану;

- банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып

алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану.

Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді.

Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді.

Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастары келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:

Ұлттық банк:


  • банктік тораптың қызмет етуіне жалпы жағдай

жасауға және шынайы банктік бәсеке

қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;

- банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді

(әкімшілік және экономикалық әдістемелері арқылы);



  • ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру

мақсатында банк қызметтерін қадағалайды;

  • банктердің шұғыл қызметіне араласпайды.

Коммерциялық банктер өз қызметі барысында Ұлттық банкінің заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық банктер бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

266 Ақша, несие, банктер

Ұлттық банк міндеттеріне лицензиялау және лицензияны қайтып алу, жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу (Қазақстан аумағында орналасқан банктерді), сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы банктері және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктерді қадағалау кіреді. Осы мақсатта Ұлттық банк:

- банктің құрылтайшыларын (акциоңерлерін),

олардың бекіткен шектен асқан акциялар көлемін,

иемденуіне, иелік етуіне, баскаруына бақылау жасауға;

- банктің басқару орындарына кандидаттардың іскерлік

жарамдылығын анықтауға;



  • банктердің және олардың филиалдарын тексеруге,

соның ішінде, орнында немесе аудиторлық ұйымды

шақыру арқылы, өзінің бақылау және қадағалау

қызметтерін дұрыс жүзеге асыру үшін керекті

ақпаратты алуға құзыретті.

Банктер Ұлттық банкінің шешімдерін орыңдамаған жағдайында, оларға айып-пұлдық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін (VI бөлімді қараңыз).

Банк қызметтерін реттеу, сонымен қатар, коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың несие берушілері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк банктер үшін келесі пруденциалдық нормативтерді белгілейді:



- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

- меншікті қаражаттарының жеткілікгілік коэффициенті;

- баланстың өтімділік көрсеткіштері;


  • Ұлттық банкіде орналастырылған міндетгі резервтер

мөлшері;

  • бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары

мөлшері;

- банктің құрылтайшыларына, акционерлеріне,

жарғылық капиталында банк қатысатын заңды

тұлғаларға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

- ашық валюталық позиция лимиттері.

¥ëттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың филиалдарына да қолданылады.



Ұлттык баик Қазакстан ... 267

Қазақстан Республикасында инфляция процестерін ақша-несиелік реттеу әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлтгық банкіге коммерциялық банктердің несиелік салымдарына шек қою және сол операциялар бойынша мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі.

Ұлтгық банк директивті сипаттағы, яғни барлық коммерциялық банктердің орындалуы міндетті нормативтерді және банктердің қызметтері мен қаржылық жағдайын талдайтын бағалау нормативтерін қолданады.

Кейбір нормативтерге толығырақ тоқтала кетейік:

1. Банк балансының өтімділік көрсеткіштері банктің активтері мен міндеттемелерінің нормативтік қатынасы түрінде, міндеттеменің өтелу мерзімі және активтердің іске асу мүмкіндігі ескеріле отырылып бекітіледі.

Мұндай көрсеткіштерге төмендегідей қатыңастар жатқызылады:

- банк капиталы және оның міндеттемелері;

- несие сомалары және есеп айырысу, ағымдағы шоттар,

салымдар, депозиттер сомалары;


  • өтімді активтер сомасы және жалпы активтер сомасы

және т.б.

2. Міндетті резервтер мөлшерін, Ұлттық банктің резерв шоттарындағы белгіленген мөлшердегі қаражаттар қалдықтарын ұстап тұратын банктің міндеттемелеріне пайыздық қатынаста белгілейді; резервтік қордың қаражаттары банкте тартылған ресурстардың бір бөлігін резервтеу жолымен қалыптасады.

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері, банк капиталының жалпы сомасының белгілі бір пайызы негізінде белгіленеді.

Бір қарыз алушыға келетін ең жоғары тәуекелдік есептеу кезінде, тәуекел сөзінің ұғымына қарыз алушыға берілгең несиенін барлық сомасы, сонымен қатар, оның тапсырмасы бойынша берілген міндеттемесі кіреді.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері банктің тәуекел мөлшерінің (карыз алушының несие бойынша міндеттемесінің жалпы сомасы) банк капиталына қатынасымен анықталады. Коммерциялык банктер үшін ең жоғары белгіленген мөлшері 1,0.

268 Ақша, несие, банктер

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк банктік қызметті қадағалау және реттеу барысында клиеттердің мүмкін болатын шығындарын жабуға арналған міндетті сақтандыру қорларын құру тәртібін аныктайды. Аталған қорлар банктердің табыстары есебінен қалыптасады.

Ұлттық банктің реттеу қызметі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖҰӨ, ҰТ, баға индексі, бюджет тапшылығы) динамикасын талдау негіздемелеріне, сонымен қатар нормативтік және бағалау көрсеткіштеріне, есеп пен есеп беру мәліметтеріне сүйенеді.

Ұлтгық банк банктердің есеп беру формаларының төмендегідей түрлерін белгілейді:

- айдың бірінші күніне баланс;

- тоқсандық айналым ведомосы;

- "Басқадай дебиторлар мен кредиторлар" шоттары

бойынша тоқсан сайынғы ведомосы;

- операциондық және тұрлі табыстар мен

шығыстар (№2 форма) бойынша тоқсан сайынғы есебі,

баланспен қоса алғандағы пруденциалдық нормативтер

есебі.

Шетелдерде тексерудің дифференцияланған мерзімдерін белгілеу және банктердің жұмыс көлемі мен жүргізілетін операциялар көлеміне байланысты банктердің түрлі категориялары үшін есеп беру формаларын беру тәжірибесі қолданылуда. Ірі банктер шағын банктерге қарағанда жиі тексеріледі. Ірі банктер Орталық банкіге есеп беру формаларын ай сайын тапсырады, орташа банктер - тоқсан сайын, шағын банктер - жарты жылда бір рет тапсырады.



§4. ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРҮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзғешеленеді.



Ұлттық банк - Қазақстан….. 269

ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі - жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.

ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады - Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.

Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі - ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі - 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.

Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

1) олар орталық банктер болып саналады;

2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;

3) "банктердің банкісі"

АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады.

270 Акша, несие, банктер

Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы - Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі.

Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

Федералдық резервтік банктер - "банктердің банкі", өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды.

ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы - 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

Кеңес - ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-перзидент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

Ұлттық банк - Қазақстан ... 271

Директорат — жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

Жер орталық банктері - Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

Ағылшын банкі - дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.

Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.

1971 жьілдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген - эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады.

272 Ақша, несие,банктер

Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі.

Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.



ТҮЙІН

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк - бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, "банктердің банкі" ролін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.

2. Ұлттық банк - оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

3. ҚР Ұлтгық банкінің басты міндеті ұлттық валюта -теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

4. ҚР Ұлтгық банктің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикада қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.

5. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды



Ұлттық банк - Қазақстан ... 273

сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.

6. Эмиссия - мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. ҚР Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, ҚР Ұлттық банкіден банктердің қарыз алуын ынталандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүейсіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша акша айналысын реттейді.

8. Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны ҚР Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасын өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.

9. Айналыстағы ақша массасын реттеудің біршама ыңғайлы әдісі - ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы ҚР Ұлттық банкі ақша эмиссиясын тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады, яғни қағаздарды сатып алады.

10. ҚР Ұлттық банкі "банктердің банқі" қызметін атқарады, яғни коммерциялық банктер резервтерін сақтайды, оларға қарыздар береді, қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

11. ҚР Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.

12.ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез келген операциялар - валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады.

274 Ақша, несие, банктер

ІЗ.Ұлттық банктің қызметінің біріне - екінші деңгейдегі банктер қызметіне бақылау және қадағалау жүргізу, сондай-ақ оны реттеу жатады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты

міндеттері, қызметінің бағыттары қандай?

2. ҚР Ұлттық банкінің қызметі және операциялары

қандай?


  1. ҚР Үлтгық банкінің жетекші органдары мен басқару

құрылымын атаңдар.

  1. ҚР Ұлттық банкінің басқармасы, директорлар кеңесінің

міндеттері қандай?

5. Басқарма төрағасының құқығы мен міндеттерін ата?

6. Ақша эмиссиясы деген не, оның түрлері қандай?

7. Республикадағы ақша айналысы қалай реттелуде?

8. Ақша массасының құрылымы қандай?


  1. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты

қандай?

10. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.

11. Дисконт немесе есеп саясаты нені білдіреді?

12. Міндетгі резерв нормасының мағынасы.

13. Ашық нарықтағы операциялардың мағынасы.

14. ҚР Ұлттық банкінің "банктердің банкі" роліндегі

қызметі.


  1. Неліктен ҚР Ұлттық банкін "соңғы сатыдағы несие беруші" деп атайды?

  2. ҚР Ұлттық банкін бақылау және қадағалау қызметі

қандай?

17..ҚР Ұлттық банкін неліктен Үкіметтің банкирі, қаржы

кеңесшісі және агенті деп атайды

18.ҚР Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметінін

мәні неде?

19. АҚШ, Англия, Германия, Жапония орталық|

баңктерінің ұйымдастыру және басқару

ерекщеліктері қандай?



  1. ҚР Ұлттық банкі алтын валюта резервін қалай

баскарады?

Коммерциялық банктер 275

тарау

Коммерциялық банктер

    1. Коммерциялық банктер қаржы

делдалдары ретінде..……............................276

    1. Коммерциялық банктің ұйымдастыру

құрылымы……….........................................280

3. Коммерциялық банктердің қызметтері

мен операциялары….…...............................295

276 Ақша, несие, банктер

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР

Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:

• Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.

• Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті.

• Банкті басқару құрылымы.

• Банктік басқарманың негізгі қызметтері.

• Банктің фунциональдық бөлімшелерінің құрылымы.

• Банктердің қызметтері және операциялары.

• Уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау.

• Экономиканы және халықты несиелендіру.

• Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және

жүргізу.


• Инвестициялық қызметі.

• Басқа да қаржылық қызметтер (лизинг, факторинг,

траст, кеңес беру, ақпараттық).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет