Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары


Ұлтуған. Менің келінім – алтын, айтқанымнан шықпайды. Сағымкүл келіп қалады. Енесінің қолындағы балаға көзі түседі. Сағымкүл



бет12/34
Дата21.07.2017
өлшемі5,93 Mb.
#21827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34

Ұлтуған. Менің келінім – алтын, айтқанымнан шықпайды.
Сағымкүл келіп қалады. Енесінің қолындағы балаға көзі түседі.

Сағымкүл. Апа, немене түсіңіз бұзылып тұр? Қолыңыздағы бала кімдікі?

Ұлтуған. Білмеймін.

Жамал. Сағымкүл қарағым, бұл баланы осы жаңа ғана бір жас әйел кірмеге тастап кетті. Соған түсіміз бұзылып, не қыларымызды білмей тұрмыз.

Сағымкүл. Не тұрыс бар, апа (Ұлтуғанға қарай ұмтылып), маған беріңіз баланы, үйге алып кетеміз.

Ұлтуған (баланы Сағымкүлге беріп). Бұл – енді біздің бала.

Сағымкүл (баланы құшақтап алып). Әрине, біздің бала болады (құндақтың бетін ашып). Ой-өй, жылайын деп жатыр. Айналайын – айналайын, бөпесінен!
Сағымкүл өздерінің кірмесіне кіріп кетеді.
Рауза. Ұлтуған Несіпбаевна, келініңіз алтын екен, шынында.

Жамал. Алтының не, жақұт-де.

Алқамбай. Балаларыңның, жаңағы кішкентайдың өмір – жасы ұзақ, бақытты болсын! Аумин!

Ұлтуған. Айтқаның келсін! Қой, мен барайын үйге, келінге көмектесейін баланы жөндеп орап, құндақтауға.

Ұлтуған кетеді.
Жамал. Маңдайының соры бес елі бейшара бала сіңер ме екен бұларға?!

Рауза. Әй, қайдам-ау!

Жамал. Неге күмәнданасың?

Рауза. Өзіңіз де күмәнданып тұрсыз ғой.

Жамал. Солай. Мен бірдеңке білсем, келіншектің Сапардың үйін сұрағаны тегін емес.

Рауза. Дәл таптыңыз. Бұл оларға бала емес, пәле бола ма деп қорқамын.

Алқамбай. Әй, қатындар-ай, пәле іздеп отырасыңдар ә. Қойыңдар, бұл әңгімені енді қайтып ауыздарыңа алмаңдар.

Жамал. Біз үндемейміз ғой. Келіні секем алып, шатақ шығарып жүрмесе.

Рауза. Соны айт. Қазір байыған жігіттер екі әйел алатын пәле болды ғой. Мына келіншек те Сапардың екінші әйелі шығар.

Алқамбай. Қойыңдар, дедім ғой мен сендерге, қойыңдар. Пәленің бәрі осындай қаңқу – саңқу әңгімеден шығады!
Ауланың көше жақ шетінен бірі егделеу, екіншісі жас екі адам кіріп, тұра қалып, аула жаққа қолдарын сілтеп сөйлесе бастайды.
Жамал. Алқамбай, барып білші, мына екеуі неткен адамдар?

Алқамбай. Керек болса, өздері келсін.

Рауза. Тегін жүрген адамдар емес мыналар мен бердеңке білсем.
Осы сөзді күткендей ана екеуі бері қарай жүреді.
Егделеу кісі. (жақындай бере). Сәлематсыздар!

Алқамбай (жақтырмай). Сәлематпыз!

Егделеу кісі. Сендер не, осында тұрасыңдар ма?

Алқамбай. Ия, осында тұрамыз.

Егделеу кісі. Осында тұрсаңдар, көрші болады екенбіз, мен осы ауладан үй саламын.

Рауза. Аядай ауланың қай жеріне саласың үйді?

Жамал. Мұнда біз сияқты қарттар отыратын, балалар ойнайтын (оң қолын нұсқап) мына бір ұлтарақтай жерден басқа жер жоқ.

Егделеу кісі. Маған осы жер де жетеді.

Алқамбай. Ал, бізге жетпейді. Құдайдан безгендер! Қалада ұлтарақтай жер қалдырмай, сатып болып, енді алақандай ауланы көріп қалған екен ғой әкім – қара, жоқ, бұл жерге үйді біздің өлігімізді аттап барып саласың.

Егделеу кісі. Ақсақал, қойыңыз, сонша не болды таусылып. Жер – мемлекеттің меншігі, сата ма, қоя ма, өзі біледі. Мына жерді де сөйтті, маған сатты.

Жамал. Сатса, саған мемлекет сатқан жоқ, жергілікті жемірлер сатқан. Барыңдар, бұл ауладан аулақ жүріңдер. Өйтпейді екенсіңдер, тура Елбасының өзіне жүгінеміз.

Рауза. Мен қазір барып жеделхат жіберемін.

Алқамбай. Сөйт, сөйтпесе, бұлар тоқтамайды. (Егдедеу кісіге). Сен бизнесмен боларсың?

Егделеу кісі. Болса, несі бар? Бизнесменмін.

Алқамбай. Бәсе. Сендер бір мезгіл құдайдан қорықсыңдар қайтеді?

Егделеу кісі. Құдайдан қорқу үй салмау ма екен?

Жамал. Үй – сал, сарай сал, бірақ ешкімді мазалама. Осы үйді салған адамдар ақымақ болмаған. Үйге қажеттінің бәрін есептеген. Мына аула – осы үйдің құрамдас бөлігі. Құдайдың қара жерін осында басып, ауасын осыдан жұтып отырмыз. Біз бұл ауланы ешкімге ойрандата алмаймыз.

Егделеу кісі. Сонда мен сендер сияқты шал – кемпірлерден қаймықпақпын ба, жо-о-оқ, ол болмайды. Бірдеңе көрейін, демесеңдер, әйда, кетіңдер үйлеріңе.

Алқамбай. Ой, мына оспадарсыз неме қайтеді-ей, қорқытады ғой!

Егделеу кісі. Қорқытпақ түгілі одан арғысын да істеймін мен.

Жас жігіт. (егделеу кісіге сұрау жүзбен қарап). Пап!

Егделеу кісі. (басын изеп мақұлдап). Давай.
Жас жігіт Алқамбайдың өкпесінен бір қояды. Алқамбай бүк түседі. Әкелі-балалы екеуі екі жақтап Алқамбайды жығып алып, тепкелей бастайды.
Жамал. (жылап-еңіреп). Ойба-а-ай, өлтірді-өлтірді!

Рауза. (қашан кіргенін, қолында газ пистолеті бар, кірмеден ентелей шығып). Мә, оңбағандар! (Алдымен әкесін, содан соң баласын атып сұлатып салады).

Жамал. Ойбай-ау, Рауза-ау, мұның нең? Құрыдық қой! Құрттың!

Рауза. Түк те жоқ! Бұл – рұқсаты бар қару. Газ пистолеті. Осындай сүмелектерді атпағанда неменеге керек бұл!

Алқамбай (ыңыранып, басын көтермек болып). Не болды?

Жамал (жылдам Алқамбайдың басын сүйеп). Қозғалма! Абайла!

Рауза (Алқамбайға жақындап келіп). Жайраттым екеуін де.

Жамал (шошып). Не дейді?! Өліп қалды ма?

Рауза. Қайдағы! Көресіз, қазір кірпіктері қимылдайды. Есін жинайды да зытады.

Жамал. Кім білген?

Рауза. Білетін түк те жоқ. Бұлар – алаяқ. Алаяқтың табаны – бедерсіз.

Жамал. Арамза шығар. Арамзаның құйрығы – бір-ақ тұтам.

Рауза. Рас айтасыз, Жамал Ахметовна.

Жамал. Сен де рас айтасың, Рауза Оразғалиевна.

Алқамбай (екеуіне). Сөзді қойыңдар, келіңдер, сүйемелдеңдер. Бұлар – алаяқ та, арамза да емес, қорқау қасқырлар, тойым жоқ, жан – жағын жалмай береді.

Рауза. Не қылса, о қылсын, ауладан аулақ жүрсін.

Жамал. Бізге керегі – сол.

Алқамбай (кеудесін көтеріп). Жарайсыңдар, әжелер! Ауланы аман алып қалдыңдар.

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

ӘКІМНІҢ ТУҒАН КҮНІ

(екі көріністі драмма)
Қатысатындар:
Дүйсебаев Қасқабай Төреқұлович – облыс әкімі, 49 жаста.
Қордабаев Қасым Хасенович – облыс әкімі аппаратының жетекшісі, 64 жаста.
Мұсылманқұлов Ерік Көбенович – облыстың бұрынғы әкімі, қазір көрші облыстың әкімі, 58 жаста.
Сансызбаев Әбиірбек Рахымович – облыс прокуроры, 55 жаста.
Ахметов Нұрқат Асылович – облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор, 43 жаста.
Қарғабаев Құрман Өрісбаевич – Күреңсу ауданының әкімі, аудан әкімдерінің президенті, 58 жаста.
Сапар қария – зейнеткер, облыстың бір кездегі басшысы, 79 жаста.
Әсия – хатшы қыз.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші көрініс
Облыс әкімінің кабинеті. Төрдегі үлкен стол басында облыс әкімі Қасқабай Төреқұлович Дүйсебаев телефонмен сөйлесіп отыр.
Әкім. Түу, жадыңыз қандай керемет еді, Ерік Көбенович!... Рақмет-рақмет!... Өзіңіз де көп жасаңыз!... Көпті көргендегіңіз, ағалығыңыз деп білемін мен мұныңызды. Жылда бір болатын туған күнімізді өзіміз ұмытып бара жатқанда сіз ұмытпай құттықтағаныңыз қандай керемет!... Бәрі дұрыс... Айтып едім ғой, барлық мәселеде сіздің бағытыңызды ұстанамын деп, ұстанып отырмын...

О не дегеніңіз, айну жоқ... Әлбетте, бірдеңе болса, телефон соғамын... Бәрі дұрыс. Жігіттер сол өзіңіздің кезіңіздегідей, қамшы салғызар емес... Жақсы-жақсы... Жеңгейге сәлем деңіз... Сіздің де жұмысыңыз жемісті болсын... Сау болыңыз!


Әкім телефон трубкасын орнына қояды. Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Қасым Хасенович Қордабаев кіреді.
Қордабаев (жасының үлкендігіне қарамай елпілдеп). Қасқабай Төреқұлович, бүгін сіздің туған күніңіз ғой, құттықтаймын! Деніңіз сау болып, қызметіңіз өсе берсін!

Әкім. Рақмет, Қасым Хасенович! Сіз құттықтаймын деп келген ешкімді кіргізбеңіз маған.

Қордабаев. Неге?

Әкім. Бүртүрлі ыңғайсыз (орнынан тұрып, терезе алдына барып, сыртқа үңіліп қарайды). Қасым Хасенович, мынау не сұмдық?! Кәдімгі бір тойға келе жатқандай, бәрінің қолында шоқ-шоқ гүл. Астындағы полицейлерге айтыңыз, қолына гүл ұстаған бір де бір адамды кіргізбесін. Анау не пәле?!

Қордабаев (терезеге жақындап). Бұл – қала әкімінің сыйлығы. Ол: «Бір керемет гүл шоғын дайындап жатырмын», – деп еді, мынау – сол.

Әкім. Бір өзі бір машинаның қорабын алып жатқан қандай гүл шоғы ол? Сәуірбаевқа айтыңыз, әкетсін ана масқарасын. Тырақы! Барыңыз, айтыңыз, бүгін – мереке емес, жұмыс күні.

Қордабаев (ештеңеге түсінбеген кейіп танытып). Қайдам, бұрынғы әкім...

Әкім (сөзін бөліп). Мен сізге қанша айтам, бұрынғы әкімнің не істеп, не қойғанын, не ішіп, не жегенін ешуақытта айтпаңыз, деп. Ол кісі – өткен шақ, біз – бүгінбіз. Ол кісіден біз көп нәрсе үйрендік, әлі де үйренеміз, қара тұтамыз, бірақ біздің өзіміз де өзімізді көрсетуіміз керек шығар. Тезірек барып, айтқанды істеңіз.

Қордабаев. Орынбасарларыңыз бөлім, басқарма, департамент бастықтарын жинатып, кіреміз деп оқталып отыр. Олар да кірмесін бе?

Әкім. Кірмесін. Сіз білесіз бе, Татарстан Президенті Минтемир Шәймиевтің туған күні жөнінде не айтқанын? Білмейсіз. Ол: «Жағымпаздардың жексұрын қылығын көрмес үшін туған күнімде Қазаннан кетіп қаламын» – деген. Өте дұрыс айтқан. Биылдан соң мен де сөйтемін.

Қордабаев. Аудандар әкімдері қабылдау бөлмеңізде тұр, оларды қайтем?

Әкім. Оларды кім шақырды? Осының бәрі сіздің тірлігіңіз-ау шамасы.

Қордабаев (күмілжіп). Енді... Өздері келіпті.

Әкім (өңі бұзылып). Сонда бір де бір әкімнің менің рұқсатымсыз жұмыс орнын, ауданын тастап, ауа жайылып кетуге құқы жоқ деген пәрменім қайда?

Қордабаев. Олар ешқайда лағып жүрген жоқ, өзіңізге келіп тұр ғой.

Әкім. Сонда менің пәрменім орындайтын оларға да, орындаттыратын сізге де түсініксіз бе?

Қордабаев (сасқалақтап). Жо-жоқ, түсінікті.

Әкім. Тараз аудан емес, облыс орталығы, немене, әкімдер соны да білмей ме?

Қордабаев (жеңілдеп). Біледі. Тараздан да, ауданнан да сіз қымбатсыз оларға. Сол үшін де келген сізге.

Әкім. Мынауыңыз қызық екен, менің ашуымды маған деген ілтипатпен сейілтпек боласыз. Жоқ, ол болмайды. Әкім пәрменінің орындалуы оның көңіл-күйіне, немесе жеке тірлігіне тәуелді болмасқа керек. Қалай да орындалуы тиіс.

Қордабаев (не дерін білмей, тосылып қалып). Ия, әкім пәрмені – заң. Оны аудан әкімдері де, мен де білеміз, бірақ осылай болып қалды.

Әкім (дауысы қатқыл шығып). Мұның аты – қояберсіндік. Біліп қойыңыз, мен оған ешқашан жол бермеймін.

Қордабаев. Мұныңыз өте дұрыс. Бұрынғы әкім...

Әкім. Мен сізге айттым ғой, бұрынғы әкім туралы ештеңе айтпаңыз, деп. Жақ ашпаңыз.

Қордабаев. Мақұл.
Аппарат жетекшісі мойны салбырап, шығып бара жатады.

Есіктен сау етіп аудандар әкімдері кіреді. Жапа-тармағай жалпылдап амандасады.


  • Сәлематсыз ба, Қасқабай Төреқұлович!

  • Қасқабай Төреқұлович, ассалаумағалейкум!

Әкімдердің біреуі. Қасқабай Төреқұлович, мен – әкімдердің президентімін. Мына жігіттер мені алға салып келіп отыр. Туған күніңіз құтты болсын! (Қолындағы пакетті стол үстіне қояды). Мынау – аудандар әкімдерінің Сіздің туған күніңізге арнаған сыйлығы.

Әкім (тіксініп). Бұл не сонда?

Әкімдер президенті. Әуелі алсаңызшы. Сосын көресіз

Әкім. Жоқ алмаймын. Сен айтшы бұл не өзі?

Әкімдер президенті. Отыз мың доллар. Аз да болса, көптей көріңіз.

Әкім (шарт кетіп). Пара екен ғой. Әрі тарт, көрсетпе көзіме!

Әкімдер президенті (сұры қашып). Бұл пара емес, сыйлық.

Әкім. Құрман Өрісбаевич, сен тәжірибелі әкімсің, пара сыйлық түрінде де берілетінін білсең керек. Параларың жатсын сол жерде. Өздерің Қасым Хасеновичтің кабинетіне барып отыра тұрыңдар. (Әкімдер шуап шығып кетеді. Аппарат жетекшісі состиып тұрып қалады). Қасым Хасенович, барыңыз, аналарды ешқайда жібермеңіз.

Қордабаев. Не боп барады өзі мына әңгіме?

Әкім. Немене, көрмей тұрсыз ба, олар маған пара ұсынды.

Қордабаев. Сіз жақсы білесіз, бұл – олардың әбден үйренген әдеті. Жылда Ерік Көбеновичтің туған күнінде осылай істейтін олар.

Әкім. Жоқ, бұл болмайды. Сіз бара беріңіз, ар жағын өзім бірдеңе етермін.

Қордабаев. Мақұл. Өзіңіз біліңіз.

Аппарат жетекшісі кетеді.
Әкім (ішкі телефон тұтқасын көтеріп). Әсия, маған прокурорды қосшы.

Әсияның дауысы. Ол кісі осында тұр.

Әкім. Кірсін онда.

Прокурор кіреді.
Прокурор (өз бағасын білетін кісі кейпімен). Сәлематсыз ба, Қасқабай Төреқұлович!

Әкім. Сәлематсыз, Әбиірбек Рахымович. (Алдындағы орындықты нұсқап). Отырыңыз.

Прокурор (отырып жатып қойнына қолын салып). Қасқабай Төреқұлович!...

Әкім (шалт). Тоқтаңыз! Сіз қалтаңыздағы конвертті қоя тұрып, алдыңыздағы пакетке қараңыз.

Прокурор. Несі бар, пакет.

Әкім. Пәлесі бар, пара салынған пакет.

Прокурор. Дұрыс.

Әкім. Несі дұрыс? Жаңа аудан әкімдері кірді осында мені туған күніммен құттықтап.

Он әкім отыз мың доллар әкеліпті сыйлық деп осы пакетке салып. Айтыңызшы, мұндайда қайтпек керек?



Прокурор (пакетті столдан алып, әкімге ұсынып). Мінекиіңіз, дереу сүңгітіңіз сейфке.

Әкім. Қалайша? Сонда мен пара алмақпын ба?

Прокурор. Аласыз. Алмасаңыз, ала қарға боласыз.

Әкім. Жөн-ақ.

Прокурор. Рас айтам, мұны алмасаңыз, бүкіл Қазақстанда пара алмайтын жалғыз шенеунік сіз боласыз.

Әкім. Жоқ. Ала қарға тұрмақ шұбар қарға болып кетейін, алмаймын. Сіз мыналарды қамаққа алуға санкция беріңіз. (Ішкі телефонмен хатшы қызға). Әсия, қабылдау бөлмесіне генерал келіп тұрған жоқ па?... Онда қазір, прокурор шыққан соң кірсін.

Прокурор. Генералдың келіп тұрғанын қайдан білдіңіз?

Әкім. Маған енді бәрі белгілі. Сіз шыға тұрыңыз.
Прокурор шығып кетеді.

Генерал кіреді.
Генерал. Сәлематсыз ба, Қасқабай Төреқұлович! Туған күніңізбен! (қойын қалтасына қолын сала бастайды). Қасқабай Төреқұлович!..

Әкім. Тоқта!

Генерал (қойын қалтасынан конвертті шығарып үлгеріп). Неге?

Әкім. Әрі тарт! Андағы, алдыңдағы пакетті көрдің бе?

Генерал. Көрдім.

Әкім. Көрсең, ол – пара салынған пакет.

Генерал. Онда тұрған не бар, кім де болса, Сізді сыйлаған соң әкелген де.

Әкім. Апырау, бұл не сұмдық (пакетке қарап), аудан әкімдері анау, прокурор мен генерал мынау!

Генерал. Қасқабай Төреқұлович, сіз – жас әкімсіз. Әлі әкім болудың қыр-сырына қанық емессіз. Сіз пара деп ат-тоныңызды ала қашып отырған бұл пакет әлдеқашан айналымнан шыққан. Қазір параны пакетпен емес, дипломатпен береді.

Әкім. Сөз-ақ!

Генерал. Биліктің сіз сияқты ұшар басындағылар ешқашан пара сұрамайды, оларға бағыныштылардың өздері әкеліп береді. Әкімдеріңіздің тәжірибесі жоқ екен, әйтпесе, біреуі сізге жақындай беріп, «Өй, қой» – дегеніңізге қарамай, пакетті суырмаңызға сүңгітіп жібермей ме. Сонда сіз қарныңыз тиіп тұрған суырмаға пара салынғанын білмегенсіп, күлімсіреп отыра берер едіңіз.

Әкім (күлерін де, ашуланарын да білмей). Пара ал, деп отырған құқық қорғаушыларды да көретін күн бар екен-ау, қап! Сен де бар прокурордың қасына. Ойланыңдар сәл-пәл, содан соң сөйлесеміз.

Генерал (бар пейілімен). Шын айтам, сіздің бұл әңгімені жылы жауып қойғаныңыз жөн. Қойыңыз.

Әкім. Жарар-жарар, бара ғой.

Генерал. Арты не боларын ойлаңыз, әйтеуір.
Генерал шығып кетеді.

Әкім ойланып отыр.
Әкімнің ойы (радиомен). Не істесе болады, ә?! Бұл бір көз көріп, құлақ естімеген әңгіме болатын болды-ау! Мұның аяғы неге апарып соқпақ? Прокурор мен генералдың айтып отырғаны анау. Қайтем? Қайта тартар жер жоқ. Парақорлық – тамыры тереңге кеткен індет. Прокурор дұрыс айтады, бүкіл елде пара алмайтын бір шенеунік жоқ. Ендеше, ала қарға болмай, кім боламын?! Жаңа прокурорға айттым ғой, шұбар қарға болайын, қайту жоқ. Тоқташы. Мыналар қаптаған парақорлар армиясы сардарларының санаулысы ғана. Бұларды сорлатқанмен, қалың қолдың мұрты бұзыла ма? Жоқ, әрине. Дегенде бір сілкуге жарар. Тұра-тұр, бұлардың «крышкалдарын» – көкелерін қайтем? Олар осы қазірден бастап кіріседі. Әкелейді, көкелейді, доңайбат көрсетеді, қорқытады, үркітеді, қатер төндіреді. Райдан қайтуым керек пе сонда? Қой, бастаған екенмін, тастау – өзіме өлім! Қарайларым да, қайтарым да болмасқа керек. Шегінсем, беделім түсіп, бабарым кетеді. Ауыр. Қатерлі. Бірақ қайтпан. Нар тәуекел!
Екінші көрініс
Облыс әкімі аппаратының жетекші Қасым Хасенович Қордабаевтың кабинеті. Аудандар әкімдері үрпиісіп отыр.
Әкімдер президенті Қарғабаев. Қасқабайдың мұнысы несі-ей?!
Әкімдер гу ете қалады:
– Кім білген? Түсінбей қалдық қой ініңізді.

– Бізді мұқатқысы келгені ме, неменесі бұл?

– О заман да бұ заман өз әкімдерін бүйтіп сүмірейткен әкімді кім көрген?

– Өзіне жаман бұл біле білсе.

– Құреке, сіз барыңыз, айтыңыз ініңізге, мұның залалы алдымен өзіне тиеді.

– Қой!


– Рас. Бұл – қоғамға қарсы атылған оқ. Қазір біздің қоғамды ұстап тұрған ұлы күш – пара. Парасыз аяқ басқан адам – ақсақ, жарымжан. Біздің әкім сол параға қарсы күрес ашпақ болады. Бос әуре. Параның барондары бұл сұмдықты қазір-ақ естиді, сөйтеді де дереу қорғауға кіріседі бізді.

– Ия, сөйтеді. Уайымдамай-ақ қойыңдар, достар!

– Кел, біреуіміз Ерік Көбеновичке хабарласайық, ол кісі қағып алады мұның жынын.

– Сөйту керек.



Қарғабаев (ұялы телефонының нөмірін теріп). Ерік Көбенович, сәлематсыз ба? Тараздан Құрман ғой. Ия, ия... Сізге жеткен екен ғой. Сондай бір пәлеге ұрынып қалдық... Ойбай, тіптен қарқыны жаман... Сөйтіңізші!... Жігіттер түгел осында, Қасым Хасеновичтің кабинетінде отырмыз... Әрине, Сіздің тіліңізді алмайтын кім ол?.. Соны айтам... Сіз ғой оны қолдан қошқар қойып отырған. Енді келіп өзінше адал адам бола қалыпты... Қайдан қайқайған... Табаныңызды жалаушы еді ғой... Ұмыта қойған жоқ шығар... Сөйтіңіз, жақсы-жақсы. (Әкімдерге). Жігіттер, естідіңдер ғой, Ерік Көбенович реттейді бәрін.

– Әй, қайдам-ау, біздің мазамыз кеткені кеткен енді.

– Құрбандыққа шалынды деген осы.

Қарғабаев. Өй, қойыңдар. Сендер не, Ерік Көбеновичке де сенбейсіңдер ме?

– Сенеміз. Бірақ бұл Қасқабай – бір қасарысса, қайтпайтын жігіт.



– Ол сіз бен бізге қасарысады, күштілерге көнгіш.

Қарғабаев. Кім білген, көреміз.
Кабинет иесі – аппарат жетекшісі Қасым Хасенович Қордабаев кіреді.
Қордабаев (орынтағына отырып жатып). Жігіттер, көңіл-күй қалай?

Қарғабаев. Құрысын. «Бұл тоқсан көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді» – дегендей заман болды ғой бұл бір. Көрген күніміз не болады енді?

Қордабаев. Ой, қойыңдар, сары уайымға салынбай. Ештеңе де болмайды, бәрі орнында болады. Мен жаңа Ерік Көбеновичке айттым: «Әкімдеріңіздің басына бұлт үйіріліп тұр» – деп. Ол кісі қатты ренжіді. Қазір сөйлеседі. Қасқабай Төреқұловичпен, реттейді.

Қарғабаев. Біздің әкім көнер ме екен?

Қордабаев. Көнбей қайда барады, көнеді.

Қарғабаев. Қайдам, сұры жаман ғой.

Қордабаев. Мен Ерік Көбеновичке көнбейтін адамды көрген емеспін әлі күнге.
Үшінші көрініс
Үлкен қабылдау бөлмесінің бір бұрышында прокурор мен генерал күбірлеп сөйлесіп отыр.
Прокурор. Айтыңызшы, Нұрқат Асылович, не істесе болады мынадай жағдайда?

Генерал. Бұл бір қиын іс болайын деп тұр, Әбиірбек Рахымович. Сіз не айтсаңыз, соны істейміз біз. Менің білетінім – аудан әкімдеріне обал.

Прокурор (сәл ойланып қалып). Біз әкімдерді емес, заңды қорғауымыз керек.

Генерал (лып ете түседі). Санкция беріңіз, қамаймыз.

Прокурор (байсалды). Нұрқат Асылович, сіз екеуміз де кеңестік кезеңнен келе жатқан кадрлармыз. Сол кездің өзінде заңның адамгершілігі дейтіні, анығырақ айтқанда, гуманизмі болмайтын ба еді?

Генерал. Болатын. Ондай ұғым қазір де бар.

Прокурор. Ендеше соған жүгінейік.

Генерал. Әкімнің сөзін қайтеміз?

Прокурор. Әкім заңнан үлкен емес.

Генерал. Әкім – осы облыстың құдайы, не айтса, сол болады. Керек десеңіз, ол заң деп отырған бізді жоқ қылып жібереді.

Прокурор. Сіз алдымен әкімдерді изоляторға айдап апарып, тергеуді бастаңыз. Арғы жағын көреміз содан кейін.

Генерал. Көретін не бар? Заттық айғақ бар, куә бар.

Прокурор. Куә кім?

Генерал. Апппарат жетекшісі.

Прокурор. Соны қойшы. Тайғанақ.

Генерал. Қойыңыз. Ол онда қалай аппарат жетекшісі болып жүр?

Прокурор. Ол қызметке сондай адам керек. Су жұқпастың нағыз өзі істейтін қызмет ол. Ал, Қасым Хасенович үстіне бір шелек емес, бір цистерна су құйсаң, тырнағына тамшы тұрмастың өзі.

Генерал. Мейлі, құрысын ол. Басты әңгімемізге оралайық, меніңше, бұл – түк шықпайтын іс. Құры босқа облыс жалғанға жария болады.

Прокурор. Мейлі, болсын. Әкім талап етіп отыр. Орындамағанда қайтеміз, орындаймыз.

Генерал. Сіз... «Қой» – деп айтпайсыз ба әкімге?

Прокурор. Ешқандай облыс әкімі ешуақыт ешкімнің тіліп алып көрген емес. Әкімдерде бір-ақ түсінік болады – ол өзінен қызметі төменнің өзінен ақылы аз. Принциптері де біреу – ол айтқанын сөзсіз орындату.

Генерал. Адамның өз өресі жетпейтін мәселелер болмай қоймайды. Ондай жағдайда қайтеді бұл әкім?

Прокурор. Қайтеді, қандай да бір шешімге келеді де сол жөн деп біледі. Онысы дұрыс болса, жақсы, бұрыс болса, ел сорлайды. Мына жағдай да солай болайын деп тұр.

Генерал (сәл тосылып қалып). Түсінбедім. Сонда сіз парақорлықты жақтайтын болғаныңыз ба?

Прокурор (шамданып). Абайлап сөйлеңіз сіз, Нұрқат Асылович! Әкімдердің бұл әрекетін мен сыйлық емес, сыйлау деймін. Айтыңызшы, қылмыстық кодексте сыйлау деген статья бар ма?

Генерал. Жоқ.

Прокурор. Генерал мырза, шыныңызды айтыңызшы, жаңа әкімге кіргеніңізде сіздің де қалтаңызда конверт болды ғой.

Генерал. Болды. Сізде де болды ғой, прокурор мырза.

Прокурор. Болды. Мен сыйлаймын Қасқабай Төреқұловичты. Ілтипатымды құттықтау хатқа сыйғызып жазып, конвертке салып... (ойланып барып) Ну, енді... құрғақ қасық....

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет