Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Атырау инженерлік гуманитарлық институты



бет4/5
Дата30.11.2019
өлшемі465,5 Kb.
#52788
1   2   3   4   5
Байланысты:
УМК
Тамо-ое делопр. и статистика, Құқық қорғау органдары, силлабус, тест пси, Силлабус Русский язык 2019, мақала қыз тәрбиесі, 52831

* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.

** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.

*** СЭҚ ТН 2710 19 410 0- 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан – 15 қазан кезеңінде.

**** жыл сайын 15 сәуір – 15 тамыз кезеңінен басқа.
Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Кеден органдарымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен берілетін экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне рұқсат беру тәртібі,

экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі, еліміздің кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу тәртібі туралы көрсетілген.

Негізгі түсініктер: Уәкілетті мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органына транзитке берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жібереді.

Уәкілетті мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органына транзитке берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жібереді.



Студенттерге тапсырмалар:

1.Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі.

2. Еліміздің кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету

кезінде кедендік баждарды алу.

3.Тауарларды «жасыл», «сары», «қызыл» дәліздер арқылы өткізу ерекшеліктері.

4.Кеден органынының лауазымды адамы мен жүк кеден декларациясын тексеру тәртібі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

2.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.

3.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.

4.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999ж.

5.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

6..Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

7.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

8.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.
8-Тақырып

Кедендік сараптама технологиясы

Жоспар:

1.Кеден шекарасы арқылы өткізу барысында кедендік сраптама тағайындалуы мүмкін кедендік операциялар және процедуралар.

2.Кеден ержелерін бұзу туралы істер бойынша іс жүргізу немесе мұндай істерді қарау барысында сараптама тағайындау.

3.Кедендік мақсаттарда сараптаманы жүргізуге уәкілетті сарапшылық ұйымдар мен тұлғалар.



Тақырып мақсаты: Декларант тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттарды берсе, тауарларға қатысты жүктің кедендік декларациясы тауарлар межелі кеден органына табыс етілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмеуі мүмкін. Кедендік баждар мен салықтар тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін төленеді.

Егер кедендік мақсат үшін тауарлардың ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттары пайдалануға тиіс болса, кеден органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.

Егер алдын ала декларацияны тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қабылдаған кеден органына тауарлар берілмесе, жүктің кедендік декларациясының күші жойылуға жатады. Тауарларды алдын ала декларациялаған кезде кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады. Бұрын мәлімделгеннен (тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері негізінде бұрын берілгеннен) өзгеше құндық, сан немесе салмақ көрсеткіштері өзгерген жағдайда, тауардың құны, саны немесе салмағы өзгеренін растайтын құжаттар (коммерциялық актілер, сауда - өнеркәсіп палатасының актілері) міндетті түрде ұсынылады.

Егер тауарлар келгеннен кейін бұрын мәлімделгеннен өзгеше құн, сан немесе салмақ көрсеткіштері сәйкес келмейтіндігін анықталса, декларант Кеден кодексінде көзделген тәртіппен жүктің алдын ала берілген кедендік декларациясын қайтарып алуға құқылы.

Алдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде кеден органының арнайы рұқсаты талап етілмейді. Тауарларды алдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде жүктің кедендік декларацмясын толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісін пайдалана отырып не электр беру желілері бойынша өткізу кезінде, сондай-ақ өкілетті орган белгілейтін өзге де жағдайларда тауарларды уақытша кедендік декларация беру арқылы декларациялауға жол беріледі.

Уақытша кедендік декларацияда белгілі бір уақыт кезеңінің ішінде тауарлардың шамамен алынған мөлшерін өткізу туралы ниет негізге алынып, мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі. Тауардың құнын декларант сатып алу – сату сыртқы сауда шартының бағасын ескере отырып мәлімдеуі мүмкін.

Уақытша кедендік декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бір сыртқы сауда шарты шеңберінде тауарлар беруге бір уақытша кедендік декларация беріліп, кейіннен нақты сатып алушының саны бойынша бірнеше толық кедендік жүк декларациясы мен сатып алу – сату келісімі шарты беріледі.

Уақытша кедендік декларацияны толтыру және оны пайдаланып кедендік рәсімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Бұл кедендік рәсім кезінде, кеден органының уақытша кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолдалынылады.

Уақытша кедендік декларация жоспарланған жеткізілім басталғанға дейін кеден органына табыс етіледі.

Кедендік төлемдер және салықтар кеден органы уақытша кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді.

Декларант жүктің уақытша кедендік декларациясында мәлімделген тауарлар легі жеткізілгеннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірақ уақытша кедендік декларация тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен асырмай жүктің толық кедендік декларациясын беруге міндетті. Уақытша кедендік декларацияға сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды қосымша төлеу және артық төленген кедендік баждар мен салықтарды қайтару, Кодекстің 8- бөліміне сәйкес жүктің толық кедендік декларациясын тапсырған кезде жүзеге асырылады.



Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша тауарларды декларациялауға қатысты қосымша ережелер, алдын ала декларациялау, уақытша кедендік декларация туралы мәліметтер көрсетілген.



Негізгі түсініктер: Декларант тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттарды берсе, тауарларға қатысты жүктің кедендік декларациясы тауарлар межелі кеден органына табыс етілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмеуі мүмкін. Кедендік баждар мен салықтар тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін төленеді.

Егер кедендік мақсат үшін тауарлардың ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттары пайдалануға тиіс болса, кеден органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.



Студенттерге тапсырмалар:

1.Кеден шекарасы арқылы өткізу барысында кедендік сраптама тағайындалуы мүмкін кедендік операциялар және процедуралар.

2.Кеден ержелерін бұзу туралы істер бойынша іс жүргізу немесе мұндай істерді қарау барысында сараптама тағайындау.

3.Кедендік мақсаттарда сараптаманы жүргізуге уәкілетті сарапшылық ұйымдар мен тұлғалар.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

2.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.

3.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.

4.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999ж.

5.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

6..Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

7.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

8.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

9-Тақырып

Кеден органдарының және кедендік зертханалардың бірігіп іс-қимыл жасау

тәртібі

Жоспар:

1.Кеден органдарының және кедендік зертханалардың бірігіп сараптама жасау тәртібі.

2. Сараптама жасау негіздері.

3.Кеден органының лауазымды тұлғасымен тауарлардың сынамаларымен үлгілерін кеден зертханаларының қызметкерлеріне зерттеуге жіберу үшін алу.



Тақырып мақсаты:Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізген кезде кеден органы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға мерзімдік кедендік декларация беруге құқылы.

Егер тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеу коды болса, олар бірдей тауарлар ретінде қарастырылады.

Егер бір тұлға күнтізбелік отыз күн ішінде бір тауардың үш және одан да артық жеткізілімін жүргізсе, ондай тауарлар еліміздің кедендік шекарасы арқылы бір тұлға тұрақты түрде өткізетін тауарлар ретінде қарастырылады.

Кедендік мақсат үшін, жекеленген жеткізілімдердің санына қарамастан, бір сыртқы сауда шарты бойынша отыз күннің ішінде бір өткізу бекеті арқылы өткізілетін және бір кеден органында кедендік рәсімдеу жүргізілетін бірдей тауарлар біртұтас тауар легі ретінде қарастырылады. Кедендік баждар және салықтар, акцизделетін тауарларды қоспағанда, жүктің толық кедендік декларациясы тіркелгенге дейін немесе тіркелген күні төленеді.

Мерзімдік дкеларациялау кедендік баждаоды және салықтарды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жеткізу мерзімі басталғанға дейін мерзімдік кедендік декларацияны беру арқылы жүргізіледі. Бұл ретте мерзімдік кедендік декларация тауарлардың бірыңғай легіне толтырылады.

Мерзімдік декларациялау рәсімі қолданылып тауарлар өткізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірмей, әкелінген немесе әкетілген тауарлардың нақты саны есепке алынып, толтырылған жүктің толық кедендік декларациясы беріледі.

Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Егер декларант кедендік декларацияны толтыруға қажетті бүкіл ақпаратқа өзіне байланысты емес себептер бойынша ие болмаса, онда тауарды шығаруға, кедендік төлемдерді есептеу мен төлеуге қажетті, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталғанын растайтын, сондай- ақ тауарларды сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бірдейлендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер болған жағдайда толық емес кедендік декларацияны беруге рұқсат етпеді.

Декларант толық емес кедендік декларацияны берген кезде ондағы жетіспейтін мәліметтерді кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда табыс етуге міндеттеме алады.

Егер кеден органы толық емес кедендік декларацияны қабылдаса, осы Кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін қоса алғанда, толық және тиісті түрде толтырылған кедендік декларация басынан бастап берілген жағдайдағыдай шарттар мен талаптар қолданылады.

Толық емес кедендік декларацияны толтыру тәртібі мен оны пайдалану жағдайларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі рұқсат) алу үшін мүдделі тұлға кеден органына мынадай мәліметтерді:

1)тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы

бойынша жіктеу коды көрсетілген атауын;

2)тауарлардың күнтізбелік бір ай ішінде өткізілетін болжамды жиілігі мен көлемін;

3) тауарлар шығарылған елді;

4) тауарлардың шамамен алынған кедендік құнын;

5) тауарларды әкелген кезде – жіберушінің, әкеткен кезде тауарларды алушының атауын;

6) әкеткен кезде – тауарларды әкету жүзеге асырылатын кедендік өткізу бекетін көрсетіп, тауарды өткізетін тұлғаның бпсшысы қол қойған еркін нысандағы өтінішті береді.

Өтініш түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден органы өтінішті қарауға тиісті. Әкелінетін тауарларға қатысты рұқсат тауарларды жіктеуге байланысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда беріледі.

Рұқсат:


  • болжамды өткізілетін тауарлар мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сәйкес келмеген кезде;

  • кедендік төлемдер мен слықтарды төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға;

  • оларға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған не соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған тұлғаларға берілмейді.

Рұқсат сыртқы сауда шартының немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізуге негіз болатын өзге құжаттардың қолданылу мерзіміне беріледі.
Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша мерзімдік кеден декларациясының түсінігі және оны толтыру тәртібі, мерзімдік және толық емес кедендік декларацияларды толтыру, мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат беру тәртібі туралы баяндалады.



Негізгі түсініктер: Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде

өткізген кезде кеден органы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан республикасының

кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға мерзімдік кедендік декларация беруге

құқылы.


Егер тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеу коды болса, олар бірдей тауарлар ретінде қарастырылады.

Егер кедендік мақсат үшін тауарлардың ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттары пайдалануға тиіс болса, кеден органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.



Студенттерге тапсырмалар:

1. Мерзімдік және толық емес кедендік декларацияларды толтыру.

2.Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат беру тәртібі.

3. Қазақстан республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға

мерзімдік кедендік декларация берудің тәртібі.

4. Уақытша кедендік декларация және оны толтыру тәртібі. .



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Алексеев С.С. Теория право. М., 1995.

2.Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

3.Борисов К.Г. Международные таможенное право. М., 1997.

4.Габричидзе Б.Н. Таможеное право. М., 1995.

5.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

6..Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

7.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

8.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.
Тақырып №10.

Орталық кеден зертханасының құқықтық мәртебесі

Жоспар:

1. Орталық кеден зертханасының құрылу тарихы.

2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік сараптаманы орталық кеден зертханасында жүргізу.

3.Орталық кеден зертханасының еліміздің кеден органдарының біртұтас жүйесінде алатын орны.

4.Орталық кеден зертхана қызметінің құқықтық негіздері.

Тақырып мақсаты:Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық саудаға белсене араласа бастады, ал сыртқы экономикалық қызметті жалпы либерализациялау елеміздің кеден органдарынан кедендік саясатты қайта жасақтауды талап етті. Осындай шаралардың бірі болып Қазақстан Республикасы Кеден органдары жүйесіндегі кедендік сараптама жүйесін құру табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің « Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің арнайы сұрақтары туралы» Қаулысын (18.09.1995 ж.) басшылыққа ала отырып, еліміздің Қаржы министрлігі Бас кеден басқармасының негізінде, штаттық саны бес адамнан тұратын, кедендік сараптама және зерттеу жүргізу бөлімі құрылды.

Бұл бөлім жұмысын жаңадан бастауға тура келді. Кейіннен, кедендік лабараториялар, оның қызметінің құқықтық мәртебесі анықталып, білімді де білікті мамандар жұмысқа тартылды. Жаңа нормативтік және ғылыми - әдістемелік база жасақталды. 1995 жылы, осы бөлімнің негізінде Кеден Комитетінің өзіндік құрылымдық бөлімі болып – Орталық Кедендік лаборатория құрылды. Ол Кеден Комитеті басшысының бұйрықтарымен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып жұмысын жалғастырды.

Сол жылы еліміздің кедендік басқармалары мен кедендерінде бір адамнан үш адамға дейін штат саны бар, кедендік сараптама және зерттеу жүргізу қызметі құрылды. Ондағы сарапшы мамандардың саны – 72 адамға дейін жетті.

Кедендік сараптама қызметінің құрылған кезінен бастап, осы уақытқа дейінгі арлықта көптеген жұмыстар атқарылды және кеден органының ажырамас бір бөлігіне айналды.

Қазіргі таңда кедендік сараптама қызметі келесідей негізгі тапсырмаларды анықтауды және шешуді жүзеге асырады:



  • тауарлардың физикалық және химиялық құрылымын;

  • СЭҚ ТН сәйкес тауардың кодын;

  • тауардың шыққан елін;

  • тауардың кедендік құнын;

  • қайта өңдеу операциясы жүргізілгеннен кейінгі шикізатқа идентификация;

  • тауардың сапасына, маркасына, сортына, түріне;

  • шикізатты өңдеген мезгілде оның азық-түлік нормасының сақталуын;

  • наркотикалық, улы, жүйкеге әсер ететін заттардың құрамын;

  • тауарлардың экологиялық және эксплуатациялық қауіпсіздігін;

  • еліміздің көркем, тарихи, археологиялық құндылықтары бар тауарларына және шетел мемлекеттерінің осындай тауарларына қатысты сараптама қызметтерін жүргізеді.

Қажетті уақытта кедендік лаборатория СЭҚ қатысушыларына тауарларды елден шығарылғанға дейін консультатциялар береді.

Бұл лаборатория тауарларға әдістемелік зерттеу жүргізудің барлық талаптарына сәйкес келеді және зерттеу жүргізу мекемесі ретінде тіркелген.

Еліміздегі Орталық кеден зертханасы қазіргі заманғы ғылыми- зерттеу, әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, жоғары білімді мамандармен қамтылған деп айтуға толық негіз бар. Олардың арасында: заңгер, экономист, геолог, дәрігер, химиктер мен биологтар, фармацевтер және тағыда басқа маман иелері көптеп кездеседі. Екі маманның химия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Бұл зертханадағы мамандардың көпшілігі ТАСИС және ЮСАИД бағдарламасы бойынша арнайы курстардан өткен, европалық стандартқа және АҚШ-тың Әділет департаментінің арнайы сертификаттары бар.

Орталық Кеден Зертханасы мен сарапшы қызметкерлердің жұмысы еліміздің кеден шекарасынан өткізілетін барлық тауарларға қатысты жүргізілуі мүмкін. Соның ішінде, олардың негізгілері болып табылатындар: азық-түлік өнімдері, алкогольды және алькогольсыз сусындар, автомобильдер мен оларға қосалқы бөлшектер, қара және түсті металдар мен олардан жасалатын бұйымдар, мұнай және мұнай өнімдері, өндірістік құрал-жабдықтар, тұрмыстық және электрондық техникалар, химия өндірісінің өнімдері, дәрі-дәрмектер, өлшеу және медициналық құрал-жабдықтар, тоқыма өнімдері, құрылыс материалдары, халық тұтынатын тауарлар және басқа да тауарлар.

Бұл тауарларды зерттеу үшін, классикалық әдістеменің физика-химиялық анализімен бірге, зерттеудің ең үздік әдістері: сұйық және газдық хроматография, ИК және УФ- спектрометриясы, масс-спектрометриясы, рентгендік флюроценттік анализдері қолданылады. Сараптамалық қызметті жүргізу барысында Ғылыми зерттеу институттарымен бірге, басқа да сарапталық мекемелермен бірге зерттеу жүргізіледі.

2000- 2002 жылдардың ішінде Атырау, Қостанай және Шымкент қалаларында аймақтық 3 кеден лабораториясы құрылды.

Кедендік баждардың мөлшерінің өзгерісімен байланысты және тауарлардың классификациясын дұрыс айыру, тауардың шыққан елін анықтау, тауардың кедендік құнын анықтау мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Кеден Комитетінің №162 бұйрығы шықты. Оған сәйкес, тауарларды декларациялау барысында білместікпен немесе қасақана түрде келтірілген қателіктер мен жағдайларға байланысты, олардың дұрыс толтыру тәртібін көрсетеді.

Тауарларға кедендік бақылау жүргізу саудаға техникалық барьер ретінде тосқауыл болмауы тиіс.

Тауарлардың кедендік сараптамасы – кедендік салықтар мен төлемдердің дұрыс алынуына және тұтыну барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Еуропалық қауымдастықта көрсетілгендей, кедендік зертханалардың, қызметін тексеру барысында, кедендік зертханалар жүйесінің қажет екендігі анықталды.



Әдістемелік нұсқаулық.

Тақырып бойынша Орталық кеден зертханасының Қазақстан Республикасының кеден органдарының біртұтас жүйесінде алатын орны, орталық кеден зертханасының құқықтық негіздері мен құрылу тарихы, орталық кеден зертханасы қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру.

туралы баяндалады.

Негізгі түсініктер: Орталық кеден зертханасының Қазақстан Республикасының кеден органдарының біртұтас жүйесінде алатын орны, орталық кеден зертханасының құқықтық негіздері мен құрылу тарихы, орталық кеден зертханасы қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру.

туралы баяндалады.



Студенттерге тапсырмалар:

1.Орталық кеден зертханасының Қазақстан Республикасының кеден

органдарының біртұтас жүйесінде алатын орны.

2.Орталық кеден зертханасының құқықтық негіздері мен құрылу тарихы.

3. Орталық кеден зертханасы қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Алексеев С.С. Теория право. М., 1995.

2.Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

3.Борисов К.Г. Международные таможенное право. М., 1997.

4.Габричидзе Б.Н. Таможеное право. М., 1995.

5.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной Азии» А., 1995 г.

6..Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

7.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы,1995

8.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

Ұсынылатын (тақырыптарда көрсетілген және одан өзге де) нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Кеден кодексі. 1.05.2003ж. (2005 ж маусымда өзгерістер мен толықтырулар

енгізілген)

3.ҚР Президентінің ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1994ж.

4.ҚР жедел іздестіру қызметі туралы заң 15.09.1994ж

5.ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібімен мәлімдеу туралы № 129.

09.02.1993ж. Үкімет қаулысы.

6.Қазақстан территориясындағы тауарлар, жұмыс және қызмет экспорты және

импортының тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 66.19.05.1995 ж.

7.Кеден шекарасы арқылы тұлғалардың тауарларды, сонымен қатар көлік құралдарын

өткізу тәртібі туралы Үкімет қаулысы № 1712. 31.12.1996 ж.

8.ҚР кеден қызметін жетілдірудің 2000 –2002 ж. арналған тұжырымдамасы Үкімет

қаулысы.№ 301. 25.01.2000 ж.

9. // Таможенное дело. №4,5,7,8. 25 желтоқсан 2000 ж.

Арнайы әдебиеттер:

1.Алексеев С.С. Теория право. М., 1995.

2.Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

3.Борисов К.Г. Международные таможенное право. М., 1997.

4.Габричидзе Б.Н. Таможеное право. М., 1995.

5.Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан, Алматы, 1996.

6.Лившиц Р.З. Теория право. М., 1994.

7.Мадиярова Д.М., Текенов У.А., «Международные транспортные перевозки и

управление таможенным делам». Учебное пособие. А., 2000 г.

8.Международные договоры, ратифицированные РК, в сфере таможенного

законодательства: сборник международных актов. /сост. Э.Б. Мухамеджанов, И.В.

Межибовская. А., 1998 г./

9.Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение

благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента РК народу Казахстана. А.,

1997 г.

10.Нұрахметов Б. Қазақстан Республикасының кеден ісі. Алматы. 2000.



11.Поленов Г.Ф. Уголовное право. Алматы, 1997.

12.Помпов Г. Ф. «Қылмыстық құқық» А., 1997 ж.

13.Протасов В.Н. Что и как регулирует право. М., 1995.

14.Рогов И.И. «Экономика и преступность» А., 1991 г.

15.Сарсеков Б. «Контрабанда наркотиков в РК: проблемы и пути их преодоления» А., 1998

г.

16.Сарсембаев М.А. «Международно – правовые отношения государств Центральной



Азии» А., 1995 г.

17.Сарсембаев М.А. «Кеден құқығы» А., 1997 ж.

18.Сарсембаев М.А. Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности.

Алматы,1995

19.Сандровский К.К. «Таможенное право» Киев 1974 г.

20. Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.

21. Сенякин И.Н. Теория государства и права: Курс лекций. М., 1997.

22. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін).

Алматы, 2001.

23.Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А.,

1996 г.

25.Угаров Б.Н. «Международная борьба с контрабандой» М., 1981 г.



26.Шалтыков А.И. История таможенного дела. Алматы,1999

27.Сапарғалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 1998.



28. Сенякин И.Н. Теория государства и права: Курс лекций. М., 1997.

  1. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.

  2. Тленчиева Г.Д. «Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» А., 1996 г.


Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы.

«Кеден ісі және құқықтану негіздері» кафедрасы

«Кедендік сараптама» пәні



Оқулықтардың аты

Саны

Ескерту







кітапханадағы

кафедрадағы

Студент.қамтамасыз етілуі (%)

Электрондық түрі




1

2

3

4

5

6

7

1

ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж. Алматы, «Жеті Жарғы», 2007ж.

1


2

36







2

ҚР Кеден кодексі. 30.04.2003ж., Алматы, «Юрист», 2006ж.

1

2

57







3

Алибеков С.Т. «Таможенное право» А., 1997 г.

2

1

48







4

Алибеков С.Т. «Казахстанское таможенное право». А., 1999 г.


2

1

37







5

Габричидзе Б.Н. Таможенное право. Москва, 1995г.

-

1

12







6

Тілемісов Н. Х.

«Қазақстандағы кеден тарихы» А., 2001 ж



-

-

4







7

Мауленов К.С. «Основы таможенного законодательства», Алматы, 1997г,

-

-

1







8

Нұрахметов Б. ҚР кеден ісі. Алматы. 2000ж.

3

-

12







9

Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента РК народу Казахстана. А., 1997 г.


4

1

47







10

В.Г.Драганов «Основы таможенного дела», Москва, 1998г.

-

-

1







11

Нұрахметов Б. ҚР кеден ісі: сұрақтар мен жауаптар. А., 2000 ж.

5

1

44







12

Алибеков С.Т. «Таможенное право» А., 1997 г.

2

-

27







13

Международные договоры, ратифицированные РК, в сфере таможенного законодательства: сборник международных актов. /сост. Э.Б. Мухамеджанов, И.В. Межибовская. А., 1998 г.

1

-

11







14

Заң консультатциялары. Республикалық ай сайынғы журнал.

34




95








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет