Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
12
1.3 МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепалды даярлықты ұйымдастыру
Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап жалпы білім беретін мек-
тептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында не-
месе отбасында жүзеге асырылады.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
•
перспективалық жоспарға;
•
циклограммаға
•
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша жүргізілетін мо-
ниторингке сәйкес жүзеге асады.
Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды
сыныпта тәрбиелеу-білім
беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің пер-
спективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады, жылына 3
рет (бастапқы – қыркүйекте; аралық – қаңтарда; қорытынды – мамырда) Үлгілік
оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг нәтижелері бойынша тәрбиеші оқу
жылына баланың жеке даму
картасын толтырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы білім
беретін мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды даярлық сы-
ныптарындағы тәрбиелеу-білім беру процесі 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін
(Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру кезеңі) жүзеге асырылады.
Оқу жылы ішінде мектептің (лицейдің, гимназияның)
ішкі тәртіп ережелеріне
сәйкес каникулдар белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік
қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының www.irrd.kz порталы қамтама-
сыз етеді.
Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне ауысқан
кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға
бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері
арасындағы сабақта-
стық білім беру процесінің әдіснамасы мен мазмұнының үздіксіздігі мен бірлігі,
баланың мектепте оқуға физикалық,
психологиялық, эмоционалдық,
әлеумет-
тік дайындығына мүмкіндік беретін білім алушылардың білімі мен дағдыларын
кезең-кезеңімен арттыру болып табылады. Бастауыш мектеп баланың одан әрі
жан-жақты дамуы үшін мектепке дейінгі білім беру нәтижелеріне сүйенеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бастауыш білім беру
мазмұнымен сабақтастықты қамтамасыз ететін ұйымдастырылған іс-әрекеттің
мынадай түрлерін қамтиды: коммуникативтік («Сөйлеуді дамыту», «Көркем әде-
биет», «Қазақ тілі»), коммуникативтік және танымдық («Сауат ашу негіздері»), та-
нымдық және зерттеу («Математика негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру»
(«Сурет салу», «Музыка», «Жапсыру»).