Қазақстандағы орта білімді жаңартудың басым бағыттары


Проблема: Периметр, аудан ұғымдары өмірде қажет пе?



бет13/15
Дата12.02.2023
өлшемі1,35 Mb.
#168440
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
педдәріс каз

Проблема: Периметр, аудан ұғымдары өмірде қажет пе?
Білім: Фигуралардың Р.S табу жолдары, формуланы білу.
Білік: Геометриялық фигуралар тәріздес денелердің P.S есептеу
Дағды: Бөлменің P.S табу
Күтілетін нәтиже: Геометриялық фигуралардың P.S формулаларын өмірде қолдану.

1-деңгей
Жанар мектеп ауласындағы ойын алаңының ауданын есептемекші. Ойын алаңы шаршы тәріздес. Егер қабырғасы 5м-ден болғанда ойын алаңының ауданы нешеге тең?
Жауабы:S=5x5=25м2
2-деңгей
Жанар осы ойын алаңын 2-рет айналып жүгірмекші. Сонда барлығы неше метр қашықтықты жүргізіп өтеді?
Жауабы: Р = 5х4=20м 20х2=40м
3-4-деңгей
Жанардың әкесі мектеп ауласындағы ойын алаңына ұқсас ауданы 2 есе үлкен спорт алаңы мен спорт алаңынан 20 м2 қысқа балалар алаңын салмақшы. Жанардың әкесіне барлығы қанша жер көлемі қажет.
Жауабы:25мх2м=50м2 , 50м2-20м2=30м2
50м2+30м2=80м2
5-6 деңгей
Жанар ойын алаңын жалаушалар байланған жіппен айналдыра безендірмекші. Әр 1 метр жіпте 10 жалаушадан бар. Жанарға ойын алаңын 1 айналдыра безендіру үшін қанша жалауша қажет?
Жауабы: Р=5x4=20
20мх10=200 (жалауша)
2-мысал
Киіз үй.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі - киіз үй. Қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан, ыңғайлы баспана қажетсінген. Сондықтан киіз үйді пайдаланған. Киіз үй- жинауға, құрауға ыңғайлы жеңіл баспана. Қыста жылы, жазда қоңыр салқын болады. Киіз үй алты қанатты, он екі қанатты болып келеді
Проблема: Киіз үй бөліктері арқылы оның көлемін анықтау мүмкін бе?
Білім: Математикалық өлшемдер туралы түсінік беру, ережелерін есте сақтау.
Білік: Нақты өлшемдерге сүйене отырып, дененің өлшемін табу
Дағды: Геометриялық фигуралармен салыстыра отырып, кез-келген дененің өлшемін табу жолдарын өмірде қажетіне жарату.
Күтілетін нәтиже: Сүйек өлшемдеріне байланысты киіз үй сыйымдылығын, түрлерін ажырата алады.
1-деңгей
Киіз үйдің керегесінің ұзындығы 2 метр болса, он екі қанатты киіз үйдің ұзындығы неше метрге тең?
Жауабы: 12*2=24 м
2-деңгей
Он екі қанатты киіз үй керегесінің ұзындығы 24 метр. Керегеге байланған уықтардың арасы 40 см болса, қанша болады?
Жауабы: 24м=2400 см/ 40 см = 60 уық
3-4 деңгей
Бір керегенің жанына 4 адамнан отырса, он екі қанатты киіз үйді қанша адам қатарласа айнала отырады?
Жауабы: 48 адам
5-6 деңгей
Осы киіз үйдің екі қанаты (кереге жаны) бос болса, қанша адам отырғаны?
Жауабы: 40 адам
3-мысал
Бастауыш сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағынан.
Кітап дүкені
Абай көшесінде кітап дүкені бар. Дүкен тұрғын үйдің бірінші қабатында. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен кітап пен сөздік сатып алдым. Сөздік жүз теңге тұрады. Кітап екі жүз теңге тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет