250
250
ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып
жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен
келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге
қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.
Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық
музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық
аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың
тарихын баяндаған музыкалық
аспаптардың бірі. Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы),
динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың
дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен
қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың
алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың
дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып
бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ
өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың
“ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар.
Домбыраны үйренудің басты шарттары тік отырып домбыраның құлақ күйін
дұрыс
келтіру. Музыка көңіл-күйді білдіреді, ал домбыранын үні сол сарында болуы тиіс. Сол
себепті сабақты құлақ күйін дұрыс айыра білуден астаған дұрыс. Домбыраны үйрету кезінде
оқытушының сауаты мен домбыра туралы білімі өте маңызды (домбыра туралы аңыздар,
домбыраның қандай түрлері бар, атақты күйшілер т.б.). Және де түсіндіру мен үйрету
әдістемесі, тәсілін де ерекшелей отырып үйретсе, қызықтыра алса сонда ғана жемісі болады.
Сонымен қатар айта кетерлік маңызы бар дүние ол – қызығушылық. Онсыз бұл үйреткен
заттардың барлығы босқа кетуі мүмкін.
Оқушы қағыстарға біраз жаттыққаннан кейін, сол қол саусақтарынан перне басып
үйренеді. Сол қол саусағы домбыра мойынының астына жасырмай, қойылымдық қалпын
сақтап қалу керек. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 –
15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады.
Олардың құлақ бұрауы да
қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш
ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп
ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б. Пернеден пернеге ауысарда саусақтарды сәл
босатып, ішектей бойлай сырғыту, жылжыту қажет. Қолдың әрлі-берлі қозғалысы кезінде
иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей, білезік буынын бүкпей, алақанды
домбыра мойнына тигізбей ұстаған жөн.
Аппликатура
- музыка аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу,
алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс
қойылған аппликатураның маңызы өте зор. Дыбыс сапасы әсем болу үшін
саусақтарды
көтермей ауыстыру керек.
Домбыраның құрылысы күрделі екені белгілі, ол бір қарағанда оңай көрінеді. Мысалы:
дыбыс шығару, перне басу т.б әдіс амалдар. Штрихтың бірнеше түрлері болады: пицикато,
тремоло, қос пицикато т.б. Тремолар штрихы бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі
қайталануы. Ол дыбыс ұзақ тұру үшін немесе әуен әрлеу үшін қолданылады. Домбырамен
тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады.
1.
Жеке саусақпен орындау. Бұл тремоланы домбыраның шанақ түбіндегі түйме
тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып отыру керек.
2.
Сұқ саусақ пен бармақ арқылы ойналатын тремолалар қолдың әр түрлі қимыл-
қозғалысымен орындалады.
Оқушы болашақ орындаушы болғандықтан оның өз бетімен жұмыс істеуі үшін, оған
еркіндік берудің үлкен маңызы бар.
Сабақтың жоспары бойынша нота сауаттылығы туралы жазылады. Бұл домбырада
белгілі бір шығарма орындаудағы басты рөл болып табылады. Мысалы: Күй үйрену кезінде
251
251
ноталардың ретімен ойнау арқылы күйдің мағынасын қайғылы ма көңілді ме, яғни
сезіндіруге, көңіл-күй сыйлауға болады. Осыған орай екіпн пайда болады: ол жай, орташа,
жылдам болып негізгі үш топқа бөлінеді. Ал динамика дегеніміз – күшін азайту немесе
арттыру дәрежесі, шығармашылық
мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық
ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы
көрсетеді.
Домбырада шетелдік шығармаларды орындау. Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық
аспаптың мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып
табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі
шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем
ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы:
Моцарттың “Түрік маршы” өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың
бірі. Оның барлық вариациясын күй-сандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер
адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса
қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ
композиторларының
шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды асқан шеберлікпен
әсем орындауға болады. Бұның өзі домбыраның ерекшелігінің бір дәлелі.
Осындай керемет асыл мұрамызды дәріптеу музыка пәнінің ғана емес барлық
оқытушы-ұстаздардың басты мақсаты болуы керек. Барлығымыз бірігіп асыл мұрамыздың
ажарын ашатын, атын әлемге танытатын өнерлі жастарды тәрбиелеп, болашақ ұрпақтың
өнерлі, қазақ дәстүрін жаңғыртуы үшін қазірден бастап бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығаруымыз керек. Сонда ғана Қазақ елінің ежелгі мұралары ұмытылмастай есте қалатын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: