Заключение. Используемая модель поддержки учебных Web-ресурсов, позволяет оперативно изменять контент ресурса носителем знаний, а это весьма важно для обеих сторон процесса обучения. Преподаватель сам является конструктором учебного контента, на состав и структуру которого нет никаких ограничений. Эти обстоятельства выгодно отличают предлагаемый подход от сложных, дорогостоящих и менее гибких систем дистанционного обучения, предполагающих администрирование таких систем, лицами не участвующими в учебном процессе. Технологическая цепочка по созданию и поддержке учебных ресурсов в предлагаемой модели сокращена до минимума. Описанная выше система в первую очередь предназначена для поддержки традиционных форм обучения с помощью ИТ (E-learning) и адаптирована на современные реалии, как в техническом, так и в методическом плане.
Аңдатпа
Гүлнұр Ғалымқызы Мискакова, Толқын Төлебекқызы Арсақбаева «Мамандарды дайындап шығарушы кафедралар үшін интерактивті Web-қорлардың автоматтандырылған басқару және қадағалау жүйесін жасақтау» атты мақаласында мамандарды түлетіп шығарушы кафедралар үшін ақпараттық технологияларды (АТ) оқу үдерісіне кеңінен енгізудің жаңғырмалы жүйесін жасақтау ұсынылады. Мұндай жүйе әсіресе «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша түлектерді дайындап шығаратын «Жүйелік талдау және басқару» немесе осы сарындас кафедралар үшін қажет-ақ.
Annotation
In the article of Gulnur Galymkyzy Miskakova and Tolkyn Tolebekkyzy Arsakbaeva «Working out of the automated system Managements and supports of the interactive Web-resources for main pulpits» discussed effective integration of an information technology (IT) in formation is one of major factors to the decision of the main problem – to educational level increase as a whole. This problem demands observance of accurate balance between the best methods of traditional training and new understanding of the process of training. The system described above first of all is intended for support of traditional modes of study by means of IT (E-learning) and adapted on modern realities both in technical, and in the methodical plan.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТІЛАШАРЛАР – ЕРТЕҢГІ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ НЕГІЗІ
Мұхтарбай Өтелбаев*, Дәуренбек Әзенұлы Әубәкір, Күнсұлу Ерғалиева
*ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы,
Л.Н.Гумилев ат-ғы ЕҰУ һәм М.В.Ломоносов ат-ғы ММУ профессоры,
ҚР Мемлекеттік және «Алтын адам» сыйлықтарының иегері.
Кіріспе. Бүгіндері адам өміріне электроника, информатика (математикамен аралас-құралас) өте күрделі өзгерістер енгізді. Алдымыздағы жылдары информациология – ақпараттандыру дами түседі. Мысалға, «электрондық тәржімалағыш» адам баласы бір-бірімен сөйлесуге шексіз мүмкіндік жасайды. Әркім бір ғана – ана тілін білсе жеткілікті болады. Бұл жаһандану үрдісіндегі кедергілердің біразын алып тастайды. Көп елдердің жаһандануға қарсы болуына – ана тілімізден ажырап, ұмытып кетеміз деген қорқыныш себеп болып отыр. «Электрондық тәржімалағыштарға» ұлы халықтар кедергі жасауы мүмкін. Мысалы испан тілінде сөйлесетіндер (олар 300 млн-нан астам) кечуа тілінен кез келген тілге аудара алатын аударғыш пайда болуына немқұрайлы қарайды. Себебі, олар кечуалар испан тілін қабылдап, өз тілін және мәдениетін ұмытып кеткенін қалайды. Қытай немесе ТМД елдер территориясында одан да тұрпайы мысалдар бар. Осындай жағдайға қарамастан, тәржімалағыштар сөз жоқ пайда болады, бес-он жыл ішінде бізге де жетеді. Алдымыздағы жылдары бізді роботизация дәуірі күтіп тұр. Ол да электроника, математика, жасанды зерде ілімі және кибернетиканың дамуына тікелей байланысты.
Адам өркениеті дами береді, өрісі, меңгерген техникасы кеңейе береді, кеңейе береді, сөйтіп жаңғырмалы – инновациялық тәсіл-айла, технологиялардың небір ғажайыптары арқасында ғарыш кеңістігінің тұңғиықтарына шейін өз-өзінен қалпына келіп отыратын қуат көздеріне негізделген ноосфералық білім мен тәсіл-айлаларға – технологияларға сүйене отырып, игеріп алады. Яғни, қол-созымдағы ертеңгінің ғылыми тірегі ноосферология болмақ [1-3]. Ал оның қарастырылып отырған мәселеге байланысты бір бағыты һәм салдары жасанды зерде, табиғи зерде ұғымдарының математикалық лингвистиканың метатеориясы арқылы бір-бірімен қабысып, үйлесім табуы болмақ.
Елімізде «электрондық үкімет – e-үкімет» (ЭҮ) жүйесі қалыптастырыла бастады. Осы үрдіске байланысты көкейде жүрген біраз ойларымызды ортаға салып, қалайда төл тіліміздің жоғары мәртебесін сақтап қалу амалын қауымдасып зерделесек деген үмітпен төменде өз ұсыныстарымызды мамандар талқысына жолдамақпыз ([4-5] әдебиет көздерін қосымша қараңыз!).
Ұсыныстарымыз:
Осы ЭҮ жүйесі толыққанды жұмыс істеуі үшін көптеген шаралар атқарылуы тиіс. Маман ретінде айтарымыз: тіл саласындағы электрондық IT-технология сөздіктер мен мәтіндік тәржімалағыштармен ғана шектелмеуге тиіс. Электрондық аудармашы – тәржімалағыштар жасау ісі өте күрделі және көп уақытты талап ететін жұмыс екенін қазір әркім түсінеді.
Сондықтан электрондық сөздіктер жасауды:
қалта (портативтік) компьютеріне икемделген электрондық тілашарлар – электрондық тіл ұстартқыштар, тілмаштар, сөздіктер жасаумен;
және де осы тұрғыдағы арнайы тәржімалағыштар жасаумен ұштастыру қажет.
Олар жалпы қолданысқа арналған және де кәсіби қолданысқа арналған – деп екіге бөлінуі ықтимал.
Түсініктеме:
Бағдарламалық жасақталуы тиісті ыңғайға келтірілген компьютердің «қолынан келмейтіні жоқ!» – десек болғандай. Қазірдің өзінде компьютерге сөздіктер енгізуге болады. Демек, жеке-дара сөзді компьютерге жазсақ, оның ағылшынша (немесе басқа бір тілдегі) баламасын экраннан оқи аламыз. Сондай-ақ, қысқа сөйлемдерді де компьютерге енгізіп сөйлемдер базасын жасап алуға болады. Себебі компьютердің жадына триллиондаған сөйлем енгізуге мүмкіндік бар. Адам бір секөндте – 2 сөз, бір тәулікте – 72000 сөз сөйлей алады екен, сонда жылына – 25 млн сөз, ал өмір бойғы адамның сөйлей алатын сөздері 2,5 млрд-тан аса алмайды. Демек, компьютерге сиятын сөйлемдер, ол адамның өмір бойы пайдаланатын сөздерінен мыңдаған есе көп. Қазір көп жерде компьютерге сөйлемдер енгізіп, мәтіндер жазып қойып, соны пайдаланып жүргендер баршылық. Әзірге көбінесе жазба түрінде пайдаланылады, оны мәтіндік редактор деп атап жүр. Сіздің жеке-дара көмпьютеріңіз болса, оны сіздің аузыңыздан шыққан сөзді дәлме-дәл жазатын етіп үйретуге болады. Осыны пайдаланып мынадай амал істеуге болады: Менің компьютерімде қазақша-ағылшынша сөйлемдер сөздігі бар. Менің компьютерім менің сөйлеген сөзімді жаза алады, яғни үйретемін. Қазақша жазылған сөйлемнің ағылшыншасын компьютер сөйлемдер сөздігінен табады. Содан кейін ағылшын тілінде стандартты дауыспен сөйлейді, дыбыстап айтып береді. Сөйлегенді мысалы ауғандық пуштунның қолындығы компьютер естиді. Сөйлем стандартты дауыспен сөйленгендіктен, оны пуштунның компьютері түсініп, пуштуншаға аударады (ол өзінің компьютеріне пуштун-ағылшын сөйлемдер сөздігін салып жүр деп отырмыз). Компьютер иесіне пуштунша сөйлеп, менің айтқанымды жеткізеді. Керісінше, оның айтқанын маған компьютерім қазақша айтып береді. Демек, ұзамай он-он бес жылда осындай компьютерлік бағдарламалар істей бастауға тиіспіз. Бастапқы кезде бұл әдіс біраз қиындыққа душар болар. Ең бастысы мұндай мүмкіндік бар екені, әлбетте, қазіргі техника деңгейіне әбден сай келеді. Әр адам өз жанында мөлтек автономды жұмыс істейтін қалта компьютерін алып жүреді. Ол сымсыз Интернетпен жалғасады немесе тікелей ашық эфирге шыға алатын болады. Мұндай істі қазақтар бастай берсе болар еді. Бұл жоспар іске асу үшін стандартты сөйлемдер ағылшын тілінде сайтта – Интернетте болуға тиіс, олар стандарт дауыспен – әйел дауысы мен ер-адам дауысы арқылы жазылуға тиіс. Әр халық өз тіліне аударып, осы бағдарламамен пайдаланады. Осылай етуге ағылшындар да мәжбүр болады. Себебі, олардың дауысы әлі де стандарт емес. Осы айтылғанға байланысты егемен елдердің халқы бір-ақ тіл оқуына болады. Біздің қазағымыз өз тілінен ажырап қалу қаупі бар. Өйткені қазірдің өзінде қазақтардың 60 пайызға жуығы қазақ тіліне қарағанда орыс тілін жақсы біледі, оның ішінде қазақша білмейтіндері де аз емес. Бай әулеттерде тәрбиеленген балалар қазақ тілін шала білетіні жиі кездеседі. Қазір қазақтар қалаға ауысып жатыр, ДСҰ-ға кірсек (ВТО), ауыл халқының қалаға ұмтылысы бүгінгіден әрі үдеуі де мүмкін, ауылдың халқы барлық халықтың 5%-10% болатын жағдайға келеміз. Қала халқы қазақ тілінде сөйлеуді азайтқан. Себебі қалада қазақша білмейтін орыстар, басқа ұлт өкілдері бар. Сондықтан да болар, қала тілі – орыс тілі болып тұр. Дүкендерде, базарда, жұмыста, көшеде орыс тілі қолданылады.
Әлбетте, қазақ мектептері бүгіндері көптеп пайда бола бастады. Бірақ-та, сол мектептердің мұғалімдері де оқушылары да сабақтан тыс кездерде орысша сөйлейді. Сондықтан, таза қазақтар тұратын ауылдарды сақтап қалмасақ, біз білімімізді мүлде бүлдіреміз, мәдениетімізден ажыраймыз. Мысалға, бізде өте керемет дәстүр – айтыс бар. Бұл өнер түрі дамыған елдерде не болмаған, не құрып кеткен. Ал айтыс ақындары осы күнге дейін тек қана ауылдан шығып отыр емес пе? Ауылдармен бірге ол өнердің мәйеі – «өнер алды – қызыл тіл!» де жойылары сөзсіз.
Міне, сондықтан да төл тілімізді сақтап қалудың және де оны Қазақстан халқына ортақ тіл етудің бірден-бір жолы – оның шын мәнінде мемлекеттік мәртебесін құзырлау. Егемендіктің 15 жылы бұл мәселенің оң шешілуіне жеткілікті болды – деп айта алмаймыз. Иә, мұндай қажеттілікті енді-енді ғана халық болып сезінгендей межеге жеткен сияқтымыз. Оны Қазақстан халықтары Ассамблеясының биылғы XII сессиясы көрсетті, сондағы Елбасымыздың сөйлеген сөзі Елдің барша жұртына мемлекеттік тіл мәртебесін түбегейлі ұлықтап берді дей аламыз.
Қосар ойымыз бен нақты іс-қимылымыз:
«Шайтан арбаны қайта-қайта жасауға талпынғанша», дұние жүзіне ширек ғасырдың ары-берісінде тарап үлгерген, содан таралуы жағынан «әлемдік тіл» деген дәрежеге жеткен ағылшын тілінің “тәжірибесін” неге пайдаланбасқа. Математика, жаратылыстану және техникалық, технологиялық ғылым-білім салалары үшін «Английский для математиков», «Английский для физиков», «Английский для химиков», «Английский для естественников» «Технический английский» – дегендейіндер ағылшын тілін сондай мәртебеге жеткізді емес пе?! БҒМ тарапынан ұсыныс түссе, біздің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де осыларға ұқсас «Математиканың қазақшасы», «Физиканың қазақшасы», «Химияның қазақшасы», «Техниканың қазақшасы», «Технологияның қазақшасы», «Кибернетиканың қазақшасы» т. б. кәсіби ортаға бейімделген бірер оқулық құралдар жасақтауға қатысады – деп те жұртшылықты сендіре аламыз.
Жарияланып отырған ұсыныстарымызды жүзеге асыруға келтірмейтіндей кедергі бүгінгі күні жоқ деуге әбден болады. Компьютерлендіру үрдісінің бүгінгі және жақын болашақтағы даму қарқыны біздің қолға алатын ісіміздің оң шешілетініне жеткілікті кепілдік бола алады. Егер тек мәтіндік деңгейде қарасақ, онда мәселенің шешімі бүгіндері-ақ көрініп тұр десек, қателеспейміз. Бұған бір нәрсе ғана кішігірім кедергі – ол тілімізде осы күнге дейін қазақ-латын транслитерациялық жүйесінің стандартталмауы. Бұл мәселе көп ұзамай 2-3 жылда шешімін табатындығына сенімдіміз және де сол іске де үлес қосамыз.
Дыбыстауды қажет ететін фонемдік деңгейді алатын болсақ, қазақ-латын транслитерациялық жүйесін стандарттау кезінде төл тіліміздің фонетикасын һәм орфоэпиясын халықаралық стандартқа сай етіп, жөндеп алуды да қолға алмақпыз.
Осы жұмыстардың бәріне ғылыми-технологиялық негіз болатын математикалық лингвистиканың метатеориясын жасақтау да біздің құзырда болмақ.
Қорытынды бап:
«Электрондық үкімет» біз құптасақ та, құптамасақ та болатын шаруа екен, онда соған негіз болар электрондық тілашарларды жасақтауды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап қолға алғанымыз лазым. Бұлай болмаған жағдайда, ЭҮ дегеніңіз жай ғана жария, жарнама ақпараттар жиынтығы болып қана қалады. Ал ондай бұйым үшін үкіметтің қыруар қаржысын тәрк ету – ұят іс.
Мемлекеттік тіл мәртебесін шын мәнінде іс жүзіне асыру жай сөз-бұйдаға салумен шешілмейтіні барша жұртқа енді ғана түсінікті бола бастады. Ал бүгінгі IT-технологияларына қазақ тілі толыққанды енгізілсе, онда мәселе басқаша болмақ. Мемлекеттік тіл құзырлылығының тағы бір қыры – шет елдермен хат-хабар алыс-беріс, сол елдердегі елшіліктеріміздің жұмысы. Ал бүгінге дейін көріп жүргеніміз: қай елге Елбасымыз бармасын, баяндамасын орысша оқиды, яғни сол жердегі елшілік қызметі де орысша ұйымдастырылады деген сөз. Ендігіде бұндай егемендігімізге, елдігімізге сызат түсіретін жәйттерден аулақ болған жөн, әйтпесе “Жириновский синдромы” әркез алдымыздан шығып, қайталана бермек. (Оған орыс тілінде біздің Ел нота тапсырған кезде: «Міне, көрдіңіздер ме, қазақтар өз мемлекеттік тілінде осы күнге дейін нота толтыра алмайды!?» – деп, орысша жазылған қағазды лақтырып жіберген екен, бұл масқара емей – немене, сонда?..). Ұсыныстарымыз іске асқан күнде Ел ішінде һәм одан шалғай Жер шарының кез-келген нүктесінде қазақ тілі толыққанды қолданыс тауып, ортақ игілікке айналмақ. Тіптен, басқа үлкенді-кішілі тіл қоғамдастықтарына үлгі болуға лайық осынау тұжырымдалған ұсыныстарымыз түптің-түбінде оларға да түйіткіл болып шықпасына кім шәк келтіре алмақ, халайық?! Сондықтан біздің ұсыныстарымызды әркім өз ой елегінен өткізіп, бір пәтуаға келсек-игі.
Әдебиеттер:
Әубәкір Д.Ә. Ноосферология – жаңа ғасыр ғылымы. // Нұр–Астана газеті. – 2005. – №42. – 0,5 б.т.
Әубәкір Д.Ә. Дүниенің ноосфералық-арқандық бейнесінің кеңістік-уақыттық тұтастығы және орнықты даму философиясы. // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 2005. – №5(251). – 65-71 б.
Әубәкір Д.Ә., Асылбеков А.Н. Ноосферология и юридические проблемы обеспечения надежности технических систем. Бесперспективность технологических преступлений. // Методы и средства технической диагностики: сб. научных статей. – Вып. XXII. – Йошкар-Ола: МарГУ, 2006.
Өтелбаев М., Әубәкір Д.Ә. Тілді дамытудың кепілі – кәсібилендіру. // Тіл және қоғам альманахы. – Астана, 2006. – 78-84 б.
Әубәкір Д.Ә. Өлеңнен өрдім поэма, арқаннан естім тәсілді. Инновация инновации рознь. – Семей: «Printmaster» ПК, 2006. – 250 б.
Аннотация
В статье Мухтарбая Отелбаева, Дауренбека Әзенұлы Әубәкір и Кунслу Онгаровны Ергалиевой «Электронные разговорники и самоучители казахского языка – основа электронного правительства» обсуждается подход авторов к проблеме создания e-правительства в РК. Одним из механизмов состоятельности такого правительства авторы считают профессиональный статус госязыка, т.е. ориентирование ниши e-правительства на государственный язык.
Annotation
In article of Muhtarbai Otelbaev, Daurenbek Azenuly Aubakir and Kunslu Ongarkyzy Ergalieva «Electronic phrase books and self-instruction manuals of the Kazakh language – the basis of the electronic government» is discussed the approach of authors to a problem of creation of the e-government in RK. Authors consider as one of mechanisms of a solvency of such government the professional status of State language of RK, i.e. orientation of a niche of the e-government on a State language.
УДК 681.511.3
ИССЛЕДОВАНИЕ НАБЛЮДАЮЩЕГО УСТРОЙСТВА С
ПОВЫШЕННЫМ ПОТЕНЦИАЛОМ РОБАСТНОЙ УСТОЙЧИВОСТИ
НА ОСНОВЕ ФУНКЦИЙ А.М.ЛЯПУНОВА
А.Ж. Скакова
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
г. Астана, Казахстан. E-mail: a.skakova@mail.ru
Введение. Для современных задач управления характерны все возрастающая сложность, связанные неопределенностью в описаниях объекта управления и внешней среды. Следовательно, актуальной является проблема построения наблюдающего устройства обеспечивающего работоспособность при больших пределах изменения неопределенных параметров объекта управления. Такое наблюдающее устройство, реализующее оценку вектора состояния объекта управления с неопределенными параметрами, назовем робастным. В общей постановке исследование системы на робастную устойчивость состоит в указании ограничений на изменение параметров системы, при которых сохраняется устойчивость. Универсальным методом исследования устойчивости динамических систем является прямой метод А.М.Ляпунова [1,2]. Рассмотрим линейную стационарную замкнутую систему управления, описывающуюся следующим уравнением состояния с неопределенными параметрами
(1)
Здесь – вектор состояния объекта, – входной и выходной векторы,
Достарыңызбен бөлісу: |