Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі285,62 Kb.
#34930
1   2   3   4   5   6
-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!»,«Қайырлы күн!»,
«Қайырлы кеш!»,«Сәлеметсіз бе!»деп айтатынымыз қандай жақсы».

Тәрбиешіні тыңдайды.









Ізденіс
ұйымдастыру.

Бүгін отбасы туралы әңгіме болатынын айтады.
-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Балаларға өздерінің туыстары туралы білетін өлеңдерін айтып беруді ұсынады.
Атасы және әжесі үшін балалардың немерелер болатынын айтады.Олардан өздерінің кімнің ұлы және қызы екенін айтуды сұрайды.Өз әкесінің немесе анасының фотосуретіне қарап,оларға жылы сөздер айтуды ұсынады.
-Демек,бұл отбасында атасы,әжекі,анасы,әкесі бар. Ал енді көбіңнің отбасыңда өздеріңнен үлкен және кіші бауырларың бар. Олардың бәрінің өз міндеттері бар. Осылар туралы әңгімелесейік.
Сұрақтар қояды:
-Кімнің ағасы бар? ... Ол не істейді? т.б.
Балалардың жауаптарына қарай қорытынды шығарады.«Мен үлкендерге қалай көмектесемін» ойыны.Үйдегі дәстүрлер туралы айтып беруді ұсынады.
Дидактикалық ойын: Отбасы мүшелері Мақсаты: Өз отбасы мүшелерін атап беріп, әр біреуіне сипаттама береді.
Тірек-сызбамен жұмыс.

Тақтаға ілінген сурет арқылы әңгіме құрастыру және сөйлемді тірек-сызба арқылы жазу



Жауап береді.

Балалар анасы,әкесі,


т.б. туралы алдын ала жаттаған өлең-
дерін айтып береді.
Сұрақтарға жауап береді.Қолдарына
ата-анасының фото-
суреттерін алып,
жылы сөздер айтады.

Сұрақтарға жауап береді.Өздерінің от-


Басы мүшелеріне қалай көмектесетін-
дері туралы әңгімелейді.
Тірек сызба арқылы отбасы туралы айтып береді.
Сөйлем құрап, тірек сызба арқылы жазады







Рефлексия

Шай ішуге шақырады (әжелері мен аналары пісірген тағамдар ұсынылады)

Дәмді тағамдары үшін әже,аналарына
Рахмет айтады.







Күтілетін нәтиже:


Отбасы дәстүрі дегеннің не екенін;өзінің жақын,туыс адамдарына қатысы бар екенін.
Отбасындағы туыстық қатынастар туралы түсінікті.
Жақындарына құрметпен қарауды,оларға қамқорлық көрсетуді.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Наурыз той.
Мақсаты:Балалардың ұлтжандылық сезімдерін туған жеріне,салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Міндеттері:Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту.
Наурыз айы береке мен бірлік екендігі туралы білім беру.
Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру:топпен
Көрнекілік:Салт-дәстүрімізді бейнелейтін заттар,Наурызға арналған суреттер.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Наурыз баталары
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсың!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!

Тәрбиешінің артынан қайталап отырады.







Ізденіс ұйымдастыру

Кіріспе әңгімеден бастау.
Наурыз мейрамы-көктем мен еңбектің негізгі мерекесі.Жыл басы-Наурыз тойлағанда айнала тегіс көгеріп,талдар бүршік жарады.Құстар сайрап,жер беті құлпырады.
Наурыз дәстүрін,оны өткізу ғұрыптарын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.Тәжіектер мұны «Гүлгордон», «Гүлнавруз»,ал татарлар «Нардуган» деп атаса,ежелгі гректерде бұл мереке «Патрих» деген атпен мәлім.
«Наурыздың» құрметіне ағаш отырғызады,гүл егеді.Наурыз мерекесінің белгісі-қызғалдақ.
Наурыз мерекесінің басты белгісі «Наурыз» деген жазуы бар қызғалдақтың бейнесі.
Наурыз-көктем мерекесі,жыл басы.Бұл күні жұрт арнайы пісірген наурыз көже ішеді,
бір-бірінің үйлеріне қыдырып барады.
Сұрақтар:
-Күнтізбе бойынша жаңа жыл қай айдан басталады?
-Қазақ елі Наурыз мейрамын қалай қарсы алған?
-Қазақ елінен басқа тағы қандай елдің өкілдері Наурыз мейрамын тойлайды?
-Наурыз мерекесінің белгісі қандай гүл?
-Ал,енді,балалар,біз наурыз мерекесі туралы әңгімелестік,Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстық.Бұл-біздің халқымыздың ұлттық мерекесі.Мен сендерге «Наурыз ертегісі» атты әңгімені оқып беремін.
Сендер зер салып,мұқият тыңдап отырыңдар.
«Наурыз ертегісі»

Орындарына отырады.
Мұқият тыңдайды.
Жауаптар береді.
Ертегіні зер салып тыңдайды.







Рефлексия

-Мен сендерге наурыз ертегісі бойынша сұрақтар қоямын.Сендер сол сұрақтарға жауап беріңдер.
-Балалар,ертегіні кім жазды?
-Ертегі не туралы жазылған?
-Балалар,Наурыз ертегісі сендерге неге ұнады?
Балалардың әр түрлі жауап береді (егер білмесе педагог өзі толықтырады)
-Қазақша жыл басы қай ай?
-Иә,дұрыс,наурыз айы.

Сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.
Мадақталады.







Күтілетін нәтиже:
-Наурыз мерекесі жайлы түсініктерін кеңейтеді.
-Қазақ халқының өз төл мерекесі жайлы білім алады.
-Татулыққа,үйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.


Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:»Ғаламшардың әуе мұхиты».
Мақсаты:Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
Міндеттері:-Өлі және тірі табиғат арасындағы өзара байланысты,оның адамның іс-әрекетіне тәуелді екені туралы ұғымды анақтай алуға көмектесу;
-Адамзат,өлі және тірі табиғат нысандары арасындағы өзара байланысты түсінуге,табиғатты тануға деген қызығушылықтарын дамыту;
-Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру.
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:глобус,суреттер

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Балалардың назарын глобусқа аударады.
Глобустың бір бөлігі неліктен көкшіл түспен бейнеленгенін сұрайды.
Балалардың жауаптарын жинақтайды:
-Глобустағы көкшіл түс-бұл біздің ғаламшарымызды алып жатқан су.Бұл-мұхиттар мен теңіздер (мұхиттарды көрсетеді).Жер ғаламшарындағы ауа мұхиты
туралы не білесіңдер?Ол жайында әңгіме қозғайықшы.

Глобусқа назар аудар-
ып,қызығушылық танытады.

Көрсетілген мұхиттар-


ға мұқият қарайды.







Ізденіс
ұйымдастыру.

-Біздің ғаламшарымызда ауа қабаты қоршаған.Жақын арада көрінбесе де,аспанға көз салып қарасақ,көкшіл түсті екенін байқауға болады.Сондықтан да біз оны ауа мұхиты деп атаймыз.
Көзімізге көрінбес,
Салмағы да білінбес.

Дем алатын ауаның,


Иісі де сезілмес.

Тыныс алып,жай ғана,


Демді ішке тартамыз.
Қажет бізге таза ауа,
Молдір,тұнық,саф ауа!
(М.Рыльский,ауд.Г.Нурузова)
Өлең жолдарын оқып,балаларға сұрақтарын қояды:
-Өлең жолдарынан ауа туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
-Қалай ойлайсыңдар,ауа тыныс алу үшін ғана керек пе?

Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет