қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
69. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған ішкі конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.
70. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсті өткізу тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген ішкі конкурстың тәртібі мен мерзімдеріне ұқсас.
6. Жалпы конкурс
71. Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.
72. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс өткізіледі.
73. «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс орталық атқарушы органда не оның ведомствосында уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өткізіледі.
74. «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын төменгі лауазымға орналасу үшін өткізілетін жалпы конкурс уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатпайды.
75. Төменгі болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс өткізуді келісу үшін, бос орын бар мемлекеттік орган уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне сұрау жіберіп, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды растайтын мәліметті қамтитын;
2) ішкі конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының хаттамалары.
Мемлекеттік органдар осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген немесе толық табыс етпеген жағдайда, олар уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен қарастырусыз қайтарылады.
76. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі табыс етiлген материалдарды олар келіп түскен сәттен бес жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) жалпы конкурс өткізуге келіседі;
2) келiсуден бас тартады.
77. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткізуге келiсiм беруден бас тарту үшін негiз болып табылады.
1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
78. Жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
79. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
80. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгiталаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні);
5) осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
81. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
82. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосуға рұқсат етіледі.
2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын тұлғалардың
Достарыңызбен бөлісу: |