Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет25/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

І деңгейі (жоғары)





ІІ деңгейі (орташа)



ІІІ деңгейі (төмен)

Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы бір қалыпты, әңгіменің бағыт-бағдарын тез ұғынып, сөзді бөлмейді. Әңгіменің барысында мақсат қоюға дағдыланған, қоғамдық орындарда мінез-құлық дағдысы, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдысы бекітілген. Құрбылармен қақтығыс барысында юмормен кикілжіңсіз шығып кете алады.

Сөйлеу икемділігі бар, бірақ көп жағдайда әңгімені ұштастыра алмай қалады. Дегенмен, әңгімені мұқият тыңдап, сөзді бөлмейді. Өзін-өзі бағалауы орташа, орташадан жоғары. ҚҰрбылармен ренжісу барысында сөз таластыруға дайын, алайда, өзін-өзі тез меңгереді. Әңгімені өз бетінше іліп алмай, өзгелердің сілтемесін қажетсінеді.

Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы, сұрақ қою икемділігі төмен. ҚҰрбылармен сөз таластырып, айқай, дау-жанжалға, төбелесуге дейін бар. Әңгіменің барысын жүргізе алмайды (өз бетімен). Рухани-сөздік тұрғыдан өзін-өзі реттеу қабілеті төмен. Сөздің барысында мақсат қоя білу икемділігі жоқ.

Осы әдістеме негізінде қарым-қатынас мәдениетінің негізгі үш бөлігін айқындадық, олар: білім, дағды, икемділік. Ал қарым-қатынас үрдісінде сабақ үстіндегі әр түрлі оқыту мәселелерін шешу барысында әр түрлі педагогикалық функциялар қолданылады. Атап айтқанда, мына функциялар: сүйемелдеуші, басқарушы, ұйымдастырушы.
Болашақ маман иесі тек оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін айқындаудың жолын табатын педагогикалық коммуникативтік міндеттерді шешуге талпынуы тиіс-ақ.


Бақылау сұрақтары:



  1. Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік міндеттердің орындалу сатылары.

  2. Педагогикалық қарым-қатынас бөліктері қандай?

  3. Коммуникативтік міндеттің өнімділігі неге байланысты?

  4. Коммуникативтік дайындықыт жүзеге асырудағы элемменттер қандай?

  5. Студенттерді педагогикалық қарым-қатынасқа қалай тәрбиелеуге болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет