Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы



бет12/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
Геродиетикалық тамақтану
Қазіргі заманның жіктелуі бойынша, 50-60 жастағы адамдар орта жастан асқан, 61-74 жастағы жасы келген, 75-90 қартайған, 90 асқан – ұзақ өмір сүретін, яғни өте кәрі деп бөледі. Дәл осылай тұрғындар жас тобының медико-биологиялық және әлеуметтік психологиялық аспектілерін зерттейтін ғылым – геротология деп аталады. Осы ғылымның негізгі құрама бөлігі геродиететика болып табылады. Ол 60 жастан асқан адамдардың тамақтануын қадағалау жұмысымен айналысады.
Көптеген дамыған елдерде геронтология ғылымы қарқынды дамып келеді, ол тірі жүйенің қартаюымен жалғасатын биологиялық механизмді және процесстерді зерттейді. Елімізде қазіргі кезде жасы келген адамдардың мәселелеріне өте көп көңіл бөлуде.
Геродиететика - орта және қартайған адамдардың жасын, жынысын, физикалық және эмоционалды үстемелерін, әдлеуметтік, географиялық, климаттық жағдайлары мен әдет-ғұрыптарын есепке ала отырып, ұтымды тамақтану туралы ғылым.
Геродиететика биоұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болған жастық өзгерістерді есепке алады: энергетикалық алмасудың төмендеуін, ақыздық, аминқышқылдық, көмірсулық, су-тұз алмасу өзгерістерін.
Геродиететика қағидаларына сәйкес адам ағзасында энергетикалық баланс сақталуы тиіс. Ол тағамдық заттармен ағзаға түскен энергиямен және негізгі алмасуға, физикалық белсенділікке және басқада энергиялық шығындарға жұмсалған энергия шығындарымен анықталады.
Қартаю процессі кезінде адамда негізгі алмасу және физикалық белсенділік төмендейді, соған байланысты тәуліктік рационның калориялылығы төмендеуі қажет. ДАҰ/ДДҰ мәліметтері бұл төмендеу 5 % -ке жуық болуы тиіс. Жасы келген және қартайған адамдардың жасы мен жынысына байланысты тәуліктік рационның калориялылығы төмендегі кестеде ұсынылған.
Жасы келген және қартайған адамдардың жасы мен жынысына байланысты тәуліктік рационның калориялылығы (ккал/тәулігіне)

Жастық топ

Ер адам

Әйел адам

60-74 жас

2300

2100

75-90 жас

2000

1900

Геродитетиканың перспективтік бағыты жасы келген және қартайған адамдардың рационына геропротекторлық әсері бар тағамдық заттарды енгізу болып табылады.


Геропротектор – ол қартаю процессін тежейтін және өмір сүруді ұзартатын нутриенттер. Оларға тағамдық талшықтар, антиоксиданттар және т.б. нутриенттер жатады.
Жыл өткен сайын асқазанның сілекейлі қабықшасы жұқарады, оның моторлық (қозғалыс) функциясы, асқазан сөлінің қышқылдығы, оның ішіндегі ас қорыту ферменттері және олардың белсенділігі төмендейді. Бұл асқазандағы ас қорытуды өзгертеді және ішек микрофлорасына әсерін тигізеді, яғни шіріткіш микроорганизмдер мөлшері артады да, ас қорытуға қатыспайтын бактериялардың дамуы басталады.
Асқазан асты безінің белсенділігі өзгереді – ақуыздарды, көмірсуларды және майларды қорытатын ферменттерді бөлу қабылеті нашарлайды.
Қартаю кезінде басқа да өзгерістер болады: сүйектердің мүжілуі, омыртқаның майысуы, бұлшықет көлемініңі кішіреюі, ішкі секреция бездерінің белсенділігі төмендейді, жүрек ауруларының пайда болуы және өкпедегі өзгерістер. Осылардың барлығын қартайған адамдардың тамақтануында есепке алу қажет.
60 жастан жоғары адамдың тамақтануы кезіндегі басты қағида – тағамды шамамен қабылдау болып табылады. Рационның энергетикалық құндылығын түсіру қант, кондитерлік өнімдерді, майдарды және жоғары калориялы өнімдерді төмендету арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда ағза ақуыздың қажет мөлшерін негізінен сүт-өсімдікті тағам арқылы алуы қажет. Геродиетететикалық тамақтанудағы ақуыздың маңызды көзі сүзбе, сүт қышқылды өнімдер болып табылады.
Ақуыздарды тұтыну нормасы келесі кестеде келтірілген.

Ақуыздарды тұтыну нормасы (г/тәулігіне)





Жастық топ

Ер адам

Әйел адам

60-74 жас

69 (38)

63 (35)

75-90 жас

60 (33)

61 (31)

Рационда өсімдік майлары және сары май болуы қажет, оның тәуліктік қажеттілігі 20-25 г.
Осы жас тобының тамақтануында көкөніс тағамдарының маңызы зор, олар ішек микрофлорасын нормалайтын тағамдық талшықтардың көзі болып табылады: қайнатылған картоп және пюре, винегреттер, қайнатылған түрлі-түсті капуста, көкөніс котлеттері, сәбізден жасалған сырниктер, қыздырылып пісірілген алмалар, көкөніс көжелері және т.б.
Рацион көлемі азайғанда ағзаға түсетін дәрумендердің түсуіде азаяды. Сондықтан дәрумен тапшылығын жою үшін поливитаминдік препараттарды қолдану қажет.
Жеңіл сіңетін кальций көзі ретінде күн сайын рационға сүт және сүт қышқылды өнімдерді қосу қажет. Қартайған адамдардың тамақтануында магнийдың көзі болып табылатын дәнді дақылдар мен бұршақтардың маңызы зор. Тағам қабылдау саны төрт реттен кем болмауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет