Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы



бет11/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
3 жастағы балалар үшін ұтымды тамақтану 4 рет болуы керек, соның ішінде таңғы ас пен кешкі ас 25 %, түскі ас – 35 %, бесіндік – 15 % құрауы тиіс. 1 стақан сүт немесе айраннан тұратын 5 реттік тамақты қабылдауға болады.
Мектепке дейінгі балалардың дұрыс тамақтануы ерте жастағы балалар тамақтануы сияқты өте маңызды. Мектепке дейінгі балалар рационының құрамы мен сапасы осы жастағы балалардың даму ерекшеліктері, олардың тәртібіне, өмір сүру әдетіне, дағдылары мен біліктілігіне байланысты. Мектепке дейінгі жаста бала ағзасында өсу, қалыптасу процесстері және барлық мүшелер мен жүйелердің орнықтылығы қарқынды жүреді, ал алмасу процесстері өте қарқынды жүреді. Бала жылында орташа 8-10 см өседі, ал 6 – 7 жаста баланың дене салмағы 1 жасар баламен салыстырғанда 2 есе өседі. Қарқынды ырғақпен орталық жүйке жүйесі дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында бала барлық негізгі қимылдарды игереді, оның тілі жақсы дамиды және бала өзіне өзі қызмет көрсетуге, еңбекке, оқуға дағдыланады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жоғарғы қимыл белсенділігі тән. Бала ағзасының қарқынды дамуы ағзаға пластикалық материалдардың, әсіресе ақуыздардың, дәрумендердің, минералдық заттардың, сонымен қатар энергия тасымалдағыш – майлар мен көмірсулардың көп мөлшерде түсуін қажет етеді. Бірақ, бала көп тамақ ішсе жақсы деген ой - қате деп саналады. Артық тамақтану, жеткіліктіз тамақтану сияқты баланың денсаулығын бұзатын себептердің бірі болып табылады. Кез келген жастағы бала тамақтануының негізгі талабы – ол жеткіліктілік, яғни ол бала ағзасының негізгі тағамдық заттар мен энергияға қажеттілігін толық қанағанттандыру және рационның барлық тағамдық заттары бір бірімен белгілі бір қатынаста болғанда, яғни теңестірілген болуы тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін рациондағы ақуыздар, майлар және көмірсулар қатынасы 1:1:4 тең болуы қажет. Осы қатынастағы бір компоненттің төмендеуы немесе артуы рационның теңестірілгендігін бұзады және бір түрлі тағамды ұзақ қабылдау баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін күн сайынғы ақуызға қажеттілік орташа 68 г құрайды, ал оның ішінде жануар текті ақуыздар үлесі 65 % құрауы тиіс. Балалар тамақтануында майларға қажеттілік дәл осындай. Оның 15% өсімдік майы құрауы тиіс, яғни 68 г жалпы майдың 10 г өсімдік майына келеді. Баланы энергиямен қамтамасыз ететін көмірсулардың мөлшері ақуыздан 4 есе артық болуы қажет, яғни 272 г құрайды.
Мектеп жасы – бала өмірінің ең маңызды кезеңі. Бұл кезеңде ағзаның қарқынды өсуі мен дамуы жүреді, зат алмасудың, эндокринды жүйе, бас миының күрделі қайта құруылуы жүреді. Мектеп жасында баланың физиологиялық дамуы аяқталады, барлық мүшелер мен жүйелер қалыптасады, ересек адамның қалыптасуы басталады. Мектеп оқушыларының ұтымды тамақтануы дұрыс және үйлесімді дамудың алғы шарты болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың физиологиялық ерекшелігі болып табылатын өсудің қарқынды процесстеріне қозғалғыштық, ақыл-ой дамуы, оқуды спортпен үйлестіру жатады. Сондықтан осы топ балаларының негізгі нутриенттер мен энергияға қажеттілігі жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет