Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы


ДӘРІС № 8,9,10,11,15. ДИЕТАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ



бет19/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)

9 ДӘРІС
8,9,10,11,15. ДИЕТАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Дәріс мақсаты: Емдік тамақтанудағы диеталарды меңгеру
Жоспар:
№8 диетасы сипаттамасы
№9 диетасы сипаттамасы
№10 диетасы сипаттамасы
№11 диетасы сипаттамасы
№15 диетасы сипаттамасы
Негізгі түсініктер: нутрициология, тамақтану, емдәм, емдік тамақтану
Әдебиеттер тізімі:
  1. Кацерикова Н.В. Технология продуктов функционального питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТИПП, 2004. — 146 с.

  2. Юдина С.Б. Технология продуктов функционального питания. М.: ДеЛи принт, 2008. — 280 с.

  3. Просеков А.Ю. Технология производства блюд диетического, детского и лечебно-профилактического питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТИПП, 2005. — 140 с.


8 үстел


Май басу аурулары немесе басқа аурулармен қатар жүретін ерекше диетаны қажет етпейтін ауру. Ортақ сипаттама: көмірсудың азайтылған құрамы, көбіне майлар, ақуыздар, хлористік натрий, тәбетті ашатын дәмді тағамдар. Қолдануға болатын азық-түлік пен тағамдар: қара, ақ нан, көкөніс сорпасы, борщ, қызылша сорпасы, балық немесе ет сорпасы, теңіз тағамдары, сүт және сүт өнімдері.

9 диетасы. Диетаның белгіленуі: Бұл диета қант диабетімен ауыратындарға кепілдеме, қан айналым процесі жақсарады, иммунитет жоғарылайды, организм ауруға қарсы төтеп бере алады. Ортақ сипаттама: Диетаға ұннан жасалған майлы сорпалар, манка ботқасы, күріш, макаронды өнімдер, еттің балық және құс етінің майлары, ащы және тұзды соустар жатпайды. Диетаның негізгі компоненттері болып көміртек саналады. Қант диабетімен ауырғандар көбіне минаралды тұздарға зәру болып келеді. Олардың организмінде калий, магний, фосфор, қола, марганец құрамы болуы тиіс.


Тамақтың тәртібі: тамақтану күніне 4-5 реттен кем болмауы тиіс, ол инсулинді және т.б. қантты төмен түсіретін заттардың қолданылуына байланысты. Қолдануға арналған тағамдар:
Ет және құс еті – суға пісірілген майлы емес сорттар, кептірілген немесе қуырылған түрде үлкен немесе кішкентай бөлшектерге бөлінген болсын. Балық – майлы емес, суға не буға пісірілген болуы қажет. Сүт және сүтті тағамдар – табиғи және емдік сүт, қышқыл-сүт сусындары, майлы емес ірімшік. Кілегейге шек қойылған. Күніне 1-1,5 жұмыртқа, омлет.
Майлар – тұздалмаған және қайнатылған май, табиғи түрдегі өсімдік майы. Көміртектің сапасына байланысты жарманы да қолданады. Көбіне қант диабетімен ауыратындарға – қарақұмық ботқасы, бидай, арпа, сұлы және күріш ботқасы ұсынылады. Нан және ұн өнімдері – қара нан, ақ нан, бидай наны, 2-сорттағы ұннан пісірілген нан. Көкөністер – картоп, сәбіз, қызылша және бұршақ. Көкөністі шикі және кептірілген түрінде қолданған дұрыс. Қуырылған түрде сирек қолданған жөн. Тіске басар – винегрет, көкөністен жасалған салаттар, көкөніс уылдырығы, теңіз өнімдерінен жасалған салаттар, тұздалмаған ірімшік. Сорпалар – көкөністік, борщтар, қызылша сорпасы, еттен және көкөністен жасалған сорпалар.
Соустар – майлы емес, еттен және балық, саңырауқұлақ, көкөніс өнімдерінен құралған тағамдар. Жемістер – тәтті тағамдар, тәттілер – қышқыл және қант қосылмаған өнімдер, желе, мустар, компоттар, балға шек қойылады.
Сусындар – шай, кофе сүтпен, көкөністер сусыны.
11 диетасы. Диетаның белгіленуі: өкпе туберкулезінің және сүйектің әлсізденуіне кепілденеді. Бұл диета жазылу процесін үдете отырып, имунитетті жоғарылатады, организмнің тамақтануын едәуір жақсартады.
Ортақ сипаттама: Жоғары энергетикалық сапасын жоғарылатады. Организмдегі ақуыз құрамын орта қалыпқа келтіреді. Қолдануға арналған тағамдар:
Еттің түрлі сапасы, құс, балық еті,т.б. Сүтті тағамдар - сүт, кілегей, міндетті түрде ірімшікті қолдану керек. Майлар – әр түрлі. Сусындар – түрлі көкөністер мен жеміс-жидектен шыққан сусындар, шай, кофе, какао. Нан – бидайдан, түрлі ұннан дайындалған ашытқы қосылған нан өнімдері. N1, N1a, N1 б – асқазан жарасы. 12 елі ішек ауруы. N2 диетасы – тумысынан пайда болған гастрит, ауыр түрдегі гастрит, энтерит және колит, хр энтероколит. N3 диетасы – бауыр және зәр шығару жолдарының ауруы. N6 диетасы – подагра, зәр шығару жолдарының ауруы, өкпе жарасы. N7, N7а, N7 б диеталары – ауыр түрдегі және тума нефрит ауруы. N8 диетасы – май басу, N9 – қант диабеті, №10 диета – жүрек пен қан тамырларының ауруы, № 11 диета - туберкулез, №12 диета – нервтік жүйенің функционалдық ауруы, № 13 диета - инфекциялық аурулар, №14 диета – бүйректегі тастың табылуы, №15 диета – түрлі аурулар, диетаны қаже етпейтін аурулар.

9 үстел


Қант диабеті. Жеңіл және ауыр кезінде. Ортақ сипаттама: энергоқұндылықты диета, майлар және көмірсулардың аз мөлшері, қант және тәтті тағамдар болмауы тиіс, сорбит пен ксилитті қолданған жөн. Қолдануға арналған тағамдар мен азық-тұлік: қара нан, ақ нан, түрлі көкөніс сорпалары, майлы емес ет және балық сорпалары, сүт, сүт өнімдері. Тиым салынған тағамдар: майлы сопалар, түрлі шұжықтар, тұздалған балық, макаронды өнімдер, кәмпит, қант қосылған лимонад,т.б.
10 үстел
Жүрек қан тамырларының өзгеріп кетуі, жүректің тоқтап қалуы, қанайналым жүйесінің нашарлауы І-ІІА. Ортақ сипаттама: майлар мен көмірсулары бар тағамдарды аз қабылдау керек. Қолдануға арналған тағамдар: нан, печенье және бисквит, түрлі вегетариандық сорпалар, балық, ет, құс етінің майлы емес сорттары. Тиым салынғандар: қара нан, ет, саңырауқұлақ, майлы ірімшік, тұздық, шоколад, қою шай, кофе және какао.
11 үстел
Өкпе, сүйек туберкулез асқыну кезіндегі буын аурулары, инфекциялық аурулардан кейін жүдеу, операция, зақым. Ортақ сипаттама: ақуызы көп, энергоқұндылықты диета, әсіресе сүтті өнімдер, дәрумендер мен минералды заттар. Қолдануға болатын және тиым салынатын тағамдар: барлық тағамдарды қолдануға болады. Бірақ өте майлы балық және құс етін, торттарды жеуге тиым салынады.
12 үстел
Нервтік жүйенің функционалды ауруында көрсетіледі. Үстелдің көптүрлілігі: ащы дәмдеуіштерді, майлы сорпаларды, майлы және қуырылған сорпаларды, әсіресе ет тағамдары, ішімдіктер, қою шай, кофе, етке және тұзға шек қойылады. Бүйректен және тілден жасалған тағамдарды қабылдау қажет.
13 үстел
Инфекциялы ауруларда көрсетіледі.Ортақ мінездеме: энергоқұндылықты диета, май және көмірсу барынша аз болуы керек. Қолдануға болатын тағамдар: бидай наны, ет және балық сорпалары, көкөніс сорпасы, сүт өнімдері, ірімшік, күріштен жасалған ботқа. Тиым салынған тағамдар: қара және жаңа піскен нан, майлы сорпалар, борщ, шұжықтар, тұздалған балық, консервілер, қайнатылған сүт немесе кілегей, қияр, шоколад, какао.
14 үстел
Зәр шығару жолындағы тасы бар ауруы (фосфотурия) Ортақ сипаттама: физиологиялық толық тамақтану, кальций көп тамақтарды шектеу. Қолдануға болатын тағамдар: нанның түрлері, сорпалар, түрлі жармалар, асқабақ, бұршақ, бал. Тиым салынған тағамдар: сүт өнімдері, жеміс сорпалары, қуырылған тағам, тұздалған балық, картоп,т.б.
15 үстел
Түрлі аурулар ерекше емдеу диетасын қажет етпейтін аурулар. Ортақ сипаттама: толық физиологиялық тамақтану. Ауыр қорытылатын және ащы тағамдардан басқасының бәрі. Қолдануға болатын және тиым салынатын тағамдар: Барлық тамақтарды қабылдауға болады, майлы еттерден, бұрыш және қышадан басқасының бәрін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет