Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы



бет18/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)

1- үстел
Асқазанның жарасы кезінде және 12 елі ішек ауруында көрсетіледі. Сонымен қатар гастриттерде көрсетіледі. Құрамы: сүтті және көкөністі (орамжапырақтан басқасы), түрлі суптар, суға пісірілген ет, балық, сүт, кілегей, ірімшік, қышқыл емес кілегей, жұмыртқа ақуызы, омлет, ақ және қара нан, жеміс-жидек және көкөністер, шай, кофе, какао, кисель, компот, шай сүтпен және лимонмен. Тұзды 8 грамнан кейін шектейді. А.С дәрумендерін қосады. Тағамды күніне 5-6 рет қабылдау қажет. Жақсылап шайнап және өте ыстық, суық тағамдарды қабылдамау қажет.
1 а үстелі
Асқазан жарасы кезінде, тумасынан гастрит аурулары кезінде көрсетіледі. Құрамы: сүт (4-5 стақан), манка, бидай, күріш ботқасы. Жұмыртқа ақуызы (2-3 рет күніне), омлет, суфле,ет, балық, құс еті, кілегей, айран, жеміс-жидек, көкөніс сусындары, шай, кофе, какао.
1 б үстелі
Асқазан жарасының қатты күшею гастрит кезіндегі қышқылдың едәуір жоғарылауы. Құрамы: жоғарыда айтылып кеткен тағамдардан басқа етті котлет, түрлі сорпалар, мысалы: қарақұмық сорпасы, күріш, арпа сорпасы, т.б. Тұзды 8 грамға дейін азайтады. Қосымша А,С дәрумендерін қолдану қажет.
2 үстел
Тума гастрит немесе гастрит қышқылының болуы. Құрамы: сорпалар және жарма, етті, балық, саңырауқұлақ сорпалары, піскен тауық, қуырылған котлет, майлы емес, суға пісірілген балық, қара уылдырық, сүт, май, айран. Кілегей, қаймақ, ірімшік, жұмыртқа ақуызы, қуырылған омлет, ботқа, ұн өнімдерінене дайындалған тағамдар. Тұзды 12-15 грамға дейін көтеруге болады.
3 үстел
Антоникалық іштің қатуы. Құрамы: азық-түлік, түрлі дәрумендерге бай, шикі не пісірілген көкөністер және демістер, жидек сусындары, қызылша, сәбіз пюресі, пісірілген қақтардың пюресі, қара нан, сүт, кілегей, айран, бал, ботқалар,ет, балық, қуырылған май және қант. Түрлі сусындар, бірақ май, какао, кофе ішуге тиым салынады.
4 үстел
Ішек аурулары және іш өтудің кезеңі.Құрамы: қою шай, какао, суда қайнатылған кофе, қара кептірілген нан, 1 жұмыртқа ақуызы, майлы емес айран, кисель, желе, компот, тұзды барынша қоспайды. Күніне 5-6 рет тамақтану.
5 диетасы. Хроникалық аурулар барысында, зәр шығару ауруларында қорланылады. Бүйректің жұмыс істеу қызметін жоғарылатады, зәр шығару мүшесін жақсартады, холестерин және басқа да майлардың алмасуына әсерін тигізеді, бүйректі қалпына келтіреді. Бұл диетаның адам организміне әкелетін пайдасы өте зор.
Ортақ мінездеме. Бұл диета негізгі сүтті тағамдардан және түрлі дәрумендерге толы тамақтардан тұрады. Жоғарыда жазылған аурулармен ауырған адамдардың тамақтану тағамдарынан еттен, балықтан бульондар, эфирлі майларалынып тасталынады. Және де тиым салынатын тағамдар: шұжықтар, балық консервілері, ащы, тұзды, қышқыл тағамдар, сонымен қатар қатты ыстық және қатты суық тағамдар. Бұл тағамдардың құрамында метионин, холин, лицетин, т.б. заттар бар. Көбіне шикі көкөністерден жасалған салаттарды қолдану керек. Диетаға бал, варенье, джем, компот, кисель, қантты да қолдануға болады. Тағамдарды суға немесе қуырылған күйде пайдаланады. Бірақ теңіз тағамдарын пайдаланса, денсаулыққа алып келер пайдасы өте зор. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет жылы күйінде. Қолдануға арналған тағамдар: ет және құс еті – майлы емес сорт, суға піскеннен кейін буға пісірілген, фрикаделькалар, суфле,фарш және т.б. Сүт және сүтті тағамдар – табиғи емдік сүт, қайнатылған, 100% қою кілегей, айран, майлы емес ірімшік, пцдингтер және т.б. Жұмыртқа – күніне 1-еу, жұмыртқа ақуызы, омлет. Майлар – май, өсімдік майы, т.б. Ұннан жасалған тағамдар – барлық түрі, гречка, күріш, манка, макарон, кеспе,т.б. Көкөністер, аскөк пісірілмеген күйде, пісірілген күйде, қуырылған күйде. Соустар – кілегей, сүт, тәтті және ащы, көкөніс және жеміс-жидек соусы. Ұнды маймен араластырмайды. Жеміс-жидек – бәрі пісірілмеген күйде, кисель, желе, варенье.
№7 диетасы. Бүйректің ауруына қолданылатын диета.
№10 диетасы. Жүрек ауруына шалдыққан адамдарға арналған.
№7, №10 диетасы көбіне бүйрек және жүрек ауруымен ауырған адамдарға арналған. Ортақ сипаттама: Диетаға көптеген дәрумендердің жоғары сапасы кіреді, пипотропты заттар, ақуыздың ең төменгі мөлшері,т.б. Организмдегі сұйық заттардың жоғарғы деңгейде бөлінуіне келмейді. Дәруменнің әсері өте зор. Мысалы, кептірілген жеміс-жидек, пісірілген картоп немесе алма, піскен кәді. Тамақтану тәртібі: диетаға отырған сәттен бастап, тамақты күніне 4-5 рет қабылдау керек. Өйткені жүрек пен бүйректің жұмысына әсері тиеді. Қолдануға арналған тағамдар: Ет, құстың еті – майлы емес сорттар, суға піскен немес қуырылған. Балық – майлы емес, кішкентай бөліктерге бөліп немес қуырады. Сүт және сүтті тағамдар – сүт, кілегей, қышқылды-сүтті сусындар.Ірімшік және сәбізбен ірімшік қосылған қоспа, алма, күріш, кілегей. Жұмыртқа – күніне 1-н жеу, ет пен ірімшіктің сәйкестендірілген мөлшері. Майлар – тұздалмаған сиыр сүті және өсімдік майы. Макарон және ботқа өнімдері – түрлі әдіспен жасалған түрлі тағамдар. Нан және ұннан жасалған өнімдер – тұзсыз нан, тұзсыз құймақтар. Көкөністер – картоп және көкөністер. Тіске басар – винегрет салаты, түрлі көкөністер мен жемістерден жасалған салаттар. Сорпалар – вегетариандық көкөністермен аралас картоп,т.б. Соустар – қызанақты, сүтті, кілегейлі, жеміс-жидектік және көкөністік тәтті және қышқыл. Жеміс, тәтті тағамдар және тәттілер - түрлі жұмсақ жеміс-жидектер, компоненттер, кисельдер. Сусындар – шай, кофе, жеміс-жидек және көкөніс сусындары.
5 үстел
Бауырдың ауруында көрсетіледі. Құрамы: вегетариандық жеміс-жидекті, сүтті, ботқалы сорпаны, балық, сүт, айран, ірімшік күніне 200 грамм, ұн өнімдері, көкөніс немесе жеміс-жидек сусындары. Тағамды қабылдау тәртібі күніне 5 рет. Тиым салынатындар: алкогольді ішімдіктер, саңырауқұлақтар, майлы ет, балық майлылығы, кептірілген, қуырылған шұжықтар, газдалған сусындар, шоколад кремдер, т.б.
6 үстел
Бүйректің ауруы кезінде. Бүйректен тас табылған кезде көрсетіледі. Құрамы: сүт, сүт тағамдары, қара және ақ нан, қант, бал, вегетарианды көкөністі сорпалар, барлық тәтті жеміс-жидектер. Дәмдеуіштерден – лимон, уксус, лавр жапырағы. Жұмыртқа, ет, майлы емес балық аптасына 2-3 рет. Тұздың мөлшері 6-8 грамға дейін шектеледі. С және В дәрумендерін қосады. Тиым салынғандар: экстрактты заттар, ет сорпалары, бауыр, бүйрек, ми , қуырылған, кептірілген ет, қуырылған балық, шошқа майы, селедка, шпроттар, паштеттер, килькалар, саңырауқұлақтар, шпинат, кофе, какао, шоколад, ішімдіктер.
7 үстел
Тумысынан бүйрек ауруы, бүйректің жетіспеушілігінен көрсетіледі. Құрамы: вегетарианды сорпалар, сүтті, жеміс-жидекті, майлы емес еттің сорттары, майлы емес балық, нан, ақ нан, қара, сұр нан, күніне 1 жұмыртқа, ботқа күйінде пісірілген макарондар, сүт, ұннан жасалған тағамдар, ірімшік, шикі көкөністер, жеміс-жидектер, ерекше өрік, асқабақ, қарбыз, қауын, қант, бал, варенье. Қаймақ пен кілегейге шек қойылады. Дәмді келтіру үшін тмин қосындысын қосады, кептірілген укроп, лимон қышқылы. Тиым салынатындар: газдалған сусындар, ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары, тұздық, тіске басар, қуырылған тағамдар және консервілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет