Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы


ДӘРІС №1,2,3,4,5,6,7 ДИЕТАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ



бет16/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
8 ДӘРІС
1,2,3,4,5,6,7 ДИЕТАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Дәріс мақсаты: Емдік тамақтанудағы диеталарды меңгеру
Жоспар:
Диеталық тамақтанудың ортақ принциптері
№1 диетасы сипаттамасы
№2 диетасы сипаттамасы
№3 диетасы сипаттамасы
№4 диетасы сипаттамасы
№5 диетасы сипаттамасы
№6 диетасы сипаттамасы
№7 диетасы сипаттамасы
Негізгі түсініктер: нутрициология, тамақтану, емдәм, емдік тамақтану
Әдебиеттер тізімі:
  1. Кацерикова Н.В. Технология продуктов функционального питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТИПП, 2004. — 146 с.

  2. Юдина С.Б. Технология продуктов функционального питания. М.: ДеЛи принт, 2008. — 280 с.

  3. Просеков А.Ю. Технология производства блюд диетического, детского и лечебно-профилактического питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТИПП, 2005. — 140 с.


Диеталық тамақтанудың ортақ принциптері.


Қоғамдық тамақтану орталықтарындағы диеталық тамақтанудың алуан түрлерін әр түрлі ауруларға байланысты тамақ рациондарын қажет ететін адамдар қолданады. Осындай топты науқастардың қажеттілігіне сәйкес келетін диеталық тамақтану емдік нәтиже береді, ағзаны қорғаныс күшіне ендіреді.Диеталық рациондағы ортақ принцип баланстау болып табылады. Белгілі бір азық-түлікке шек қойылатын жағдайда, құрамында тамақтануда қажет ауыстыруға болмайтын барлық компоненттері бар және ауру мүшені тітіркендіретін заттар болмайтын жиынтықпен алмастыру керек. Шек қою диеталарын қамтамасыз ету жолдары. Қызметі бұзылған жүйелер немесе құрамында орган сәйкес келетін тітіркендіргіш болатын кейбір тамақ өнімдеріне шек қою керек. Сонымен, бауыр, бүйрек, жүрек аурулары кезінде тамақтардан азотты сығынды заттарды, эфир майларын кетіріп тастайды. Қант диабеті кезінде, сондай-ақ семіздік ауруы кезінде кейбір сіңіретін көміртектерді рационнан жиі алып тастайды. Асқазан-ішек трактісінің кейбір түрлерінің ауыру кезінде асқорыту каналын тітіркендіретін лихано және хеморецепторлерін негіздерін рационнан алып тастайды. Асқазан-ішек трактісінің, бауыр-бүйрек тітіркендіретін эфир майларын жою үшін соған сәйкес келетін өнімдерді,мысалы ақ желкенді пісіреді. Осындай өңдеу кезінде эфир майларының біраз бөлшектері жоғалады, ол өнімдерді қуыруға немесе қайнатылған күйінде қолдануға болады. Кейде тежеу диеталарында қарсы көрсеткішке сәйкес келетін тамақтың жеке компоненттерін ауыстыру қажет болады. Қантты емдік тамақтануда энергияның бастауы және дәмдік өнімді тез сіңіретін сусындар мен тамақтарда қолданылады. Оны атеросклероз, аллергияларда, асқазанның рецензиясынан кейін тежеу керек. Семіру немесе қант диабеті кезінде қантты ксилит пен сорбитпен алмастыру керек. Ксилит – бесатомды спирт.Оның дәмі қанттың дәмі сияқты тәтті және суда жақсы ериді. Ксилит бүйректі май басуынан қор,айды. Ол антикетогенді іс әрекетке ие, ішек құрылыстың зәр шығаруына көмектеседі.
Сорбит – алтыатомдық спирт. Оның дәмі қанттан екі есе кем, қанның құрамындағы глюкозаның өсуіне көмегін тигізбейді. Организмдегі сорбит пен ксилиттің ауысуы инсулиннің көмегінсіз-ақ іске асады. Қанттың орнын басушылар тек қант диабетінде ғана қолданылмай, басуға, бүйрек ауруына, зәр шығаруына да үлкен септігін тигізеді. Қазіргі кезде ксилит пен сорбитті кәмпит, шоколад, печенье, т.б. кондитерлік тауарларда да кеңінен қолданылады. Әр түрлі аурулар барысында NaCl қолдануы шектеледі. NaCl орнына тұздың дәмімен сәйкес келетін санасол қолданылады.
Санасол - калиий тұзынан, кальцийден, хлорид аммониясынан тұрады. Оны бүйрек ауруына, жүрек ауруына, организмді май басуына және де организмге сары судың толуына қарсы қолданады. Бүйректің қатты ауруы және организмнің құрамында калий көп болған кезде санасолды қолдануға рұқсат берілмейді. Қазіргі кезде диеталық нанның көп түрін ойлап табуда, олардың құрамына жеңіл тамақ компоненттрі қосылған, Мысалы, кәдімгі нанға қарағанда ақуыз-бидай нанында крахмал екі есе аз. Ішек ауруларымен ауыратын және асқазаны ауыратын адамдарға қышқылы төмен нан дайындалады. Диеталық тамақтанудың арнайы азық-түлігі. Диеталық тағамдар сан түрлі витаминдерге толы болуы тиіс. (С группасы, В группасы). Сонымен қатар, минералды заттармен, микроэлементтермен, т.б. Ақуыз-минералды көбейтуші. Ол қан ақуызынан, майсыздандырылған сүттен, жоғары құрамдағы биологиялық ақуыздан, минералды заттардан тұрады. Ақуыз-минералды көбейтуші ет тағамдарымен ұн және жеңіл тамақтармен үйлеседі. Бұл тамақтарды асқазан жарасы ауруында, ішектің ауруында, гастрит ауруында кеңінен қолданады. Трофикалық гастритпен және қаназдық ауруымен ауырған адамдар ақуыз-минералды көбейтушіні қолданғанда, сол адамдардың қаны көбейіп, қанның құрамында гемоглабин деңгейі 2 есе көтеріліп, адам денсаулығы едәуір жақсарады.
Құрғақ ақуыз қосындысы (ҚАҚ). Оның құрамы құрғақ, ашық түсті қаннан және майсыздандырылған сүттен тұрады. Тағамның сүтті ақуызы. Бұл тағам майсыздандырылған сүттен және түрлі кальций ақуыздарынан тұрады. (казеиндер, альбуминдер, глобуминдар). Қолдануы еттен де, балықтан да, жұмыртқа тағамдарынан да кем емес. Криль пастасы – «Океан» пастасы. Теңіз жәндіктерінен алынған қоспа. Ол қоспа биологиялық қоспа жағынан бірінші орында. Пастаның құрамында аминокислоттың түр-түрі бар. Паста – май қышқылдарына, минералды заттарға, кальцийге, фосфорға, фторға, қорғасынға, магнийге, темір витаминдеріне бай. Бұл тағам көбіне асқазан жарасына және ішек ауруларына қарсы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет