Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Күнделікті тұрмыс-тіршілікке байланысты фразеологизмдер



бет35/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
работа

Күнделікті тұрмыс-тіршілікке байланысты фразеологизмдер:

Қабырғамен кеңесу Жақын адаммен кеңесу. Мысалы: «Жә, Нұржан да көз жұмып, күліп беретін әумесер емес, қабырғасымен кеңесіп байқайды».
Бір күн бие, бір күн түйе – (көбінесе әйел баласы жайында айтылады) көңіл күйі, көзқарасы, пікірі тез өзгеріп тұратын адам жайлы. Мысалы «Жеңешем бір күн бие, бір күн түйе».
Адам қатарына қоспау менсінбеу, адам ғұрлы көрмеу. Мысалы: «Ержанның амандаспай өтіп кеткені қалай, сонда мені адам қатарына қоспағаны ма?».
Көзге ілмеу назар аудармау. Мысалы: «Ылғи бір абыр-сабырдың астында қалған Игілік мұны көзге іле қоймағанына ренжи де алған жоқ» (Ғ.М. Оянған олке).
Жымқырып кету – тонау. Мысалы: «Қалай дегенмен, менеджерлер акционерлердің қаражатын ұрлап, жымқырып кетуі де әбден мүмкін.»
Шөп/басын/сындырыңдар бұл фразеологизм біреу күнделікті одан күтпеген нәрсені жасаған кезде айтылады, көбінесе қуанған кезде. Мысалы: «Шөп сындырыңдар. Әншейінде көмейіндегі сөзді тістеуікпен суырғандай әрең алушы едік. Бұл қашаннан бері сөйлейтін болған» (Қ.Ж. Шарайна).
Бәрін айт та, бірін айт бір тоқтамға келу, сөздің соңғы шешімін айту. Мысалы: «Бәрін айт, бірін айт та лайықсың, Қазақтың қызы деген ғажап атқа».
5) Мезгіл, ай, апта, күн аттарына байланысты фразеологизмдер;
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны белгілі. Осыған байланысты қазақ халқы әр мезгілге байланысты өз ойларын жеткізу кезінде фразеологизмдерді қолданған. Мысалы: қара күз – күз мезгілінде ауа райының суытып, жаңбыр жауып өзгерген кезін айтады. Мыс: Мамандардың айтуынша, күздің қара суығында далада беймезгіл жүрген адам суықтап қана қоймай, үсікке шалдығуы да мүмкін; алтын күз – күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары алтындай сарғайып, табиғат әдемі бір кейіпке бөленеді. Осы кезеңді «Алтын күз» деп атайды және «Алтын күз аруы» сияқты мерекелік іс-шаралар арқылы атап өтеді. Мысалы: «Сары алтындай сары күз, Қамбадағы дәніміз. Шелек-шелек баламыз, Ағыл-тегіл ағамыз. Жаздай күткен бәріміз»; Қыстың көзі қырауда қыс мезгілінің суықтығын, аязын айтады; Сондай –ақ, «Қыстың бір күні қалса қорық» - бұл дегеніміз әлі бір күн болса да ауа райы суық болатындығы туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет