Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет14/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
2.3. Көркемдік құндылықтар
Еуразияның ең орталығын тұрғындаған, көшпелілер, ол сол уақытта Шығыс пен Батыстың мәдени формаларының синтезі болып табылатын, айрықша өмір салты мен дүниені игерудің көркем тәсілдерін қалыптастырды. Қазақ халқының ұлттық ділі мен дүние түйсінуі адам және әлем тұтастығымен, қоршаған ортаға үйлесімді болумен және сол мезгілде оған рационалды қатынаста басқа мәдениеттер мен этностарға төзімділік танытуымен ерекшеленеді.
Қазақ көркем мәдениетінің бастауларын және құндылық негіздерін мыңжылдықтар қойнауынан іздеу керек. Басқа да алғашқы мәдениеттердегі сияқты көшпелілердің эстетикалық сезімдері табиғат арасында қалыптасты және өздерінің өмір салтына тәуелді құндылық бағдарларымен синкреттік бірлікте болды. Философ С. Ақатай атап өткендей, көшпелінің еңбекке эстетикалық қатынасы оның әрекет өнімдерінде, жасалған нәрселердің әсемдігінде бекітіліп отырды, осының күшімен олар тек материалды мұқтаждықтарды өтеп қоймай, адамға қуаныш, эстетикалық сүйсіну әкелді. Заттардың әдемілігі оның адамдық өлшеміне айналып, еңбектің өзінде ләззат табуға болатын еді (Кочевники. Эстетика. Алматы, 1993. С. 30.).
Сол немесе басқа құбылыстың, нәрсенің, заттың эстетикалық құндылығы олардың утилитарлық-практикалық маңыздылығымен тарихи себептелген. Көшпелі сарайларды салған жоқ, бірақ ол киіз үйді ойлап тапты. Ол сәулетімен де, инженерлік құрастырылуы, тұтынушылық қасиеттері жағынан да әбден жетілген. Өз кезегінде киіз үйді пайдалану қой жүнінен жасалған сырмақ, алаша сияқты бұйымдарды дүниеге әкелді. Олар терең эстетикалық сезімдерді туындатты...
Қазақ адамы отбасымен, румен, тайпамен тығыз байланыста болды. Бүкіл мейрамдар ортақ болды және барлық адамдардың көз алдында өтті. Осындай бірлесудің айшықты көріністеріне «Наурыз», «Шілдехана», «Той», «Тұсау кесу», «Ас» және т.б. жатады. «Жалғыздың шаңы шықпас» деген мақалдағыдай, бірліктің маңыздылығы ерекше аталып өтті. Қазақ эстетикасы қазақ этикасымен тұтасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет