Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру»


(Ж, Т, Ф) “Менің артымнан қайтала”



бет4/6
Дата18.06.2017
өлшемі1,05 Mb.
#19322
1   2   3   4   5   6

(Ж, Т, Ф) “Менің артымнан қайтала”.


Оқушылар жеке және командамен де қатыса алады. Оқушылар өздері үйренген элементтер не қарғуларды көрсетеді, сонымен қатар, өздері де ойлап таба алады. Көп ойлап тауып, көп қайталаған адам жеңіске жетеді. Ойын жылдам аяқталуы үшін, шекара қойған абзал (мысалы 10 элементке дейін).

Мәселен, акробатиканың элементтері берілген: алға қарай домалау, артқа қарай домалау, жауырында тұру, көпір, жерге отырып қос аяғын жоғары көтеру, жартылай шатқа отырыс, аяқтағы тепе-теңдік, 180 градусқа бұрылып секіру.

Сұраңыз: Біз топтық іс-әрекеттегі өзгелерден неліктен көмек алуымыз қажет екендігін айта аласыз ба?

Орындау барысында қауіпсіздік техникасын қадағалау.

Оқушылардан сұраңыз: Бізге гимнастикада үйлестіру не үшін қажет екендігін айта аласыз ба? Құрбыларға көмек көрсету қажет пе?



Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.

Гимнастикалық жабдықтар: швед қабырғалары, төсеніштер.


http://festival.1september.ru/articles/559304/ (гимнастиканы пайдаланған ойын ресурсы)
Кең алаң, гимнастикалық көпір, трамплин, батут, автокөлік камерасы (баллон)..



Дене шынықтыру Бастауыш мектеп 1-сынып

4-бөлім: Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын зерттеу арқылы, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетімен танысады.

Контекст

Осы бөлімде оқушылар қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарының негізінде өздерінің қозғалыс және стратегиялық ойлау дағдыларын дамытады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • ұлттық ойындар, қозғалыс ойындары

  • рөлдер: ойыншы, қазы

  • команда, бірлескен жұмыс, қарсылас, шабуыл, қорғаныс

  • ережелер, ұпай, әділ ойын қосады

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай ұлттық ойындарды білесіздер?

  • Ұлттық ойынның қарапайым ойыннан айырмашылығы неде?

  • Бізде ойындарда неліктен ережелер бар?

  • Сізге серіктермен жұмыс істеген ұнай ма?

  • Ережелерді қадағалау және топтық ойындарда әділ ойнау не үшін сонша маңызды екендігін айта аласыз ба?

  • Сіздің командаңыз бірге жақсы жұмыс істей ме?

  • Сіз командаңыздың сәттілігін қалай ұлғайта аласыз?

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Бөлімнің басында оқушылар ұлттық қозғалыс ойындары арқылы қазақ халқының дәстүрі және мәдениетімен танысады және дағдыларды әділ ойын мен ынтымақтастық арқылы бекітеді.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін дамытады

3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

1.2.7.7. Дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді біледі. Патриоттықтың негізделуін түсінеді

1.3.5.5. Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтау

Қазақ халқының салт дәстүрі мен мәдениетін таныстыру







(К) Мұғалім оқушыларды қазақ халқының дәстүрі және мәдениетімен таныстырады. Қазақ халқының тұрмысын сипаттайтын қозғалыс және сопрт ойындары мен сайыстары туралы.
(Б) Ақ серек – көк серек

Тауып алдым бәйтерек.

Жалындаған күн керек,

Жалпы достан кім керек?

Екінші команда жауап береді:

Ең батыл да қаһарлы,

Алатұғын қамалды.

Ерге мініп жау соққан,

Бүкпей жаудырған оқтан,

Сүтті айда ақ серек,

Бозша айда көк серек,

Дұшпан қуған ержүрек

Бізге сондай бала керек.

Бұзса олжа алады,
Бұзбаса тұтқын болады.
Шақырамыз сынаққа,
(оқушы есімі аталады) деген баланы.

Қарсыластарының таңдауы түскен бала өзінің апанынан серіктерінің қиқулаған қошеметтерімен жүгіріп шығады. Сол кезде «қасқырды» шақырған команда сап тізе қалып, алдарына алақандарын жаяды. Батыл «қасқыр» сапты жағалай жүгіріп, өзін қуып жете алмайтын өзінен әлсіз деген баланы таңдап, алақанына өз алақанын соғады да, өзінің тобына қарай қаша жөнеледі. Батыл «қасқырдың» таңдауына түскен бала «қасқырды» өз шекарасына жеткізбей, қуып жетіп ұстауға (қолын тигізуге) тырысады. Егер ол осылай істесе, онда батыл «қасқырды» тұтқын ретінде өз тобына ертіп келеді. Егер де батыл «қасқыр» қуғыннан қашып құтылып, өз «апанына» жетіп үлгерсе, алақаны тиген ойыншының өзі тұтқын болып шыға келеді.


Оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстырып, аталған ойындардың пайда болу тарихын түсіндіреді. Қазақ халқының тарихына, дәстүрлеріне деген құрметті тәрбиелеу. Интернет ресурсын пайдаланыңыз.

Ойынға екі топ қатысады – олар сиқырлы батыл қасқырлар. Әрбір топта өздерінің «апаны» мен «зынданы» бар. «Апан» деген ойыншылардың барлығы сыйып кететіндей етіп сызылған шеңбер. «Зындан» да мүмкін тұтқындарға арналған апанның жанына сызылған шеңбер. Алаңның ортасына сызық сызылған – ол бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан «апандардың» ортасында орналасқан шекара. Шекарадан асып кеткен «қасқырды» қолмен түртуге болмайды.


Ойынның қорытындыларын балалармен талқылау.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.


http://www.bilu.kz/obychay.php - қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілген сайт
Ноутбук, проектор.

Кең алаң.


http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

ресурс (қазақ ұлттық ойындары)



2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды
2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

1.2.5.5. Өзінің шығармашы-лық тапсырмалары-ның күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды

1.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады

Қозғалмалы ойындар арқылы тарту







(Б) «Жылдам орамал» («Көрінбейтін орамал»)

Сіздер «орамалды» тізелеріңнің астынан өткізіп, бір-біріңе «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деген сөздермен бересіздер.

«Жүргізушінің» тапсырмасы – көрінбейтін орамал кімнің қолында екенін анықтап, сол оқушының есімін атау қажет.

Дегенмен бұл айтарлықтай оңай емес! Өйткені шеңберде отырғандардың барлығы біріне-бірі «орамал» табыстаған секілді бір қимылды қайталап жасай береді. Және де «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деп қайталап отырады. «Жүргізуші», мысалы Марат дейік, бір ойыншының бөгеліп қалғанын байқап қалып, «Марат!» деп айқай салып, ойыншының иығынан түртеді. «Ұсталған» «жүргізушінің» орнын алмастырады. Егер де қателік туындап, «жүргізуші» шатасқан болса, онда ол кінәсіз Мараттың алдында өз кінәсін ән айтумен не тақпақ оқумен жуып-шаяды.


(Б, Ф) «Қаршығалар және қарлығаштар». Ойынға саны шексіз оқушылар қатысады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, біріне-бірі арқамен қарайды. Бір топта қаршығалар, екінші топта қарлығаштар болады. Бір ойыншыны жүргізуші етіп таңдайды. Ол ойыншылардың арасында жүріп, сөздерді буынға бөліп айтады: қарлығаш – пауза – нүкте немесе қар..., ал сөздің аяғын айтпайды. Сол кезде, аты толығымен аталған топ жан-жаққа қаша бастайды, ал аты аталмаған топ ойыншылары оларды қуа жөнеледі. Қолға түскен ойыншылар ұстаушы топтың мүшесі болып саналады.

Бұл ойында «орамалды» анықтау өте қиын: өйткені ол көрінбейтін болады...

Құпия білгіңіз келе ме? Ендеше шеңберді айнала отырып, бір-біріңізге иықтарыңызды тығыз тигізіп, отырыңыз да, аяқтарыңызды шығарып, аздап тізеде бүгіңіз. Шеңбердің сыртында жүргізуші ғана қалады.

Келісілген белгі бойынша ғана қашып аулауға болады. Ойын соңында ойыншылары көп болған топ қана жеңіске жетеді.



Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, орамал

Кең алаң.
Оқушылардың талаптарына сәйкес ойындарға арналған жабдық





Дене шынықтыру Бастауыш мектеп 1-сынып

5-бөлім: Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушыларда балабақшада немесе үйде өткен ойындар кезінде меңгерілген қозғалыстардың алдын-ала тәжірибелеріне ие болады деп күтіледі.

Контекст

Осы бөлім оқушыларға қимыл-тірек аппаратының дағдыларын дамытуға себеп болатын ойын іс-әрекетінің көмегімен қозғалыс қабілеттері мен сенімділікті дамытуға жәрдемдеседі. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тартылуының деңгейі осы қимыл-тірек дағдыларына негізделеді. Осы бөлімдегі қозғалыстарды білу және түсіну келесі бөлімдер бойында жетілдірілетін болады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • Кейбір жабдық қолданылатын дене жаттығуларымен байланысты денсаулық ұғымдарын сипаттау және көрсету

  • ойын, ойын іс-әрекеті, ойын дағдысы

  • ынтымақтастық, командадағы жұмыс

  • жүрек соғысы, тыныс алу

  • тамырдың соғуы, тамырдың соғуын өлшеу

  • динамика, қозғалту

  • «торғайлар», «мысық»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жануарлар қалай қозғалады (мысалы, ат, бақа)?

  • Сіздің ең сүйікті жануарыңыз қайсы?

  • Осы іс-әрекетте сіз қандай қимыл-тірек дағдыларын қолданасыз?

  • Залда топпен шеңберді айнала жүгіргенде, біз неліктен абай болғанымыз абзал?

  • Жүгірген кезде, басты жоғары көтеріп, бос кеңістікке қарай бағыттаудың қаншалықты маңызды екенін айта аласыз ба?

  • Өзіңіздің серігіңізде жетістіктер неге бар екендігін айта аласыз ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Осы бөлімде саптық адым, асықпай баяу жүгіру, жүгіру, ат жарыс, қозғалу, қарғу сияқты қозғалыс дағдылары жетілдіріледі. Ерекше назар әр түрлі қозғалыс ойындарындағы және зат қолданатын ойындарда қозғалуға, қарғуға, жүгіруге аударылады. Оқушылардан жеке және топта жұмыс істей отыра, қимыл-тірек дағдыларын бірге қосатын және кеңістік пен динамикалық өзгерістерді зерттеуге рұқсат беретін жаттығуларды орындауда шығармашылық танытуын сұрайды. Осы бөлімде дене жаттығуларын орындау барысында, тыныс пен жүрек қағысын зерттеу арқылы оқушылардың денсаулық туралы білімі мен түсінігін жетілдіруге болады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет