Ұйымдастырушылар: Мусинова Альмира Халилаева Ақерке Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам. Тренинг мақсаты


-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды. 2- жағдайда



бет3/12
Дата08.09.2017
өлшемі1,8 Mb.
#30071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.

•      Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

•      Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.

Біз бақытты жанұямыз:

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.



Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? 



Аяқталмаған сөйлем:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

–     Егер балаға үнемі күлсе, ...

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

–     Егер бала төзімділікте өссе, ...

–     Егер бала адалдықта өссе, ...

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ...

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Дұрыс жауаптары:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Кінәлі сөздер

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

 Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.



Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

Сіз қандай ата-анасыз?

Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба? Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба? Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба? Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма? Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба? Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба? Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе? Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба? Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?



Жауабы:

Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл. Кейде ғана келісемін – 2 балл. Келіспеймін – 1  балл.



Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.



30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

1 сынып ата-аналарына!

Құрметті ата-ана! Балаңыздың бірінші сыныпқа бейімделу процесін зерттеу, сынып жетекші, психолог тарапынан психологиялық тұрғыда көмектесу мақсатында төмендегі сауалнаманы жолдап отырмыз. Мүмкіндігінше әр сұраққа толық, әрі ашық жауап күтеміз. Қосымша айтарыңыз болса да қуана қабылдаймыз.

1. Мектепке балаңыз көтеріңкі  көңіл-күймен барады ма?

______________________________________________________________________________2.  2. Жаңа күн тәртібін қабылдауы қалай болды?_________________________________________________________________________

3. Оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін уайымдайды ма?______________

______________________________________________________________________________4. 4. Сізбен мектепте болған жағдайларымен ой бөлісе ме?_________________________

_________________________________________________________________________

5.Эмоционалды қабылдауы қалай?___________________________________________

6. Үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарды қалай қабылдайды?______________

7. Сыныптастарына жиі көңілі толмай ма?_____________________________________

8. Оқу жүктемесін (учебная нагрузка) игеріп жүр ме? Қиналмай ма?_______________

9. Қосымша айтарыңыз бар ма?_______________________________________________

______________________________________________________________________________

 

"Шегенің ізі"

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.  Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп:  «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырар.

Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп  ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

Қорытынды:

• Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

• Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

• Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

• Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!

Тұлға тәрбиесіне ата-ананың ролі

ТРЕНИНГ

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.



1-тапсырма

Ата-аналар мен ұстаздардың кездесуі.

 2-тапсырма

Ойынға қатысушыларарасындағықарым-қатынасты орнату.



3-тапсырма

Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу



І бөлім

1. “Кездесу”

2. Ассосация “Жанұя”

(Доп беру арқылы жақсы қасиеттер айту)

Балаңыздың туған күні?

Балаңыздың парталас көршісі кім?

Бүгін сабақтан қандай баға алды?

Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

Балаңыздың сүйікті асы қандай?

Балаңыз  1-сыныпқа қай жылы барды?

Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?



ІІ бөлім

Жалпылау

(Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру)

Газет бетіндегі мақала-лардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбие-ге байланысты сұрақ-тарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бір-дей ықпал жасай ма?

Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?

Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?

Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз?

Ол үйде не істейді? сіздерге көмектеседі ме?

ІІІ бөлім.

Ой жинақтау.

Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

 

Ата-анаға көз қуаныш,



Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі.

                                  Абай Құнанбаев.



Жасөспірімдер суицидіне  психологиялық талдау жүргізу және алдын алу шаралары

Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері -  адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өзекті болып, оған аса мән беріліп отыр. Себебі суицид фактілері жылдан-жылға өсуде, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызып отыр.

Өз-өзіне қол жұмсау мөлшері  қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайының маңызды индикаторы бола алады.Адам өлімі -  жанды түршіктіретін құбылыс. Суицид, өзіне қол жұмсау екенін біле тұра өз өмірін қию, өзіне қол жұмсау үстінде өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын адамның әрекеті саналмайды,бұл жағдайларда кездейсоқ оқиғадан болған өлім тіркеледі.

Күнделікті өмірде кездесетін суицид-бұл адамның өмір қиыншылықтарына төтеп бере алмауы,әлсіздігі,бұнда еш батырлық жоқ,тіпті романтиканың иісі де сезілмейді.Әр адам өз өмірімен формальды тұрғыда не істегісі келеді,соны істейді.Реалдықта ол адам басқа адамдармен тығыз байланыста,олардың рұқсатынсыз өмірден кете де алмайды.Көне заманнан бері  адамзатқа суицидтің көптеген  түрлері белгілі.Жалпы ,суицидологияда авторлар 8-16 түрлерін атап жатады: 1.Өзін-өзі асып тастау; 2.Өзін-өзі қылғындыру; 3.Өз-өзін суға батыру; 4.Өз-өзін уландыру; 5.Өз-өзін жағып жіберу; 6.Өз-өзін кесетін,пісетін құралмен өлтіру; 7.Өз-өзін оқ құралымен өлтіру; 8.Өз-өзін электр тоғымен өлтіру; 9.Өз-өзін транспорт,механизм арқылы өлтіру; 10.Жоғарыдан секіріп өлу; 11.Өз-өзін аштықпен өлтіру; 12.Өз-өзін суықтан өлтіру;

Жалпы өзін-өзі өлтірудің басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделмеуі  болып табылады. Өзін-өзі өлтіру мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту мақсатында сияқты болып келеді. Өзін-өзі өлтіру ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен  адамның психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде жасөспірімнің суицидтік тәртібі еліктеуге әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді.

Көптеген әлем ғалымдарының ойынша, өзіне-өзі қол салу көп жағдайларда адамның сол мезетте өз-өзінен түңіліп кетуінде, алдына қойған мақсаттарының орындалмауы және де сол сияқты көптеген себептер арқылы өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді



Өз-өзіне қол жұмсау деп екі жағдайды ескереміз:

Біріншіден, белгілі бір адамның жеке бас әрекетінің актісі яғни жеке адамның өзінің өмірін қиюы.

Екіншіден, статистикалық тұрғыдан алғанда көпшілік, едәуір тұрақты әлеуметтік құбылыс, оның мағынасы белгілі санадағы адамдардың өз еркімен өмірден аттануы болып саналады.

Өз-өзіне қол жұмсаудың әлеуметтік аспектісі:

Үйренушілік-тұлғаның эмоционалдық ортасын сипаттайтын көрініс. Үрейленушілік деңгейі ол -күйзелістің жеке сезімталдығының көрсеткіші, көптеген өмірлік жағдайлардың қауіп-қатерге толы деп есептеуге бейімділігі.



1. Жасөспірімнің органикалық және физикалық олқылығы. Жасөспірімдер толық өзімен - өзі болады,тек қана егер оларды алаңдатып басқа адамдармен қызықтырмаса.Өзін басқалармен салыстыру негізінде олар өздерін  төмен денгейде сезінеді,әсіресе құрдастары арасындағы мазақ бұл сезімдерді күшейтеді және қиын жағдайларда мұндай жеке тұлға өзінің құрдастарына қарағанда өзін қиын сезінеді.

2.Баланың эгоцентризмі және еркелігі. Осындай нәтижеге еркелік те алып келеді.Бәрін алу және орнына еш нәрсе қайтармау әдеті қалыптасады.Еш қиындықтарға тап болмай оңайлықпен артықшылыққа ие болу өмір стилі болып қалыптасады.Қиыншылыққа тек қана бір реакция-басқа адамдарға талап қою.Қоғам бұл жасөспірімге дұшпан ретінде көрінеді.

3.Жасөспірімді қайырып тастау. Бұндай жасөспірімдер достық ынтымақтастығы мен сүйіспеншілікке сенбейді.Қиыншылықпен кездесе отырып,оны асыра түседі,себебі оны ешкім де жақсы көрген жоқ.

4.Суицидтік әрекет. Суицидтік әрекетке аяғына жеткен өз-өзіне қол жұмсауды,суицидтік талпыныс және суицидті мақсат қою деген әрекеттерді жатқызуға болады.Бұл формалар әдетте феноменнің көрінісі ретінде немесе кезеңдері ретінде қарастырылады. Алайда кейбір авторлар аяғына жеткен суицидті және аяқталмаған суицидті екі түрлі құбылыстар деп есептейді,оның себебі ретінде,мысалға,адамға кейбір жағдайларда жасалған зорлықта яғни нағыз өмірді қиюдың мақсат етілмеуін алға тартады. Кең мағынада өз-өзіне қол жұмсау-бұл өз-өзін құртатын аутодеструктивтік түрі (ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, қомағайлық).

Қолайсыз отбасы:ауыр психологиялық климат,ата-ана арасындағы ұрыс -керістер, ішімдікке ұрыну, ата-анадан айырылуы; Жасөспірімнің өз бетімен кетуі,үлкендер жағынан еш қамқорлыққа ие болмауы; Отбасында жағымсыз кейіпкер болып еленгендіктен үнемі күлкілеріне қалу,артынан үнемі қадағалануға алыну,қаталдыққа душар болу,үлкендер тарапынан оның кез-келген әрекеттерін күлкіге айналдыру,нәтижелерімен қанағатсыздану.

5.Жасөспірімдердің суициттік бейімделушілік жағдайларының сыртқы факторлары. Достарының жоқ болуы,топта да алшақтандырылуы; оқуда үлгерімінің төмендеуі,үлкендермен туыстарының қарым-қатынастардың нашарлап кетуі5

6.Жасөспірімдер- негативтік толғаныстардың көзі. Негатив толғаныстар жинақтала берсе,аяғы психикалық олқылыққа әкеліп соқтырады.Зерттеуде көрсеткендей,негатив толғаныстар жасөспірімнің үйде болған кикілжіңге жауабы ретінде пайда болады,әсіресе,ата-ана жақтан жазалау,жақтырмаушылық ниет көрсету,моральдық тақырыпта жиі ұрсыса беретін жағдайларда.

 




Тақырыптар

Өткізілу әдісі

 

Сынып жетекшілер үшін

 

1

Оқушыларды дұрыс тани білесіз бе?

Әңгіме

2

Зерттеу әдістемелерін дұрыс пайдаланудың үлгілері

Әңгіме

3

Мінезді тәрбиелеуге бола ма?

Пікрталас

4

Оқушылармен жұмыс жүргізудің жолдары

Анкета

5

Психология ғылымының зерттеу әдістері

Практикалық кеңестер

 

Ата-аналар үшін

 

1

“Балаңызбен пікірлесесіз бе?”

Анкета

2

“Бала -біздің болашағымыз”

лекция

3

“Бала бос уақытында немен айналысады”

Анкета

4

“Ұрпағыма өсиетім”

Ойталқы

5

“Жазалау тәрбие әдісі бола ма?”

пікірталас

6

“Жастардың тағдырына жауапты кім”

Әңгіме

 

Оқушылар үшін

 

1

Суицид оқиғаларын болдырмаудың алдын алу

Дөңгелек үстел 10 сынып

2

“Өз тағдырың- өз қолыңда”

Пікірталас 7 сынып

3

“Өмірің өкінішке айналмасын”

Әңгіме  8 сынып

4

“Өмірмен өштеспе”

Ойталқы  11 сынып

 

 

Қорытынды: төмендегіше ұсыныс етемін:

• Алғашқы көмек көрсету, алғашқы анықтау жұмыстарымен айналысатын психологтардың жұмысы  жандандырылса;

• Психологтардың кәсіптік деңгейін үнемі арттыру,керек кезінде арнаулы институттар мен университеттерде біліктіліктерін көтеру курстары ұйымдастырылса;

•                     Тұрғындар арасында психикалық денсаулық жөнінде санитарлық -ағарту жұмыстары, мақала,сұхбаттар жүргізілсе.

Сыйлайық жүрек жылуын”...



Мақсаты:  Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру, қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде жан жүйесіндегі түрлі сезімдерді игеруге үндеу- ұстаздың міндеті.Оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын  қарым-қатынас орнату.

Шыдамдылық

Төзімділік

Қарапайымдылық

Өмірге риза болу

Ақылдылық

Әділдік

Ашықтық

Тұрақтылық

Өзіне сенімділік

Бауырмалдық

Саналылық

Еңбекқорлық

Сыпайылық

Тіл табысушылық

Ұқыптылық

Сабырлылық

 

Қорытынды

Жоғарыда көрсетіліп отырған өзіне-өзі қол жұмсау себептерін тыңдай отырып,түсінгеніміз бұл мәселенің шешімі жалғыз біздің күшімізде емес екендігі.Бұл мәселе,тек дәрігерлер мен педагогтардың назарында емес,оның тамыры қоғамда жатырғаны белгілі болды.Ендеше,қоғамның әлеуметтік экономикалық мәдениетін арттыру мәселесі бірінші орында болуы керек.Осы семинарды пайдалана отырып, менің сіздерден сұрайтыным,біз психологтар қоғамның өркениетті дамуына тікелей әсер ететін адам өміріне жауаптымыз.Адам өміріне қатысты барлық мәселелерді шешу жолында  еңбек етіп, өз қолымыздан келер  көмекті аямай атсалысайық дегім келеді.Адам бақыт үшін жаралған.

Әр адамның жан-жақты гармониялық дамуы барлық адамның жан-жақты адам болуының алғы шарты. Тек осындай жан,өмірге деген құштарлық сезіммен,өмірде өз ісін,өз қуанышын басқалардың табыстарымен қосып бақытқа жете алады.Тек осындай жағдайда адамның жоғары қасиеттері:мақсаты мен мұраты,ары мен адамгершілігі,бостандығы мен жауапкершілігі өз дүниесінен шығып әр адам жеке тұлға болып қалыптасады.Қазіргі кезеңде осыған бәріміз бірдей жауаптымыз.



Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын  бір   шарт  -   жас   күнде   көрген   өнеге.  Жүсіпбек   Аймауытов

 

Бала мен ата-ана  арасындағы  қарым - қатынас”



Мақсаты:  Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас негіздеріне кеңес беру, баланы рухани қолдау стратегияларына  баулу.

Міндеттері:

ата-аналардың баламен қарым-қатынас ерекшеліктерін білу; жас ерекшеліктеріне сай кездесетін қиындықтарын анықтау, оны шешу жолдарын қарастыру;             Оқушыларды психологиялық –педагогикалық дайындау қызметінің маңызын ашу;    Ата-аналармен алдын алу,кеңес беру  шараларын ұйымдастыру.



 

Ата-аналар жиналысының бағдарламасы:





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет