Сабақтың тақырыбы: §12,13,14 Планеталардың қозғалысы. Копирниктің гелиоцентрлік жүйесі. Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі28,67 Kb.
#33681
түріСабақ



Гумарова Жазира Армановна

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы

Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §12,13,14 Планеталардың қозғалысы. Копирниктің

гелиоцентрлік жүйесі.



Сабақтың мақсаты:

1. Планеталардың қозғалысы, күннің жылдық қозғалысы, күн

жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардыкөзқарастары

туралы түсінік беру.

2. Оқу материалынан ең бастысын, маңызын таңдап ажырату

арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге, ойлауға

дағдыландыру.

3. Оқушыларды жауапкершілікке, салауаттылыққа, ұжым мен,

топпен жұмыс істеуге ықпал жасау.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиялары, «Құмырсқа» стратегиясы,

«Пирамида» әдісі, постер қорғау.



Көрнекілігі: слайд, плакат, түрлі түсті қарындаштар, ғалымдардың

портреттері, электронды оқулық.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Амандасып, түгендеу. Кәмпиттер арқылы 3 топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кубизм» әдісі.

1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

2. Санақ жүйесі дегеніміз не?

3. Заттың тығыздығының өлшем бірлігі?

4. Жылдамдықты өлшейтін құрал?

5. Мензуркамен нені өлшейміз?

6. Массаның белгіленуі?

7. 1 тоннада неше килограмм бар?

8. Өзара әрекеттесу қандай құбылыс?

ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру.

1) «Құмырсқа» стратегиясы.

Жарға 3 түрлі тақырып ілінеді. 3 топтың оқушылары қарамен жазылған сөздерді жинайды.



2) «Постер» қорғау.

1-топ «Планеталардың қозғалысы»

2-топ «Күннің жылдық қозғалысы»

3-топ «Күн жүйесінің құрылысы»



3) «Пирамида» әдісі. Сұрақтарға жауап беріп пирамида құрастыру.

1. Күн жүйесінде неше планета бар? (8)

2. Күнге ең жақын планета? (Меркурий)

3. Сатурн планетасының қазақша аты? (Қоңырқай)

4. Грекше зодиакос куклос қандай мағынаны білдіреді?

(Жан-жануарлардың дөңгелігі)

5. «Планета» деген сөз нені білдіреді? (Қыдырма)

6. Алып планеталар: (Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун)

7. Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш дұрыс түсінген ғалым:

(Н.Коперник)

8. Зодиак шоқ жұлдыздары нешеу? (12)

9. Жер нешінші планета? (үшінші)

10. Плутонның ресми астероидтың нөмірі неше? (134340)

11. Грекше гемос қандай мағынаны білдіреді? (Күн)

12. Коперниктің ілімін жақтаушылар кімдер? (Кеплер, Галилий, Ньютон)

IV. Үйге тапсырма.

І топқа «Тест» құрау.

ІІ топқа «Сөзжұмбақ»

ІІІ топқа «Графикалық диктант»



V. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет