ТӘуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуым!!! Оспанова дана ерікқызы


-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі



бет8/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#26239
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


Ой сергек.
Қарандашты парақтың бетінен алмастан, бір жерді екінші рет сызбастан мына кесінділерді сыз:
Равнобедренный треугольник 56Равнобедренный треугольник 55
Прямая со стрелкой 51Прямая со стрелкой 52Равнобедренный треугольник 53
Равнобедренный треугольник 50

Овал 44Равнобедренный треугольник 48Скругленный прямоугольник 49Прямая со стрелкой 46Прямая со стрелкой 47


Мұғалім сөзі: 4-кезең « Жағдаяттық тапсырма»
Қазіргі уақытта жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Демек, тұлға болу үшін оқисыздар.
Сұрақ: Жалпы адам не үшін білім алады?
Жауап: Толық адам болу үшін, яғни тұлға болу үшін оқып, білім аламыз.
Сұрақ: Осы тұлғаның келбеті қандай болу керек?
«Жазба кесте» (кластер).

Негізгі тақырып ортадағы шеңберге жазылады да, одан туындаған ойлар, пікірлер оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді.



Сіздер оларды бір-біріне сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелеп берулеріңіз керек.
Тақырыбы: Тұлға келбеті (қандай болу керек?)


Овал 32


4-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
Мұғалім сөзі: 5-кезең «Тіл дамыту»
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді,-деп Төле би айтқандай 5-кезең - Тіл дамыту. Бұл кезең екі бөліктен тұрады. 1-сінде



«Иман –қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі» Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы, 1748-1819) деген тақырып беріледі, берілген тақырып бойынша плакатқа сурет арқылы өздерінің ойын жеткізу. Топ басшылары шығып, дәлелдер келтіре отырып қорғауы керек. Тіл байлығы, сөзге шешендігі, білгірлігі бағаланады.


  1. Әңгімелеп бер

Екі топқа «Мұсылман» журналынан алынған екі әңгіме берілген соны екі оқушы шығып, түсінгенін әңгімелеп беруі шарт. Әңгімені жеткізуіне, ой қорытуына қарай бағаланады. Әңгіменің тақырыбы: «Кедей-жомарт» және «Ағайынды мұсылмандар».
5-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Мұғалім сөзі: 6-кезең «Алтын қоржын»

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Топ мүшелері қоржыннан нөмірлері бар асықтар алып шығады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ оқиды. Өз ішінде талқыланған соң топ басшылары жауап береді.

  1. Бұл қандай сөйлем?

Жеткізейін деген ойыңды жеткізеді;
әріп, сөз тіркесінен дәрежесі жоғары;

Кез-келген адамның сөйлеу тілінде кездеседі. (Жай сөйлем)



  1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (Бір)

  2. Бұл кім?

Өз өмірінде 40 т. тамақ жейді;

Дүние жүзіндегі ең ақылды мақұлық;

Қуаты орта есеппен 2,2 Вт. (адам)


  1. Бұл қай ғалым?

«Тіл құрал» деген еңбегі бар;

Қазақ терминінің негізін қалаушы;

20-ғасырда өмір сүрген. (А. Байтұрсынұлы)


  1. Қандай сөйлем?

Құбылысты, іс-әрекетті атап қана көрсетеді;

Құрылысы жағынан ең кедей сөйлем;

Көркем шығармада жиі кездеседі. (атаулы сөйлем)
Мұғалім сөзі: 7-кезең «Ой тұжырым»

Яғни, бүгінгі сабақта қарастырылған тақырып жөнінде қандай ой түйдіңіз?

Өз ойларыңызды тұжырымдап 2-3 минут уақыт аралығында жазуларыңыз керек.


  • Қазылар алқасына жарыстың жеңімпазын анықтау үшін қорытынды сөз беріледі.

Жеңімпаз топты қазылар алқасы жариялап, Дипломмен марапаттайды.

4 оқушы номинация бойынша бағаланады.Олар: ең шешен, ең ұшқыр, ең тапқыр, ең ізгі.


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Сөз соңында, Қазақтың өр мінезді, көкірек сезімі ояу намысшыл азаматтары көп болсын,-демекшіміз!
Осымен ашық-тәрбие сағатымыз өз соңына келіп жетті.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға Алла разы болсын !

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Интеллектуалдық–танымдық ойын
Жүргізуші сөзі:
«Білім– өмір шырағы» атты интеллектуалдық–танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Алла атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір Тәңірім!

-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай Алланың атымен бастаймыз: Биссмилляхир-рахманир-рахим!
Бала би қартайған шағында халқын жинап:

Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Көктен биік не?

Оттан ыстық не?-деп төрт сұрақ берген екен.

Ешкім шеше алмапты.


  • Жауабы:

Сонда Бала би өзі айтқан сұрағын өзі былай деп шешкен екен:

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім.

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – фәни жалғанда адамныңөмірі,

Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.
Олай болса, Халық даналығы Кітап – білім бұлағы, Білім– өмір шырағы демекші бүгінгі интеллектуалдық–танымдық ойынымыздыңтақырыбы - «Білім– өмір шырағы»
Балалар «Білгір» және«Ғалым»болып екі топқа бөлініп, жарысқа түседі.

Ең алдымен жарысымызға төрешілік ететін қазылар алқасымен таныстырып өтейін, - деп мұғалім әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтеді.


Жеңімпаз топты қазылар алқасы жарыстың соңында жариялайды.
4 оқушы «Ең ізгі», «Ең шешен», «Ең ұшқыр», «Ең тапқыр» номинациялары бойынша бағаланады.
Жарыстың кезеңдері:

Еңалдымен, ойсергіту мақсатында Ой сергек



Сіздіңше «зеректік» дегеніміз адамның қандай қасиеті?

«Зерек» сөзінің синонимдік қатарын құрыңыз.
Зеректік дегеніміз – бір нәрсені уақыт өткізбей тез немесе аз уақыт ішінде тамаша, жақсы аңғару қабілеті.

Әл-Фараби.
Таныстыру: Әр топ тобының атымен, ұранымен таныстыруы керек.
Олай болса, жарысқа түсуші топ мүшелеріне сөз беріледі.

«Білгір» тобы

Топ басшысы – Айман

Топ мүшелері - Жанәділ, Іңкәр, Әлия
«Ғалым» тобы

Топ басшысы – Еркежан

Топ мүшелері - Мөлдір, Дамир, Назерке
1-жүргізуші сөзі:
Ұлт болашағы – ұрпағымыздың білім-білігінде.

Бала тәрбиесіне, оның білім алуына салғырт қарау – баланың тағдырына ғана емес, қоғамымыздың өркендеуіне де жауапсыздықпен қарау деген сөз.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, бүгінгі білім міндеттерін тек негізгі үш мақсат шеше алады: олар – дүниетанымдық, шығармашылық, терең білімділік (компетентность).

Біздің қоғамға өндірістік және әлеуметтік өмірге ұлттық мағына әкеле алатын, елдің, мемлекетіміздің дамуына байланысты өзекті мәселелерді қоя алатын және сол мәселелерді орындай алатын дарынды, білімді ұрпақ қажет.

Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у.) хадисін келтіре кетейін:
«...Кім ілім алудың жолына түссе, Аллаһ Тағала оның жәннәтқа барар жолын жеңілдетеді, ал қашан адамдар Аллаһтың кітабын бірге оқып, бірге үйрену үшін Аллаһтың үйлерінің біріне жиналатын болса, оларға міндетті түрде тыныштық жіберіледі, олар мейірім құшағына алынады және оларды періштелер қоршап алады және Аллаһ Тағала өзінің алдында тұрғандар арасында оларды еске алады...».

Мүслім жеткізген.
Қазақты әлемге танытқан шығарма жазған Мұхтар Әуезов жастардың ғылымға көңіл қоюы туралы былай дейді:
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы

«Ғылымы өскен ел – мәдениет тарихында шын өскен ел. Ғылым тәрбиесі өркендеген ел - өсер ұрпағын, халық қоғамын шын көгерткен ел».


Ал Ілияс Жансүгіров:

«Жас мұраты – білім, тәлім, талабы,

Өнер, оқу - жастың қару-жарағы».


  • Ниетімізді түзесек, босқа уақытты өткізу үшін келмесек сабаққа. Ойымызды теріс, жаман әдеттерден тазаласақ, олардан аулақ жүрсек. Өз-өзімізді дамытсақ, қамшыласақ.




  • Осы орайда тағы да Абайға жүгінеміз: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық».

  • Әр шәкірт – жеке тұлға. Сіздерде ішкі потенциял бар. Сіздер – дарындысыздар. Әр оқушының, әр жастың қабілеті бар. Сол қабілетті дамыту қажет. Оған кім немесе не әсер етеді?!




  • Ең алдымен әр оқушының алға қойған мақсаты болуы керек. Алланы тану керек, не үшін өмірге келдім? Қалай өмір сүремін? Қайда барамын? – деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

  • Алға қарай ұмтылуымыз керек, қолымыздан келмей жатса да талап болуы қажет.


1-кезең «Тапқыр»

Бұл кезеңде сіздерден шапшаңдық, ұтқырлық талап етіледі. Екі топқа ортақ 22 сұрақ қойылады.




  1. Адамды тұрар адам қып –

Ақ жүрек, кең ... ... ... (Адалдық)

  1. Қазақстан дүниежүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орын алады? (9 –орын)

  2. Ерте тұрып тез жетілген қозы? (марқа)

  3. Физика, дене шынықтыру, химия, қазақ тілі (пән аттары)

  4. Қазақстанда 82 қала бар болатын. Кейіннен оның қатарына 83-қала қосылды. Ол қай қала, білесіз бе? (Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы)

  5. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың футбол ойнағанын білесіздер ме? Ол қай командада өнер көрсетіп еді? (1913 жылы Семейде ұйымдастырылған «Жарыс» командасы)

  6. Тілімізде солдан қарай оқысаң да бір мағына беретін сөздер бар. Соларды ата. (Алла, ата, апа, аға, нан, ара, қазақ, көк, ауа, аса, тағат, у, т.б.)

1937-1941 жылдары шыққан «Октябрь балалары» деген газет қазір қалай аталады? («Ұлан»)

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы


  1. Дүниеге, барлық нәрсеге не қажет? (Атау, есім)

  2. Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (құс жолы)

  3. Ең алғаш газет бетінде жарық көрген көркем шығарма («Робинзон Крузо»)

  4. Оқу инемен ... ... (құдық қазғандай)

  5. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат, 43 минут)

  6. Дүниедегі ең биік ағаш? (Эвкалипт)

  7. ҚР-ның тұңғыш ғарышкері? (Т. Әубәкіров)

  8. Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (Бос ыдыстан)

  9. Үндістанның адамы оны «сунья», ал араб математиктері «сифр» дейді. Біз ол санды қалай атаймыз? (Нөл)

  10. Халықаралық бірліктер жүйесінде тоқ күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

  11. Электр тоғының жылулық әсерін анықтаған ағылшын ғалымы кім?

(Д. Джоуль)

  1. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)

  2. Төмендегі жұмбақтар Ахмет Байтұрсынұлының кітабынан алынды.

Төлептің 4 ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір әпке, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? (Бесеу)

  1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (Бір)


1-кезеңнің нәтижесін шығарайық. Ол үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
2-кезең «Иманым менің – жиғаным!»
Бұл кезеңде екі топбір-бірімен кім көп аят, хадис және нақыл сөз айтады екен деп жарысқа түседі.

Кезеңімізді бастамас бұрын мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.
Күмәнсіз жақсылықтың ең ұлысы – Ислам діні. Пенде діни ілімдермен шұғылданса, жүрегі нұрлы және барар жері иншаллаһ, жәннат болады.
Сұрақ: Балалар! Дүниедегі ең ұлы кітап қайсы? (Осы жерде жүргізуші оқушыларға бірнеше кітапты көрсетіп, кітаптың не екенін білдірсін. Құран, «Абай жолы», Інжіл, Тәурат, Зәбурды көрсетеді.)
Жауап: Ең ұлы кітап – Құран.
Сұрақ: Құран кімнің сөзі?
Жауап: Құран – Алланың сөзі.
Сұрақ: Балалар, Құран көктен түсірілген бе?
Жауап: Иә, Құран көктен түсірілген.
Сұрақ: Оны кім түсірген?
Жауап: Оны Алла Тағала түсірген.
Сұрақ: Балалар, Құранды Алла Тағаланың өзі түсірген бе?

Жауап: Құранды Алла Тағала Жебірейіл арқылы түсірген.
Сұрақ: Жебірейіл адамға ұқсайды ма?
Жауап: Жоқ, ұқсамайды. Өйткені ол періште.

Сұрақ: Балалар, Жебірейіл Құранды кімге әкелді?
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет