Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»



бет34/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

“Елтану” бағдарламасы негізінде оқушылардың базалық білім деңгейін тереңдетіп, әр түрлі оқу әдістері, модульдік оқыту әдіс- тәсілдері қолданылады.

Бағдарламаның бөлімдері бойынша жекелеген топтарға оқу жылының басында ізденіс тапсырмалары беріледі. Әр тақырып бойынша пікірталас, конференция, диспут, семинар, шолу, дәріс түрінде сабақ жүргізіліп, білім деңгейлері бағаланады.

Сөйтіп, оқушылардың әрқайсысы тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу жұмыстарын шығармашылыққа қарай бағыттап, оқу материалдарын түрлендіріп, өз бетінше жұмыс істеуі, материалды меңгеруі, қорғауы және басқаларға түсіндіру дағдыларын қалыптастыруы көзделеді. Бұл оқушылардың ынтасын, қызығушылығын,ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларын, шығармашылық ізденісін дамытуды қамтиды.

Бағдарламада көрсетілген тақырыптарды оқытуда әр оқушы немен айналысатындығы туралы нақты біледі және оған қатысты керекті материалдармен, оқулық, баспасөз, мұрағатпен міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек. Бағдарлама соңында оқу жылы бойынша оқыған материалдарын қорытуға арналған тест жұмысы, бақылау сұрақтарын дайындауға да оқушыларды тартуға болады.

Оқушылар тарапынан ұсынылған өзекті,қызықты,терең мазмұнды сұрақтарды мұғалім өзі дайындаған тест тапсырмаларының құрамына енгізуге болады. Мұндай әрекеттер, біріншіден, оқушының курс материалдарын толығымен қайтадан қайталап шығуына мумкіндік туғызады.

“Елтану” курсын оқи отырып оқушы бойында төмендегідей танымдық қабілеттері қалыптасады: пәнге деген қызығушылықтары дамиды; оқушылардың өздігінен іздене білуіне жол ашылып,шығармашылық қабілеттері шыңдалады; ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің тарихи- этнографиялық, қоғамдық және әлеуметтік экономикалық мәселелерді оқып- үйренуді қалыптастыру; отансүйгіштік сезімдері қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. О.В. Афанасьева. Английский язык. Москва «Просвещение»1999;

  2. 120 Topics А.П. Миньяр-Белоручева. Издательство «Экзамен» Москва 2010;

  3. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ағылшын тілі -мектепте» 2012;

  4. Ағылшын тілі Алматы «Мектеп» 2015;

  5. Ағылшын тілі 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2010;

  6. Қазақстан мектебі 2015;

БАҒДАРЛАМА



Palette of Treasures

оқу құралы материалының негізінде

ағылшын тілінде мағыналық оқу

9-10 сынып оқушыларына арналған

(9 сынып – 34 сағат, 10 сынып – 34 сағат)
Бондарева А.А., № 15 гимназияның ағылшын тілі мұғалімі

Бейсебаева А.Е.,«Альраминь» ОӘО
Рецензент: Халитова И.И., п.ғ.к., доцент, “Өрлеу” БАҰО” АҚ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ филиалы ғылыми хатшысы
Түсініктеме хат мазмұны

«Ағылшын тілінде мағыналық оқу» бағдарламасы лингвистикалық бағдарлы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы гимназия мектептерінің «Ағылшын тілі» пәні бойынша белгілі бір дағды және білім қоры бар тоғызыншы және оныншы сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама авторлық болып табылады.

Оқу нәтижелеріне деген заманауи талаптар білім мазмұнын метапәндіктің қағидаттары негізінде, білімнің жоғары сапасына қол жеткізудің шарты ретінде өзгерту қажеттілігін тудырып отыр. Қазіргі таңда педагог іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін қолдану мен білімді меңгеруде оқушылардың жеке өнімдерін құруға бағытталған жаңа педагогикалық жағдаяттар мен жаңа тапсырмаларды құрушы болуы керек.

     Барлық оқу пәндерінің байланыстырушы буыны – мәтін болып табылады, онымен жұмыс істеу арқылы тиісті нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мәтінді түсінудің екі негізгі деңгейі болады:

Біріншісі – мән деңгейі (қабылданған тілдік бірліктер мәні мен олардың тікелей байланыстарын құрумен байланысты).

Екіншісі – мағына / мазмұн деңгейі (мәтін мазмұнын толық тілдік бірліктер ретінде түсінумен байланысты.)

Мектепте ағылшын тілінде бірінші және екінші деңгейлерде мәтінді оқу мен оны түсінуді үйрету керек, әсіресе екінші деңгейде, яғни – мағыналық оқуды. Мағыналық оқу – мәтіннің мағыналық мазмұнын түсінуге бағытталған оқудың түрі.

Жан-жақты оқу әрекеттері тұжырымдамасында өзге де жалпыға бірдей әрекеттермен қатар, мағыналық оқудың әрекеттері анықталады, олар мақсатты ұғыну, коммуникативті тапсырмаға байланысты оқу түрін таңдау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, мәтіннің басты ойы мен мәселесін тұжырымдаумен байланысты болады.

Мағыналық түсіну үшін мәтінді жай ғана оқу жеткіліксіз. Ақпаратқа баға, мазмұнына мән беру қажет.

Мәтінмен жұмыс барысында түсіну оны оқу үдерісіне дейін басталады, оқу барысында дамып, оқылған материалды ойлау кезінде жалғасын табады.

Лингвистика ғылымында (И.Р.Гальпериннің мәтін лингвистикасы зерттеуі), мәтінді түсіну дегеніміз – мәтіндік ақпарат түрлерін (фактуалды, бүкпе мән, концептуалды) анықтау мен ұғыну.

Фактуалды ақпаратқа оқиғалар, кейіпкерлер, оқиға орны мен уақыты және т.б. жатады. Бүкпе мән сөздердің тура мағынасында бейнеленбейді. Ол мәтіндік «қуыстарда» (оқырман өз білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып толтыратын бос орын), бейне сөздерде (көркем тәсілдерде) және т.б. бейнеленеді. Концептуалды ақпарат автордың мәтінде бейнелеген көзқарасы, ойы мен сезімдерін қамтиды, автор оларды мәтінде білдіріп, оқырманның қабылдауына сенеді.

Психологтардың пайымдауынша, мәтінді түсіну үдерісі кезінде оқырманның зейіні мен есте сақтау қабілеті, қиялы мен ойлау қабілеті, сезімі мен ерігі, қызығушылығы мен мақсаты бірігіп жұмыс істейді. Сондықтан мағыналық оқуды үйретудегі психологиялық тапсырмалардың бірі – мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушының психикалық үдерістерін іске қосу.

Оқу іс-әрекетінің нәтижелігі ақпараттық ағымда бағыт табу, қойылған мақсатқа жету үшін жеткіліксіз немесе басқа деректерді іздеу мен оларды пайдалануға байланысты болады.

Оқушыларды әр түрлі деңгейдегі ақпаратты мәтіндерді оқу біліктерін дамыту маңызды болып табылады:



  • негізгі мазмұнын түсініп (шолып оқу);

  • мазмұнды толық түсініп (меңгеріп (аналитикалық) оқу);

  • қажетті мәнді ақпаратты алып оқу (ізденіп оқу);

  • ақпаратты сыни тұрғыдан ұғынып оқу.

Ересек деңгейде оқи білу дегеніміз – оқудың барлық түрлерін меңгеру, сондай-ақ мәтіннен ақпаратты алу мақсатының өзгеруіне байланысты оқудың бір түрінен екінші түріне қиындықсыз көшу.

Мағыналық оқу аралас тілдік білік пен дағдыларды қалыптастыру және тексеру құралы ретінде қызмет етеді, себебі оқуды қолдану – оқушыларға тілдік және айтылым материалын меңгеру үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді; лексика мен грамматика, тыңдалым, жазылым мен айтылымды тексеру бойынша коммуникативтік бағдарланған тапсырмаларды орындау үшін оқи білу керек, және олар жазбаша мәтіндер мен нұсқаулықтар негізінде құрылғаны жөн; сондай-ақ барлық тілдік және айтылым дағдыларын қалыптастыру, оларды пайдалану үшін мәтінге және тапсырмалардың жазбаша нұсқаулықтарына сүйену керек.

«Ағылшын тілінде мағыналық оқу» курсында гимназия мектебінің 9-10 сынып оқушылары ағылшын тілінде көркем шығармаларды талдау үлгісін меңгеріп, курстың соңында жиналған дағдыларды ағылшын тілі және Ұлыбритания әдебиеті курсында қолдана алады.

Мағыналық оқу дағдыларын жинақтау барысында оқушылар ағылшын және қазақ тіліндегі термин сөздерді үйреніп, олардың ой-өрістері кеңейеді, сондай-ақ аялық білімді өздігінен бағалауға мүмкіндік алады.

Бағдарлама аудиторлық сабақтың 68 сағатына арналған, тоғызыншы және оныншы сыныптағы 34 аудиторлық сабақты қамтиды. Оқушылардың жұмысбастылықтарына байланысты жүктемені оңтайлы түрде үлестіру ұсынылады: ең көбі – аудиторлық сабақтар, ең азы ‒ аудиториядан тыс сабақтар. Бағдарламаның мазмұны дүниежүзі тарихы мен әдебиеті, елтану, ағылшын, қазақ, орыс тілдері курстарымен пәнаралық және метапәндік байланыстарды дамытады.

Тұрақтылау бөлімі. Бағдарламаның мазмұны

Бағдарлама курсы мағыналық оқуды үйретудің заманауи әдістерін қамтиды. Мағыналық оқуға арналған мәтіндер немесе олардың бөліктерінің жарамдылығы төмендегі талаптар бойынша анықталынады:

1) мәтін немесе үзіндінің көрнекі әрі қызықты «қуысының» (бос орын) болуы;

2) мазмұндаманың әсерлілігі және бейнелігі;

3) материалдың өзектілігі;

4) мазмұндама пәнінің өмірлік тәжірибе мен оқушылардың қызығушылықтарына тақырып жағынан жақын болуы;

5) мәтіннің түпнұсқалығы;

6) таныс емес сөздердің пайыздық арақатынасы (оқыту деңгейі мен оқу түріне байланысты өзгереді);

7) мәтіннің көлемі (оқытудың деңгейі, мәтін үлгісі мен оқу түріне байланысты өзгереді);

8) мәтіннің күрделі мәселесі (жас пен стандартқа сәйкес);

9) талқылаудың тақырыбы болатын әр түрлі көзқарастар және пікірлермен бөлісу мүмкіндігі;

10) тәрбиелік құндылығы;

11) жалпы адамзаттық және дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен қағидаттарды сақтауы.

Аталған курстың аксиосферасы (құндылықтар ортасы) Отанға деген сүйіспеншілік, бостандық, мақтаныш, әскери абырой, қайсарлық, адалдық, махаббат және әдемілік сияқты құндылықтарды қамтиды. Аталған курстың аксиосферасы жалпы адамзаттық және дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен ұстанымдарды сақтай отырып, білім беру саласы мен қоғамды гуманизациялауға бағытталады.

Аталған курстың материалы ретінде Қазақстанның әдебиеті және мәдениеті бойынша ағылшын тілінде оқуға арналған «Palette of Treasures» атты оқу-әдістемелік құралы ұсынылады. «Palette of Treasures» құралы үш бөлім және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімі Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған. Екінші бөлім – Literary Reader (Әдебиеттік оқу). Әдеби материал ретінде қазақстандық авторлардың шығармаларынан ағылшын тіліне аударылған үзінділер («Palette of Treasures» оқу құралы) берілген. Олар: Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Морис Симашко, Ғабит Мүсірепов, Б.Жандарбеков, Г.Бельгер, Б.Ғабдуллин сияқты авторлардың шығармалары.

Әрбір шығарма үш тілді лексикалық глоссарий, коммуникативті жаттығулар (сұрақтар), ғаламтор желісі арқылы өздік жұмыс істеуге арналған QR-кодтар және ағылшын тілінде сыни ойлауды дамытуға бағытталған Word and definition/meaning, Point of View, Problem-solution Chart, Plot Map, Plot and Conflict Analysis, Historical Fiction Analysis, Literary Reaction Journey Entry, Character Map сияқты графикалық органайзерлерді қамтиды.

Үшінші бөлімде – Patchwork (Мозаика) – Шәкен Айманов, Жанатай Шарденов, Батырхан Шүкенов, Асанәлі Әшімов т.б. Қазақстан Республикасының атақты өнер және мәдениет қайраткерлері туралы эссе жинақтары берілген.

Қосымша Writing Map (мазмұндама жазу), Writing Essay (эссе жазу), Text Analysis и Summary Scheme (көркем шығарманы талдау үлгісі) қамтиды.

Оқу құралындағы барлық материал, оның ішінде мәтіндер, оңай деңгейден қиын деңгейге қағидаты бойынша құрастырылған. Курс жалпы адамзаттық этикалық (өнегелі) құндылықтар мен қағидаттар, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық құндылықтарға баулиды.

Жаттығулар мен тапсырмаларда, сонымен қатар теориялық тұжырымдарды бейнелеу барысында бұрын меңгерілген ағылшын тілі материалы белсенді түрде қолданылады және негізгі курстың грамматикалық, лексикалық материалын қайталау жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мазмұны.



  1. Оқу түрлері: шолып оқу, ізденіп оқу, аналитикалық оқу, ақпаратты алу мақсатымен оқу.

  2. Кіріспе, оқиғалар, шиеленіс, шарықтау шегі, түйіні.

  3. Прозалық шығарманы талдау үлгісі: автор, атауы, тақырыбы, идеясы, мәселесі, оқиға орны, оқиға уақыты, басты кейіпкерлер, екінші кезектегі кейіпкерлер, бейнелер, негізгі оқиғалар, пікірлер.




  1. Стилистикалық әдістер: эпитет, метафора, гипербола, бейнелеу, қайталау, теңеу, атап шығу және т.б.

  2. Графикалық органайзерлер: Word and definition/meaning, Point of View, Problem-Solution Chart, Plot Map, Plot and Conflict Analysis, Historical Fiction Analysis, Literary Reaction Journey Entry, Character Map.

  3. Пәндік портфолиоға материалдар дайындау.

  4. Шағын жобаларды дайындау және қорғау.

  5. Мәтіннің мағыналық сығымдауы: жазушы немесе ақын туралы memo құру.

  6. Мәтіннің мағыналық сығымдауы: көркем шығарманың мазмұны бойынша memo құру.

Оқушылар іс-әрекетінің түрлері, тәсілдері:

- оқу: шолып оқу, ізденіп оқу, ақпаратты алу мақсатымен оқу, меңгеріп оқу, аналитикалық оқу;

- айтылым: диалогтік және монологтік айтылым, еркін әңгіме, бағалау пайымы;

- тыңдалым: оқушылардың сөйлесімі, мұғалімнің сөйлесімі;

- жазылым: memo құру, графикалық органайзерлерді толтыру,ойтолғау , мазмұндамалар;

- аналитикалық іс-әрекет: үлгі бойынша көркем шығарманы талдау;

- оқушылардың ізденіс жұмысы: кітапханада, ғаламтор желісінде жұмыс істеу;

- жобалық іс-әрекет: жобаларды әзірлеу, тақырыптық конференцияларда баяндамалар мен сөз сөйлеуге дайындалу, жобалық іс-шараларға қатысу;

- оқушының пәндік портфолиосын құру – барлық тәжірибелік және шығармашылық жұмыстарды жинақтау;

- оқу тапсырмаларына сәйкес жеке, жұптық және топтық жұмысты орындау.

«Ағылшын тілінде мағыналық оқу»

курсын аяқтаған оқушылардың білімі мен қабілеттері

«Ағылшын тілінде мағыналық оқу» курсын аяқтаған оқушылар:

• мәтіннің мазмұны мен жалпы мағынасын түсінуге:

— негізгі тақырып, мәтіннің жалпы мақсатын анықтау;

— мәтіннің мазмұны мен жалпы мағынасына сәйкес келетін тақырыпшаны таңдау немесе ойдан құру;

— мәтіннің жалпы мағынасын бейнелейтін тезисті құру;

— негізгі мәтіндік және мәтіннен тыс бөліктерді салыстыру: мәтін бөлігі мен сұрақ арқылы бейнеленген жалпы идея арасындағы қатынасты табу және т.б.;

• мәтінде қажетті ақпаратты табуға (мәтінді қарап шығу, оның негізгі элементтерін анықтау);

• мәтіннің толық және сыни тұрғыдан түсінуді қажет ететін оқу-танымдық және оқу-тәжірибелік тапсырмаларды шешуге:

— пайдалы ақпаратқа назар бөле отырып, алдына оқу мақсатын қою;

— айтылған фактілер мен ойларды мағыналық сығымдау;

— мәтін кейіпкерлерінің жан күйін түсіну, олардың сезімдерін бөлісу;

• мәтінді өздігінше түсіндіруге:

— мәтіндегі әр түрлі ақпаратты салыстыру;

— ұсынылған тезистерді айғақтау үшін мәтінде дәлелді ақпарат табу;

— автор ниетін және мәтіннің басты ойы туралы қорытынды жасау;

• мәтін мазмұнына жауап қайтаруға:

— мәтінде табылған ақпаратты басқа дереккөздерден алынған біліммен байланыстыру;

— өзінің дүниетанымы негізінде мәтіндегі тұжырымдамаларды бағалау;

— өз көзқарасын қорғау үшін дәлел табу;

• мәтін түріне жауап қайтаруға: мәтіннің мазмұнын ғана емес, оның композициялық құрылымын бағалауға;

• ақпараттық объектілерді қабылдаудағы алынған тәжірибені өз тәжірибесін байыту үшін қолдануға; оқылған мәтін туралы бағалау пайымын және өз көзқарасын білдіруге;

• графикалық органайзерлерді толтыра білуге;

• көркем шығармаға үлгі бойынша талдау жасай білуге;

• шығармалар және авторлар биографиясы бойынша memo құрай білуге;

• пәндік портфолио құрай білуге;

• жобалық іс-әрекет дағдыларын игеруге;

• ақпарат түрін (фактуалды, бүкпе мән, концептуалды) анықтай білуге міндетті.

Білім мен дағдыларды тексеру түрлері:

- іріктеме: тексеру мақсатымен оқу, сұрақ-жауап, әрбір сабақ;

- фронталдық: тақырыптық, аралық, қорытынды тестілер, тексеріс жұмыстары (графикалық органайзерлерді толтыру, мазмұндама);

- жеке: сұрақтарға ауызша жауаптар, шығармашылық тапсырмалар, салыстырмалы талдау (анализ), хабарламалар, тарихи анықтамалар, эссе, мазмұндамалар;

- жеке немесе топтық қорытынды бақылау: шығармашылық немесе зерттеу жұмысын, жобаны, портфолионы қорғау.



Нормативтік бөлім



Тақырып


Сағат саны

34


Тәжірибе


Түрі

Білім өнімі

1 жарты- жылдық




16










1

Мағыналық оқу

3

Leader of the Nation



Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қою Логикалық бөліктері бойынша мазмұндау

Ойтолғау


2


Мағыналық оқу

2

Golden Hero

Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Ойтолғау

Видео бойынша мазмұндау

Органайзер: Word/meaning,

Мemo


3

Мағыналық оқу

3

Tomiris


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер:

Compare and Contrast,

Ойтолғау

Мemo


4

Мағыналық оқу

2

Khalima

Word Number Fourteen




Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Word / definition

Күрделі сұрақтарға жауап беру

Мemo


5


Мағыналық оқу

3

Aisha


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Point of View

Мәтінді талдау

Мemo


6

Шығармашылық жұмыстар, жобалық жұмыс

3


Projects


Ақпарат іздеу Жобалық іс-әрекет

MPP

Ауызша жоба

Бүктеме (буклет)

Ашық хат


Плакат,

Видео


2 жарты- жылдық




18










7

Мағыналық оқу

3

Ulpan


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Problem-Solution Chart

Субтитрлер

Мemo


8

Мағыналық оқу

3

Armour of Kipchak


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Write an essay “When we say “patriotism” we mean…”

Мemo


9

Мағыналық оқу

2

Batyr


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Оқудан алған әсермен бөлісу

Мemo


10

Мағыналық оқу

2

Bauyrzhan Momyshuly


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Кейіпкер мінез-құлқын сипаттау

Мemo


11

Мағыналық оқу

2

Untamed Epoch.

Of Human Bondage




Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Кейіпкер мінез-құлқын сипаттау

Мemo


12

Шығармашылық жұмыстар, жобалық жұмыс

6

Projects


Ақпарат іздеу Жобалық іс-әрекет

MPP,

Ауызша жоба

Бүктеме (буклет)

Ашық хат


Плакат

Видео


10 сынып 34 сағат



Тақырып


Сағат саны

34


Тәжірибе


Түрі

Білім өнімі

1 жарты- жылдық




16










1

Мағыналық оқу


3

Leader of the Nation

Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қою

Логикалық бөліктері бойынша мазмұндау



2


Мағыналық оқу


3

Yemshan

Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Plot Map

Ойтолғау(мақал-мәтел)

Мemo


3

Мағыналық оқу

3

Great Nomadic Camps.

Abylai Khan



Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Термені мазмұндау

Органайзер: Plot and Conflict Analysis

Мemo


4

Мағыналық оқу

3

The Nomads.

The Charmed Sword



Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Historical Fiction Analysis

Мemo


5


Мағыналық оқу

3

Great Nomadic Camps.

Mustafa Shokai



Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Literary Reaction Journey Entry

Үндеудің негізгі идеясы

Мemo


6

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, жобалық жұмыс

1


Projects

Ақпарат іздеу, Жобалық іс-әрекет

MPP

Ауызша жоба

Бүктеме (буклет)

Ашық хат


Плакат

Видео


2- жарты жылдық




18










7

Мағыналық оқу

3

Abai Zholy


Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Органайзер: Character Map

Мemo


8

Мағыналық оқу


2

Generous Gift

Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Актрисаның қасиеттерін сипаттау

Memo


9

Мағыналық оқу


2

Zhanatai Shardenov

Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Суретшілер туралы ойтолғау

Мemo


10

Мағыналық оқу

2

Shaken Aimanov

Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Фильмдер тізімі

Мemo


11

Мағыналық оқу

2

Untamed Epoch

Baksy



Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Фильмнен алған әсер

Мemo


12

Мағыналық оқу

2

Untamed Epoch.

AZ- i - IA and the Lessons of History



Шолып оқу, ізденіп оқу, меңгеріп оқу

Өлеңді талдау

Memo


13

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, жобалық жұмыс

5

Projects

Ақпарат іздеу Жобалық іс-әрекет

MPP,

Ауызша жоба

Бүктеме (буклет)

Ашық хат


Плакат

Видео


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет