И переподготовки кадров



бет3/3
Дата04.07.2018
өлшемі199,39 Kb.
#46624
1   2   3

Түйінді сөз. Хайуанатқа жасаған қиянатың,

Адамзатқа жасаған опасыздық. (Қ. Мырзалиев)



VI. Үйге тапсырма: Эссе жазу «Қиянат»

VII. Білімді бағалау: Оқушылардың бірін-бірі смайликтер арқылы бағалау.

7- дәріс. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білу.

Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу– тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.

Оқытуда оқушылардың теориялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын көздегендіктен Б.К.Сүлейменованың әдістемелік нұсқауы бойынша төмендегідей бағытты сабақта пайдалануға болады.

Әдістемелік сабақ жүйесі:



  • Лекция

  • Әдеби шығармаларды талдау

  • Арнау- шығармашылық сабақ

  • Жазба жұмыстары

  • Оқушылардың білімдерін түйіндеу.

Дәріс - бұл сабақта әр тақырыптың теориялық материалы оқытылады. Оқу материалын оқушыларға түсінікті түрде айтуға, рационалды еңбектің әдістеріне үйрету, ең негізгісін бөлуге үйрету. Сызба бойынша ақын-жазушы өмірінен мәлімет бере отырып, шығармаларының маңыздылығын таныту және өз беттерінше сызба жасауға үйрету. Оқытылған тақырыпты өмірмен байланыстыру және осы сабақта оқушыларға шығарманың тақырыбын беру.

Әдеби шығармаларды талдау:

  • Мәнерлеп оқу;

  • Шығарманың мағынасын ашу

  • Әр тармақтың мағынасын ашу

Өлеңді СКТ технологиясымен талдау немесе әдеби шығарманың композициялық құрлымын талдау;

  • Өмірмен байланыстыру

  • Ұқсас өлеңдермен салыстыру

  • Өзіме не алдым?

  • Сен ақынмен келісесің бе?

Арнау- шығармашылық сабақ:

  • Ақынға арнап айтылған өлең түрін оқыту;

  • Мұғалімнің шығармасын оқу

  • Ақынға ізет-құрмет ретінде жазуды көздеу-дарынды балаларға берілетін тапсырма

  • Денгейлік тапсырмалар:

«Япондық өлеңді» аяқтау; «Адасқан сандар» өлең жолдарын құрастыру.

Жазба жұмыстары- оқушыларға бірінші сабаққа берілген тақырып бойынша немесе ой толғау жазу.

Оқушылардың білімдерін түйіндеу- осы сабақта өтілген тапсырмаларды қортындылай отырып, шығарма жұмыстарын талдау және қандай жетістікке жеткеніміз туралы оқушылардың өздеріне түйін жасату.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустен, Сьюзан Шуман) бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алған.

Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға , саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», « Түртіп алу», « Ойлану», « Болжау», « Әлемді шарлау», т.б әдістер (стратегиялар) жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушілік белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.

Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», - «мен үшін түсініксіз», + «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне аламау, өмірмен ұштастыра алмау кездеседі. Мағынаны түсінуді осылай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болшақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Түсініктеме күнделігі», «Кейіпкерге хат», эссе жазу сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады.

«Қызығушылықты ояту» стратегиясы. (Оқушылар ақын жайлы білгендерін сызбаға түсіреді, уақыты белгіленеді.)


Білемін

Білдім

Білгім келеді











Концептуалдық кесте

Р/с

Шығарманың аты

Кейіпкер

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел,

1

















Сөздікпен жұмыс


Маңғаздану

паңсыну, тәкаппарлану.

Мақтаншақ адам



мақтау айтуды сүйетін, өзін-өзі асыра бағалайтын адам.

«Екі бетті күнделік» стратегиясы.




Әңгімеден алған әсерім

Пікірім








«Әдебиет лотосы» Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы – тексеруші сайланады. Әр оқушыға кесте парақшасы таратылады. Бұл кестеде жазушы әңгімелеріне талдау жасалады.


Әңгіме тақырыптары

Кейіпкерлер

Әңгіме желісі

Немен аяқталады?

Не суреттеледі?

жағымды

жағымсыз










1
















2
















3
















4
















Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасына композициялық жоспар үлгісі

Композицциялық жоспар

Суреттеу тәсілдері

Поэманың тілі

Поэмадағы салт-дәстүрлер




  1. Пролог.




  1. Еспембеттің нағашы жұртында тәрбиеленуі.



  1. Туған елге оралсам деген арманы.




  1. Атасынан бата алып, Ақбөртемен еліне оралуы.



  1. Қалмаққа қарсы соғысқа аттануы.




  1. Қалмақ батырымен жекпе-жекке шығуы.



  1. Елінің олжаға кенеліп, Еспембеттің елге танылуы.

Деталь


Баяндау

Монолог


Диалог

Баяндау
Баяндау

Суреттеу

Суреттеу


Баяндау
Баяндау


Жетімдіктің арқаны (метафора)
Өрттен шыққан ұшқындай (теңеу)
Толқынды топ (метафора)
Қанқұмар қылыш (эпитет)
Бұйдалы тайлақ секілді (күрделі теңеу)
(Қаны толды ұртына) әсірелеу
Қанға сусап (әсірелеу)

Нағашы мен жиен (туыстық ұғым жайлы )


Ас беру
Сауын айту

Енші бөліп беру


Үйлендіру, қалыңдық әперу

Бата беру



Кейіпкер бейнесін ашу

Парасатты, алдына мақсат қоя білушілік, тектілік, ақылды, алып күш иесі, ержүрек, басқаларға үлгі, ұлтының патриоты, адал, ел қамқоры, ақжүрек, дүниеге қызықпайды, жомарт, кең пейіл, адал, сезімтал, т.



«Еспембет»поэмасы Өзара үндестік Батырлар жыры

  1. Жазба әдебиет.

  2. Әке-шешесіз жетім өсуі.

  3. Сүйген жары айтылмайды.

  4. Туған елінен, жерінен жырықта өсіп ер жеткен.

  5. Жыраулар поэзиясы



Ұлттық психология.

Батырлықты дәріптеу.

Қазақ-қалмақ соғысы.

Ат-ер қанаты.

Елін, жерін жаудан қорғауды мақсат ету, т.б


  1. Ауыз әдебиеті үлгісі.

  2. Әке-шешесінің ерке балалары

  3. Батырдың қасынан табылатын сүйген жарының болуы.

  4. Туған елінің топырағында аунап-қунап өскен.

  5. Түркі тектес халықтарға ортақ туынды.



Таратпа материал үлгісі

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білемін?

Не біліп келдім?















Жыраулар

дың қоғамдағы рөлі




Жанрлық ерекшелігі


Жыраулардың аты-жөні


Жырлаған

тақырыбы, көтерген мәселесі




Тәлімгер


ой-толғау сыр толғау


Қазтуған

жырау,


Асан Қайғы,

Шалкиіз,


Тәтіқара

жырау,


Бұқар жырау,

Шал ақын ,

Қожаберген

жырау,



Табиғат.болмыс, өмір мәселелері, үлгі-насихат өлеңдері, шешендік сын-сықақ дидактикалық -үйретушілік сипаттағы шығармалар, халық

арасында тәлім-

тәрбиелік мәселелерге белсенді араласуы:

Әділдік пен әділетсіздік... Жырлауы (Гуманистік рухтағы шық\ы)




Мәмілегер


Арнау

жырлар, ода түрінде де




Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау,


Ел билеушілер мен халық арасындағы, ер мен ел арасындағы бітім, бірлік, ынтымақ мәселесі, өсиет сәугейліктері, сын болжаулар, қоғамдық әлеуметтік мәні бар мәселерге араласуы, данагөи билік айтуы (адамды жоғары

құндылық деп тану)




Жауынгер

Қаһарман

дық толғау жорық жырлары



Қазтуған

жырау,


Доспанбет,

Шалкиіз,


Жиембет,

Марқасқа,

Ақтанберді,

Тәтіқара,

Үмбетей,

Қожаберген

Жырау


Жауынгерлік рух, елдік, ерлік, батырлық дәстүрді жырлауы, туған жер, қонысын қорғау,

қаһармандықпен күресу, азаматтық асқақ сезім, қол бастаған батыр, ел билеген қоғамдық -саяси қайраткер

дәрежесі (еларалық,

ерлікжайлы)



Мысал ретінде талданған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.

8- дәріс. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар (аудио-бейне-құндақтар) жатады.

Электронды оқулықтар-ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар, электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді.

Модульдік оқытудың негізі-оқу модулі. Ол өзіне:- информацияның аяқталған блогын;-оқушы әрекетінің мақсатты бағдарламасын;-мұғалімнің осы бағдарламаны нәтижелі іс-жүзіне асыру үшін нұсқауларын (кеңестері) қамтиды.

Модульдік технология даралап оқытудың сапасына; меңгеру қарқынына; өздік әрекет сатысына; оқу әдістері мен тәсілдеріне; бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдеріне байланысты асырады.

Оқу модулінің кестесі:

Модуль құрылысы

Сабақ реті

Игеруге тиісті білім-білік дағдысы

Туындайтын

проблемалық



мәселе, ізденіс

Кіріспе бөлім

(тақырыпты

модельдеу)



Бірінші сабақ

«Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан» өлеңдерін оқу. Шығармалардың тақырыбын, мазмұны мен идеясын талдап, тақырып пен мазмұн бірлігінің тұтастығын, идеялық үндестігін дәлелдеу.

Лирикалық

қаһарманның



ақынның жеке

тұлғасымен

ұқсастығы.

Өлеңдердегі

кейіпкердің

үніндегі өмірге,

тұрмысқа,

заманға деген

ыза-кектің тууы.


Сөйлесу

бөлімі


(оқушылардың

танымдық


қызметін өзара

сөйлесу


негізінде

Екінші сабақ

Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп оқу, ұжымдық оқыту, топтық жұмыс, жатқа айту, ойын элементтерін пайдалану.

Ақын тілінің сөздігін жасау: таныс емес сөздер бойынша. Өлеңдердің ұқсастығына



Өлеңдердің мазмұнына сай дайындалған проблемалық сұрақтарды шешу.

Ұйымдастыру)




негізделген кесте, сызба дайындау. Білімді жинақтау.

Қазақ халқының XIX ғасыр басындағы өмірі, замана шындығы туралы ой бөлісу, қазіргі өмірмен салыстыру.

Қорытынды

бөлім


(бақылау)

Үшінші сабақ

Берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтау. Қалдырылған сөз, сөз тіркестерін, өлең жолдарын дұрыс тауып қою. Тест тапсырмасын орындау.

Ақынмен, лирикалық қаһарманмен сырласу хаты, ой толғау, шығарма, зерттеу жұмысын орындау. Эссе, монолог, өлең жазу.

Бұл әдістің тиімділігі оқушылар теориялық білімді аз уақытта меңгереді, өздіктерінен ізденуге талпыныс жасайды, танымдық, шығармашылық жұмыстармен айналысады. Ал нәтижесі

- оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, іскерлік, біліктілік дағдысы дамиды;



  • өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, шығармашылықпен айналысу, сызба, кесте құрастыру барысында әр оқушының қабілеті, бейімділігі танылады.

  • өзіндік пікір айту, шешім қабылдау, қорытынды шығару, тұжырым жасау арқылы оқушының ойлау белсенділігі артып, тапқырлығы, белгілі бір мақсатқа ұмтылу әрекеті қалыптасады.


9- дәріс. Жыраулар поэзиясын дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары:

Мазмұнындағы басымдылық.

Педагогикалық процесінің компоненттері.

Дәстүрлі сабақ (түсіндірме әдісі).

Дамыта оқыту.

Мақсат.


Оқушыларға білім, білік, дағды қалыптастыру.

Байқампаздығын, ойлауын, тәжірибелік әрекетін дамыту.

Бастапқы мазмұн.



Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер.

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту.

Оқытудың формалары.

Жеке, топтық, фронтальды.

Бірлескен, ұжымдық іс-әрекет.

Оқыту әдістері.



Ауызша түсіндіру, көрнекілік, тәжірибелік.

Проблемалық, баяндау, ізденушілік, зерттеушілік.

Бақылау, бағалау.



Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы.

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция.

Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.

Сабақта дамыта оқыту технологиясын жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушылардың ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі.
10- дәріс Әдеби-теориялық ұғымдарды сыныпта түсіндіру.

Сынып тар

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

Әдебиет пәні. Шығарма және жазушы

Әдеби кейіпкер, тақырып, идея мәселесі

Идея туралы ұғымның дамуы, әдеби қаһарман, автор көзқарасы

Көркем шығармадағы адам бейнесі, әдеби қаһарман туралы түсініктің дамуы

Образ, көркем әдебиеттегі мінез, көркем және әдеби шындық.

Шығарманың компози

циялық желісі



Баяндау, портрет, шығарма құрылымы

Әдеби портрет, пейзаж

Пейзаж, сюжет, композиция, суреттеу

Сюжет және композиция туралы түсінік

Әдеби тек және түр

Ертегі, аңыз, мақал-мәтел, жұмбақ, әңгіме т.б.

Хикаят, повесть, әңгіме, новелла

Эпос, лирика,драма туралы түсінік.

Көсем сөз.



Әдеби тек және түр туралы түсініктің дамуы,дәстүр және жаңашылдық

Көркем мәтін, көріктеу құралда-ры

Өлең тілі, ұйқас, теңеу, кейіптеу,ал-легория


Эпитет, метафора, ішкі монолог, диалог, кейіптеу

Метафора, көркем деталь, юмор және сатира

Көркем әдебиет тілі афоризмдер, символ.

Өлең жүйесі

Проза және өлең тілі

Өлең өлшемдері

Өлең жүйесі туралы түсінік, ұйқас және шумақ, тармақ туралы түсінік

Өлең құрылымы туралы түсініктің дамуы



11-дәріс П.ғ.к. доцент Н.А.Оразахнованың «Сатылай комплексті талдау технологиясы».

«Ақбілек» романын сатылай кешенді талдау үлгісі.

Кейіпкерлері:

1.Мамырбай.

2.Ақбілек.

3.Бекболат.

4.Мұқаш.


5.Алтынай.

6.Төлеген.

7.Қарамұрт офицер.

8.Ұрқия т.б.

Портрет.

Мен таңқы мұрын,бадырақ көз, шұнақ құлақтау жарбақтау,

кірпі шаш,қырыс маңдай,қара сұр жігітпін.

Жасым 35-те


2.Жазушы тілі.
Сөздік жұмысы.

Лепес - сөз, лебіз.

Шөміш-су ішетін зат.(диалект)

Дуэль - жекпе-жек, атыс.

Қада-

Сәкі-


Қос- т.б.

Теңеу.


Марқакөлдің суы балдай.

Күнәға батпаған, періштедей сәбиге жаман қолын, арам

демін, арам ернін тигізуге батылы бармады.

Бір мезгілде өкірген сиырдай қараңғы түнді күңірентіп,

қатындар дауысы баж ете түсті т.б.
Тұрақты тіркес.

Құдай қуат береді.

Қол-аяғы жерге тимей.

Екі езуі жиылмайтын.

Жынның ойнағындай т.б.

Мақал-мәтел.

«Жақсы лепес-жаным ырыс.»

«Қорыққанға қос көрінер.»

«Өлмегенге өлі киік» т.б.

12- дәріс Оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарды танып-білуі және ақын тілінің шеберлігін таныту мақсатында арнайы кесте толтыру үлгісі


Авторы

Шығармасы

Жанры

Түрі

Ақын тіліндегі көркем сөз образдары

Сұлтанмахмұт Торайғыров

"Шығамын тірі болсам, адам болып"

Лирика

Өлең

Толған айдай.

Жарық күн. Сәуле

қуу т.б.



С.Торайғыровтың 9-сыныпта оқытылатын "Шығамын тірі болсам, адам болып", "Тұрмысқа", "Өмірімнің уәдесі" өлеңдерін дамыта оқыту идеясына негізделген модульдік блок технологиялық әдісі бойынша қарастыру жолы.

Оқу модулінің кестесі:

Модуль құрылысы

Сабақ реті

Игеруге тиісті білім-білік дағдысы

Туындайтын

проблемалық



мәселе, ізденіс

Кіріспе бөлім

(тақырыпты

модельдеу)



Бірінші сабақ

"Шығамын тірі болсам, адам болып", "Тұрмысқа", "Өмірімнің уәдесі" өлеңдерін оқу. Шығармалардың тақырыбын, мазмұны мен идеясын талдап, тақырып пен мазмұн бірлігінің тұтастығын, идеялық үндестігін дәлелдеу.

Лирикалық

қаһарманның



ақынның жеке

тұлғасымен

ұқсастығы.

Өлеңдердегі

кейіпкердің

үніндегі өмірге,

тұрмысқа,

заманға деген

ыза-кектің тууы.


Сөйлесу

бөлімі


(оқушылардың

танымдық


қызметін өзара

сөйлесу


негізінде

Екінші сабақ

Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп оқу, ұжымдық оқыту, топтық жұмыс, жатқа айту, ойын элементтерін пайдалану. Ақын тілінің сөздігін жасау: таныс емес сөздер бойынша. Өлеңдердің ұқсастығына

Өлеңдердің мазмұнына сай дайындалған проблемалық сұрақтарды шешу. Қазақ халқының XX

ұйымдастыру)




негізделген кесте, сызба дайындау. Білімді жинақтау.

ғасыр басындағы өмірі, замана шындығы туралы ой бөлісу, қазіргі өмірмен салыстыру.

Қорытынды

бөлім


(бақылау)

Үшінші сабақ

Берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтау. Қалдырылған сөз, сөз тіркестерін, өлең жолдарын дұрыс тауып қою. Тест тапсырмасын орындау.

Ақынмен, лирикалық қаһарманмен сырласу хаты, ой толғау, шығарма, зерттеу жұмысын орындау. Эссе, монолог, өлең жазу.

Бұл әдістің тиімділігі оқушылар теориялық білімді аз уақытта меңгереді, өздіктерінен ізденуге талпыныс жасайды, танымдық, шығармашылық жұмыстармен айналысады. Ал нәтижесі

- оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, іскерлік, біліктілік дағдысы дамиды;



  • өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, шығармашылықпен айналысу, сызба, кесте құрастыру барысында әр оқушының қабілеті, бейімділігі танылады.

  • өзіндік пікір айту, шешім қабылдау, қорытынды шығару, тұжырым жасау арқылы оқушының ойлау белсенділігі артып, тапқырлығы, белгілі бір мақсатқа ұмтылу әрекеті қалыптасады.

Сабақтың үлгісін кесте арқылы көрсету.

С. Торайғыров шығармашылығының үлгі -кестесі



Журнал

Сабақтың

Сабақта

Сабақтың ішкі

беттері

тақырыбы,

қолданылған

элементтері




мазмұны

негізгі әдіс-тәсілдер




1-бет:

Ақын өлеңде-

Кітаппен жұмыс,

Оқушылармен

"Талабы

ріндегі оқу-

мінерлеп оқу.

эмпатиялық диалог

алда

білім мәселе-

Төменгі

жүргізу.

баламыз"

сінің көтерілуі

сыныптарда

Әр оқушының өз




қазақ жаста-

өтілген "Шәкірт

ойын ашық




рын оқуға,

ойы","Шығамын

айтуына




білімге ша-

тірі болсам адам

негізделген әңгіме-




қырудағы

болып"

сұхбат өткізу.




лирикалық

өлеңдерімен

Өлеңдердегі ортақ




кейіпкердің

салыстыру. Екі

идея мен мазмұн




жеке басының

жақты пікірлесу

бірлестігіне талдау.




үлгі-өнегесі.

ақынның







Лирикалық

хаттарын ол







қаһарманның

туралы







азаматтық,

естеліктерді







асқақ үні, оның

қосымша







бүгінгі таңдағы

материал ретінде







тәрбиелік маңызы.

пайдалану.




2-бет:







Практикалық

"Мынау




Түсіндірмелі

тапсырмаларға,

ойда-

С.Торайғыров

әдіс. Практикалық

проблемалық

қазақ,

өмір сүрген

жұмыс: өлеңдерді

сұрақтарға

қастарын

дәуірдегі

мәнерлеп оқу,

негізделген

да-азап"

әлеуметтік

талдау.

ғылыми тұрғыдағы




жағдай. Қазақ

Проблемалық

іздендіру




даласында кең

сұрақтар.

жұмыстары.




етек алған

С.Торайғыров







теңсіздік

және татар ақыны







мәселесінің

Ғ.Тоқай







ақын өлеңінде

арасындағы әдеби







жырлануы.

байланыс.




3-бет:

Ақынның "Туған

Өлеңдері мәнерлеп

Пікір қорғау, ой

"Үміт

еліме","Неге

оқу, көркемдік

бөлісу. Ақын

қып

жасаймын?",

ерекшелігіне

шығармаларындағы

менен

"Тұрмысқа"

талдау.

идеяның бүгінгі

қарайсың

өлеңдеріндегі

Оқушылардың

күндегі жүзеге асуы.




азаматтық асқақ

жұптық, топтық

"Ақын арманы - ел




пафос.

жұмыстарын

мүддесі" тақырыбы




Лирикалық

ұйымдастыру.

бойынша пікірлесу.




қаһарманның

Әңгіме, пікірлесу,







елжандылық, •

өзара сұрақтар







ұлтжандылық

алмасу, шағын







сезімінің

өлеңдегі


көрінісі.

пікірталас өткізу.





13- дәріс .Әдеби күнделік жүргізу сабағының үлгісі

Әр оқушыға тапсырма жазылған күнделік-парақтар таратылды.




Бөлімдер

Менің қойған тақырыбым

Бұл тақырыпты қою себебім

I бөлім (1-тарау)







II бөлім (2-3 тарау)







III бөлім

(4-5 тарау)







ІҮ бөлім

(6-7-8-9


тарау)







Ү бөлім







(10-11-12







тарау)







ҮІ бөлім







(13 - тарау)








14- дәріс. Роман, көркем шығармадағы кейіпкер портретін жазу үлгісі

Түр - келбеті




Мінез-машығы




Өскен ортасы,

тәлім-тәрбиесі







Іс-әрекеті




Сөйлеу мәнері




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет