Сапа деңгейін бағалау үшін өнеркәсіптік өнімді, оны әрқайсысы сапа деңгейін анықтайтын көрсеткіштер түрлерінің шектелген жиынтығымен сипаттала алатын топтарға бөліп, зеттеу объектісі ретінде жіктейміз /5/.
Бұйым деп өнеркәсіптің өнімнің саны данамен немесе үлгімен есептеле алатын бірлігін түсінуге болатынын айтып кету қажет. Сонымен бірге әрбірбұйымның анықталған шектермен регламенттелген, геометриялық өлшемдері мен массасы бар екені болжанады.
Өнеркәсіптік өнімнің саны ұзындық, үстіңгі бет, көлем немесе масса бірліктерімен өлшенетін үлгілерін, осы көзқарастан алғанда, бұйымдарға жатқызбайды. Алайда егер мұндай үлгілер орауының бұзылуы пайдалану тиімділігін қиындатуы, төмендетуі немесе болдырмауы мүмкін болатын стандарттық өнеркәсіптік оралып шығарылса, олар сондай-ақ бұйымдар ретінде қарастырылуы керек.
Өнім сапасы көрсеткіштерінің түрлерін таңдауға оны мақсаттық пайдалану тәсілі елеулі әсер етеді, ол өнімді жіктеудің маңызды белгісінің қызметін атқарады.Оны жіктеу негізіне алып, барлық өнімді екі класқа: бөліктері бойынша жұмсалатын және ресурсты жұмсайтын деп бөлуге болады.
Сөз мақсаттық пайдалану режимінде жұмсау туралы болатынын атап көрсету қажет, өйткені пайдаланудың басқа режимдерінде болуы оның осы кластардың кез-келгеніне қатыстылығына байланыссыз өнім ресурсының жұмсалуымен қабаттас болады. Ресурстың мұндай шығыны көбінесе сақталу кезінде болады.
Мақсаттық пайдалануға жататыны сияқты, өнімнің барлық үлгілері сақталуға жатады. Сондықтан өнімнің сақталушылығы оның сапасының әмбебап көрсеткіші болып табылады. Өнімнің барлық үлгілері жөндеуге ұшырамайды. Сондықтан сапа деңгейіне жөнделуге бейімделгенін сипаттайтын көрсеткіштердің енгізілуі (жөндеуге жарамдылық), әрбір қарастырылатын үлгінің пайдаланудың көрсетілген режимінде болу мүмкіндігімен анықталады.
Өнімнің соңғы жіктелу белгісініңі қызметін патентке лайықтылық атқарады. Өнеркәсіптің өндіру салалары өнімінің үлгілелері, негізінде, қалған өнімнен ерекшелігінде, патентке лайықтылыққа ие болмайды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде 1-суретте берілген, жіктеу жүйесі ұсынылады .