3.3 Кешенді әдістің көмегімен өнімнің сапасын анықтау
Кешеңді әдіс – барлық жекеленген (даралық) көрсеткіштерді есепке алатын және математикалық өндеуге келетін кешенді (талдап қорытылған) көрсеткішті анықтау.
Талдап қорытылған көрсеткіш қасиеттердің біртекті тобын сипаттайтын жекеленген көрсеткіштерден тәуелді болатын функция.
Көрсеткіштердін топтарына, мысалы, сенімділік, эстетикалық, қауіпсіздік және т.б. көрсеткіштер жатады.
Кешенді әдіс деп қабылданған шешімдердің сипаттамаларын негіздеу таңдалынған бірлікті көрсеткіштерді бір кешенді көрсеткішке біріктіру нәтижесінде алынған бір санға негізделген әдіс [1].
Сапасы деңгейін кешенді әдіс арқылы бағалау сапа коэффициентін қолдану арқылы жүзеге асады:
- техника-экономикалық көрсеткіш;
- орташа өлшенген көрсеткіш;
- құн көрсеткіші.
Сапанын талдап қорытылған көрсеткіші болып төмендегі көрсеткіштер болуы мүмкін:
басты, өнімнін негізгі белгілеуін көрсететін ең маңызды дара көрсеткіш;
орташа салмақталған кешенді көрсеткіш;
сапаның интегралды көрсеткіші.
Уытты элементтердің мөлшері (қорғасын, күшәлә, кадмий, сынап):
Зерттелінген үлгінің кешенді көрсеткіші (ЗҮКК) ̶ (0,01+0,04+0,01+0,004)/4 =0,016
Базалық үлгінің кешенді көрсеткіші (БҮКК) ̶ (0,02+0,05+0,02+0,005)/4= 0,023
Салыстырмалы кешенді көрсеткіш(СКК) ̶ (БҮКК)/(ЗҮКК)= 1,4%
Қорытынды: Өнімнің сапасын анықтағанда салыстырмалы көрсеткіші 1,4-ке тең, яғни бұл өнім «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі» Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкес.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты орындау барысында алға қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Қазақстандағы қаймақ алынатын барлық жануарлардың қаймақтары барлық компоненттері адам тағамының физиологиясында ерекше орын алады. Қаймақтың ең құнды компоненті белок болып табылады. Ол тірі организмді ұлпа мен клетка құрылысының құрастыруда негізгі пластикалық материалы болып табылады.
Қаймақ басқа сүтқышқылды өнімдерге қарағанда жоғары май мөлшерімен ерекшеленеді. Қаймақтың тағамдық құндылығы және дәмді қасиеттері өте жоғары, майда еритін витаминдері, сүтке қарағанда бірнеше есе көп, және қаймақты әртүрлі тағамдар дайындауға кеңіне қолданады. Қаймақ орыс халқының ұлттық тағамы, шет елдерінде белгісіз, ал кейбір елде оны орыс кілегей немесе қышқыл кілегей деп атайды.Қаймақ дәмі қышқыл, пастерленген сүтке тән иісі және дәмі бар, консистенциясы қою, біртекті, түсі сары немесе ақшыл-сары болады.
Қаймақ адам организміне қажетті заттар(нәруыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер, сулар) жақсы тепе-теңдік қатынаста және жеңіл сіңірілетін күйде болуымен бағаланады. Адам тағамында қаймақтен басқа барлық қажетті заттардың комплексін жақсы құрайтын тағам жоқтың қасы(жұмыртқадан басқа).Қаймақтың организмге сіңімділігі 96-98%-ды құрайды. Қаймақтың энергетикалық құндылығы жануарлардың түріне байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |