Курстық ЖҰмыс пәні: "Квалиметрия " Тақырыбы: Бағалаудың дифференциалдық әдісін қолдана отырып «Село Зеленое» комнаиясы шығаратын қаймақтың сапа деңгейін бағалау орындағАН: В076- "Стандарттау, сертификаттау Қожабекова А


Қаймақтың сапасын жақсарту жолдары



бет5/10
Дата25.10.2022
өлшемі2,06 Mb.
#154854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аружан курсовой

1.5 Қаймақтың сапасын жақсарту жолдары
Қаймақтың сапасын жақсарту мақсатында жоғарғы сапалы сиыр сүті қолданылады. Қабылданған сиыр сүтін ортадан тепкіш сүт тазалағыштарда механикалық қоспалардан тазалайды немесе сүзгілеу материалдарынан өткізеді.Одан ары қайта өңдеуге жібереді немесе 2-6 ºС температураға дейін салқындатады және аралық сақтау резервуарларында сақтайды. 4 ºС температураға дейін салқындатыған сүтті сақтау 12 сағаттан, ал 6 ºС дейін салқындатылған сүтті сақтау 6 аспауы тиіс.Сүтті сепараторларды пайдалану бойынша техникалық нұсқауда көрсетілген ережені сақтай отырып сұрыптаудан өткізеді.
Сепараторда сұрыптаудан алынған кілегейді майдың және ақуыздың массалық үлесі, майлы кілегейі жоғары қалыптандырады.Кілегейді қалыптандыру дайын өнімде майдың және ақуыздың массалық үлесі мемлекеттік стандартпен қарастырылған есеппен жүргізілуі тиіс.
Қоспаға қосуға арналған майдың немесе сүттің массалық үлесі бойынша қалыптандырылған бөлігін сыйымдылыққа 40-45 ºС температурада біртіндеп құрғақ сүт қосады. Қоспаны қосылған компонент толық ерігенше көбіктеніп кетпеуін қадағалап қарқынды түрде араластырады.Қоспаның толық араласуын егер алынған ерітінді біртекті және бетінде құрғақ заттың бөлшектері болмауын санайды. Қалыптандырылған кілегейді сүзгілеуді ондағы құрғақ сүттің ерімеген бөлшектерін және механикалық қоспалардың бөлінуін атайды.
Қалыптандырылған кілегейді пастерлеу алдында 60-85 ºС температурада және қысымда 12-15 МПа гомогендеуден өткізеді. Гомогендеуден өткен кілегейді 2-10 мин ұстау арқылы 84-88ºС температурада немесе 92-96 ºС температурада 20 с пастерлейді.
Пастерлеу режимдерін таңдауда бактериалды кірлеуін,құрамын,шикізаттың термотөзімділігін ескеру қажет. Пастерленген гомогендеуден өткізлген кілегейді ашытқылау температурасына дейін салқындатады да ашыту резервуарына жібереді. Ашыту температурасына дейін салқындатылған кілегейді тез арада ашытады. Пастерленген кілегейді ашытқылау температурасында ашытпай сақтауға жол берілмейді. Дайын өнімнің құрылымдық–механикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында кілегейді 2-6 ºС температураға дейін салқындатып кілегейді физикалық жетілуден өткізеді (гомогендеуден және пастерлеуден өткен кілегейді ашытуға арналған сыйымдылықта 30 дан 120 минутқа дейін ұстайды).
Кілегейді ашытқылау мен ашыту процесі салқындату жүйесі мен араластырғышы бар, жоғарғы тұтқырлықты өнімдерді араластыруға есептелген резервуарларда іске асырылады.
Кілегейді ашытуға таза культураларда немесе лактокок бактериалды концентратында ашытқылау температурасы 28-32 ºС жүргізіледі.
Ашытқыны дайындауды сүт өндірісі мекемелеріндегі қолданымдағы технологиялық нұсқау бойынша сүт қышқылды өнімдер үшін ашытқы мен бактериалды концентраттарды пайдалану және дайындауды бекітілген тәртіп бойынша жүргізеді.
Ашытқыныңкілегей көлеміне қатысты үлесі ашытылатын кілегейдің 5-10% -ын құрайды. Ашытқының тиімді үлесін оның белсенділігі мен өндіріс шарттарына тәуелді алады. Ашытқыны кілегейге өздігіне ағызу арқылы немесе біруақытта қоспаны беру кезінде араластырғыштың қосылып тұрған кезінде береді. Ашытқы қосылған кілегейді 10-15 мин араластырып ашуы үшін тыныш күйде қалдырады. 1–1,5 сағаттан кейін ашытқы қосылғаннан кейін қайта араластыруға рұқсат етіледі. Кілегейді ашыту ұйыған және қышқылдығы 65º Т кем емес дәрежеге дейін жүргізеді.

Ұюдыңең жоғарғы тығыздығы рН 4,6-4,7 болғанда іске асырылады. Кілегейді ашыту процессі 28-34 ºС температурада 10 сағат, 22-26 ºС температурада 12 сағат жүргізіледі.


Ашытылған кілегейді біртекті консистенция алынғанша 3-15 мин араластырады да буып–түюге жібереді.
Қаймақты сүт өнімдерімен жанасуға мемлекеттік құзырлы органдармен рұқсат етілген ыдысқа салып тұтынушыларға жібереді.
Бір сыйымдылықтағы кілегейді буып–түю 4 сағаттан аспауы тиіс. Қапталған қаймақты тоңазыту камераларында (4±2) ºС температурада сақтайды.
Салқындатумен бір уақытта жетілу процессі жүргізіледі. Жетілу кезінде өнім тиімді қышқылдылыққа ие болып, хош иіс пайда болып, қою консистенцияға әкелетін құрылым түзілу процессі жүреді.Қапталған қаймақтың жетілуі мен салқындауы 12 сағаттан аспауы тиіс. Осыдан кейін технологиялық процесс аяқталды деп саналады да өнім сату орындарына таратуға дайын саналады.Жабдықтар, шикізаттық материалдар және тамақтық ингредиенттер, өндірістегі технологиялар өнім сапасы мен оның нарықтағы орнына әсер ететін негізгі факторлар болып табылады.Бүгінгі күні қатаң бәсекелестік жағдайында отандың нарықта тұрақты жоғары сапалы және сақтау мерзімі ұзақ сүт өнімдері үлкен сұранысқа ие.
Қаймақ өнімдерінің сапасының негізі тұрақты эмульсия алу болып табылады. Оның сапасынан көп жағдайларда консистенция, органолептикалық қасиеттері, өнімнің сақтау кезіндегі тұрақтылығы әсер етеді.
Лецитинді эмульгатор ретінде және фосфолипидтердің қосымша көзі ретінде қолданады. Лецитиннің келесі қасиеттерге ие:
– лецитинді қосу пайдалы, құнды өнім алуға мүмкіндік береді;
– лецитинді қосу сарысудың бөлінуін азайтып, ұйыған өнімнің ылғал ұстау қабілетін жоғарылатады. Осының салдарынан консистенциясы жоғарылап, қаймақтың «қоюлығы» артып, механикалық жүктемелерге төзімділігі артады.Лецитин жүйке жүйесіне қоректік зат болып табылады, бауырдың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті, майдың дұрыс алмасуына әсер етеді, клеткалардағы қышқылдану процесстерін тездетеді, жүрек–жүйке жүйесінің жағдайын жақсартады, А, Д, Е и К дәрумендерінің сіңірілуіне септігін тигізеді, ағзаның улы заттарға қарсы тұру қабілетін арттырады. Лецитин қосылған өнім жоғарыда аталғандармен ауыратын адамдарға әсіресе жақсы көмектеседі.
Лецитиннің қарсы көрсетілімдері жоқ. Тек қана кейбір биологиялық белсенді заттарды көтере алмайтын адамдар арасында болуы мүмкін. Олда жағымды жағы болып табылады




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет