Егер процесс барысында қысым мен концентрация (қоюлық) өзгеріп, температура мен көлем тұрақты болса, онда dF > 0. Ендеше, өздігенен жүретін процестерде изохоралық-изотермиялық потенциал тек қана кемиді екен. Егер Т мен V тұрақты болып, процесс қайтымды болса, онда Ғ потенциалы теңдеу (4.2) бойынша өзінің тұрақты мәнін сақтайды.
ә) Изобаралық-изотермиялық потенциал. Әдетте бұл потенциал G әрпімен белгіленеді. Оны мынадай теңдікпен көрсетуге болады:
G = H – TS (4.5)
немесе: G = U – TS + PV мұндағы G = f(m, p).
Бұл функцияны былай аламыз:
dU –TdS – SdT + PdV + VdP = – SdT + VdP (4.6)
-теңдеуді басқаша былай жазуға болады:
(U –TS + PV) = – SdT + VdP (4.7)
-теңдеуді жақша ішінде өрнектесе: G = f (T, P), мұндайда:
dG = - SdT – VdP болады. (4.8) 4.5-теңдеудегі функция G изобаралық-изотермиялық потенциал немесе Гиббс энергиясы деп аталады. Ол изобаралық-изотермиялық жағдайдағы әртүрлі химиялық және фазалық тепе-теңдіктерді зерттеу үшін жиі қолданылады. Өйткені мұндай жағдайды (қысым мен температура тұрақтылығын) өте оңай ұстауға болады. Гиббс энергиясын қысқаша изобаралық потенциал деп те атайды. Ол изобаралық-изотермиялық жағдайда процестің жүру-жүрмеуінің және тепе-теңдікдің сипаттаушысы ретінде қолданылады: егер жабық жүйеде Р, Т = const болса, онда процесс өздігінен жүру үшін dG < 0 болса да изобаралық потенциал кемиді. Бұл тұжырымдама мына теңсіздіктен шығып тұр:
dG < - SdT + VdP (4.9)
4.9-теңдеу 4.8-теңдеуді қайтымсыз процестерге қолдану арқылы алынып отыр. Қайтымды изотермиялық-изобаралық процестер үшін dG = 0 және G = const болады.
4.2. Сипаттамалық функциялар. Белгілі бір параметрлер бойынша дербес туындылары жүйенің күй-жағдайын және термодинамикалық қасиеттерін сипаттайтын функциялар сипаттамалық функциялар деп алалады.
Процестің өздігінен жүруінің бірнеше сипаттамалық шамаларын төменгі кестеден көре аламыз.
4.1-кесте. Кейбір термодинамикалық функциялардың әр түрлі жағдайларда жазылуы.
Функциялар
|
S
|
F
|
G
|
Анықтамасы (формуласы)
|
dS = δQқ-ды/Т
|
F = U – TS
|
G = H – TS
|
Функцияның өзгеруін анықтау формуласы
|
2
S Qқ-ды/Т
1
|
1) - ∆Ғ = Amax 2) ∆Ғ = ∆U –
T∆S
|
1) ∆G = Amax 2) ∆G = ∆H –
T∆S
|
Қандай жағдайда
|
Оқшауланған жүйеде
|
T = const V = const
|
T = const P = const
|
Өздігінен жүретін процесті сипаттауы
|
∆S > 0
|
∆F < 0
|
∆G < 0
|
Тепе-теңдік жағдайы
|
S-тің мәні максимум dS = 0
|
F-тің мәні минимум
∆F = 0
|
G-тің мәні минимум
∆G = 0
|
Термодинамикалық потенциалдардың изотермиялық процестердегі өзгеруі. Барлық сипаттамалық функциялардың ішінде изотермиялық процестерді сипаттау үшін изобаралық және изохоралық потенциалдарды қолдану тиімді. Олардың жүйенің бастапқы және соңғы жағдайына байланысты өзгерісі ∆G = G2 – G1 немесе ∆F = F2 – F1 болады. Ішкі энергия, энтальпия және энтропия жүйенің экстенсивтік (сыйымдылық) қасиеттері, сондықтан изобаралық және изохоралық потенциалдар да экстенсивтік шамалар бола алады. Химиялық есептеулерде G мен F-тің мәндерін заттың 1 мольіне шағып есептейді.
а) Изобаралық-изотермиялық процестер. Изобаралық потенциалды G = H – TS мынадай етіп жазайық:
U=G+TS–PV (4.10)
P = const және T = const жағдайын еске алып теңдеуді (4.10) дифференциалдасақ:
dU=dG+TdS–PdV (4.11)
бұдан dG + TdS – PdV ≤TdS – δА (4.12)
Жалпы алғанда, толық жұмыстың (δА) ұлғаю жұмысынан (PdV) және пайдалы (δАІ) жұмыстан тұратынын ескерсек онда:
dG–PdV≤–PdV–δАІ (4.13)
бұдан – dG ≤ δАІ болады немесе интегралдасақ:
–dG=АІ (4.14)
Изотермиялық-изобаралық процесс 1-жағдайдан 2-жағдайға көшкенде изобаралық потенциалдың өзгеруі мынаған тең:
G2 – G1 = (H2 – H1) – T(S2 – S1)
∆G=∆H-T∆S (4.15)
4.15-теңдеудегі ∆S-ті Qқ-ды/Т өрнегімен ауыстырсақ, мынадай теңдеу аламыз:
∆H = ∆G + Qқ-ды
немесе ∆H =
Достарыңызбен бөлісу: |