Арақ пен ликер-арақ өнімдерін нормативтік немесе техникалық құжаттар талаптарына жауап беруі тиіс шыны, фарфор және керамикалық бөтелкелерге және графиндерге құюды жүзеге асырады.
Бөтелкелер түссіздендірілген немесе жартыла й ақ шыныдан алюминий қалпақшалармен тегістеп шығарып, винттік тығынмен не тығындау материалдарының арнайы түрлерімен жасап шығарылады.
Зауытқа жаңа немесе айналма ыдыс келеді. Жаңа ыдыс жәшіктер, қораптар, түпқоймалар, қанарлар және т.б. оралып немесе үйіліп әртүрлі көлікпен жеткізіледі. Оны саны мен сапасы бойынша қабылдайды, сынған бөтелкелер шыны қиратуға кететін ретінде бөлек есептеледі.
Айналма ыдыс сауда желісінен сыйымдылығы мен пішіні бойынша сұрыпталған түрінде келеді. Сынған жерлері бар, сонымен қатар ластығы жоғары бөтелкелерді қабылдауға болмайды. Ластығы жоғары ыдысқа минералды майлар, жаман иіс шығаратын және бояғыш заттар қалдықтарымен, тәтті сусындардың кепкен қабығы бар және т.с.с. бөтелкелерді жатқызады. Бөтелкелерде, сонымен бірге ірі бөгде заттар болуы мүмкін: сабан, шыны сынықтар. Бұл жағдайда да ыдыс қабылданбайды. Сондықтан қабылдау кезінде ыдыс қабылдаушылармен алдын-ала ақаулы ыдысқа тексерілуі тиіс.
Бөтелекелерді жабық қоймаларда, сонымен қатар бастырма астында немесе қоршалған алаңдарда жәшіктерде немесе орауыштың басқа түрлерінде 6-8 қатардан аспайтын қат-қабат күйінде сақтайды.
Ыдысты жуу өнімділік және конструкцияға байланысты автоматтандырылған құю желілер құрамына кіретін әртүрлі маркалы өнеркәсіптік бөтелке жуу машиналарында іске асырылады: Т1-АМЕ-6, АММ-6, АММ-12.
Ластығы жоғары бөтелкелерді жуу құралдарын қолданумен қолмен немесе ысқыштар мен қылшақтармен алдын-ала жуады. Қолмен жууды арнайы бөлімде тот баспайтын болаттан жасалған ванналарда өткізеді. Минералды тұнбалармен ластанған бөтелкелерді тұз қышқылының 5%-дық ерітіндісімен жуады; майлар, керосинмен және соған ұқсас заттармен ластанғандарды – сілтінің 3%-дық ерітіндісімен. Қышқылдық жуудан кейін бөтелкелерді ыстық және суық сумен шаяды.
Жоғарылатылған және қалыпты ластанған қалған бөтелкелерді концентрациясы жоғары сілті ерітінділерімен бөтелке жуу машиналарында жуады. Бөтелке жуу машинасында бөтелкелер жібіту, жуу ерітіндісімен өңдеу, ішкі бетін шприцтеу және сумен шаюға ұшыратылатын бірнеше сілтілік ванналардан өтеді. Машинада бөтелкелер болуының жалпы уақыты – 16 минутқа жуық.
Бөтелкелерді жуу жуу құралдарын пайдаланумен бөтелке жуу машиналарында жүзеге асырылады.
Жуу құралдарына бірқатар талаптар қойылады:
олар бөтелкелердің бетін жақсы сулауы тиіс;
ластануларды ерітуі қажет;
майлы жерлерді сабындап, коллоидты бөлшектерді диспергирлеп және әкетуі қажет;
бактерицидтік әсерге ие болуы тиіс;
улы болмауы тиіс;
шыныға әсер етпеуі керек;
жуудан кейін жақсы кетуі тиіс;
кермектік тұздарымен әрекеттескенде, бөтелкелер бетіне тұнбаларды түзбеуі тиіс;
бөтелке жуатын машиналардың коррозиясын тудырмауы тиіс.
Зауыттарда қазіргі кезде пайдаланылатын жуу құралдары барлық талаптарды толығымен қанағаттандырмайды, сондықтан, әдетте, оларды құрамдастырады.
Негізгі жуу құралы ретінде каустикалық сода ерітіндісін – NaOH пайдаланады. Оның әсерінің нәтижелілігін әлсіз сілтілер, фосфаттар, синтетикалық жуу құралдарын қосып арттыруға болады.
Басқалардан жиі кальцийленген сода (Na2CO3), тринатрийфосфат, тринатрийпирофосфат, триполифосфат, натрий метасиликаты, түрлі органикалық беттік-белсенді заттарды қолданады.
Сілтілік ерітінділер органикалық қышқылдарды бейтараптандырады, оның ерітіндіге өтуіне жағдай жасап, майды сабындайды. Полифосфаттар кермектік тұздарын біріктіреді және жуу машинасы бөлшектеріне олардың түсіп қалуына бөгет жасай отырып, оларды суда еритін қосылыстарға айналдырады. Натрий метасиликаты жақсы эмульгациялық және флотациялық қасиеттерге ие, ол машиналарда көбіктің түзілуін азайтады, бірақ бөтелклер бетінен басқа құралдарға қарағанда нашар жуылады.
Шыны ыдысты ластанулардан тазалау күрделі үдеріс болып табылады. Қатты ластанаулар бетінде механикалық берік қабықтарды жиі түзеді, сондықтан оларды кетіру үдерісінде тек химиялық құралдармен ғана емес, физико-химиялық және механикалық кешенді әсер ету қажет.
Жоғары беттік керіліс салдарынан әртекті беттерге қатысты судың сулау қасиеті нашар екені белгілі. Беттік керілісті төмендету үшін беттік-белсенді заттарды (ББЗ) қосуға болады. Жуу үдерісінде ластанулар бөлшектерінде сорбциялана отырып, ББЗ олардың айналасында қабықша түзеді, бұл шыныдан ластанулар бөлшектерінің бөлінуіне жағдай жасайды. Қабық, оған қоса келесі бөлшектер жабысып қалуына бөгет болады, мұның нәтижесінде олар жуу ерітінділерімен кетеді.
Ең кең таралғандары – ББЗ қасиеттеріне ие анионбелсенді синтетикалық құралдар. Олардың бір немесе бірнеше функциональді топтары болады, диссоциация кезінде теріс зарядталған иондарды түзеді. Оларға алкилсульфонат және алкилбензолсульфонат (сульфонолдар) жатады.
Сілті ерітіндісіне 0,2% сульфонолды қосқанда судың беттік керілісі 2 есе төмендейді, сілті шығыны азаяды.
Бөтелкелерді жуу сапасы сондай-ақ температура мен жуу ерітіндісінің концентрациясына, оның әсер ету тәсілі мен ұзақтығына байланысты. Жуу температурасы 75-80 0С болуы тиіс, алайда бір ваннадан басқасына өткенде температуралық айырма 38-40 0С-тан аспауы тиіс, әйтпесе бөтелкелер қирауы мүмкін.
Ерітінді әсерін күшейту үшін шприцтеу не қылшақтармен өңдеу түрінде гидродинамикалық әсер етуді қолданады. Алайда соңғы тәсіл машианалар конструкциясын күрделендіреді және қазіргі уақытта пайдаланылмайды.
Жуу ерітінділерінің концентрациясы, әдетте, ластану дәрежесіне қарай 1,5-2% аралығында қабылданады. Бөтелкелерді жуу үшін су кермектігі 1,8 мг-экв/дм3-ден аспауы тиіс.
Қазіргі заманғы жуу құралдарынан шетел өндірісінің препараттарын пайдаланады. Сілтіні белсенді ету үшін және көбік сөндіргіш ретінде Döhler (Германия) фирмасымен Sanal-ZL препараты ұсынылады. Ол, сонымен қатар жылтыраған бөтелкелер бетін алуға жағдай жасайды. Оны 0,1-5%-дық ерітінді түрінде қолданады.
Tensit-Chemie неміс фирмасымен шаю аймақтарын залалсыздандыру үшін Rimazon-CL препараты, су кермектігінің тұрақтандырғышы ретінде, қақтың түзілуін болдырмауға және бар болса, оны еріту үшін Rimaplex-HO5, көбік сөндіргіш ретінде Rimagents-Spez ұсынылады.
Олардың барлығы бөтелкелерді жуу сапасын жақсарту үшін қоспалар ретінде пайдаланылады, бірақ жуу негізі болып сілті ерітіндісі табылады.
Сілті ерітіндісінің концентрациясы бөтелкелермен кету, сумен сұйылу нәтижесінде төмендейді. 3-4 сағат жұмыс істеу ішінде сілті концентрациясы 0,2-0,3%-ға төмендейді. Жуу ерітінділерінің концентрациясын бақылау зертханамен әрдайым өткізілуі тиіс, қажет болған жағдайда өлшеуіштерден жаңа ерітіндіні қосады.
Сілті зауытқа қатты түрінде металды барабандарда немесе концентрацияланған ерітінді түрінде (43-52%) цистерналарда келеді. Қатты сілтіні барботер арқылы 40-50 0С температураға дейін бумен қыздырып ванналарда ерітеді.
Жуу ерітінділерінің шығыны біршама жоғары, сондықтан олардың регенерациясын өткізген экономикалық тиімді. Ол үшін ерітіндіні құйып алып, тор, құмды немесе қиыршық тасты сүзгі арқылы сүзеді, тұндыруға да болады, одан кейін концентрацияланған сілтімен керекті концентрацияға дейін жеткізеді және қайтадан пайдаланады.