Дайын өнімдерді арынды күбілерден автоматтандырылған құю желілерінде жүзеге асырылатын құюға бағыттайды. Құю алдында өнімді құю автоматы алдындағы құбырда орнатылған жұқа тазарту сүзгілері арқылы бақылау сүзуге үздіксіз ұшыратады. Құю желілері құрамына бөтелке жуу машинасы, жуу сапасын бақылау үшін жарық экран, құю, тығындау автоматтары, сарапшылық жартылай автоматы, заттаңба қою автоматы кіреді. Құю желілері қазіргі уақытта бөтелке есептегіштері және құйылатын өнім көлемін өлшейтін құрылғылармен, бөтелкелерге құю күнін түсіру үшін принтерлермен жабдықтанып біткен.
Ликер-арақ өнімдерін құю көлем немесе деңгей бойынша істелінеді. Бірінші тәсіл тәуірлеу, себебі дәлірек мөлшерлеуді қамтамасыз етеді. Көлемі бойынша мөлшерлеу үшін кеңінен тараған құю автоматтары – ВАР-6, Д9-ВАР-6, Т1-ВРА-6 және басқалары.
Бөтелкелерді ФГ маркасының қалыңдығы 0,18-0,20 мм алюминий жұқалтырдан жасалған қалпақшаларымен тығындайды. Винттік бұрандасыз бөтелкелер үшін зауытта жасап шығарылатын қабырғалары тегіс қалпақшаларды пайдаланады. Мысалы, құрамына таңба басу және тығындау автоматтары кіретін ШУ-Р-1 таңбалау-тығындау материалдары пайдаданылады. Винттік бұрандамен тығындары бар бөтелкелерді тығындау үшін патрондарында винттік бұранданы жаншып және басып шығару және перфорацияланған сақинаны бөтелкенің төменгі шеңберінен тегістеп шығаруға болатын арнайы шығыршықтары бар арнайы тығындау автоматтарын пайдаланады.
Дайын өнімдердің ақаулығын тексеру көзбен шолып өткізіледі, бұл кезде тығындау герметикалығы, қоспа заттардың бар болуы, мөлдірлігін бақылайды. Мысалы, бөтелке түбімен жоғары аударыстырылатын БАЗ-М жартылай автоматтарын пайдаланады.
Заттаңбалар заттаңба қою автоматтарында жабыстырылады. Заттаңбаның беттік жағында өнімге қойылатын нормативті құжаттамаға сәйкес өнім және зауыт-өндіруші жайында барлық қажетті ақпарат көрсетіледі. Заттаңбаның теріс жағында жабыстыру кезінде шығарылған күні, бриагада нөмірі жазылады. Қазіргі кезде көптеген зауыттарда заттаңбалар, контрзаттаңбалар және кольереткаларды жабыстыру үшін үшпозициялық заттаңба қою автоматтары пайдаланылады. Кейде күні бөтелкеге лазерлік принтер және арнайы бояу көмегімен түсіріледі.
Заттаңбаны жабыстыру үшін, негізінен, кәсіпорында қайнатылатын, жүгері немесе картоп крахмалынан жасалатындекстринді желімді қолданады. Соңғы жылдары суға тұрақтылығы жоғарырақ, бұзылмайтын, шыныдан ажырамайтын, декстринді желімнен сақтау мерзімі ұзағырақ, синтетикалық материалдардан жасалған желімдер кеңінен қолданылып келеді.
Бөтелкелерді алу және жәшіктерге салу заманауи құю желілерінде механикаландырылған. И2-АУА-6, И2-АУА-12 және басқа да автоматтар пайдаланылады. Жәшіктерді пакеттерге тұтастыру және пакеттерді құю желілеріне талдап сұрыптау үшін пакет құрушы және пакет таратушы автоматтар орнатылады. Өлшемдері 800х1000, 800х1200, 1000х1200 мм пакеттер ең кең тараған, оларда 5 жәшік биіктігімен 20-дан 30-ға дейін бөтелке орналастырылады.
Соңғы кезде бөтелкелерді буып-түю термоотырғыш қабықшамен де жасалады, ол үшін құю желілерінде термотуннельдер орнатылады.