Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет23/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ


Шетел компанияларының инвестициялауы (капитал салуы) нәтижесінде Қазақстан мұнайгаз секторының дамығаны белгілі. Біз әлемдік іс-тәжірибені үйрендік, соның салдарынан техникалық аударманың маңызы айтарлықтай өсті, себебі ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. Аударылуы тиісті мұнайгаз мәтіндерінің түпнұсқаларын орташа қиындықты немесе жоғары қиындықты деп бөлудің өзі жасанды, себебі жалпы алғанда ғылыми-техникалық аудармалардың, оның ішінде мұнайгаз терминдерін аударудың ерекшелігі әр уақытта қиын, себебі бұл ретте аудармашыдан айқын кәсіби білім талап етіледі.


Дипломдық жұмыста мұнайгаз саласындағы терминдердің құрылу негізі, ағылшын ғылыми –техникалық мәтінінің ерекшеліктері, құрамында мұнайгаз терминдері бар мәтінмен жұмыс істеудің қиындықтары сияқты айтарлықтай маңызды сұрақтар қарастырылған.
Мұнайгаз материалдарының ақпараттылығы (мазмұндылығы), логикалығы (қатаң реттілігі, негізгі идея мен ұсақ-түйектердің арасындағы нақты байланыс), дәлдік пен ақиқаттылық және осы ерекшеліктерден туындайтын айқынды саралық пен түсініктілік - оның өзгеше ерекшеліктері болып табылады.
Техникалық аударманың ішінде мұнайгаз саласы құжаттарының аудармасы - ең қиын бағытқа жатқызылады.
Мұнай мен газды барлау мен өңдеу, МӨЗ-ның құрылысы, мұнайгаз құрал-жаблықтарын пайдалану, өндірістік үдерістердің контрактілері мен жолдама-жөнелтпе құжаттамалары - осы аударма бағытына жатады. Аудармашы мұнайгаз саласының - бұрғылау, аяқтау, ұңғымаларды іргелі жөндеу және пайдалану, мұнай мен газды өндіру және тасымалдау сияқты арнайы облыстарын жете білуі тиісті.
Бұл ретте, аудармашы нақты жағдайларда қандай құрал-жабдықтың қолданылуы қажеттігін, сонымен бірге мұнайгаз өндірісінде қандай мәселелердің кездесетіндігін және өндіріс қауіпсіздігінің қалайша жабдықталуы қажеттігін білгені дұрыс. Техникалық ақаулықтар мен жөнге салынбаушылықтар жүйесі, құрал-жабдықтың сыншылдығы, өндірістік тиімділікті бақылау мен техникалық қызмет көрсетудің стратегиясы - мұнайгаз аудармасының өзгешелігіне жатады. Бұдан басқа да, көптеген жағдайда аудармашының экономикалық және сақтандыру саласы бойынша білімдар болуы талап етіледі, себебі мұнайды шығару мен өңдеу, экономикалық келісім-шарттармен үздіксіз байланысты, ал соңғы уақытта мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау және шығындардан сақтанумен де байланысты болып отыр.
Негізгі қиындықтардың бірі мұнайгаз аудармасының өзіндік ерекшелігінің болуымен байланысты және мұнайгаз саласында мол болатын арнайы кәсіби тар бағытталған (тарпрофильді) терминологияның аударылуын қажет етеді. Бұл үшін аудармашылардың тек сөздіктермен ғана емес, көбінесе арнайы бастапқы сенімді еңбектерге сүйенуіне тура келеді. Тәуекелдер деңгейін азайтуға немесе мұнай кенорындарын тиімді қазуға және жөнелтпе шығындарды азайтуға арналған құжаттармен жұмыс істеу барысында, аудармашыдан мұнайгаз саласы бойынша білімдар болуы ғана емес, сонымен бірге экономикалық терминологияны білуі және экономиканы түсінуі талап етіледі
Мұнайгаз саласының жалпы қабылдаған терминологиясына жатпайтын терминдер мен корпоративтік аббревиатулардың құжаттарда қолданылуы да жиі кездеседі. Бұл кезде аудармашы нақты аталған компанияда қолданылатын терминдер мен қысқартулардың мағынасын түсіну үшін, сол компаниялардың корпоративті құжаттарымен танысуы қажет.
Әрине, мұнайгаз өндірісінің ерекше өзгешеліктерін және өлшеу стандарттарын аударумен байланысты болатын көптеген қиыншылықтар да баршылық. Біздің мұнайгаз стандартымыздың басқалардан, мысалы сол американдық стандарттан айырмашылығы бар.
Шетел тілінен орыс тіліне құжаттарды аудару барысында жағдай, айнадан бейнеленгендей кері қайталанады. Халықаралық практикада мұнайгаз және мұнайхимия саласында «стандарттардың заң шығарушысы» болып Мұнай мен газдың Американдық институты (API) есептеледі. API –дің стандарттары бүкіл әлемге танылған және мұнайгаз өндірісінің барлық аспектілерінің реттейді. Қазақстандық компаниялар әлемдік нарықта табысты қызмет жасап танылуы үшін, олардың халықаралық стандарттарға сай болуы және бұл стандарттардың орыс тіліне бейімделуі мен аудармасының қажеттігі түсінікті.
Аударма барысында «мұнайгаз» аудармашысы кездесіп тұратын аталған қиындықтар мәселелердің толық тізімі болып табылмайды. Бұл мұнайгаз өндірісіндегі құжаттамалар аудармасының негізгі сипаттамаларын үстіртін ғана атап өту. Бірақ осының өзі мұнайгаз құжаттамаларын аударуды жүзеге асыратын аудармашының қазақстандық және халықаралық болмысты зерттей білуі, мұнайгаз құжаттамаларының экономикалық және сақтандыру аспектілерін талқылауы және осы сала бойынша көлемді білімге иеленуі қажеттігін түсінуге жеткілікті
Бұдан бұрын айтылғандай, ғылыми-техникалық мәтінді дұрыс түсіну үшін аталған пәнді және онымен байланысты болатын ағылшын терминологиясын жақсы білу қажет. Терминдер нақты объектілер (нысандар) мен құбылыстардың дәл және айқын көрсетілуін қамтамасыз етіп, әрі мамандар осы айтылатын ақпаратты бірмәнді түсінетіндей болып белгіленуі тиісті. Сондықтан сөздердің осы типіне ерекше талаптар қойылады. Ең алдымен термин дәл болуы тиісті, яғни қатаң түрде айқын мағынаға ие болуы керек, ғылым мен техниканың осы саласындағы ұғымдар жүйесінде қандай –да бір ұғымды белгілеген терминнің орны логикалық айқындау жолымен ғана ашылуы мүмкін.
Терминнің дәлдігімен қатар, әрбір ұғымға тек қана бір терминнің сәйкес келу талабы да орынды, яғни мән-мағыналары бір-біріне тура келетін синоним-терминдерге жол жіберілмейді. Бір зат түрліше аталған уақытта нысандар (объектілер) мен ұғымдарды дәлме-дәл сәйкестендіру қиындау болатыны түсінікті. Термин қатаң логикалық жүйенің бір бөлігі болуы тиісті. Терминдердің мағынасы нысандар (объектілер) мен құбылыстардың айырмашылықтарын нақты көрсетіп, түсінбеушіліктер мен қарама-қайшылықтарды болдырмай, логикалық жүйенің ережесіне қатаң бағынуы тиісті. Осыған байланысты, терминге субъективтік сипат (элемент) беретін және маманның назарын басқа нәрсеге алаңдатпайтын жанама мән-мағынасыз аса объективті атауы болуы қажет. Осыған байланысты, терминде әсерлілік, ауыспалылық (метафоралық), қандай-да бір ассоциациясының бар болуы қарама-қайшылықты.
Бұдан басқа, орыс тіліндегі мәтіннің мазмұнын дұрыс аудару үшін сәйкес орыс терминологиясын білген және орыс әдеби тілін жақсы игерген жөн.
Соңында айтарымыз, практика жүзінде сленг және ғылыми атауы бар көптеген терминдердің қосымша жалпы қолданылатын атауларының болатындығына назар аударымыз, мысалы:мұнайгаз саласының қызметкерлері арасында қолданылатын well –control equipment – фонтанная арматура- фонтандық арматура сөзі Christmas Tree деп те аталады. Әрине, аудармада рождестволық шырша емес, фонтандық арматура болуы тиісті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет